Большевиктердің жер-жердегі екіметті басып алуы, алғашқы шаралары құлатылған таптардың қарсылығын туғызды. 1918 ж. наурызда Орал казакгары көтеріліп Гурьевте, Оралда Кеңес екіметін құлатып, билікті ез қолдарына алды. Мамыр-маусым айларында Антанта елдерінің айдап салуымен Чехословак корпусы жергілікті контрреволюциялық күштермен бірігіп Петропавлды, Кекшетауды, Ақмоланы, Омбыны, Павлодарды, Семейді, Костанайды басып алды. Алаш Орда үкіметі Дутовпен, Омбыдағы Сібір уақытша үкіметімен, Самарадағы Күрылтай жиналысының Комитетімен одақтасып, Кеңес екіметіне қарсы шықты. Крстанайда, Ырғызда, Семейде ақгвардияшылардың көмегімен үйретілген алаш әскери полктері көп үзамай Қызыл Армияға қарсы шайқастарға қатысты.
Оларға қарсы Кеңестердің басшылығымен Казақстан елкесінде Кьізыл Армияның үлттық әскери белімдері қүрыла бастады. Осының салдарынан азамат соғысы жылдары біртұтас қазақ халқының екіге жарылуына тура келді. Бірте-бірте ақгвардияшылар басып алған жерлерде партизан қозғалыстары мен халық көтерілістері етек алды. 1919 ж. жазында қызу шайқастардың барысында Колчак армиясы екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түрікістанға қарай шегінді. Колчакгың "Оңтүстік армиясы" Түрікістан майданының Кызыл ескер белімдерінен тамыз айының екінші жартысында жеңілді. Солтүстік -шығыс Қазақстанның азат етілуі Орал майданының жойылуына алып келді. Енді Түрікстан майданының ескер бөлімдері солтүстік Жетісуға жеткізіліп, мүндағы қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік еперді. Қазақстандағы азамат соғысының ең соңғы майданы - Солтүстік Жетісу майданы 1920 ж. наурызда жойылды.