Империалистік соғыс пен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда елдеқайда ауыр болды. Қазақстанның мемлекет иелігіне алынған 307 квсіпорынның 250-і жүмыс істемеді. 1913 ж. салыстырғанда Қазақстанда мүнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін ендіру 5 есе қысқарды. Егістік келемі1914 ж. 3,6 десятинадан, 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға дейін, мал басы осы екі аралықта 10,3 млн. басқа азайды. Осының салдарынан 1921-1922 жж. Орынбор губерниясында 445 мың адам, Қостанай губерниясында- 225 мың Оралда - 400 мың Ақтөбеде - 360 мың Бөкей губерниясында - 100 мың адам аштыққа үшырады. Жаңа экномикалық саясат кеп үзамай-ақ республика экономикасын кетеруге езінің игі әсерін тигізді. 1925 ж. егістік келемі 3 млн. гектарға жақындап, 92 млн. пүт астық жиналды, бүл 1914 ж. сәл ғана кем еді. Мал саны 1922 ж. салыстырғанда 2 есе өсті. Сауда саттық жанданып, 1926 ж. өлкеде 123 жәрмеңке жүмыс істеді. Республика экономикасы кеп укпадты сипат ала бастады. Меншіктің әр алуан түрлерінің қатар өмір сүруі, олардың өзара бәсекелестігімен бірін-бірі толықтырып отыруы халық шаруашылығының дамуына оң әсерін тигізді. Республика енерквсібі де біртіндеп еңсесін кетере бастады. 1925 ж. аяғына қарай республикада енерквсіп өнімін өндіру 1920 ж. салыстырғанда 5-6 есе есіп, соғыстан бүрынғы деңгейдің үштен екісіне жетті. Бірақта, екінішке орай, мүндай жағдай ұзаққа созылмады. Өйткені, 20-шы жылдың екінші жартысынан биліктен айырылып қалудан қорыққан Кеңес екіметі жаңа экономикалық саясаттан бас тартып, қайтадан басқарудың вкімшілдік жолдарына көшті.