Р кредиттері / ECTS кредиттері. В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған
В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған Мұнай технологиясы модулінің « Көмірсутекті газдарды өңдеу технологиясы » пәні бойынша
оқу бағдарламасы (силлабус)
Орал, 2014 КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН «Машина жасау» «Машина жасау» факультетінің ОӘБ төрайымы факультетінің деканы ___________Бегалиева Р.С. ______ Шакешев Б.Т. «___» _________ 20__ ж. «___» _______ 20__ ж.
Мұнай технологиясы модулінің атауы « Көмірсутекті газдарды өңдеу технологиясы » пәні бойынша(таңдау бойынша компонент) оқу бағдарламасы (силлабус)
Құрастырушы: т.ғ.к., доцент Алмагамбетова М.Ж., аға оқытушы Киишева Д.Ж. «Химия және химиялық технология» кафедрасы «Машина жасау» факультеті, 416- кабинет
Оқу бағдарламасы (силлабус) 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде әзірленді
Кредит саны – 3 / 5 Р кредиттері / ECTS кредиттері Дәріс – 15 сағат Практикалық – 30 сағат БАОӨЖ – 25 сағат БАӨЖ – 65 сағат Барлығы – 135 сағат Бақылау түрі – емтихан
Кафедра отырысында талқыланды, «___» _________ 20__ ж. № __ хаттама Кафедра меңгерушісі _________ Алмагамбетова М.Ж. 1 Пәннің сипаттамасы:пән көмірсутекті шикізатты, табиғи, ілеспе және зауыттық газдарды өңдеуге дайындауды, алынған өнімдердің физика-химиялық сипаттамаларын, комбинирленген зауыттық қондырғылардың және қолданылатын негізгі аппараттардың болашақ дамуын талдауды, оптималды, жоғары эффективті, аз шығынды технологиялық өндірісті таңдай білу, жаңа, жоғары сапалы газды өнімдер өндіретін технологиялық процестерді, құрал-жабдықтарды есептеудің инновациялық әдістерін дамытуға жұмыстануды қарастырады. 1.1 Пәннің пререквизиттері: «Жалпы химиялық технология», «Химиялық технологияның негізгі процестері мен аппараттары». 1.2 Пәнді оқудың мақсаты:көмірсутекті газдың өңделуін, газ өнімдерінің және олардың классификациясының физика-химиялық қасиеттері мен құрамын анықтау, көмірсутекті шикізатты өңдеу қондырғыларының және комбинирленген қондырғылардың технологиялық сызбаларын талдап үйрену. 1.3 Пәнді оқудағы міндеттер:көмірсутекті газ және газ өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін зерттеуді; табиғи және зауыттық газдарды өңдеу жолдарын анықтауды; табиғи газды өңдеуге арналған негізгі аппараттарды жетілдіруді; газ өнімдерін бөлу мен тазалауды меңгеру. 1.4 Пәннің қысқаша мазмұны:отын-энергетикалық комплекстің қазіргі жағдайын және оның даму болашағын; дүние жүзіндегі және ТМД елдеріндегі (Қазақстан Республикасындағы) негізгі газ кен орындарын; табиғи газ өңдеу технологиясындағы экологиялық проблемалар мен қауіпсіздік техникасын талдауды қамтиды. 1.5 Оқыту нәтижелері: А – білімі және түсінігі көмірсутекті газдарды зерттеу, өндіру мен өңдеу бағыттарын, технологиясын, процестің технологиялық сызбаларын білу және ұғыну; В – білімі мен түсінігін қолдану көмірсутекті газдарды өндіру мен өңдеудің негізгі технологиялық сызбаларын құруда, технологиялық процестерді пайдалануда алынған білімді түсіну және қолдану; С – пікір қалыптастыру (құру) өнімді өңдеуде және өндіруде технологиялық процестердің жүру барысын, мұнайхимиялық және химиялық комплекстің қалыпты жұмыс жасауын бақылауға байланысты мәселелерді шешу; Д – коммуникативті дағдылар тауарлы өнімдердің сандық және сапалық көрсеткіштерін басқаруда және көмірсутекті газдарды өңдеудің заманауи даму әдістерінің сұрақтарына компетентті болу; Е – оқу дағдылары көмірсутекті газдарды зерттеу, өндіру мен өңдеу жұмыстарын жүргізуде, біріншілік кәсіптік дағдыға негізделген, негізгі операцияларды орындау. 1.6 Пәннің постреквизиттері: «Мұнай отындарын өндірудің жетілдірілген процесстері»
В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 3 курс студенттеріне 2014 - 2015 оқу жылының 2 семестріне арналған
|