Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстанның агроклиматтық аймақтары және өсімдіктердің негізгі факторлармен қамтамасыз етілуі.




Кез келген ауыл шаруашылығы дақылының өндірісі көптеген факторларға байланысты, оның ішінде аумақтың географиялық орналасуы мен топырақ-климат жағдайлары айтарлықтай әсер етеді.

Қазақстан Республикасының жер аумағы 272 млн гектардан асады, ол батыстан шығысқа қарай – Еділ өзені мен Каспий теңізі жағалауларынан таулы Алтайға дейін 3,0 мың шақырымға таяу, ал солтүстіктен онтүстікке – Батыс Сібір орманды дала аймағы мен Оралдың сыртынан Орта Азиялық шөл далаға дейін 1,5 мың шақырымнан астам аумақты алып жатыр.

Қазақстанда өсімдік шаруашылығы өнімдері негізінен 12 облыста өндіріледі, олар бес өңірді (аймақты) біріктіреді: Солтүстік Қазақстан – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары; Оңтүстік Қазақстан – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары; Орталық Қазақстан – Қарағанды облысы; Батыс Қазақстан – Батыс-Қазақстан және Ақтөбе облыстары; Шығыс Қазақстан – Шығыс Қазақстан облысы.

Солтүстік Қазақстан. Бұл өңірдің климаты күрт континенталды, ауаның орташа жылдық температурасы +10С-дан +30С-ға дейін, ең суық қантар айында орташа температура -20, -180С, ал ең жылы шілде айында +19, +240С. Көктемде жылу тез көтеріледі. Аймақтың солтүстігінде сәуірдің соңында, ал оңтүстігінде оның ортасында тәуліктік орташа температура +50С-дан асады. Жекелеген жылдары кенеттен суытқанда сәуірде орташа тәуліктік температура -100С-ға дейін, ал мамырда 00С-ға дейін төмендейді.

Аязсыз (үсіксіз, бозқыраусыз) кезеңнің ұзақтығы 3,5 ай шамасында, осы кезеңде белсенді температура (100С-дан жоғары) жиынтығы 1700-18000С-дан аспайды: жалпы Солтүстік Қазақстан аумағында мәдени өсімдіктер жылумен жақсы қамтамасыз етілген. Белсенді температура жиынтығы бұл аймақта 2000-нан 25500С-ға дейін өзгереді. Орташа жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері 200-350 мм аралығында өзгереді, ал жылы кезеңде жаздың ортасына қарай өсе отырып орта есеппен 180-230 мм ылғал түседі. Бұл аймаққа күшті желдер тән: жазда шаңды дауылға, қыста қарлы боранға ұласады. Қорыта айтқанда Солтүстік Қазақстанның климаты жиі қайталанатын құрғақшылықпен ерекшеленеді, ал мұның өзі танаптық дақылдарды аудандастырғанда олардың құрғақшылыққа төзімділігін, жаздың екінші жартысында түсетін ылғалды, сонымен бірге күзгі, қысқы және көктемгі жауын-шашынды пайдалану мүмкіндігін ескеруді қажетсінеді.

Ақмола облысы. Солтүстік Қазақстанның далалы аймағында орналасқан және оның жер бедері ұсақ-шоқылы аумақты қамтиды. Климаты күрт-континенталды үлкен температура ауытқуы, ауаның құрғақтығы мен жауын-шашынның аздығымен сипатталады. Көктемгі ауа-райы тұрақсыз, суық пен бозқырау жиі қайталанады, ең соңғы бозқырау (аяз) облыстың оңтүстігінде 3-15, ал солтүстігінде – 14-24 маусым аралығында байқалады. Жазда ашық, бұлыңғыр күндер ауысып отырады, ал күзде – бұлыңғыр күндер басым. Күзде, қыркүйектің екінші жартысында бозқырау түседі. Облыстың агроклиматтық жағдайлары біркелкі емес, ал ол облыстың үш табиғи аймақта – орманды-далалы, далалы және жартылай шөлейтті – орналасуына байланысты. Осыларға сәйкес облыс аумағы төмендегідей агроклиматтық аудандарға бөлінген (жылу және ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай):

1. Орташа құрғақшылықты және орташа жылы аудан, гидротермиялық коэффициенті (ГТК) – 1,0 және одан жоғары (Сандықтау, Бұланды аудандары ж.б.) негізінен қара топырақты белсенді температура жиынтығы (>100С) – 21000С-дан аспайды. Жылдың жылы кезеңінде мұнда 190 мм-ге дейін жауын-шашын түседі, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 135 тәулік шамасында, аязсыз кезеңнің ұзақтығы орта есеппен – 105 тәулік, тұрақты қар қабаты 140 тәулікке дейін сақталады, оның орташа қалыңдығы – 30-35 см-ге жетеді де 95 мм-ге дейін ылғал қорын жинақтайды. Температуралық ережесі бойынша бұл ауданда жаздық бидай, асбұршақ ж.б. дақылдарды ойдағыдай өсіруге болады.

2. Орташа құрғақшылықты жылы аудан (Атбасар, Аршалы, Цели-ноград аудандарының көп бөлігі), күңгірт қара-қоңыр топырақты (темнокаштановая), ГТК – 0,7-1,0. Бірінші агроклиматтық ауданмен салыстырғанда мұнда мәдени өсімдіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуі төмен, жылы кезеңде түсетін жауын-шашын мөлшері – 155-185 мм, белсенді температура жиынтығы – 2100-23500С, вегетациялық кезең ұзақтығы – 135-140 тәулік, қар қабатының сақталуы – 125-140 тәулік, орташа қалыңдығы 15-35 см және ондағы ылғал қоры 40-95 мм аралығында өзгереді. Мұнда көптеген а.ш. дақылдарын (жаздық бидай, тары, дәнді бұршақ дақылдары ж.б.) өсіруге болады.

3. Құрғақшылықты аудан (Егіндікөл, Ерейментау әкімшілік аудандары ж.б.). ГТК – 0,5-0,7, белсенді температура жиынтығы – 2350-25500С. Алғашқы екі өңірге қарағанда бұл ауданда қатал ылғалдану ережесі қалыптасқан және күңгірт қара қоңыр, ашық қара қоңыр топырақтарды біріктіреді. Тұрақты қар қабаты 120-135 тәулік сақталады да орташа қалыңдығы 16-32 см аралығында өзгереді және ондағы ылғал қоры 45-90 мм-ге жетеді. Жылы кезеңде 125-170 мм жауын-шашын түседі. Жылумен қамтамасыз етілуіне қарай бұл аудан аумағында жаздық бидай, күнбағыс, қарақұмық, дәнді бұршақ ж.б. дақылдарды өсіруге болады.

4. Өте құрғақшылықты, жылы аудан (Қорғалжын ауданының оңтүстік бөлігі), ГТК<0,5, белсенді температура жиынтығы – 2550-27000С, жылы кезеңде 125-140 мм жауын-шашын түседі. Бұл өнірде қатал ылғалдану жағдайларына байланысты егіншілік шектеулі деңгейде дамыған.

Қостанай облысының негізгі табиғи ерекшеліктері оның ішкіматериктік орналасуымен анықталады: ол Орал, Батыс Сібір және Орталық Қазақстан тоғысында орналасқан, облыс климаты континенталды, жаз бен қыс, күн мен түн температураларының күрт ауытқуымен сипатталады. Оң температуралы жылы кезеңнің ұзақтығы 195-210 тәулік (5-10 сәуірден бастап қазан айының 22-31 жұлдызы аралығы), аязсыз кезеңнің ұзақтығы 3,5 айдан (облыстың солтүстігі) 6 айға дейін (оңтүстігінде). Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстігінде 300-350 мм, ал оңтүстігінде – 170-200 мм-ден аспайды. Жылы кезеңде түсетін ылғал әркелкі, басым бөлігі жаздың екінші жартысына (негізінен шілде айына) сәйкес келеді. Қысы суық, ұзақтығы 5 айға дейін созылады, аз қарлы, күшті желдермен ерекшеленеді. Қар қабатының жұқалығынан топырақтың тоңазуы терең. Облыстың топырақтары әртүрлі: қаратопырақты типтері кәдімгі орташа қара шірікті және шамалы қарашірікті оңтүстік қаратопырақты аймағына, қара қоңыр топырақты типтері күңгірт қара қоңыр және ашық қара қоңыр топырақ аймағына, қоңыр (құба) топырақ типтері Солтүстік шөлейт топырақ аймағына ажыратылады. Облыстың ылғалдануы немесе гидротермиялық коэффициенті (ГТК) солтүстіктен оңтүстікке қарай азая береді (0,9-0,3 аралығында), белсенді температура жиынтығы 21000С-дан (облыстың солтүстігінде) 32000С-ға дейін (облыстың оңтүстігінде) өзгереді, ылғалдану жағдайларына қарай облыс аумағы 3 аймаққа бөлінеді:

1. Құрғақшылықты аймақ жылумен қамтамасыз етілуіне байланысты екі ауданға – орташа жылы аудан және жылы аудан – ажыратылады; құрғақшылықты орташа жылы ауданда ГТК - 0,8-0,9 және белсенді температура жиынтығы – 2100-22000С, жылы кезеңде 155-205 мм ылғал түседі (Қарабалық, Ұзынкөл аудандары және Меңдіғара, Федоров, Денисов әкімшілік аудандарының солтүстік бөлігі). Бұл агроклиматтық аудан ылғалмен барынша қамтамасыз етілген, жылу жағдайлары жаздық бидай, тары, дәнді бұршақ ж.б. дақылдарды өсіруге қолайлы.

Құрғақшылықты жылы агроклиматтық ауданда ГТК - 0,7-0,8, белсенді температура жиынтығы – 2200-24000С, вегетациялық кезеңде орташа көпжылдық ылғал мөлшері – 135-180 мм (Қарасу, Қостанай, Жетіғара аудандары ж.б.). Бұл өңірде егіншілік қарқынды дамыған және дәнді дақылдар, күнбағыс ж.б. дақылдар өсіріледі.

2. Өте құрғақшылықты аймақ, ГТК-0,7 (солтүстігінде)0,5-ге (оңтүстігінде) дейін, белсенді температура жиынтығы – 2300-26000С (Қамысты ауданы, Таран ауданының оңтүстік жартысы, Науырзым ауданының солтүстігі ж.б.). Бұл агроклиматтық аймақтың бүкіл аумағы құрғақ далалы табиғи аймақтың шеңберінде орналасқан, мұнда ылғалдану ережесі қатал, вегетация кезеңінде түсетін ылғал мөлшері 125-170 мм, жылумен қамтамасыз етілуі орташа және ортадан кеш пісетін бірқатар дақылдар, оның ішінде күнбағысты тұқымға, сорттарын өсіруге әбден жеткілікті.

3. Құрғақ аймақ жылуға байланысты екі ауданға - өте жылы және орташа ыстық – бөлінген. Құрғақ өте жылы агроклиматтық аудан жартылай шөлейтті аймақ шеңберінде орналасқан, ГТК – 0,4-0,5 белсенді температура жиынтығы – 2600-30000С, жылы кезеңдегі түсетін ылғал мөлшері – 100-135 мм (Науырзым ауданының оңтүстік жартысы Жангелді ауданының солтүстігі, Амангелді ауданының көп бөлігі). Мұнда егіншілік тек қана суармалы жағдайда жүргізілу мүмкіндігі бар. Құрғақшылықты орташа ыстық ауданда ГТК – 0,3-0,4, белсенді температура жиынтығы – 3000-32000С, жылы кезеңдегі жауын-шашын мөлшері- 70-110 мм (Амангелді ауданының оңтүстік батысы, Жангелді ауданының оңтүстігі), негізінен мал шаруашылықты өңір.

Солтүстік-Қазақстан облысы. Облыс аумағы Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігінде орналасқан, негізінен рельефі жазықты және кәдімгі қара топырақты өңір, ылғалдану және жылумен қамтамасыз етілу жағдайлары бойынша облыста екі аймақ ажыратылған: орманды дала солтүстік (ГТК - >1,0) және оңтүстік(ГТК – 0,8-1,0) орманды дала және орташа құрғақшылықты далалы аймақ (ГТК<0,8). Облыс климаты континенталды, қысы суық, қар қабаты орта есеппен 5 айға дейін жатады, күшті желді, жазы ыстық. Орташа жылдық жауын-шашын 317 ден (Петропавл маңы) 340 мм-ге дейін (Булаев маңы) және барынша көп мөлшері салыстырмалы түрде біркелкі түсе отырып жазғы кезеңге сәйкес келеді. Алайда облыстың оңтүстік аудандарында 300 мм-ден кем ылғал түседі де құрғақшылыққа ұрындырады. Тұрақты қар қабаты қараша айының бірінші жартысында қалыптасады және орташа қалыңдығы 20-30 см-ден аспайды, ауа бозқырауы 15-25 мамырда аяқталады, алайда маусым айында да қайталануы ықтимал. Аязсыз кезең ұзақтығы – 110-130 тәулік. Жауын-шашынның барынша көп мөлшері жазғы кезеңге сәйкес келеді, ең жоғарғы деңгейі шілде айында (59-81 мм) байқалады.

Айта кету керек, құрғақшылық жылдары жауын-шашын мөлшері күрт азайып кетеді, ал жауынды жылдары – көпжылғы орташа көрсеткіштен үш есеге дейін, тіпті одан да көп мөлшерде түседі. Алғашқы күзгі бозқыраулар әдетте қыркүйектің ортасына қарай, жекелеген жылдары тіпті тамыз айында түседі. Ерте күзгі бозқыраулар астық дақылдарының толысу кезеңінде дәнді аяз ұрып, оның сапасын күрт төмендетуі мүмкін (клейковина мөлшерінің азаюынан). Ауыл шаруашылығы дақылдарын ойдағыдай өсіріп, мол өнім алу жолында климат ерекшеліктерімен қоса, топырақ жағдайларының да рөлі зор. Жоғарыда атап өтілгендей, Солтүстік Қазақстан облысында кәдімгі қара топырақтар кең тараған. Мұнда топырақ түзуші жыныстарға ауыр саздақтар жатады. Кәдімгі топырақтар типшелерінің арасында карбонатты және сортаңды түршелері ажыратылады. Бұл топырақтар суөткізгіштігінің аздығымен, нашар аэрациясымен және жоғары сусиымдылығымен ерекшеленеді. Бұл қасиеттер көктемгі кезеңде жыртынды жерлердің ұзақ уақыт сазды күйде болуына ұрындырады да себу алдындағы және себу жұмыстарын дер кезінде жүргізуге кедергі келтіреді. Топырақты себуге дайындағанда дақылдардың аталған ерекшеліктерін ескеруге тура келеді.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрынғысынша негізінен жаздық бидай өсіріледі, ал соңғы жылдары диверсификация нәтижесінде майлы дақылдар егістігі (оның ішінде майлы рапс, күнбағыс) және басқа дақылдар кеңінен өсірілуде.

Павлодар облысы үш агроклиматтық аймақты біріктіреді: орташа құрғақшылықты, құрғақшылықты және құрғақ.

1. Орташа құрғақшылықты аймақта ГТК>0,8, жауын-шашын орташа бір жылда – 260-310 мм, жылдың жылы уақытында 220-245 мм, ал пәрменді вегетация кезеңінде (мамыр-шілде айлары) – 120-140 мм ылғал түседі. Оң температура жиынтығы – 22000С дейін, аязсыз кезеңнің ұзақтығы – 3,5 ай, қыстың соңына қарай қар қабатының қалыңдығы – 20-25 см (Ертіс, Өспен аудандарының солтүстігі, Железин және Қашыр аудандары; бұл аймаққа Баянауыл ауданының таулы бөлігі де кіреді, ал мұнда аязсыз кезең ұзақтығы 4 айға жетеді, белсенді температура жиынтығы – 24500С, жылдық орташа жауын-шашын мөлшері – 300-310 мм және жылы кезеңде оның 240-245 мм, ал танаптық дақылдардың пәрменді вегетациясы кезеңінде – 120-125 мм ылғал түседі).

2. Құрғақшылықты аймақтың жылдық орташа жауын-шашын мөлшері – 230-260 мм, жылы кезеңде – 180-220 мм, ал пәрменді вегетация кезеңінде (мамыр-шілде) – 90-120 мм ылғал түседі. Оң температура жиынтығы (>00С) – 2200-24500С, аязсыз кезең – 4 ай, қыстың соңына қарай қар қабатының қалыңдығы – 15-20 см (Ертіс ауданының оңтүстік бөлігі, Ақтоғай ауданының солтүстік жартысы, Қашыр және Өспен аудандарының оңтүстігі, Павлодар ауданының солтүстігі, Шарбақты, Лебяжье аудандары мен Баянауыл ауданының орталық бөлігі).

3. Құрғақ аймақ (Ақтоғай, Павлодар аудандарының оңтүстігі, Ақсу және Май аудандары, Баянауыл ауданының солтүстігі мен шығыс бөлігі). Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері – 230-190 мм, жылы уақытта – 145-180 мм, ал ауыл шаруашылығы дақылдарының пәрменді вегетация кезеңінде (мамыр-шілде) – 70-90 мм. ГТК - <0,5, аязсыз кезең 4 айдан артық, қар қабатының қалыңдығы 15 мм-ден төмен.

Облыстың жер бедері (рельефі) екі бөлікті – Солтүстік-шығыс және Оңтүстік-батыс – біріктіреді; Солтүстік-шығыс бөлігі терең және көптеген қазан-шұңқырлы көлдері бар кәдімгі жазықтықпен, еңкіш төбешіктер, қырлармен сипатталады және облыстың бұл бөлігі Ертіс бойы жазықтықты түзеді, оның теңіз деңгейімен есептегендегі биіктігі негізінен 100-ден 120-150 м-ге дейін өзгереді; Оңтүстік-батыс бөлігі қазақтың ұсақшоқыларына жатады және теңіз деңгейінен 200-250-ден 300-350 м-ге жоғары жатыр. Топырақтары4 аймақшаға (подзоны) бөлінген: бірінші аймақша облыстың ең солтүстік бөлігін алып жатыр, ол өзіне аздау қарашірікті карбонатты және сортаңдау қаратопырақтарды біріктіреді; оңтүстігіне қарай шамалы қарашірікті сортаңдау күңгірт қара-қоңыр топырақтардың екінші аймақшасы (подзона) орналасқан, олар негізінен орташа және жеңіл саздақты топырақтар; одан әрі қарай шамалы қарашірікті тереңірек қайнайтын (вскипающая) құмдақ нашар дамыған қара-қоңыр топырақтар (үшінші аймақша) жалғасады (Ертіс өзенінің сол жағалауы); ашық қара-қоңыр топырақтардың төртінші аймақшасы Май ауданының солтүстік бөлігін қамтиды. Бұл облыста барынша құнды және құнарлы топырақтарға қара және қара-қоңыр топырақтар жатады (бірінші және екінші аймақшалар). Ол жерлерде дәнді дақылдарды (бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, тары) ойдағыдай өсіруге болады. Үшінші және төртінші аймақшалар топырақтарының механикалық құрамы – жеңіл, құндылығы шамалы, құнарлығы төмен.

Оңтүстік Қазақстан. Алматы облысыбұл аймақтың негізгі өңірінің бірі. Ол Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан. Ауылшаруашылық жерлері 8,2 млн гектарды немесе бүкіл аумағының 37% алып жатыр, оның ішінде жыртынды өнделетін жерлер 962 мың га (12%). Табиғи – климат жағдайларының әртүрлілігі облыс аумағын алты табиғи-шаруашылық аймаққа жіктеуге мүмкіндік береді: (нивалды) аймақ, биік таулы, таулы және аласа-таулы, таулы-далалы, тау етегілі (предгорная) шөлейтті-дала және шөлейтті аймақтар. Егіншілік бағытында олардың төртеуінің маңызы бар.

Таулы және аласа-таулы аймақ. Бұл өтпелі ылғалмен қамтамасыз етілген аймақ, орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 380-640 мм, негізінен таулы қара топырақтар, күңгірт және ашық қара-қоңыр биік таулы беткейлер, шалғынды қара-қоңыр және таулы ашық қара-қоңыр топырақтары кең тараған, бұл аймақта масақты дәнді дақылдар ж.б. ойдағыдай өсіріледі.

Таулы-далалы аймақ суармалы және тәлімі егіншілік аймағы болып табылады. Мұнда орташа жылдық атмосфералық ылғал мөлшері 340-540 мм. Бұл аймақтың топырақ бедері механикалық құрамы әртүрлі болып келетін топырақ типтерімен ерекшеленеді. Орташа қарашірікті және шамалы қарашірікті таулы қара топырақтар дән (зернистой) құрылымды, жақсы қамтамасыз етілген тәлімі жерлер топырақтары деп есептеледі. Сонымен қатар таубеткейлі күңгірт және ашық қара-қоңыр, күңгірт-шалғынды топырақтар де біршама тараған. Бұл өңірде масақты дәнді дақылдар, техникалық ж.б. ауылшаруашылық дақылдары кеңінен өсіріледі.

Тау етегі шөлейтті-далааймағы суармалы және тәлімі егіншілікті өңірге жатады, орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 220-400 мм, ашық қара-қоңыр, сұр және шалғынды-сұр топырақты. Суармалы егіншіліктің негізгі өсіретін дақылдары күздік және жаздық бидай, жүгері астыққа, қант қызылшасы ж.б.

Шөлейтті аймақ өңірдің тау беткейлі жолағының Солтүстік бөлігін алып жатыр, орташа жылдық жауын-шашын айтарлықтай емес және 120-200 мм аралығында өзгереді. Мұнда шөлейтті формацияға тән – сұрғылт-қоңыр, қоңыр, тақыртектес, сортаң және сор топырақтар – кең тараған. Бұл аймақта ауыл шаруашылық дақылдарын суарылмайтын жағдайда өсіру мүмкін емес. Аздаған суармалы жерлерде дәнді дақылдар (арпа, бидай, сұлы) ж.б.. Бұл аймақта күріш өсіруге көп көңіл бөлінеді. Қаратал, Ақдала суармалы өңірлерінде оның егістігі 20 мың га-ға дейін жетеді.

Агроклиматтық аудандастыру бойынша (вегетациялық кезеңнің ылғалмен, жылумен қамтамасыз етілуіне қарай) облыс аумағы бес аймаққа ажыратылады:

1. Өте құрғақ, ыстық жазықты аудан. Мұнда гидротермиялық коэффициент – 0,3-тан төмен. Климатының негізгі ерекшеліктері – қысы суық, жазы аптап құрғақшылықты, ыстық, жауын-шашын мөлшері өте аз деңгейде және біркелкі түспейді, көктемде небәрі 20-30 мм, ал күзде – 15-20 мм ғана, тұрақты қар қабаты 80-95 тәулік қана сақталады, күшті желдер жиі болып тұрады. Аязсыз кезең ұзақтығы – 135-165 тәулік.

2. Құрғақ, ыстық жазықты аудан (ГТК – 0,3-0,5). Облыстың үлкен аумағын қамтиды. Климаты континенталдығымен және құрғақшылығымен ерекшеленеді. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 200-250 мм, одан ауаның температурасы 100С-дан жоғары кезеңде түсетіні – 100-150 мм. Оң температура жиынтығы 3200-35000С аралығында өзгереді, орташа аязсыз кезеңнің ұзақтығы – 140-170 тәулік, қар қабаты 80-100 тәулік сақталады. І-ІІ – аймақта орташа көп жылғы көктемгі соңғы бозқыраудың байқалуы – 15.04-05.05.

3. Өте құрғақшылықты тау беткейлі – жазықты аудан (ГТК – 0,5-0,7) таулы беткейлер мен етектерін қамтиды, тұрақсыз климат жағдайларымен сипатталады, оң температура жиынтығы 3000-35000С, осы кезеңде 150-200 мм ылғал түседі, қар қабатының жиынтық ылғалы 35-70 мм-ден аспайды. Аязсыз кезең ұзақтығы – 150-180 тәулік, көктемгі соңғы аяз (бозқырау) сәуірдің 15-30 аралығында байқалады.

4. Құрғақшылықты таубеткейлі аудан (ГТК – 0,7-1,0). Бұл салқын, ылғалмен қамтамасыз етілген аудан. Белсенді температура (100С-дан жоғары) жиынтығы 2100-23000С және осы кезеңде түсетін ылғал мөлшері 175-250 мм, аязсыз кезеңнің ұзақтығы – 120-150 тәулік, ал жылдық жауын-шашын – 350-550 мм, қар қабаты 85-105 тәулік сақталады және оның ылғал мөлшері – 45-80 мм. Соңғы көктемгі бозқырау 15 сәуір – 15 мамыр аралығында байқалады да аязсыз кезеңнің ұзақтығы – 125-180 тәулік.

5. Таулы аймақ (ГТК>1,0). Вегетациялық кезеңде түсетін ылғал мөлшері 175-тен 300 мм-ге дейін өзгереді және тау биіктігі артқан сайын одан да жоғары. Тұрақты қар қабаты 100 тәуліктен аса жатады, ал мұндағы ылғал мөлшері 60-210 мм аралығында өзгереді. Соңғы көктемгі бозқырау (көпжылғы орташа көрсеткіш) 20-мамырда және одан кешірек байқалады да аязсыз кезең ұзақтығы 130 тәулікті құрайды.

Жамбыл облысы. Облыста ауылшаруашылығының негізгі саласы өсімдік шаруашылығы болып табылады. Тәлімі жерлерде дәнді дақылдар кеңінен өсіріледі, алайда барынша бейімделгені – күздік бидай. Ол облыстың барлық аудандарында өсіріледі. Сонымен қатар облыс аумағында жаздық бидай, жүгері астыққа, тары, майлы дақылдар және басқалары да өсіріледі. Агроклиматтық аудандастыруға байланысты облыс аумағы бес аймаққа – шөлейтті, тау бөктерлі шөлейтті – далалы, тау бөктерлі-далалы және таулы-далалы, таулы және аласатаулы, биіктаулы аймақтар – бөлінген.

1. Шөлейтті аймақ өнірдің солтүстік бөлігін алып жатыр (Сарысу, Талас ж.б.). Шөлейтті формациялардың топырақтары (ашық тақырлы сұр, сортаң және сорлы топырақтар, ГТК – 0,1-0,2) кең тараған, белсенді температура жиынтығы 3200-34000С, орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 120-170 мм ғана, аязсыз кезеңнің ұзақтығы – 140-160 тәулік. Мұнда негізінен тұрақсыз сипаттағы суармалы егіншілікте жаздық дәнді дақылдар, күздік бидай, жүгері (астыққа), қант қызылшасы (зауыттық) ж.б. өсіріледі.

2. Таубөктерлі шөлейтті-дала аймағы таубөктерлі жазықтықты қамтиды (Жамбыл, Бидайық, Шу ж.б. аудандардың негізгі жер аумағы), ГТК – 0,2-0,3, негізінен ашық қара-қоңыр, сұр және шалғынды-сұр топырақтар кең тараған, суармалы егіншілік аймағы және мұнда жаздық, күздік бидай, жүгеріні астыққа, зауыттық қант қызылшасын ж.б. дақылдарды өсіреді. Белсенді температура жиынтығы – 3000-35000С, орташа жылдық жауын-шашын мөлшері – 250-300 мм, аязсыз кезең ұзақтығы – 150-180 тәулік.

3. Таубөктерлі-далалы және таулы-далалы аймақ суармалы және тәлімі (богарное) егіншілік аймағы болып табылады. Әртүрлі механикалық құрамы түрлі топырақ типтері таубөктерлі күңгірт және ашық қара-қоңыр, шалғынды қара-қоңыр, күнгірт-шалғынды топырақ түршелерімен тараған. Аймақ негізгі егіншілік аумағын алып жатыр, ГТК – 0,3-0,5, белсенді температура жиынтығы – 2400-30000С, орташа жылдық атмосфералық жауын-шашын 320-540 деңгейінде, ал аязсыз кезең ұзақтығы – 130-170 тәулік. Дәнді (күздік және жаздық бидай, арпа, тары, жүгері астыққа), техникалық (зауыттық қант қызылшасы) ж.б. дақылдар өсіріледі.

4. Таулы және аласатаулы аймақ өңірдің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан (Жуалы ауданы, Мерке ауданының оңтүстігі ж.б.). Бұл аймақ салқын, ылғалмен қамтамасыз етілген күңгірт-сұр, ашық қара-қоңыр және шалғынды-қара-қоңыр топырақтарда орналасқан. Мұнда басқа аймақтарға қарағанда жыл бойы және өсімдіктердің вегетациясы кезеңдерінде ылғал көп түседі және орташа жылдық мөлшері 380-640 мм-ді құрайды, ал оң температура жиынтығы 2000-27000С-дан жоғары, аязсыз кезең ұзақтығы 100-130 тәулік, ГТК>0,7. Қолайлы жағдайлар жаздық дәнді дақылдардан, қант қызылшасы мен басқа дақылдардан жоғары өнім алуға мүмкіндік береді, оның үстіне жазықты аймақтарға қарағанда суару саны аз қажет етіледі.

Қызылорда облысының климаты күрт континенталды, жазы ыстық және ұзақ, аязсыз кезең ұзақтығы – 160-205 тәулік, құрғақшылықты жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 100-150 мм-ден аспайды, оның жартысынан астамы қыс-көктем кезеңіне сәйкес келеді, қар қабаты 70-90 тәулік сақталады және орташа қалындығы 10-25 см, ал оның ылғал қоры 30-60 мм. Облыс бойынша төрт агроклиматтық аймақ ажыратылады.

1. Өте құрғақ және ыстық аудан облыстың негізгі бөлігін алып жатыр, ГТК және ылғалдану коэффициенті – 0,1-0,3, белсенді температура жиынтығы 3400-40000С. Аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы – 160-205 тәулік. Соңғы көктемгі бозқырау сәуір айының бірінші онкүндігінің соңы – үшінші онкүндігінің басында тоқтайды. Аймақтың жылу ресурсы көптеген а.ш. дақылдарының пісіп-жетілуіне мүмкіндік береді, алайда оларды өсіруді ылғал жетімсіздігі шектейді.

2. Сырдария ауданы маңы– негізгі егіншілікті аудан, ГТК – 0,1-0,3, көктемгі бозқырау сәуірдің екінші онкүндігінде аяқталады, аязсыз кезең ұзақтығы – 175-200 тәулік. Жазы ыстық, ылғал аз түседі және ауыл шаруашылығы дықылдарының белсенді өсу кезеңдерінде 35-75 мм-ден аспайды. Облыс климаты суармалы жағдайда күріш және басқа а.ш. дақылдарын өсіруге барынша қолайлы.

3. Өте құрғақшылықты және өте ыстық аудан – негізгі малшаруашылықты өңір, мұнда атмосфералық жауын-шашынның аздығынан егіншілікті жүргізу өте қиын, ГТК – 0,1-0,3, белсенді температура жиынтығы – 4000-43000С.

4. Құрғақ таубөктерлі аудан тәлімі жерлерде де, суармалы егіншілікте де климат жағдайлары бойынша көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге қолайлы, ГТК – 0,3-0,4, белсенді температура жиынтығы 3700-38000С.

Оңтүстік Қазақстан облысы.Облыста төмендегідей егіншілікті аймақтар бөлінген:

1. Шөлейтті аймақ (Созақ, Отырар, Шардара аудандарының аумағы). Климатының негізгі ерекшелігі – күрт континенталды, атмосфералық жауын-шашынның тұрақсыздығы, ауаның құрғақтығы, пәрменді булануы мен өте жоғары күн сәулесінің қуаттылығы (инсоляциясы). Белсенді температура жиынтығы 3500-38000С-дан (Бетпақдала, Мойынқұм шөлдері) 4200-46000С-ға дейін (Қызылқұм өңірі) өзгереді. ГТК – 0,14-0,30, аймақ типшелеріне байланысты орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 135-150-ден 165-200 мм-ге дейін өзгереді, аязсыз кезең ұзақтығы – 165-190 тәулік. Аймақтың топырақтары – тақыртектес сұр, сортаңды, ашық-сұр және шалғынды-сұр түрде болып келеді. Өсімдік шаруашылығы саласында Қызылқұм мен Сырдария өзенінің арасындағы кеңістік суармалы жағдайда, әсіресе мақта өсіруде, келешегі зор аймақ.

2. Суармалы егіншілік аймағы (Сарыағаш, Ордабасы, Түркістан аудандарының басым бөлігі). Мұнда негізінен мақта өсімдігі өсіріледі. Жазы ыстық және ұзақ, жылы кезеңнің ұзақтығы – 175-215 тәулік, белсенді температура жиынтығы – 4300-45000С құрайды, жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 180-200-ден 200-300 мм-ге өзгереді. Ашық және кәдімгі сұр топырақтар кең тараған. Аймақтың ерекшелігі – жылудың, су көздерінің, суаруға қолайлы үлкен аумақтың молдығы. Бұл аймақ мақта өсімдігін және басқа жылу сүйгіш дақылдарды өсіруге қолайлы.

3. Таулы-қыратты аймақта (Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Бәйдібек аудандары ж.б.) суармалы егіншілік күшті дамыған. Аймақ қыстың қысқалығымен, жаздың ыстық және ұзақтығымен ерекшеленеді, ГТК – 0,5-тен жоғары, белсенді температура жиынтығы – 3200-42000С. Жылдық жауын-шашынның мөлшері аймақ типшелеріне байланысты 400-900 мм аралығында өзгереді, ал аязсыз кезең ұзақтығы – 185-200 тәулік. Аймақта тәлімі (богарное) егіншілік дамыған және біршама суармалы егіншілік жүргізіледі, ашық сұр және оңтүстік сұр топырақтар басымдыққа ие.

4. Мырзашөл аймағы Мақтаарал ауданының игерілген суармалы жерлерін қамтиды. Климаты күрт континенталды, жазы ыстық, ылғал аз түседі, аязсыз кезеңнің ұзақтығы – 200-230 тәулік. Аймақта негізінен сұр топырақтар кең тараған және мал шаруашылығы басым дамыған.

Орталық Қазақстан (Қарағанды облысы). Осы заманғы жүйелеу бойынша облыс аумағы бес агроклиматтық аймаққа бөлінген: орташа-ылғалды және орташа-салқын ұсақшоқылы, орташа-құрғақшылықты жылы төбешікті – жазықтықты далалы, құрғақшылықты жылы далалы, құрғақ орташа ыстық далалы және ыстық өте құрғақ шөлейтті далалар мен шөлейттер аймағы. Қарастырылып отырған облыс аумағының ауқымдылығынан климат жағдайларында үлкен айырмашылықтар бар. Жылдық температура ауытқушылығы 33-400С құрайды, жазы өте ыстық, оңтүстігінде – ұзақ аптап ыстықты, жазда ауа температурасы кейде 40-460С-қа жетеді. Қысы суық, аязды (температура кейде – 45-500С-ға дейін төмендейді). Қыс қатал болған жылдары топырақ 2 м тереңдікке дейін қатады, қар қабаты әркелкі – 25-30 см-ден (орташа-ылғалды және орташа-салқын ұсақшоқылы аймақта) 10-15 см-ге дейін (ыстық өте құрғақ шөлейтті далалар мен шөлейтті аймақта) төмендейді. Жылы кезеңнің ұзақтығы (>00С) 190 тәуліктен (солтүстік-шығыста) 230 тәулікке дейін (оңтүстігінде), аязсыз кезең ұзақтығы 100-ден (Бұхаржырау, Қарқаралы, Осакаров аудандарында) 150 тәулікке дейін (Жаңарқа, Ұлытау, Шет аудандарында) өзгереді. Вегетациялық кезең ұзақтығы облыстың солтүстік-шығысында 160 тәулікке дейін, ал оңтүстік-батысында 200 тәулікке дейін. Жылдық жауын-шашын да біркелкі бөлінбейді: орташа-ылғалды және орташа-салқын ұсақшоқылы аймақта – 290-300 мм, ал ГТК>1,0; орташа-құрғақшылықты жылы төбешікті-жазықтықты далалы аймақта – 250-290 мм, ал ГТК 1,0-0,8; құрғақшылықты жылы далалы аймақта – 220-270 мм, ГТК 0,8-0,6; құрғақ орташа-ыстық далалы аймақта – 220-250 мм, ГТК 0,6-0,4; ыстық өте құрғақ шөлейтті далалар мен шөлейттер аймағында – 100-110 мм-ден аспайды (ерекше жағдайларда ғана 150 мм-ге дейін жетеді), ГТК<0,4. Облыстың солтүстігінде жылдаң жылы кезеңінде 150-250 мм ылғал түседі және барынша көп мөлшері шілде айына сәйкес келеді; оңтүстігінде осы кезеңде 65-80 мм түседі, бірақ ең жоғарғы мөлшері ертерек мерзімге ауысады. Аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 89-98 тәуліктен (Ақтоғай, Қарқаралы аудандарының солтүстік бөлігі) 155-169 тәулікке дейін (Бетбақдала, Қарақұм өңірінің оңтүстігі) өзгереді. Облыстың солтүстігінде бозқыраудың соңы ең ерте болғанда сәуірдің соңы – мамырдың үшінші бескүндігінде, ал ең кеш болғанда – маусымның 8-25 жұлдызында аяқталады, ал облыстың оңтүстігінде – тиісінше 3-19.04 және 25.05-13.06 жұлдыздарына сәйкес келеді. Облыстың жер бедері – ұсақшоқылы, топырақтары негізінен кешенді сипатта және 6 типшелер аймағына бөлінген: қаратопырақтар, күңгірт қара-қоңыр, қара-қоңыр, ашық қара-қоңыр, қоңыр (құба) және сұр-қоңыр (құба) топырақтар.

Қара топырақтар аймағында(Осакаров, Қарқаралы аудандарының негізінен солтүстік бөлігін қамтиды) карбонатты оңтүстік және толық дамымаған қара топырақтар ажыратылады; бұл топырақтардың ерекшеліктеріне қарашірік қабатының салыстырмалы жұқалығы және тереңдеген сайын қарашірік мөлшерінің азая беретіндігі жатады. Агроөндірістік белгілері бойынша оңтүстік қара топырақтары облыстың ең жақсы жыртуға жарамды топырақ тобына жатады, алайда олардың аумағы үлкен емес; олардың су-физикалық қасиеттері айтарлықтай қолайлы, жоғары суөткізгіштігімен ерекшеленеді, мұның өзі ылғал жинақтауда маңызды.

Күңгірт қара-қоңыр топырақтар аймағы облыстың солтүстік бөлігін қамтиды және олар қалыпты күңгірт қара-қоңыр, карбонатты күңгірт қара-қоңыр, сортаңды күңгірт қара-қоңыр, толық дамымаған күңгірт қара-қоңыр және аз дамыған күңгірт қара-қоңыр топырақтарға бөлінеді. Агроөндірістік тұрғыдан ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге барынша қолайлысына қалыпты күңгірт қара-қоңыр топырақтар жатады; олар негізінен суайлрықты жазықтар мен төбелік беткейлерде шоғырланған. Нұра өзенінің (Нұра ауданы) оң жағалауында да кездеседі; олардың кемшілігі – механикалық құрамы ауыр және карбонатты, ал бұлар оларға құрғақтық пен қолайсыз физикалық-химиялық қасиеттер береді. Карбонатты күңгірт қара-қоңыр топырақтар карбонатты оңтүстік қара топырақты аймақтың оңтүстігіне қарай (Осакаров, Бұхаржырау, Нұра аудандары) орналасқан. Қалыпты күңгірт қара-қоңыр топырақтардан карбонаттылар қарашірік қабатының карбонаттылығына байланысты ашық түсімен сипатталады. Олар жеткілікті деңгейде құнарлы, ешқандай алдын-ала мелиоративтік жақсарту шараларын жасауды қажет етпейді. Танаптық дақылдарды өсіруде әсіресе механикалық құрамы жеңіл ашық қара-қоңыр сортаң, қоңыр-құба топырақтары төмен бағаланады, әрі құнарлығы нашар болып келеді. Қара-қоңыр және ашық қара-қоңыр топырақтар Бұхар-жырау ауданының батыс бөлігінде, Қарқаралы ауданының оңтүстік бөлігінде, Абай, Жаңарқа аудандарының оңтүстік батысында кең тараған. Қоңыр және қоңыр-сұр топырақтар – Ақтоғай, Жаңарқа, Ұлытау аудандарының оңтүстік бөліктерін алып жатыр және олар дәнді ж.б. дақылдарды өсіруге айтарлықтай жарамды емес, ал суарылмайтын жағдайда егіншілікті жүргізу мүмкін емес.

Шығыс Қазақстан облысы. Облыс аумағының созылыңқылығы және жер бедерінің (рельефінің) күрделілігі оның климатына айтарлықтай әсер етеді. Жазық далалы, жартылай шөлейт және шөлейтті кеңістіктермен қатар облыста тау бөктерлері мен биік таулар әжептәуір орын алады, мұндағы жоталар тауаралық беткейлер және аңғарлармен алмасып келіп отырады. Облыстың климат жағдайларында жазықты және таулы бөліктерінің бір-бірінен температура ережесімен де, жауын-шашын мөлшерімен де ерекшеленеді, ал оларға байланысты ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-даму сипаты өзгереді. Облыс аумағында төмендегідей агроклиматтық аймақтар ажыратылады:

1. Биіктаулы және таулы-орманды өте ылғалды аймақ. Мұнда гидротермиялық коэффициент 1,5-тан жоғары, жылумен аз қамтамасыз етілген, белсенді температура (100С-дан жоғары) жиынтығы 1000-18000С деңгейінде, жылдық жауын-шашын 500 мм-ден 1500 мм-ге дейін. Ылғалдану жағдайларына байланысты бұл аймақта ерте жаздықтар мен күздіктерді, асбұршақ ж.б. дақылдарды өсіруге болады.

2. Таулы орманды-далалы өте ылғалды (солтүстігі) және орташа ылғалды (оңтүстігі) аймақ: гидротермиялық коэффициенті 1,0-1,5 және белсенді температура жиынтығы 1800-20000С. Аймақтың климаты өте ылғалды, салқындау болып келеді. Жауын-шашын мөлшері аймақтың солтүстік жартысында 550-650 мм, оңтүстігінде 325-480 мм. Аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 100-130 тәулік, көктемгі бозқырау орта есеппен мамырдың соңында тоқтайды, ал күзгі бозқырау қыркүйектің бірінші оңкүндігінде басталады, жекелеген жылдары көрсетілген мерзімдерден үлкен ауытқушылықтар байқалады. Бұл аймақта жаздық, күздік астық дақылдарын (бидай, арпа, сұлы, қара бидай), дәнді бұршақ ж.б. дақылдарды ойдағыдай өсіруге болады.

3. Құрғақшылықты орташа жылы аймақта гидротермиялық коэффициент 0,7-1,0 және белсенді температура жиынтығы 2100-24000С. Бұл аймақта ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты жаздық бидай, жүгерінің ерте пісетін будандарын астыққа, күнбағысты тұқымға, дәнді бұршақ дақылдарын, қарақұмық ж.б. дақылдарды өсіріп мол өнім алуға болады.

4. Өте құрғақшылықты жылы ауданның гидротермиялық коэффициенті 0,5-0,7 және белсенді температура жиынтығы 2400-25000С. Бұл өңірдің ылғалдану ережесі өте қатал, ал жылумен қамтамасыз етілуі көптеген танаптық (екпе) дақылдарының пісіп-жетілуіне жеткілікті.

5. Құрғақ жылы ауданда гидротермиялық коэффициент 0,3-0,5 және белсенді температура жиынтығы 2400-26000С шамасында, негізінен мал шаруашылықты аймақ. Қарастырылып отырған облыс аумағында жоғарыда аталған аймақтардан басқа Таулы аймақ (гидротермиялық коэффициенті 1,0-ден жоғары, белсенді температура жиынтығы 21000С-дан төмен), Колбин әлсіз ылғалданған орташа салқын аймақ (гидротермиялық коэффициенті 1,0-1,3, белсенді температура жиынтығы 20000С-дан төмен), құрғақшылықты орташа салқын аудан (гидротермиялық коэффициенті 0,7-1,0, белсенді температура жиынтығы 20000С-дан аспайды), өте құрғақшылықты орташа салқын аудан (гидротермиялық коэффициенті 0,5-0,7, белсенді температура жиынтығы 20000С-дан төмен) және өте құрғақ орташа ыстық аймақ (гидротермиялық коэффициенті 0,3-тан төмен, ал белсенді температура жиынтығы 2700-30000С құрайды). Соңғы бес аймақта егіншілік шамалы дамыған.

Батыс Қазақстан. Бұл аймаққа Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстары біріктірілген.

Ақтөбе облысының аумағы континентте ішке қарай орналасқандықтан анық байқалатын континенталдығымен ерекшеленеді. Оған күрт өзгермелі температура тән: өте суық қыс пен ыстық жаз, жыл маусымдары тез ауысады, қысқа көктемгі кезең, атмосфералық жауын-шашынның тұрақсыздығы мен тапшылығы, ауаның құрғақтағы т.б. құрғақшылық үрдістер белгілі бір деңгейде жыл сайын өсімдіктердің әртүрлі өсіп-даму кезеңдерінде байқалады. Көпжылдық деректерге қарағанда облыс аумағында жылдық жауын-шашынның мөлшері 120-600 мм аралығында өзгереді, оның үстіне ол жыл бойы біркелкі түспейді. Топырақ бедері де әртүрлі: солтүстік бөлігінде күңгір қара-қоңыр және қаратопырақтар кең тараса, оңтүстігіне қарай – ашық қара-қоңыр саздақты мен құмдасын топырақтар болып келеді. Агроклиматтық бағытта облыс аумағы 4 аймаққа бөлінген: орташа құрғақшылықты далалы, құрғақшылықты далалы, жартылай шөлейтті және шөлейтті аймақтар.

1. Оташа құрғақшылықты далалы аймақта(Мартук, Қарғалы ж.б. әкімшілік аудандары) күңгірт қара-қоңыр, қара топырақтар кең тараған. Өсімдіктердің пәрменді өсіп-даму кезеңдеріндегі (сәуір-шілде айлары) гидротермиялық коэффициент 0,8. Температура жиынтығы (100С-дан жоғары) 2400-26000С құрайды, орташа жылдық жауын-шашын – 250-350 мм. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 120-130, ал вегетациялық кезеңнің ұзақтығы – 130-150 тәулік. Тұрақты қар қабаты қараша айының екінші жартысына сәйкес келеді де қыстың соңында орташа қалыңдығы 20-30 см құрайды. Жазы құрғақ және ыстық, алайда жылдың басқа маусымдарымен салыстырғанда жауын-шашынның молдығымен ерекшеленеді (маусым-тамыз айларында 80-140 мм-ге дейін). Құрғақшылықты жылдары жаз айларындағы жауын-шашын мөлшері күрт азайып кетеді де өсімдіктерге қолайсыз жағдайлар қалыптастырады. Бұл аймақта егіншілік барынша дамыған және басты бағыты – астық шаруашылығы.

2. Құрғақшылықты далалы аймақта (Алға, Әйтеке би аудандары ж.б.) гидротермиялық коэффициент – 0,6-0,8. Аймақтың климаты бірінші аймақпен салыстырғанда айтарлықтай құрғақшылығымен ерекшеленеді. Белсенді температура (100С-дан жоғары) жиынтығы 2600-29000С-ға жетеді, орташа жылдық жауын-шашын мөлшері – 220-250 мм, аязсыз кезеңнің ұзақтығы – 130-140 тәулік. 1м топырақ қабатындағы өнімді ылғал қоры көктемнің бас кезінде тіпті төменгі далалық ылғалсиымдылық мөлшеріне де жетпейді, сондықтан көктемгі дала жұмыстарын қысқа мерзімде іске асырған дұрыс. Жазы ыстық, құрғақ, бұл кезең нажағайлы және нөсерлі жауын-шашын мен ерекшеленеді, салыстырмалы ауа ылғалдылығы жаз айларында 20-35% дейін төмендейді. Күз құрғақшылықты және желдің күшеюімен сипатталады.

3. Жартылай құрғақшылықты аймақ (Ойыл, Мұғалжар аудандары ж.б.). Топырақтары негізінен ашық қара-қоңыр, тұзды дақтармен қоңыр (құба) топырақтар да кең тараған. Гидротермиялық коэффициенті 0,4-0,6, белсенді температура жиынтығы 2800-32000С, жылдық жауын-шашын мөлшері 180-225 мм, оның 90-125 мм өсімдіктердің өсіп-даму кезеңдерінде түседі, аязсыз кезеңнің ұзақтығы 140-150 тәулік, қысы суық және қар аз түседі.

4. Шөлейтті аймақ (Байғанин, Шалқар аудандары) қоңыр, ашық қоңыр топырақтары және сорлы кешендерімен ерекшеленеді. Аймаққа өте құрғақшылықты климат тән: гидротермиялық коэффициенті 0,4 және одан да төмен, белсенді температура жиынтығы 32000С-дан жоғары, орташа жылдық жауын-шашын 200 мм-ден аспайды, аязсыз кезең 5 айға созылады, қар қабаты 15-20 см, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ әрі ұзақ, жаз кезеңінде небәрі 15-20 мм ылғал түседі.

Батыс Қазақстан облысы.Облыс климаты жауын-шашынның аздығымен, ауа мен топырақтың құрғақшылығымен, қатты желдермен ерекшеленеді. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 300 мм-ден (солтүстік-шығыста) 190 мм-ге дейін (шөлейт аймақта). Жылдың жылы кезеңінде 90-135 мм ылғал түседі. Жылдық жауын-шашынның түсуінде екі көп мөлшері (максимум) байқалады: біріншісі – маусым және шілде, екіншісі – қазан айлары. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 4,5 айдан (облыстың солтүстігінде) 5,5 айға дейін (оңтүстігінде). Облыс климатына кеш көктемгі және ерте күзгі бозқыраулар, атмосфералық және топырақ қуаңшылығы, аңызақ, қатты желдер (кейде шаң және құмды дауылға айналады) тән болып келеді. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, өнім деңгейін топырақ ылғалдылығы анықтайды. Негізгі ылғалдану көзі – облыс бойынша атмосфералық жауын-шашын. 100С-дан жоғары температура жағдайында мұнда 135 мм-ден 90 мм-ге дейін ғана ылғал түседі, ал облыс аумағында булану мөлшері 850 мм-ден (солтүстігінде) 1300 мм-ге дейін (оңтүстігінде) өзгереді. Жылдарға қарай облыста түсетін ылғал мөлшері біркелкі емес. Облыста оңтүстік қара-топырақтары, қара-қоңыр топырақтардың барлық типтері және қоңыр (құба) топырақтар кең тараған. Қоңыр (құба) топырақтар негізінен облыстың оңтүстігінде, ал барынша құнарлы топырақтар облыстың солтүстік аудандарында (оңтүстік қара топырақтары мен күңгірт қара-қоңыр топырақтарн) және бүкіл жыртынды жерлердің 64% алып жатыр.

Жоғарыда келтірілген табиғи ауа райы, топырақ-климат жағдайларының көрсеткіштері аймақтардың биоклиматтық потенциалдарын толығырақ бағалауға мүмкіндік береді, өсімдіктер тіршілігінің реттелмейтін факторларына олардың биологиясын терең білу негізінде қоректік технологияны тиімді пайдалануға және бейімдеуге, сонымен бірге реттелгіш факторларды үйлестіруге әсер етеді.

Өсімдік шаруашылығы – ғылыми пән. Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған үлкен міндеттерді шешуде өсімдік шаруашылығының ғылыми пән ретінде атқаратын рөлі зор.

Өсімдік шаруашылығы ғылыми пән ретінде XVIII–ғасырдан бастау алады және оның дамуына үлкен үлес қосқан жақын шетел ғалымдары, оның ішінде М.В. Ломоносов (Ресей ғылым академиясында «егіншілік сыныбын» ашқан ғалым), И.И. Комов («Егіншілік жөнінде» атты кітап жазған), ал XIX ғ. басында А.Т. Болотов (топырақ өңдеу, тыңайтқыш енгізу мәселелерін зерттеген, құнды ұсыныстар жасаған) сияқты Ресей ғалымдарын атап өтуге болады. Алайда өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде қарқынды зерттеу, ғылыми жетістіктерді жарнамалау мақсатында ірі ғылыми жұмыстар жазу бағытында жемісті еңбектерімен XIX ғасыр мен XX ғ. басында ресейдің ұлы ғалымдары К.А. Тимирязев, И.А. Стебут, Д.Н. Прянишников, Н.И. Вавилов іске асырды.

- К.А.Тимирязев, фотосинтез ілімін жасауда ірі эксперименттік зерттеулер жүргізіп, солардың негізінде әлемге әйгілі «Өсімдіктер тіршілігі» ж.б. классикалық ғылыми еңбектер жазып қалдырған.

- И.А.Стебут, тұңғыш рет танаптық дақылдарды өсіру жөніндегі шашыраңқы материалдарды біріктіріп, ірі-ірі ғылыми еңбектер жазған.

- Д.Н.Прянишников, өсімдіктердің қоректенуі және тыңайтқыштар қолдану мәселелерін (проблемаларын) зерттеген.

- Н.И.Вавилов, өсімдік шаруашылығы, мәдени өсімдіктердің биологиясы, систематикасы (жүйелеуі) және таралу географиясы жағынан баға жетпес құнды үлес қосқан (оның «Мәдени өсімдіктердің дүни







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 4137. Нарушение авторских прав


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2020 год . (0.018 сек.) русская версия | украинская версия