Электр өрiсiнiң энергиясы. Конденсаторды тiзбектей және параллель жалғау
Зарядталған конденсатор энергиясы мына формуламен анықталады: (4.17) мұнда q – конденсатор орамының заряды, U – орамдар арасындағы потенциалдар айырымы. Зарядталған конденсатордың энергиясы деп олардың электр өрiсiн жасайтын энергияны айтады.
Электр өрiсiнiң энергиясы өрiстiң негiзгi сипаттамасы – кернеулiк арқылы өрнектеледi: (4.18) мұнда - электр тұрақтысы. Берiлген кернеуде қажеттi сыйымдылықты алу үшiн конденсаторды батареяға жалғайды.
Сыйымдылықтары конденсаторларды параллель жалғағанда (4.19 – сурет) батареяның қорытқы электр сыйымдылығы мына формуламен есептеледi: , (4.19) бұл жағдайда конденсаторлар орамдары арасындағы потенциалдар айырымы бiрдей.
Конденсаторларды тiзбектей жалғағанда (4.20 – сурет) батареяның сыйымдылығы келесi формуламен анықталады: (4.20) бұл кезде конденсаторлардың заряды тең. Бұл жағдайда қорытқы сыйымдылық батареяға кiретiн кез-келген конденсатордың ең кiшi сыйымдылығынан кiшi болады.
|