Тақырып. Құқықтың қайнар көздерінің (нысаны) өзекті мәселелері
Түйінді сөздер: прецедент, әдет ғұрып, дін, нормативтік құқықтық акт, құқықтық доктрина, билер соты, билер сотының шешімдері Қарастырылатын сұрақтар: 1 Құқықтың қайнар-көздерінің түсінігі. Құқықтың қайнар-көздері мен құқықтың нысаны. 2 Құқықтың қайнар-көздерінің түрлері 3 ҚР нормативтік – құқықтық актілер туралы заңы және оның заң ғылымы мен құқықтық тәжірибе үшін маңызы 4Нормативтік-құқықтық актінің түсінігі және жалпы сипаттамасы. Заң ғылымында түрлі философиялық - нысан (форма), мән, қызмет (функция), мазмұн деген сияқты санаттар (категориялар) жиі қолданылады. Мысалы, нысан (форма) деп заттың, пәннің, құбылыстың ішкі мәнің білдіретін сыртқы көрінісі ұғынылады. Мән - пәннің, заттың, құбылыстың негізгі тағайыны, оның не үшін қажет екендігінің, қандай пайдаға асыруға болатындығының көрсеткіші. Қызмет - сан алуан пәннің, заттың немесе кұбьшыстың негізгі тағайыны, оның іс-өрекетінің негізгі бағыггары. Мазмұн пәннін, заттың немесе кұбылыстың осы нысан шегіндегі аясының ішіндегісі, ішкергі жағындағы бары-нәрі. Құқық қоғамдык құбылыс ретінде ішкі және сырт нысанды болып келеді. Құқықтың ішкі нысаны - оның құрылысы (құрылымы), элементтерінің жүйесі. Бұлар осы құбылыстың (яғни құқықтың) мазмұнын құрайды. Құқықтың сыртқы нысаны - деп формалды түрде құқықтық құбылыстарды баянды ететін зандық негіздердің кешені ұғынылады. Осы заңдык негіздердің кешені құқықтық нормалардың адресаттарына олардың нақты мазмұнымен танысуына және оларды пайдалануына мүмкіндік туғызады. "Құқық нысаны" және "құқық негіздері" деген ұғымдар бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ біріне бірі дәл келмейді. "Құқық нысаны" құқықтың мазмұны сыртының қалай құрылғанына және білдірілгенін көрсеткен болса, онда "құқық негіздері" ұғымы құқықтың қалыптасу бастауларын, оның мазмұнын алдын ала анықтайтын қозғаушы күштер жүйесі (факторлар) мен жазылу (білдірілу) нысанын көрсетеді. Міне осыған байланысты құқық негіздерін материалдық, идеалдық; және заңдық; деп жіктейді. Материалдық құқықтық негіздер - мұның тамырлары коғам дамуының объективтік мұқтаждықтарында, экономикалық қатынастарында жатады. Идеалдық құқықтық негіздер - бұларға заң шығарушының қоғам дамуы мұқтаждықтарын идеологиялык тұрғыдан жете түсінуі жатады. Осының негізінде де құқықтық нормалар қабылданады. Заңдық құқықтық негіздер - бұған мемлекетің өзі шығарған немесе таныған, сөйтіп оларға жалпыға бірдей міңдетті ресми-құқықтық түр беріп баянды еткен құқық нормалары жатады. Заң әдебиетінде темендегідей құқық негіздері атап көрсетіледі: Құқықтық әдет-ғұрып - құқық нысандарының ең ежелгілерінің бірі, ол - ұзақ мерзімнің ішінде қайталанулар барысында дағдыға айналған, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелері. Бұл ережелер мемлекеттін мәжбүрлеу күшімен қорғалып отырады. Рулық кауымның әдет-ғүрыптары өзгерулердің барысында бірте-бірте мақұлданған әдет-ғүрыпқа ұласқаны тарихқа мәлім болған жағдайлар. Рулық қауымда ең көп таралған әдет-ғүрыптар ішіндегі жиі кездесетіндері: - "кекті қанмен жуу" ("қанды кек", "қан төгіп өш алу") және "жанға-жан", "қанға-қан", "көзге-көз", "басқа-бас", "тұяққа-тұяқ" деген "талион кағидаты" деп аталатындар. Бірте-бірте бұл әдет-ғұрыптар айып-анжы төлеумен алмастырыла бастаған. Қоғамның бірте-бірте топтарға жіктеле бастауына байланысты "айып-анжы" (төлету, төлеу де) дифференцияланған сипатқа ауыса бастайды. Қазақ мемлекетінің хандық дәуір кезіндегі көшпелі қазақ қоғамында әдет-ғұрыптар құқық негіздерінің тұғыры қызметін атқарған. Осыған сәйкес көшпелі өмір кешкен қазақ қоғамында құқықтың негізгі нысаны мақұлданған (санкцияланған) құқыктық әдет-ғұрып болған. Құқықтық әдет-ғұрыптардың жинақтарының қазіргі заманға жеткені Тәуке ханның "Жеті жарғы" атты заңдар жинағы. Әрине, бұл жинақ өзінен бұрынғы "Есім ханның ескі жолы", "Қасым ханның қасқа жолы" атанған әдет-ғұрып заңдарынан бастау алғанын тарихи мағлұматтар мен заңгер ғалымдардың зерттеу-талдаулары көрсеткен жәйттер. Сот үлгі ісі (сот прецеденті) - мемлекеттің өзі жалпыға бірдей міндетті күші бар деп мән берген ұқсас істерді шешуде үлгі бола алатын соттың нақты іс бойынша қабылдаған шешімі. "Сот үлгі ісі" Англияда, АҚШ-та, Үнді елінде және басқа да мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Мұның өзі ұқсас болып келетін басқа істерді шешуде эталон (үлгі ретіндегі өлшеуіш) балып табылатын соттың сәтті, әділ қабылдаған шешімі. "Үлгі іс" соттық та, сондай-ақ әкімшіліктік те болуы мүмкін. Ол судьяға немесе лауазымды тұлғаға өзінің білігінше дербес шешім қабылдауға, жәй ғана мүмкіндік беріп қоймайды, қайта болмыстағы ахуалдың ұқсастығы толық болмаған жердегі жағдай мен ахуалдың қаншалықты деңгейде ұқсастығын бағалау құқығы тек судьяларға ғана тән болғандықтан беріледі. Және де үлгі істегі бұрынғы шешімдердің барлығы бірдей міндетті емес. Тек алғашқы шешімді немесе үкімді қабылдаған соттың құқықтық позициясының (көзқарасының) мағынасы ғана міндетті болып келеді. Нормативтік шарт - бұл екі немесе одан да көп жақтардың жасасқан шешімі. Мұның өзі жалпыға бірдей міндетті болады және мемлекет күшімен кепілдендіріледі. Нормативтік шарттар бірте-бірте конституциялық, еңбек, азаматтық, халықаралық және құқықтың басқа да салаларында кеңінен таралып қолданыла бастады. Олар мемлекет ішінде қолданылатын және халықаралық, құрылтайлық және әдеттегі, типтік және ағымдық деген түрлерде болады. Ең жиі таралған түрі кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымының өкілі болып табылатын кәсіподақтың арасында жасалған ұжымдық шартты мысалға келтіруге болады. Бұл шарт еңбек қатынастарын реттеуде маңызды рөл атқарады. Нормативтік құқықтық актілер осы заманғы құқықтық ең жетілдірілген түрі болып табылады. Нормативтік құқықтық акт - мемлекеттің құзырлы органдары қабылдаған, жалпыға бірдей міндетті заңды нормалары балатын ресми құжат. Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар және заңға негізделген актілер деп бөлінеді. Заң - ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акт, мұны заң шығарушы ең жоғары орган белгілі рәсім бойынша қабылдайды. Булардың жетекшілік орны мынадай нышандармен (белгілермен) анықталады: 1. Заң мемлекеттік биліктің (яғни өкіметтің) заң кабылдаушы (өкілді) органдары немесе тікелей халықтың өзі бүкілхалықтық сұрау салу (референдум) арқылы қабылданады, күші де жойылады және өзгертіледі. 2. Заң айрықша түрде іс жүргізу тәртібі бойынша кабылданады. 3. Тәуелді нормативтік құқықтық актілердің бәрі зандарға қайшы болмауы тиіс, егер де ондай қайшылықтар болса, бұл актінін орнына одан тікелей жоғары тұрған заң күшіне сүйене отырып әрекет етуге болады. 4. Заңда алғашқы негіз сипатындағы норма болады. Барлық басқа актілер зандардан туындайды және олар зандардағы нормаларды егжей-тегжейлі талдауы, нақтылауы тиіс. 5. Заң ең маңызды негізге алынатын қатынастарды реттейді. Заңдар конституциялық және ағымдық болып жіктеледі. Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылыстын негіздерін баянды етеді, ағымдык заңдарға заңдық тұғыр болып қызмет етеді. Бұларға конституция мен оған өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ оның мазмұнын нақтылайтын заңдар жатады. Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Ол нормативтік құқықтық актілер жүйесінде басты орын алады, барлық заңдардын заңдық тұғыры болып табылады. Конституциялық зандардың тізімі жеткілікті толық түрде Конституцияда анықталған. Ағымдық (әдеттегі) заңдар конституциялық зандардың негізінде және соларды орындау мақсатында қабылданды. Ағымдык зандар елдің экономикалық, саяси, мәдени өмір болмысының түрлі жақтарын реттейді. Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер - мемлекеттің атқарушы - орыңдаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар зандарды орындау мақсатында қабылданады. Заңға негізделген актілерге жататындар: - Президенттің жарлықтары; - Үкіметтің қаулылары мен шешімдері; - Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер жиынтығы (кағидалар), бұйрықтар және т.б. түріңдегі нормативтік актілері; - жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері; - локалдық нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің актілері. Ұсынылатын әдебиеттер: Нормативтік құқықтық актілер: 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж. (7 қазан 1998 ж. өзгерістермен толықтырулармен) 2. ҚазССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация 25 қазан 1990ж. Әдебиеттер:
|