Студопедия — Тұқымның тыныштық күйі, тіршілікке қабілеттілігі және оның ұзақтығы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тұқымның тыныштық күйі, тіршілікке қабілеттілігі және оның ұзақтығы






 

Тұқымның тыныштық күйі – салыстырмалы түрдегі түсінік және ол тұқымның бүкіл тіршілігінде болатын күрделі үрдістерді толық көрсете алмайды. Дегенмен арнайы әдебиеттерде бұл түсінік әбден қалыптасып кеткен. Тұқымтану іссанасында тыныштық күйдің үш түрі ажыратылады және бір-бірінен үлкен айырмашылықтары бар.

1. Тұқымдық тыныштық күйі – егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуден өткен (немесе өтпеген) және өнуге қабілетті, алайда қажетті табиғи жағдайлардың жоқтығынан өне алмайтын тұқым күйі. Мұндай күйді «экологиялық» деп атауға да болады, өйткені ол тек қана экологиялық себептерге байланысты. Тыныштық күйдің бұл түріне қоймада сақтауда тұрған, ылғалдың жетімсіздігінен немесе температураның төмендігінен ж.б. себептермен топыраққа сіңірілсе өне алмай жатқан тұқымдардың барлығы жатады.

2. Біріншілік тыныштық күй немесе тұқымның егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу кезеңі. Осы кезеңді жиі түрде тұқымның тыныштық күйіне жатқызады. Тыныштық күйдің бұл түрі алғашқы түрінен уақыты бойынша да, сипаты бойынша да мүлде өзгеше. Тұқымның біріншілік тыныштық күйі филогенез үдерісінде қалыптасқан тұқымның бейімделу қабілеті, ал ол кәдімгі тірі тұқымдардың табиғи немесе оңтайлы жағдайларда өне алмайтын немесе өте төмен өнгіштігі мен сипатталатын қасиеті. Мұндай тыныштық күйі тұқымның морфологиялық-анатомиялық құрылысына және оларда жүретін күрделі физиологиялық-биохимиялық үрдістерге байланысты.

3. Екіншілік тыныштық күй. Тұқымның бұл тыныштық күйі өте қолайсыз жағдайларда байқалады, өйткені өну кезеңінде олардың әсерінен тұқымда жүріп жатқан қалыпты физиологиялық үрдістер тәртібі бұзылады да өну үрдісі күрт тежеледі немесе мүлде тоқтайды. Мұндай тыныштық күйі егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуі аяқталған немесе аяқталуына дейін байқалуы мүмкін; соңғы жағдайда «қатты» тұқымдар түзіледі және олар терең және ұзақ тыныштық күймен ерекшеленеді. Бұршақ тұқымдастарда «қатты» тұқымдылық қоректің, ылғалдың жеткіліксіздігінен немесе басқа осындай себептермен аналық өсімдіктердің өзінде байқалады, екінші жағынан, тыныштық күйге мұндай жеңіл ауысуы өсімдік түрлерінің қоршаған орта жағдайларына бейімделуі болып табылады. Жаңа жиналған тұқымдар ескілеріне қарағанда екіншілік тыныштық күйге жеңіл ауысады. Дақылдар арасында да үлкен айырмашылықтар бар. Атап айтқанда, мақсарының тұқымдары кең ауқымды температурамен әсер еткенде екіншілік тынышытық күйге өтуге қабілетті. Тұқымдардың екіншілік тыныштық күйге ауысу құбылысы жиі байқалады, бірақ оған көңіл аз аударылады. Мұндай тыныштық күйге бидай, арпа, қарақұмық ж.б. тұқымдары жиі ұшырайды. Мысалы, жаздық бидай тұқымын төрт тәулік бойы 500С-ға дейін қыздырып немесе ылғалды астықты тәулік бойы 500С-да ауасыз ортада қыздырғанда екіншілік тынышытық күйге ауыстыруға болады.

Шаруашылықтар қоймаларында тұқымды сақтағанда төменгі температураның әсерінен (әсіресе қатты аязда) тұқым екіншілік тыныштық күйге оқай ауысуы мүмкін.

Тұқым тыныштығының табиғаты аяғына дейін аныкталмаса да зерттеулер мен бақылаулардың нәтижесінде тұқымның биологиялық тыныштығын көрсететін төмендегідей себептер анықталды.

1. Тұқым қабығының ауа, су өткізбеушілігі немесе көптеген екпе дақылдарға әсіресе дәнді бұршақ және бұршақ тұқымдас дақылдардың тұқымдарына (түйежоңышка, жоңышқа, бөрібұршақ, маш т. б.) тән қатты тұқымдылық;

2. Тұқым құрамында ингибиторлардың, басқаша айтқанда өсуді бөгейтін заттардың (гормональдық теория) болуы. Бұл теорияға сәйкес тыныштық күйі тұқым құрамындағы ингибиторлар мен активаторлардың ара қатынасына байланысты.

3. Тұқым ұрығының шала піскендігі немесе шала дамығандығы, басқа сөзбен айтқанда, егін жинау кезеңіне қарай тұқым ұрығының көптеген тканьдері толық оқшауланбайды (дифференцияланбайды), яғни тұқымның әрі қарай дамуына қажетті белгілі бір метаболикалық жүйе болмайды.

Ғылым мен тәжірибе тыныштық күйде тұрған тұқымның өсуін тездететін бірқатар әсер ету әдістерін зерттеп тапты:

- тұкым қабығының бүтіндігін бұзу, немесе зақымдау, ол
үшін құмды немесе бұдырлы заттарды пайдалануға болады (ска-
рификациялау), бүл әдіс бұршақ тұқымдас мал азығындық шөптердің, кейбір көкөніс дакылдардың қатты тұқымдылығымен күрескенде пайдаланылады;

- тұқымға өзгермелі төменгі және жоғарғы температуралар арқылы әсер ету; зерттеулер бұл әдістің дәнді дақылдар, зығыр, қыша, сиыржоңышқа, бөрібұршак, астық тұқымдас шөптердің тұқымдары үшін тиімді екенін көрсетті;

- тұқымды жылы ауамен немесе басқа жылумен қыздыру, соның нәтижесінде тұқым қабығының өткізгіштігі мен ауа алмасуы жақсарады, антиингибиторлардың әсері күшейеді. Өндіріс жағдайында бұл әдіс Орал, Сібір, Солтүстік Қазақстан аудандарында, әсіресе тұқымды ауа райы қолайсыз жағдайларда жинаған жылдары кеңінен қолданылады;

- тұқымды өсіргіш заттардың ерітіндісімен өндеу (гибберлин, ауксин, гетероауксин т. б.) қымбаттылығынан, әрі көп еңбекті қажет ететіндіктен екпе дақылдар тұқымын өндеудің бұл әдісі шектеулі;

- тұқымның ауыспалы сақтық қорының болуы, ең алдымен
күздік дақылдар үшін, өйткені тұқымның жинап алғаннан кейін
пісу кезеңін өтпеген жағдайдағы себілген егістіктерде алқаптың
сиректігіне әкеліп соғады.

Кейде тұқымдар екінші немесе индуцирленген тыныштыққа ауысады, бүл күйден олар тіпті қолайлы жағдай жасалса да шықпайды. Екінші тыныштық күйі кең тараған құбылыс және сыртқы ортаның колайлас жағдайларының ұзақ уақыт әсер етуінен пайда болады (температура, жарықталу, анаэробтік күйі, төмен температура кезіндегі жоғары ылғалдылық т. б.). Себу сапасына жеткен тұқымды сақтау кезінде екінші тыныштық күйіне ұшырап, оның өнгіштігін кенеттен төмендеткен жағдайлар да белгілі. Әсіресе бұл қыс уақытында байқалады, ал көктемге қарай тұқым өнгіштігі жақсарады.

Тұқым бірінші және екінші тыныштық күйінде болған кезінде оның өнгіштігін анықтағанда ісінген бірақ өспеген тұқымдар кездеседі. Егер тұқымның өнгіштігі төмен және оның арасында өспеген ісінген тұқым көп болса, онда ауыспалы төмен температурада өнгіштікті қайтадан анықтау керек, сонымен қо­са мемлекеттік стандарт талабына сәйкес олардың тіршілік қабілеттілігін анықтау қажет.

Тұқымның тіршілікке қабілеттілігі – тұқымдық жадығаттағы тірі тұқымның пайыз мөлшері.

Тұқым тірі организм болғандықтан шектелген тіршілік ұзақ-тығымен сипатталады. Тұқымның белгілі бір уақыт өткеннен кейін өсуге бейімділігі өсімдік түрі мен әртүрлі басқа факторларға байланысты. Тұқым биологиялық және шаруашылық тіршілік ұзақтығымен, ұзақ өміршендігімен ажыратылады. Қалыпты жағдайда сақталған тұқымдардың өну қабілетін сақтауын биологиялық тіршілік ұзақтығы деп атайды (сыналған үлгіден бірен-сараңы өнсе де). Шаруашылық тіршілік ұзақтығы (ұзақ өміршеңдігі) – кондициялық сапасы сақталатын кезең ұзақтығын көрсетеді.

Тіршілік ұзақтығына қарай тұқымдар 3 топқа бөлінеді:

1. Микробиотиктер – тұқым өнгіштігін 3 жылға дейін сақтайтын өсімдіктер (су күріші, пияз, ағаш өсімдіктері ж.б.).

2. Мезобиотиктер - өнгіштігін 3-15 жыл (көптеген танаптық дақылдар – бидай, арпа, сұлы ж.б.) бойы сақтайды.

3. Макробиотиктер – тұқым өнгіштігін 15-100 жылға дейін сақтай алатын өсімдіктер жатады (кейбір бұршақ тұқымдас шөптер – ақ беде т.б.).

Тұқымның тіршілік ұзақтығы:

1. Тұқым мен жемістің жабу тканьдерінің қасиеттеріне тәуелді. Өткізгіштігі аз және тығызырақ қабықты тұқымдар борпылдақ қабықты тұқымдарға қарағанда ұзақ өміршеңдігімен ерекшеленеді. Қолайлы жағдайда сақталған тұқымның шаруашылық ұзақ өмірлігі бұршақ тұқымдас шөптерде 20-22 жыл, дәнді бұршақ дақылдарда 18-20 жыл, бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш тұқымдарында 5-7 жыл, қара бидайда 2-3 жыл.

2. Химиялық құрамына тәуелді, өйткені оған тыныс алу қарқындылығы мен осыдан өрбитін барлық зақымдарға байланыс­ты. Белокқа бай тұқымдардың тіршілігі ұзақ, крахмал көп тұқымдарда аздау, ал құрамында майы көп тұқымдардың тіршілік ұзақтығы қысқа болып келеді.

3. Нақты аймақтың тұқымның толысу және пісу кезеңдегі метеорологиялык жағдайларына байланысты. Жарық және жы­лы ауа райы түқымның жақсы пісуіне және ұзақ тіршілікті тұқым қалыптастыруға мүмкіндік береді. Керісінше, бұлыңғыр әрі салқын ауа райы пісу сапасын нашарлатады. Мұндай тұқымның тіршілігі қысқа. Тұқым ұзақ тіршілігіне табиғат әсерінен жапырылып қалған есімдіктердің теріс әсерлілігі байкалады.

4. Сақтау жағдайларына байланысты, ең алдымен сақтау уақытындағы тұқым ылғалдылығына тәуелді. Тұқым ылғалдылығы неғұрлым жоғары болса, солғұрлым тыныс алу қарқынды жүреді, қорлық қоректік заттар ыдырайды және өнгіштігі кемиді.

Аталған түсініктердің агрономдар үшін маңызы зор, әсіресе ауыл шаруашылығы дақылдарының сақтық және ауыспалы тұқым қорын сақтағанда.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 5552. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия