Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тұқым сапасына экологиялық және агротехникалық жағдайлардың әсері




Тұқым сапасына экологиялық жағдайлардың әсерізор. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі негізгі мақсаттардың бірі –жоғары сапалы тұқымдық жадығат өсіру болып табылады, ал ол жоғары өнімділіктегі өсімдіктерден алынады.

Ауыл шаруашылығы дақылдары үлкен полиморфизммен ерекшеленеді, оларға кең экологиялық бейімділік тән және қоршаған орта жағдайларының әсерінен айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды: әртүрлі деңгейде топырақ-климат жағдайларын және жағырапиялық өсіру орындарына байланысты.

Белгілі Италиян экологі Дж. Ацци деректері бойынша тұқымның қалыптасу кезеңіндегі төменгі температура мен мол жауын-шашын оның сапасына теріс әсер еткен. Ылғалды ауа-райы кезеңінде қалыптасқан тұқымнан өнім құрғақ ауа-райына қарағанда 8% кем болған. Жоғары ылғалдылық тұқымда глюкозаның көп, ал сахарозаның аз мөлшерде жинақталуына әкеліп соғады, соның нәтижесінде өскіннің пайда болу жылдамдығы бәсеңдейді, кейіннен өсімдіктердің өсіп-даму қарқыны, болашақ өнімнің қалыптасу үрдісі төмендейді.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің өсімдік шаруашылығы кафедрасының (Н.А. Шестакова т.б., 2006) зерттеулерінде тіпті бір облыс деңгейінде әртүлі сапада жаздық бидай тұқымы қалыптасты. Солтүстік Қазақстанның қара топырақты өңірінде – ылғал мол түсетін, белсенді температура жиынтығы төмен, бозқырау ерте түсетін аудандарында өну қуаты, өнгіштігі төмен тұқым қалыптасады және астық өнімі азаяды: Ақмола облысының қара қоңыр топырақтарында өсірілген жаздық бидай тұқымы 10,4-11,1 га/ц өнім бергенде, жоғарыдағы жағдайда өсірілген тұқым одан 0,6-0,9 га/ц төмен өнім қалыптастырды.

Тұқымның егістік сапасы әсіресе аурулармен залалданғанда, жапырылған егінде, «дәннің ағуы» байқалғанда төмен болады.

Тұқымның толысуы аяқталарда экологиялық жағдайлар оңтайлы қалыптасса (айтарлықтай жоғары температура, жеткілікті ылғал мөлшері, жарық күндер ж.б.), онда тұқымдық жадығаттың өну қуаты, өсу күші, сақталуы және өнімділік көрсеткіштері жоғары болады. Мұндай заңдылықты кезінде күздік бидай үшін Кулешев Н.Н. (1963), қарақұмық дақылында Строна К.Г. (1966) атап көрсеткен. Ал мұның іссаналық маңызы зор: тұқымның сақтық қорын, ауыспалы егістік қорын жыл сайын емес, тұқымның қалыптасу пісу кезеңдерінде ауа райы оңтайлы қалыптасқан жылдары ғана дайындаған абзал.

Өсімдіктердің жапырылуы да тұқым сапасын төмендетеді, өйткені жоғары ылғалдылықтан, қатты желден ж.б. жарық ережесі нашарлайды, фотосинтетикалық қызметі әлсірейді де пластикалық заттар баяу жинақталады. Бұл құбылысты болдырмаудың кейбір шараларын атап өтсек:

- дәнді және басқа көптеген дақылдарда қысқа сабақты сорттар шығару қажет. Мысалы, Украина селекционері Лукьяненко П.П. кезінде күздік бидай өсімдігінің биіктігі небәрі 78-80 см болғанның өзінде 80-90 ц/га астық өнімін беретін сорттар шығарды.

- агротехникалық шаралардан – азот тыңайтқышының мөлшерін шектей отырып, фосфор тыңайтқышын қолдану; Өсімдіктердің өсу биіктігін және жапырылуын шектейтін препараттарды (кампозан, тур ж.б) қолдану; дақылдардың төменгі себу мөлшерін пайдалану ж.б.

Тұқымтануда маңызы бар шаралардың бірі – танаптық дақылдардың тұқымдары пісіп үлгермейтін солтүстік аудандар үшін оңтүстіктің жылу ресурсын молынан пайдалану. Атап айтқанда, жүгері тұқымын еліміздің оңтүстігінде өсіріп, солтүстіктің шаруашылықтарында сүрлемге өсіруге пайдалану тиімді.

Көптеген көпжылдық, біржылдық шөптердің тұқымдары Солтүстік Қазақстан аймағының жекелеген аудандарында пісіп үлгермейді немесе төмен сапалы тұқым өнімін қалыптастырады. Атап айтқанда, Ақмола облысының Сандықтау ауданында судан шөбінің тұқымы пісіп үлгермейді, ал осы облыстың Аршалы ауданында пісіп үлгіреді де сапалы тұқым қалыптастыра алады.

Экологиялық жағдайлардың дақылдың тұқымдық сапасына әсерін картоптың «температуралық азғындануы» мысал бола алады. Картоптың бұл ауруы картоп өсіру және сақтау кезеңдеріндегі жағдайлар оның биологиялық қасиеттеріне сәйкес келмейді (түйнектердің қорлануы жүріп жатқанда жоғары температураның қалыптасуы ж.б.). Бұл құбылыспен күресу үшін Оңтүстік облыстарда картоптың жазғы отырғызу мерзімі қолданылады, ойпаң жерлер таңдап алынады (температурасы 4-5ºC-ға төмен ж.б.).

Сонымен танаптық дақылдардың тұқымдық сапасына тұқымдық жадығат қалыптасқан жылғы аналық өсімдіктердің өсіп-даму ерекшеліктері елеулі рөл атқарады. Оңтайлы экологиялық жағдайларда қалыптасқан тұқым жоғары егістік сапасымен және өнімділігімен ерекшеленеді.

Тұқым сапасына агротехникалық жағдайлардың әсері.Агрономдар әзірше жоғары сапалы тұқым өсіруде экологиялық жағдайлардың (факторлардың) әсерін толық реттей алмай отыр. Алайда оның теріс әсерін азайтып, пайдалы жақтарын күшейтуді төзімді сорттар мен будандарды және тиісті өсіру технологиясын қолдану арқылы іске асыруға болады.

Есте ұстайтын қағида – жоғары өнімді сорттарға, будандарға – жоғары деңгейдегі өсіру технологиясын жасау. Осындай жағдайда ғана өсірілетін дақылдың потенциалды мүмкіндігі іске асады да, жоғары сапалы тұқымдық жадығат қалыптасады.

Көптеген ғылыми деректер көрсеткендей, Солтүстік Қазақстанның астықты аудандарында, әсіресе жаздық бидай үшін, кепілді өнім беретін алғы дақылға әлі де болса таза сүр танабы жатады. Оның үстіне мұндай танаптарда егістік сапасы жоғары тұқымдық жадығат қалыптасады. Мәселен, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің өсімдік шаруашылығы кафедрасының зерттеулерінде (Тютенов, 2005) орта есеппен 3 жылда Целинная 3С жаздық бидайында – сүр танабында өсіргенде 1000 тұқымның массасы – 35,7 г, өну қуаты-92 %, лабороториялық өнгіштігі - 96 % болғанда, 2-бидай алғы дақылында ол көрсеткіштер тиісінше - 34,3г, 91 және 95% (астық өнімі сүр жерде - 21,4 ц/га, ал 2-бидайда - 16,3 ц/га болған).

ҚР АШМ-нің «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік бірлестігі» РММ-нің тәжірибелерінде жүгері мен сүріден кейінгі 2-бидай алғы дақылдарында өсірілген Саратовская 29 жаздық бидайдың тұқымдық жадығатының егістік сапасы сүрі танабынан қалыспағаны белгілі болды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары сапалы тұқымдық жадығат алу үшін оларды барынша жақсы алғы дақылдардан кейін (ылғал мол, қоректік заттармен теңдестірілген, арамшөптер, аурулар, зиянкестерден таза ж.б.) орналастырып, жоғары сапалы (себу кондициясына жеткізілген, құрғақ ауада қыздырылған т.б.). Тұқыммен агротехникалық талаптарға сай (оңтайлы себу-отырғызу мерзімі, тәсілі, мөлшері, сіңіру тереңдігі) сепкенде (отырғызғанда) жиналатыны белгілі; оның үстіне егістікті тыңғылықты күтіп-баптау қажет және оны озық тәсілдер мен техникаларды қолдана отырып дер кезінде жинаған дұрыс. Аталған мәселелерге біз әр дақылды жеке-жеке қарастырғанда толығырақ тоқталатын боламыз.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1909. Нарушение авторских прав


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2019 год . (0.002 сек.) русская версия | украинская версия