ОСӨЖ сабақтарын өткізуге әдістемелік-нұсқау
1. Тақырып: Мемлекеттің пайда болу теориялары. Мақсаты: Алғашқы қайнар көздермен жұмыстар жүргізу дағдысын үйрену, ғылыми еңбектерге талдау жасау, заң ғылымының өзекті мәселелері бойынша өзіндік позицияны жасау және негіздеу. Тапсырманың мазмұны: Студенттер мемлекеттің пайда болу теориясын негіздеген авторлардың ғылыми еңбектерін оқып, зерттеу және талдау жасау. Студенттер төменде көрсетілген теориялардың біреуін таңдап,бастапқы қайнарды оқып, зерттеуі керек, оған талдау жасау қажет,теорияның оң және теріс аспектілерін көрсетуі керек және бұл теорияның қаншалықты деңгейде мемлекеттің пайда болуын көрсететінін негіздеу қажет. Г.Витфогель «Шығыстық деспотизм» ирригациялық теория. Платон «Мемлекет», Аристотель «Саясат», Фильмер «Патриарх» патриархалды теория. Каутский, Гумплович – күштеу теориясы. Дюринг «Өмірдің құндылығы» ішкі күштеу теориясы. Ж. Гобино «Опыт о неравенстве человеческих рас», Ф.Ницше «Воля к власти» Рассалық теория. Леви Стросс «Антропология» - Инцесттік теория Галлер «Реставрация политической науки» – патримоналды теория. Платон, Сен Симон «Новое христианство» - экономикалық теория. Г.Тард «Социальные законы», Л.Петражицкий «Теория права и государства в связи с теорией нравственности». Спб - психологикалық теория. Г.Гроций «О праве войны и мира», Т.Гоббс «Левиафан», Дж.Локк «Басқару туралы екі трактат»; Ж.Ж.Руссо «Общественный договор»; П.Гольбах «Естественная политика» -. Келісім шарт теориясы
|