Созылғыш шойын деп құрамында үлпек тәрізді графит болатын шойынды айтады. Оларда эвтектикаға дейінгі ақ шойындардан қыздырып, жасыту жолымен алады. Сондықтан созылғыш шойындардың графитті жасыту көміртегі деп те аталады. Жасыту кезіндегі сызықтық кернеулердің толық жойылуы, графит қосымшаларының бөлінуі және қолайлы пішінді болуы созылғыш шойындардың жарықтылық қасиеттері жоғары болуын қамтамасыз етеді.

4.6-сурет. Феррит созылғыш шойын – феррит+үлпек тәрізді графит
Созылғыш шойындардың металдық негіздері ферритті, феррит-перлитті және перлитті болуы мүмкін. Осыған байланысты, созылғыш шойындарды ферритті, феррит-перлитті және перлитті деп ажыратады.