1917 ж. ақпанда буржуазиялық - демократиялық революция жеңіп, патша екіметі қүлатылды. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы, үлттық-демократиялық қозғалыстың басшылары қуанышпен қарсы алды. Олар үлттық автономия қүратын, жалпы үлттық мвселелерді шешетін сәт туды деп есептеді.
1917 ж. наурыз-сәуір айларында бүкіл елдегідей, Қазақстанда да қос өкімет орнады. Уақытша екіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары қүрылып, обылыстардың басына бүрынғы патшаның шенеунікгері, сондай-ақ қазақтардың үлттық интеллигенциясының жекелеген екілдері қойылды. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша өкіметтің Торғай обылысындағы, М. Тынышбаев - Жетісу обылысындағы комиссарлары болып тағайындалды. Жер-жерде Уақытша үкіметпен қатар, екінші екімет - жүмысшы, солдат және шаруалар депутаттарының Кеңестері қүрылды.«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.