Тақырыбы: Аменорея, гипоменструальді синдром
Мақсаты:аменорея жайлы, оның жіктелуі,этиологиясі, клиника, диагностика және терапия принциптерімен таныстыру. Дәріс тезисі:Аменорея – етеккірдің 6 ай және одан көп уақыт бойы болмауымен сипатталатын менструальді функциянің патологиясінің ең ауырлардың бірі. Аменорея – жеке ауру емес, бұл тек қана репродуктивті жүйенің ғана симптомы емес, басқа да нейроэндокринді және қатерлі, қатерсіз ісіктердің симптомы. Репродуктивті жастағы әйелдер арасында жиілік – 1,8-3,5%студенттер арасында 3,5-5%, менструальді және генеративті құрылым ішінде 10-15%. Біріншілік аменорея екіншілікке қарағанда өте сирек кездеседі, аменорея құрылымында 10% алады. Аменорея жіктелуі: біріншілік, екіншілік.. Біріншілік аменорея – 16 жастан асқанда менархе болмауы. Екіншілік аменорея – бұрын менструациясы болған әйелдерде етеккірдің 6 айдан аса болмауы. Аменорея жіктелуі: жалған, нағыз(патологиялық, физиологиялық). Зақымдалу дәрежесіне қарай аменореяның жіктелуі: Орталық генезді (гипоталамикалық, гипофизарлы); Перифериялық генезді (аналық безді, жатырлық, бүйрекүсті без, қалқанша без қызметінің бұзылуы. Жалған аменорея – Гипоталамус-гипофиз-аналық без-жатыр жүйесіндегі циклдік процесстер дұрыс өтеді, бірақ менструальді қан сыртқа шықпайды: қынап, жатыр мойнының өзегінің атрезиясі, Нағыз аменорея –аналық без, жатыр, гипоталамус-гипофиз жүйесіндегі циклдік өзгерістер, менструация жоқ. Физиологиялық аменорея - менструация болмауы: - жыныстық жетілуге дейін - жүктілік кезінде, - лактация кезінде, - постменопаузада Патологиялық аменорея – гинекологиялық, не экстрагенитальдік аурулар симптомы. Біріншілік аменорея – менархенің 16 жастан кейін болмауы.: - Гонадалар қызметі бұзылғаны салдарынан пайда болады(гонадалар дисгенезиясі, тестикулярды феминизация) Экстрагонадты себептер(ГГ жүйесінде функциональді және органикалық өзгеріс, қынап және жатырдың даму ақаулары) Екіншілік аменорея: Нормогонадотропты, Гипергонадотропты, Гипогонадотропты. Нейроэндокринді жүйе зақымдалуына қарай: Аменорея: Гипоталамикалық, Гипофизарлы, Аналық безді, Жатырлық Бүйрек үсті безі, қалқанша без патологиясімен сипатталатын. Гипоталамо-гипофизарлы жүйе бұзылыстары: функциональді(дене салмақ төмендеуі, психогенді, гиперпролактинемия), органикалық(краниофарингиома). Жыныс мүшелерінің даму ақаулары: гинатрезия, қынап бөлігінің атрезиясы, жатыр аплавзиясы(Майер-Рокитанский-Кюстнер синдромы).
Жатыр патологиясы: цервикальді өзек атрезиясы, жатырішілік синехиялар (Ашерман синдромы). Екіншілік аменореяның аналық безді түрлері: резистентті аналық без синдромы, әлсіреген аналық без синдромы, аналық бездің гипертежелу. Аменорея диагностикасы: Анамнез Жалпы қарап тексеру және арнайы гинекологиялық тексеру мәліметтері Функциональді диагностика тесті (ФДТ) Гормондар деңгейін зерттеу Генетикалық тексеру (кариотип және жыныстық хроматинді анықтау). Гормональді сынамалар: прогестеронді, эстроген-прогестеронді, дексаметазонды Краниография Кіші жамбас ағзаларының УДЗ Лапароскопия Көрнекті материал: мультимедиялық презентация(кесте және суреттерімен бірге).
|