Студопедия — Тұқымның жарақаттануы (зақымдануы) және оны азайтудың шаралары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тұқымның жарақаттануы (зақымдануы) және оны азайтудың шаралары






 

Тұқымның жарақаттануы. Астық бастыру, екпе дақылдардың тұқымың өңдеу жұмыстары негізінен механикаландырылған. Қомбайндар мен молотилкалардың, тұқым тазалағыш және сорттағыш машиналардың, кептіргіштердің әртүрлі тиеу құралдарының сепкіштер мен басқа машиналардың жұмыс органдары тұқымдармен түйісу және оларға әсер етудің нәтижесінде белгілі-бір дәрежеде оларды жарақаттайды. Әсіресе астық бастырғанда тұқымның ең көп жарақаттануы байқалады.

Зақымдану дәрежесіне қарай тұқым жарақаттануының екі түрі ажыратылады:

а) Макро-жарақаттар - тұқымның бір бөлігінің шығынына байланысты анық көрінетін зақымдар (уатылған, ұрылған, езілген, ұрықтың толық немесе бір бөлігінің болмауы). Тұқым тіршілігіне ең қауіптісі осылар, көбінесе өнгіштікті жоғалтуымен байланысты. Макрозақымданған тұқымдардың 8 түрі ажыратылады:

1. Ұрық толығымен ұрып шығарылған. Тұқымның өну қабілеті жоғалған.

2. Ұрықтың бір бөлігі ұрылған. Тұқым қалыпты өсімдік қалыптастыра алмайды, алайда лабороториялық жағдайда олардың кейбіреулері өнуі мүмкін.

3. Ұрықтың бір бөлігі ұрылған және эндосперм макрожарақат алған. Себілген тұқым опат болады.

4. Ұрықтың бір бөлігі ұрылған және микрожарақат алған. Тұқым көктей алмайды.

5. Эндоспермнің бір бөлігі ұрылған (жоғалған), лабораториялық жағдайда тұқым тез өнеді, бірақ танаптық (далалық) жағдайда әлсіз өсімдіктерді қалыптастырады.

6. Эндоспермнің бір бөлігі ұрылып жоғалған және ұрық микрожарақат алған, бұлар тұқымның өнуін және өскіннің әрі қарай дамуын әлсіретеді.

7. Тұқым қабығының бір бөлігі (немесе толық) жоғалған. Тұқым өнеді, бірақ тыңғылықты дәрілеуді қажетсінеді.

8. Тұқым кеміргіш зиянкестермен жарақаттанған. Мұндай жарақаттар өте қауіпті, өйткені әдетте оның қоректік ткані ғана жарақаттанады.

ә) Микрожарақаттар — көрінбейтін, көзге шалынбайтын зақымдар. Бұл қабықтар мен ішкі тканьдердің жарықшағы, олар микроорганизмдер мен ішкі зиянкестердің әсерінен пайда болады. Микрозақымдардан олардың айырмашылығы сол, қазіргі тұқым тазалағыш машиналармен оларды бөліп алуға бол­майды. Олардың тұқым сапасына тигізетін теріс әсері, айтарлықтай, әсіресе ұрықтың зақымдары қауіпті.

Микрожарақаттардың 9 түрі ажыратылады. Оның үстіне микробтар және сорушы энтозиянкестердің жарақаттары ерекше орын алады:

1. Микроағзалармен (микробтармен) жарақаттанған ұлпалар өлі күйге айналады да тұқымнан ажыратылмайды және оның тіршілігіне қатынаспайды. Мұндай жарақаттар әруақытта микроағзалардың тіршілік әрекеттерінен интоксикация құбылысына ұрындырады., өсімдіктер тез арада опат болады.

2. Тұқымның сорушы және кеміргіш зиянкестермен жарақаттануы механикалық әсерден ғана емес, сонымен қатар физиологиялық үрдістердің бағыттылығы бұзылады да ұрықтың опат болуына ұрындырады.

3. Аналық өсімдіктен тұқымдардың ажырауынан болған жарақаттарда ерекше орын алады. Оның мәні мынада:тұқымның аналық өсімдіктен ажыраған орнында тоз (қорғаныс) қабығының түзіліп үлгермеуі себеп болады.

4. Ұрықтың жекелеген немесе көптеген жарақаттары. Мұндай жарақаттардан тұқымның көктеуі жиі түрде өзгермейді, алайда танаптық өнгіштік айтарлықтай төмендейді.

5. Эндоспермнің микрожарақаттары, олар өсімдіктердің дамуына көп әсер етпейді.

6. Бір мезгілдегі ұрық және эндоспермнің микрожарақаттары, олар жалғыз ұрық жарақатындай салдарға келтіреді (жарақаттайды).

7. Тұқым қабығының жарақаты, бұл қауіптірек, әсіресе ұрықта болғанда, эндосперм маңындағы жарақаттың қаупі азырақ.

8. Ішкі жарықшақ, бұл жарақат температура әсерінен ткандердің үзілуінен пайда болады.

9. Жоғары ылғалдылықта соққылардан туындайтын әртүрлі жаншулар (вмятина).

Тұқымның жарақаттануы, тек қана олардың қабығы жарақаттанса да, тұқымның қоректік заттарына микроорганизмдердің кіруіне жол береді. Зақымданған тұқымдардың тыныс алу қуаты да жоғары. Мұның өзі сақтауға қойған тұқымның көгеріп зеңденуіне, өздігінен қызуына және басқа бүлінулерге әкеліп соғады.

Аталған жарақат түрлерін агрономдардың, бірінші кезекте тұқымтану мен тұқым шаруашылығы мамандарының, білгені дұрыс, өйткені оларды біле отырып дақыл өнімінен болатын мүмкін шығынды болжай алады және өндегенде тұқым жарақатын азайту жөнінде кепілдемелер бере алады.

Тұқымның жарақаттану себептері, азайту шаралары. Тұқымның ең көп зақымдануы астық бастырумен байла­нысты екендігін ескере келіп, жарақаттанудың себептері мен оларды болдырмаудың мүмкіндіктеріне тоқталған жөн. Астық бастырғанда тұқымның жарақаттануының себептері сан алуан, бірақ олардың негізіне астық бастырудың технологиялық үдерісі мен тұқымның физикалық-механикалық қасиеттерінің сәйкессіздігі жатады.

Тұқымның пісуіне қарай олардың аналық өсімдікпен байланысы әлсірейді. Бұл бір мезгілде болмайтындықтан, жекелеген тұқымды бөліп алуға жұмсалатын күш пен жұмыстың мөлшері әртүрлі болады. Алайда, астық бастырудың қазіргі технологиясы мен бастыру аппараттарының құрылысы гүл шоғырындағы ең мықты бекіген тұқымдарды бөліп алуға бағытталған. Осының нәтижесінде тұқымның көп бөлігі артық салмақ алады да зақымданады. Сондықтан астық бастырғанда тұқымның жарақаттануына әсер ететін факторлар:

1. Барабанның айналу жылдамдығының шамасы (айналу саны). Орталық машина сынау станциясының деректері бойынша комбайн барабанының айналу жылдамдығын минутына 1200-ден 900-ге дейін азайтқанда бидай тұкымының зақымдануы екі есе кемиді, оның үстіне негізінен бұл микрозақымданудың, әсіресе ұрықтың, азаю есебінен болады. Сондықтан тұқымдық егістікті жинағанда барабанның айналу жылдамдығын азайту ұсынылады және мүмкіндігінше бастырудан болатын шығынды азайтуға тырысу қажет. Барабанның айналым саны көп болғанда дәндібұршақ және майлы дақылдардың, қарақұмықтың т. б. тұқымдары ерекше қатты уатылады. Осы жағдайларды еске ала келе тұқымдық егісті жинағанда барабанның айналу жиілігі әртүрлі дақылдарда мына шамадан аспауға тиіс: бидай мен сұлыда — 800—900; қара бидай, арпада — 700—800, тарыда — 600—700, қарақұмық пен асбұршақта — 450—500, күнбағыста — 400—450 айналым/мин.

2. Барабан қырлары мен барабан асты жұқа тақтайшаларының кіру және шығу саңылауларының шамасы. Тұқымды жарақаттамау мақсатымен, дәннің үлгілуін қамтамасыз ете отырып аталған тетіктердің арасындағы саңылауды барынша үлкейту қажет. Егер аталған реттеу жұмысы нәтиже бермесе, барабан­ның айналу санын өзгертуге тура келеді.

3. Бастыру аппаратына 1 сек берілетін астық массасы, не­месе оның жұмыс өнімділігі. Жиналатын дақылдың бастыру ап­паратына берілетін массасын көбейткен сайын тұқымның макро-және микрозақымдануы азаяды. Орталық машина сынау станциясының деректерінде «СК-5» комбайнының бастыру аппаратына берілетін массаны 3,2-тан 5,3 кг/сек дейін арттырғанда түкымның уатылуы 1,9 есе, ал жалпы зақымдануы 1,6 есе төмендеді.

Алайда берілетін массаны белгілі бір, комбайн бастырғышына есептелген, шегіне дейін ғана арттыруға болады. Берілетін массаны мүмкін дәрежесінен жоғарылатса астықтың саба н мен топанға кететін шығыны күрт артады, өйткені сабан екшеуіш пен тазалау белгілі бір берілетін массаға есептелген.

4. Жаңа комбайнда және жаңа бөлшектерді орнатқанда бастыру аппаратының жұмысшы органдарында кездесетін өткір жиектер мен шығыңқы жерлер тұқымның жарақаттануын біршама арттырады. Сондықтан тұқымдық егістіктерді жинауға жүргізіліп, жаттыққан комбайндарды пайдалану қажет.

5. Әртүрлі дақылдар мен сорттар тұқымдарының морфологиялық анатомиялық ерекшеліктері тұқымның әртүрлі механикалық әсерлерге төтеп беруін анықтайды. Мысалы, қара бидай бидайға қарағанда көбірек зақымданады, өйткені оның дәнінің ұрығы шығыңқы орналасқан және қабыршағы борпылдақ болып келеді. Жылтырлығы (шынылығы) жоғары болғандыктан қатты бидай жұмсақ бидайға қарағанда күштірек зақымданады. Қабыршағы жұқалау ақ бидай қызыл бидайға қарағанда біршама қаттырақ зақымданады. Tic тәрізді жүгерінің тұқымы ұзын әрі эндоспермдегі крахмал дәндері борпылдақ болып келетіндіктен көбірек зақымданады. Қатты бидай тұқымдары (дәндері) механикалық соққыдан көбінесе уатылып, бір бөлігі ұшып түседі, ал жұмсақ бидайда көп жағдайда дән жаншылып, қиын анықталатын деформацияға ұшырайды. Бұл екі дақыл дәндерінде ұрықтың пішіні мен орналасуы әртүрлі. Жұмсақ бидай дәндері домалақтау, бүйірлері толық келген, ал қатты бидайда –қырлы және бүйірлері қысыңқы дәндер тән. Қатты бидайдың ұрығы дәннен шығыңқы орналасқан, ал жұмсақ бидайда – тереңірек сұғылып жатады. С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті өсімдік шаруашылығы кафедрасының зерттеулерінде тұқымның жалпы жарақаттануы жұмсақ бидайда 14,3% болғанда, ол көрсеткіш қатты бидайда 19,7% болды. Сонымен бірге ірі тұқымдар ұсаққа қарағанда күштірек зақымданады. Бұл барлық танаптық дақылдарға тән, сондықтан бірінші кезекте жарақаттану деңгейін ірі тұқымдарда анықтаған жөн. Жоғарыда аталған кафедра ғалымдарының деректерінде қатты жаздық бидай тұқымдарының жарақаттануы(орта есеппен 3 жылда) мынадай болды: кәдімгі кондициялы тұқымда ол 19,3% болғанда, ұсақ тұқымдарда - 15,0%; ал ірілерінде - 23,3%орташа мен ірі тұқымдар қоспасында - 19,7%-ды құрады.

Тұқымдары қабықты болып келетін дақылдардың жарақаттануы қабықтарының опырылуымен байланысты және ол ұрықтың зақымдануына әкеліп соғады. Барлық осы ерекшеліктерді астық бастыру алдында комбайнды дайындап реттегенде ескеру қажет.

6. Астық бастырған кездегі тұқымның ылғалдылығы көп дәрежеде олардың жарақаттануға төзімділігін анықтайды. Тұқым бастырарда тым құрғақ немесе тым ылғалды болса да жарақаттанады. Құрғақ тұқымдар қатты соққыдан жарылып кетсе, ылғалды тұқымдар деформацияға ұшырап микрозақымдар алады. Астық бастырған кездегі дәнді, дәндібұршақ дақылдарының жеке мал азығындық шөптердің тұқым ылғалдылығы 15—21%, ал майлы дақылдарда 13—15% болғанда тұқымдардың ең аз зақымданатыны анықталды. Егер егістіктің күйі мен ауа-райы жағдайлары мүмкіндік берсе, тұқымдық алқаптарды екі кезеңді әдіспен жинаған жөн, бұл түқымды қалыпты ылғалдылықта бастыруға көмектеседі.

Тұқымның жарақаттануы егін жинағаннан кейінгі тұқым өңдеу (сорттау, тазалау, кептіру) технологиялық үдерістермен де байланысты. Егер қажеттілік болмаса астық тазалағыш машиналардан тұқымды артық көп өткізуден аулақтаған дұрыс. Триерлі машиналар тұқымды қаттырақ жарақаттайды. Тұқымдық материалды өңдегенде тыңғылықты түрде машина тетіктерін, аспирациясын реттеу қажет, қажетті елеуіштерді, қолайлы жұмыс режімін таңдап алған жөн.

Тұқымдық материалды ылғалдылығы жоғары болғанда ғана арнаулы машинада кептіруге тырысу керек, өйткені ылғалды тұқым сақтағанда тез бұзылады. Тұқымдық матери­алды кептіру технологиясы арнаулы ережені талап етеді, мұның өзі механикалық зақымданудың теріс әсерлерімен байланысты. Жұмыс органдары арқылы (шнек, кептіргіш және салқындатқыш барабандар, шахталар) өткенде тұқым уатылу мен микрозақымдануға ұшырайды. Кептіргіш машинаның өткізгіш қабілеті өскен сайын, тұқымдардың механикалық зақымдануы күшейеді. Барабанды астық кептіргіштерде шахталы кептіргіштерге қарағанда тұқым аз закымданатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан тұқымды кептіргенде мүмкіндігінше барабанды кеп-тіргіштерді пайдаланған жөн.

Дәнді дақылдар тұқымдарының жарақаттануын анықтайтын бірнеше әдістері бар, олар 2 топқа біріктірілген: тікелей және жанама әдістер.

1. Тұқымның жарақаттануын анықтайтың тікелей әдістер. Тұқымды үлкейткіш шыныларда қарау. Көптеген дақылдарға 10 есе үлкейту жеткілікті. Ол үшін негізгі дақылдардан 100 тұқымнан екі үлгі бөлініп, үлкейткіш шыны арқылы тыңғылықты түрде байқалады. Екі үлгінің (қайталаудың) микрозақымдануының арасындағы алшақтық 10 пайыздан аспауы керек. Егер алшақтық көбейіп кетсе, үшінші үлгі саналып алып қайта тексеріледі.

Микрожарақаттануды жеңіл табу үшін тұқымды бояу әдісімен бояғыш заттардың ертінділерінде, соңынан суда шайып анықтайды. Мысалы, бидай мен қара бидай тұқымы, 0,5 пайызды иодты калий ертіндісінде, жүгері — 0,5 пайызды индиго-кар­мин, дәндібұршақ дақылдары 0,5 пайызды қызыл анилин ертіндісінде жақсы боялады. Бояғыш заттар тұқымның жарақаттанған жерінде шоғырланып бояйды да жарақатталған жерлерін анық көрсетеді. Тұқымды байқап мик-рожарақаттарды анықтау үщін диафоноскоп пен тұқымды жарықтандыру әдісін пайдалануға болады, бірақ олардың дәлділігі шамалы, сондықтан кең тарамаған.

2. Тұқымның жарақаттануын анықтайтын жанама әдістер. Тұқымды 0,2%-ды формалин ерітіндісінде өңдеу. Ол үшін тұқым формалин ерітіндісінде 10 секунд бойы дәріленеді де 2 сағат бойы тұншықтырылады (брензт астында), соңынан стандартты тәсілмен көктетіледі. Өнгіштік пен өну қуатының (энергиясының) бақылау вариантынан төмендеуі жарақаттану деңгейі жөнінде мағлұмат береді.

Бастапқы өсу күшінің пәрменділігі бойынша тұқымның жарақаттануын анықтау. Анықтау мемлекеттік үлгіқалып талаптары бойынша жүргізіледі. Тұқым топырақ толтырылған сауытта көктетіледі және өнгіштіктің төмендеуі бойынша тұқымның жарақатталу деңгейі анықталады.

Күкірт қышқылының әлсіз ерітіндісінде ылғалдандырылған төсеніште тұқымды көктету әдісі. Анықтау мемлекеттік үлгіқалып талаптарына сәйкес әдеттегі көктету әдісі мен анықталады, алайда төсеніш 0,05-0,07% күкірт қышқылының ерітіндісінде ылғалдандырылады. Мұндай концентрациялы күкірт қышқылы жарақаттанған тұқымдардың көктеу үрдісін қиындатады да танаптық(далалық) жағдайларға жақындатады. Бұл әдіс тұқымның танаптық өнгіштік көрсеткішіне таяу деректерді береді, ал ол ауыл шаруашылығы өндірісі үшін өте маңызды.

Тұқымның жарақаттануын жанама әдістердің бірімен анықтағанда есте ұстайтын жәйт, тұқымның өнгіштігі, өсу күші жарақаттанудан ғана емес, басқа да себептерге байланысты. Сондықтан көктету нәтижелерін тұқымда байқап қарап, зақымданған мөлшерімен қоса бағалаған мақұл.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 4280. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия