Сұр шойынның шағынқұрылымы
Сұр шойын графит қосымшалары енгізілген металды негізден тұрады. Графиттің қосымшалары қышқылмен өңделмеген қырнауларды жақсы анықтауға болады. Металл негізіндегі мортсынғыш графитті қосымшалар (беткі қабатында) шағын қырнауды ажарланған кезде боялады. Сондықтан олар орналасқан аймақтар микроскопта қара болып көрінеді. Олар жалпақ табақ бетке ие болады. Графит қосымшаларының орналасуына және өлшеміне суыту жылдамдығы, температура және ерітер алдындағы шойын ерітудің ұстау уақыты, шойынға енгізілген кейбір қоспалардың әсері болады. Мысалы: суыну жылдамдығы былай әсер етеді: нақты бірдей жағдайларда графит суыну төмен болған сайын ірі болып түзіледі. Сұйық шойынды қатты күйдірген сайын және оның ұстау уақыты ұзақ болса, графит қосымшалары солғұрлым уақ болады. Графитті қосымшалардың әсерін сапалы бағалауға болады. Неғұрлым олар ұсақ және байланысты. С-тің мөлшеріне қарай феритті-перлитті және перлитті болуы мүмкін. 4.4-сурет. Феррит перлитті сұр шойын-феррит+перлит+жалпақ табақ бетті графит
Сұр шойын құрылымның келесі түрлері болуы мүмкін: (феррит+жалпақ табақ бетті графит) – феррит-перлитті сұр шойын (4.4-сурет), (перлит+жалпақ табақ бетті графит) – перлитті шойын. Шойынның құрамындағы перлит пен ферриттің мөлшерлік қатынасы суыту шарттарына және химиялық құрамына байланысты: перлит+жалпақ бетті графит+перлитті сұр шойын.
|