Студопедия — ТАРАУ. ТҰҚЫМТАНУ НЕГІЗДЕРІ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ТАРАУ. ТҰҚЫМТАНУ НЕГІЗДЕРІ






Тұқымдық жадығат (материал), оның маңызы мен сипаттамасы. Қазақстанда тұқымтану және тұқымдық бақылау қызметінің дамуы

 

Тұқымтану – тұқым туралы ілім. Алайда, ботаника мен өсімдік шаруашылығындағы «тұқым» түсінігі (термині) бір мағына бермейді.

Ботаникалық ұғымда тұқым – қосарлана ұрықтанудың нәтижесінде дамыған дән болып табылады. Ол ұрықтан, қоректік заттар қорынан және қабықтан тұрады.

Өсімдік шаруашылығында тұқым деп жоғары өнім алуға арналған әртүрлі тұқымдық жадығатты (материалды) атайды.

Танаптық (екпе) дақылдарда тұқымдық жадығат ретінде төмендегідей түзілімдер пайдаланылады:

- нағыз тұқымдар (бұршақ, қырыққабат, зығыр тұқымдас дақылдар, мақта өсімдігі ж.б.):

- жалаңаш және қабықты жемістер (қоңырбастар тұқымдасының дәндері – бидай, арпа, судан шөбі ж.б.; күнбағыс пен мақсары шекілдеуіктері, қарақұмық жаңғақшасы т.б.);

- жеміс шоғырлары (мысыққұйрық масақшалары, қызылша домалағы);

- түйнектер (картоп, жер алмұрты).

Тұқымдар - өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық құнды қасиеттерін иеленушілер, соның нәтижесінде олардың сапасы алынатын өнім мен оның сапа көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі тұқымнан бастау алатыны ертеден белгілі ақиқат. Танапты сапасыз тұқыммен сепсең жағдайды ешнәрсе түзей алмайды: топырақ өңдеу де, тыңайтқыш та, егістікті күтіп-баптау да, жауын-шашын да. Қасиеттінің қасиеттісі – тұқымдық қамбаға қол созғаннан гөрі аш отырғанды қалаған тікелей немесе жанама бабаларының амалдарынан көпшілік жүздеген мысалды келтіре алады. Осыны Ресейдің бұрынғы Н.И. Вавилов атындағы Бүкілодықтық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының ерлігі де дәлелдей түседі: олар Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945 жж) қоршаудағы Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербургта) аштықтан өліп жатса да, бүкіл планетадан жиналған әртүрлі дақылдардың қол сұғылмайтын бірыңғай тұқым коллекциясын көздің қарашығындай сақтаған. Еуропадан Орал сыртына, Сібірге және Қазақстанға қоныс аударған көшпенді-шаруалардың қиын да алыс жолдарын еске түсірген абзал: олардың түйіншектері тапшы болғанымен, әрбір арбада немесе шанада қасиетті (асыл) тұқымы бар дорбаларын мұқият күзеткен; осы қарапайым бір уыс дәннен әлі игерілмеген жерлерде жаңа егістік жайқалды.

Тұқымның керемет рөлі жөніндегі көпжылдық тәжірибелерге сүйеніп халық дана әрі тура мақалдар құрастырған: «Не сепсең, соны орарсың», «нашар тұқымнан жақсы өнім күтпе», «қалай себілсе, солай ұшырылады» ж.б. Ауыл шаруашылығы өндірісінің пәрменді дамыған қазіргі уақыттың өзінде, егіншілік осы заманғы техника мен дамыған ғылыммен қаруланғанда да шаруалардың аталған ақиқаты өзінің мәнін, маңызын жойған жоқ. Керісінше, өсімдік шаруашылығының қарқындылығы ғасырында тұқымдық дәннің рөлі айтарлықтай жоғарылады. М.К. Фирсова және басқа ғалымдардың деректері бойынша жоғары сапалы тұқым қатардағы тұқымға қарағанда егін өнімін ешқандай қосымша шығынсыз 15-20 % арттырады.

Тұқым үш топ сапа көрсеткіштерімен сипатталады: себу (егістік) сапасы – олардың себуге жарамдылық дәрежесін анықтайтын тұтас тұқымдық қасиеттері; сорттық сапасы – сорттық тазалығына, репродукциясына және тегіне (типіне) қойылатын талаптарына сәйкес келуі; өнімділік сапасы – нақты жағдайларда белгілі бір деңгейде өнім беру қабілеті. Аталған тұқым сапаларының көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ жекелеген пәндердің зерттеп, оқып-үйрену объектісі болып табылады. Егер тұқымның сорттық сапасын тұқым шаруашылығы оқытса, онда оның себу сапасын – тұқымтану пәні оқытып-үйретеді.

Алғашқы кезде тұқым жөніндегі деректер ботаниктермен жинақталды, кейіннен тұқым сауда-саттық объектісіне айналды да оның сапасын анықтау қажеттігі туындады, ал мұның өзі тұқымның қасиеттерін зерттеуді талап етті.

Бұрынғы Одақ аумағында тұқымды алғаш рет Ресейде 1864 жылы Рига политехникалық институтында талдап зерттей бастады. Мұның өзі тұқымтану саласының пайда болған кезеңі болып табылады. Алайда алғашқы ғылыми мекеме «Тұқым сынау стансасы» 1977 жылы А.Ф. Баталиннің басшылығымен Санкт-Петербургте Бас Ботаника бағында пайда болды. Бұл мекеме Одақта тұқымдық-бақылау қызметінің дамуына көп әсер етті, алайда қаражат, құралдардың жеткіліксіздігінен ол өзінің жұмысын жан-жақты дамытып әкете алмады. Станса сол кезде негізгі көңілді тұқымды ғылыми зерттеуге аударды, өйткені тұқымдық-бақылау қызметінің көптеген мәселелері әлі түсініксіз болды, ілімдік тұрғыда негіздеуді және шешуді талап етті. Стансаның үлкен мүмкіндіктері Қазан революциясынан кейін туындады. Ол тұқымтану және тұқымдық-бақылау қызметінің ғылыми орталығына айналды. Тұқымдық бақылау стансаларының әдістемелік орталығы болды. Мұнда тұқымдық бақылау қызметкерлері және одақтың басқа өңірлерінен тұқымдық-бақылау ұйымдарының болашақ жетекшілері ілімдік (теориялық) және іссаналық дайындықтан өтті. Кейіннен станса құрылымдық өзгеріске ұшырап, кеңес Одағы ғылым академиясының Бас Ботаникалық бағында тұқымтану бөлімі құрылды (бұрынғы Ленинградта), аталған тұқымдық мекеменің және К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының тұқымдық-бақылау стансасы, Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Тұқымтану» бөлімі, Украинада тұқымдық бақылау қызметінің қарқынды дамуы, Қазақстанда бұрынғы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (Шортанды) аталған салада ірі көлемді жұмыстар атқарылды.

ХХ ғасырдың 70-жылдарында тұқымдық - бақылау лабораториялары мемлекеттік тұқым инспекциялары болып қайта құрылымдалды. Әрбір Одақтық Республикаларда, оның ішінде Қазақстанда мемлекеттік тұқым инспекциялары (Республикалық, аумақтық, облыстық, аудандық) құрылып қызмет жасады.

Олардың барлығы кезінде бірыңғай одақтық-республикалық бағыныстағы тұқымдық бақылау қызметін атқарды және оларды Одақтық ауыл шаруашылығы министрлігі жанында құрылған «Мемлекеттік тұқым инспекциясы» бір орталықтан мемлекеттік тұқым инспекцияларына әдістемелік және ұйымдастыру мәселелерінен жетекшілік жасап отырды.

Мелекеттік тұқым инспекцияларының алдына үлкен, әрі жауапты міндеттер жүктелді: тұқымды себуге дайындау, өсіру, оны сақтау, шаруашылықтармен, ғылыми-зерттеу мемлекеттерімен және дайындау ұйымдарымен ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарына мемлекеттік үлгіқалыптардың (стандарттардың) сақталуын, сонымен қатар осы дақылдардың тұқым сапасын тексеру.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бас кезінде бұрынғы Одақтық нұсқалар, талаптар деңгейінде тұқымдық-бақылауды іске асырды.

Қазіргі кезде Қазақстанда «Мемлекеттік тұқым инспекцияларының» орнына «Мемлекеттік тұқым сапасына сараптама жасау лабораториялары» қызмет жасауда және тұқымдық бақылаудың екі түрі бар: мемлекеттік және шаруашылық-ішілік бақылау.

Мемлекеттік тұқымдық бақылау «Мемлекеттік тұқым сапасына сараптама жасау лабораториялары» арқылы іске асырылады. Еліміздегі барлық ауыл шаруашылығы нысандары (агрофирмалар, акционерлік қоғамдар, жауапкершік шектеулі серіктестіктер, ұжымдық шаруашылықтар, шаруа қожалықтары ж.б.) Мемлекеттік «Тұқым сапасына сараптама жасау» лабораторияларында өздерінің барлық тұқым қорларын дер кезінде тексертіп отыруға міндетті. Тексеру нәтижелері бойынша лабораториялар шаруашылыққа тиісті құжат береді: мұнда тұқымның себуге жарамдылығы, себу (егістік) стандарт талаптарына жеткізу үшін қандай өңдеу жұмыстарын жүргізулері қажет екендігі көрсетіледі.

Қазіргі кезде тұқымтану ботаника пәнінің шағын бөлімінен өсімдік шаруашылығының ірі саласына айналды. Әуелде тұқымтануда тұқымның аналық өсімдікте пайда болуы, дамуы, олардың себу сапасы мен анықтау тәсілдері зерттелді. Кейіннен аналық өсімдіктегі тұқымның даму үрдісі, егін жинаудан сепкенге дейін, «себу-көктеу» кезеңінде өсімдіктердің автотрофты қоректенуге көшкенге дейінгі үдерістер зерттелді. Одан әрі тұқым сапасына экологиялық, агротехникалық жағдайлардың әсері зерттелді. Сонымен тұқымтану осы заманғы ұғымы бойынша нені оқытады?

Тұқымтану-мәдени өсімдіктердің тұқымдарын, олардың құрылысы мен аналық өсімдікте пайда болу жағдайларын, тұқымдағы физиологиялық үдерістерді, қоршаған орта мен агротехникалық шаралардың тұқымның қалыптасуына әсерін, тұқымның егістік (себу) сапасын анықтау тәсілдерін оқытатын ғылым. Тұқымтану ғылымының басты зерттеу объектісі – тұқымдық жадығат (материал), негізгі мақсаты – оның сапасын арттыру. Ол өсімдік шаруашылығының құрамдас бөлігі болып табылады. Бір айта кететін жәйт, тұқымтану ғылымын тұқым шаруашылығы ғылымынан ажырата білген жөн: тұқым шаруашылығының негізгі міндеті – сорттық тұқымды зерттеп, көбейту жолдары жүйесін жасап, таза қалпында сақтау және шаруашылықтарды олармен қамтамасыз ету. Сонымен қатар бұл екі құрамдас бөліктер бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.

Тұқымтанудың мәнін, оның тұқымдық бақылаумен байланысын И.Г. Строна төмендегіше түйіндеген (Сурет 1).

Тұқымтану пәні танаптық, көкөніс, әсемдік, шалғындық-жайылымдық дақылдардың, жеміс және орман өсімдіктері мен жабайы өсімдіктер дүниесі тұқымдарының биологиясы және олардың физикалық-механикалық қасиеттерін, физиологиясы мен биохимиясы, микробиологиясы мен фитопатологиясын, тұқымның әртүрлі сапалығын, физикалық әсер ету арқылы тұқым сапасын өзгерту мәселелерін оқытады, ал тұқым шаруашылығы пәні негізінен тұқымтану пәнінің дақылдарынан (жабайы өсімдіктер дүниесінен басқаларын) бастапқы жадығат, агротехника, механизация, апробация, тұқымды өңдеу және сақтау, экономика және ұйымдастыру мәселелерін қарастырады да аталған екі пән бір-бірімен тұқымдық бақылау арқылы байланысады.

Тұқымтану пәні 1- суретте көрсетілгендей жоғарыда аталған дақылдардың нақты сұрақтарын тереңірек оқытып болашақ мамандарға толыққанды білім алуға мүмкіндік береді.

Тұқымдық қасиеттерді қалыптастыруда тұқым қуалаушылықтың шешуші рөлін мойындай отырып, дамып келе жатқан тұқымға әртүрлі сыртқы факторлардың қуатты әсерін есепке алмай болмайды. Толыққұнды, жоғары өнімді тұқым өндіру құпиясын ашуда биологиялық және экологиялық жағдайларды жан-жақты біліп-үйрену ғана мүмкіндік береді, әрі тұқымдық алқаптарда өсіру технологиясының шараларын айқындауға көмектеседі.

 

 

 


тұқымтану
Танаптық (екпе) дақылдар Көкөніс дақылдары Әсемдік дақылдар Шалғындық-жайылымдық дақылдар Жемісті және орман өсімдіктері Жабайы өсімдіктер дүниесі
тұқым шаруашылығы
Танаптық (екпе) дақылдар Көкөніс дақылдары Шалғындық-жайылымдық дақылдар Әсемдік дақылдар Ағашты дақылдар  

     
 
 
   
Тұқымдық бақылау

 


Тұқымның биологиясы және олардың физикалық-механикалық қасиеттері   Тұқымның физиологиясы мен биохимиясы   Тұқымның экологиясы   Тұқымның микробиологиясы мен фитопатологиясы   Тұқымға физикалық әсер ету   Тұқымның әртүрлі сапалығы   Тұқым сапасын зерттеу тәсілдері   Бастанқы жадығат (селекция)   Агротехника   Механизация   Апробация   Тұқымды өңдеу және сақтау   Экономика және жиындастыру

 

Генетикалық Экологиялық Матрикалдық

 

Тазалау және іріктеу (сорттау) Кептіру Сақтау

 

Микробтар дүниесі Аурулар Қорғау

 

Биологиялық факторлар Метеорологиялық факторлар Эдафикалық факторлар

 

Химиялық құрамы Гистохимия Өнгіштігі Тыныс алуы Стимуляторлар, ингибиторлар

 

Эмбриологиясы Морфологиясы Анатомиясы

 

Сурет 1. Тұқымтанудың мәні, оның тұқым шаруашылығы мен тұқымдық бақылау арасындағы байланысы (И.Г. Строна бойынша)

Қолданыстағы оқулықтарда, тұқымтану жөніндегі оқу құралдарында, агрономиялық анықтамаларда аймақтық деңгейде, әсіресе – Солтүстік Қазақстан жағдайында тұқымтану мәселелері жеткіліксіз түсіндірілген. Айта кету керек, мұнда соңғы 2-3 онжылдықта ғылыми ұжымдармен тұқымтанудың бірқатар сұрақтары бойынша айтарлықтай зерттеулер жүргізілді. Туындыгерлер бұрынғы Целиноград АШИ, БАШҒ И, басқа да ғылыми мекемелер жүргізген зерттеулердің бір бөлігін талдап қорытындылады және осы тарауда нәтижелерін келтіріп отыр.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 6243. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия