Студопедия — Оғыз және қимақ мемлекеттері. 1 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оғыз және қимақ мемлекеттері. 1 страница






Оғыз- Оғыздар көптеген рулардан құралған тайпаларға бөлінді. Махмуд Қашғаридің(11ғ): «Алғашында онда 24 тайпа болған және Бұзықтар мен Ұшықтарға бөлінген. Бұзықтар көптеген артықшылықтарға ие болған».9ғ-ң басы мен 11ғ-ң басының аралығында Оғыз тайпалары Сырдан Еділге дейінгі аймақты алып жатты. Оғыздардың өз мемл-ті болғандығы жайлы ең алғашқы мағлұмат әл-Якубидің(9ғ) жазбасында берілген. Оғыз тайпасы жайлы атақты мәлімет қалдырған ибн әл-Факих(10ғ). 10ғ-да астанасы – Янгикент. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға апаратын маңызды сауда жолының түйіскен жерінде орналасты. Оғыз мемл-ң басшысы жабғу деп аталды. 965ж Киев Русімен бірігіп Хазар қағанатын талқдады. 985ж Еділ бұлғарларына соққы берді. 10-11ғғ шекарасында мөлшерден тыс алым-салық оғыз тайпаларының көтерілісіне алып келді. Бұл кезде 10ғ-ң 2-жартысында елді Әли хан басқарды. Бұл жағдайда Жент маңындағы селжұқтар көсемі көтеріліс жасап Жентті басып алды. Бірақ көп ұзамай олар Жент аймағынан қуылды. Әли ханның мұрагері жабғу Шахмәлік тұсында оғыз мемл-ті күшейіп 1041ж Хорезмді жаулап алды. 2 жылдан соң Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты. Қоғамдық құрылысы. Жабғу патшалығында «сюбашы» аталатын оғыз әскерінің басшысы маңызды рөл атқарды. Жабғудың орынбасарлары күл еркін деп аталды. Мүлік теңсіздігінің негізі жеке меншік мал болып есептелді. Оғыздар пұтқа табынды, шамандарға сыйынды. Кейінірек ислам діні ене бастады.Оғыздар ірі екі өркештітүйе өсірді.Қимақ- Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректеріндегі яньмо тайпасыиен тығыз байланысты. Яньмо н-е қимақтар 8ғ басында монғолияның солт.бат-да өмір сүрген. 656ж бұл тайпа көзге түсе бастады. 11ғ парсы тарихшысы Гардези еңбегінде қимақтар татарлардан тарайды делінген. 840ж Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оның тайпаларының біразы қимақ бірлестігіне қосылды.Қимақ тайпасының басшысы жабғу атағын иемденді. 9ғ. 2-жарт. Қимақ одағының құрамына 12 тайпа енді. Қимақ қағанатындағы ең ірі әрі қуаттысы қыпшақтар болды. 8ғ-11ғ-басына дейін олар Алтайдан Ерт іске дейінгі, бат. Оңт. Орал таулары Еділ өзеніне дейінгі кең байтақ аумақты алып жатты, 11ғ.басында қимақ мемл.-ң шекарасы тұрақтана бастады. Оларға Булгариядан, Орта Азиядан ж-е қырғыздардан сауда керуендері келіп тұрды. ҰЖЖ-нан Ертістегі қимақ қағанының ордасы Имақияға керуен жолының бір тармағы п.б. Қимақ қағанаты құрылып күшейген кезде құдыретті қимақ билеушісі түркілерде ең жоғарғы атақ – қаған деген атақ иемдендіШаруашылығы. Араб географы ибн-Хаукальдың айтуынша Түрккістанда әсем елтірі беретін қой өсіретін. Қарлұқтар мен қимақтарда да түйе болды, бірақ оғыздардан аз өсірді.Әбу Дулафтың(10ғ) жазбасына қарағанда қарлұқтар мен қимақтар тамаққа бұршақ, тас бұршақ ж-е арпа пайдаланған.

Орта Азия және Қазақстан Республикасын ұлттық-территориялық жағынан межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына бірігуі (1920-1925жж.). 1 919 жылғы 19 қыркуйек – Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды.1920 жылғы 7 шілде - Орынбор республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920-1924 жж) болды. 1924-1929 жж. Астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана - Алматы.Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін А.Байтұрсынов пен М.Сералин жан-жақты дәлелдеді. Батыс Ci6ipгe еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ә.Ермеков, М.Сералиндердің тарихидеректемелерінен кейін ғана шешілді1921 жыл - Ақмола және Семей облыстары Ci6ip ревкомы қарамағынан КАКСР-не берілді. I ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар:Семей облысы Ақмола облысыTopғай облысы Орал облысы Маңғыстау уезіЗакаспий облысы Астрахань губерниясының бip бөлігіБөкей Ордасы және Каспий Teңізi жағасындағы болыстар.Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік жағынан межелеуді1 және Оңнтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді. Нәтижесінде:Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды.Қазақ жерінің біртұтас Қазак республикасы болып қалыптасуы аяқталды.1924 жыл - Орта Азияны ұлттык-мемлекеттік жағынан межелеу.Сырдария мен Жетісу облыстары қазақ AKCP-i құрамына енгізілді .\II КАКСР құрамынаенгізілген аймақтар:Сырдария облысы Самарқанд облысы - Жизак уезінің бірнеше бөлігі.Жетісу облысы ҚАКСР құрамынан халқы негізінен орыстар болып табылатын жаппай жүргізу үшін ауылдар менОрынбор губерниясы бөлінді.Республика аумағы - 2,7 млн. шаршы шақырым. Халқы - 5 млн. 230 мың (1 млн. 468 мыңға көбейді) адам. Қазақтар - 61,3 % (1926 ж. санақ).1925 жылғы 15-19 cәyip - Ақмешітте Кеңестердің бүкіл қазақстандық V съезінде «қырғыз-қазақ» атауы берілді.

Орта Жүздегі хандық биліктің жойылуы: "1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы". 1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейiн, Орта Жүзде билiкке үлкен ұлы Уәли хан тағайындалды. Уәлидiң қатыгездiгi халықтың наразылығын туғызды. Ресейге қосылғанға дейiн қазақ хандары халықтан салық жинағымен мемлекеттiң сыртқы-iшкi мәселелерiн өздерi шешiп отыратын. Ресейге қосылғаннан кейiн патша үкiметi хандар атқарып келген бiрқатар iстердi өз қолына алды. Хандық билiкке патша үкiметi таңдаған адамдар тағайындалды. Салық төлеу бұрынғыша сақталынып қала бердi. Хандар патша үкiметiнiң жергiлiктi жерлердегi шенеуiгiне айналды. Халықтың наразылығы күшейдi. Хандық билiктiң сақталуы үкiметтiң iс-қимылын тежеп отырды. 1815 жылы патша үкiметi Уәлиге қосарлап екiншi ханды – Бөкейдi тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейiн Орта Жүзде жаңа хан тағайындалмады. Жаңа реформаны әзiрлеудi патша Сiбiр генерал-губернаторы граф М.М.Сперанскийге жүктедi. 1822 жылғы 22 маусымда патшаның «Сiбiр қазақтарын басқару туралы» жарғысы шықты. «Жарғының» басты мақсаты – Қазақстанның солтүстiк-шығыс өңiрiн, әкiмшiлiк, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық – феодалдық тәртiптi әлсiрету едi. Бұл жарғыға сәйкес Орта Жүзде хандық билiк жойылып, оның орнына ауыл-болыс-округ түрiндегi басқару жүйесi енгiзiлдi. Ауыл – 50-70 шаңырақтан, болыс – 10-12 ауылдан, округ – 15-20 болыстан құралды. Орта Жүз қазақтары жерi Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығына бағынды. Округтi басқару приказдарға жүктелдi. Оның құрамында екi аға сұлтан болды. Аға сұлтандыққа тек шыңғыс ұрпақтары сайланып, оларға майор әскери шенi, ал он жылдан кейiн дворяндық атақ берiлдi. (Кесте). Аға сұлтан үш жылға сайланса, болыстық билiк мерзiмi өмiрлiк болды. Болыстық билiк мұрагерлiкпен берiлiп отырды. Ауыл старшиндары да үш жыл сайын сайланып отырды. Жарғыға сәйкес қазақтардың бiр округтен екiншi округке өз еркiмен ауысуы шектелдi. Бұл - жер алаптарын пайдаланудың қауымдық дәтүрлерiн қиратуды бiлдiрдi. Ендi қазақ ауылдары өз округтерi аумағында ғана көшiп жүруiне рұқат етiлдi. Жарғыға сәйкес барлығы 7 округ ашылды. Олар: Қарқаралы, Көкшетау (1824), Баянауыл (1826), Аягөз (1831), Ақмола (1831), Үшбұлақ (1833), Аманқарағай (1834). Патша үкiметi жүргiзген бұл реформа қазақ ақсүйек топтарының барлығының мүддесiнен шықпады. Олардың бiр бөлiгi бұл саясатқа өз наразылықтарын ашық түрде жариялады.

Патша өкіметінің аграрлық реформасы (ХIХ ғ.). Столыппиннің аграрлық реформасы. ХХ ғасыр басында өлкенің жағдайына теріс әсер еткен факторлардың бірі - аграрлық саясат болды. Қоныс аудару қозғалысы жанданды. Қазақстанның территориясы бірнеше қоныс аудару аймақтарына (Торғай, Орал, Семей, Сырдария, Жетісу) бөлінді. "Қоныс аудару қорын" құру үшін құрылған Қоныс аудару мекемелері "артық" жерлер іздестіруге кірісті. Әрбір қазақ отбасы 15 десятина үлес жер алып, қалған жер Мемлекеттік меншік министрлігі қарамағына берілуі тиіс болды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауы, әсіресе, "Столыпин реформасы" кезінде күшейді.1906 жылы Ресей премьер-министрі болып тағайындалған П.А.Столыпин деревняда аграрлық буржуазия - кулак жасауға кірісті. Оның реформасы бойынша шаруаларға өз үлестерімен қауымнан шығып, хутор құруларына еркіндік берілді. Столыпин бұл мәселені шешуге астық егуге қолайлы өңір - қазақ даласын пайдаланды. Ресейден қоныс аударушы шаруалардың Қазақстанда кулак шаруашылықтарын құруына түрлі жеңілдіктер жасалынды. Хутор үшін 45 десятина қолайлы жер, және 15 десятина егін салатын жер бөлінді. Жер бөлуші ұйымдарға жергілікті кедейлерді орындарынан көшіріп, шаруа-кулактарды қоныстандыруға рұқсат берілді.Қоныс аудару қозғалысының нәтижесінде 1895-1905 жылдары далалық облыстарға 294 296 адам, ал 1906-1910 жылдары 770 мыңнан астам келімсектер келді. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер, 1906-1912 жылдары 17 млн. десятинадан астам, ал 1917 жылы барлығы 45 млн. десятина жер тартып алынды. "Столыпиннің аграрлық саясаты" қазақтарды жерінен айырумен қоса, олардың өлкеде үлес санының азаюына да бастама болды.

Президенттің Қазақстан халқына үндеуі – «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндігі» (29.02.10ж.). 30.01.2010 / 08:30 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жариялады.Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды. Ел басымыздын мақсаты - еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өр­леуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкін­дік­тер­ге жол ашу. Бүгінгі Жолдауы осыған арналған. "Қазақстан-2030" Стратегия­сын орындай отырып, біз алғашқы он­жылдыққа бағдарлама жасап, оны тә­мам­дадық. Ендігі мақсат - осы Стратегия­ның келесі онжылдығына қарай қадам жасау. 1. 2010 Стратегиялық жоспарын іске асыру - ел дамуының аса маңызды шебі 1997 жылы "Қазақстан-2030" Стра­те­гия­сын қабылдап, біз елдің ұзақ мерзімді күн тәртібін, басты мақсаттар мен басымдықтарын қалыптастырдық, кейін олар 2010 жылға дейінгі Стра­тегиялық жоспарда қисынды түрде да­мытылды. Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 азайды. Халық денсаулығының негізгі көр­сет­кіш­тері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті. Он жылда 652 мектеп және 463 ден­сау­лық сақтау нысаны салынды. 2. Дағдарыс кезеңі - дұрыс шешімдер қабылдау уақыты Ұлттық және трансұлттық компания­лардың мемлекеттік сатып алуларындағы "қазақстандық үлестің" болмаған өсіміне қол жеткіздік. "Жол картасы-2009" бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделді. Ұлы Неру бір кездері былай деген екен: "Табыс кім батыл қимылдаса, со­ның үлесіне жиі түседі". Ал біз батыл қимылдадық. 2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің "серіппелі тобына" жаттық.Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті. Қордың арқасында біз дағдарысқа қар­сы шараларды жүргізіп қана қойған жоқ­пыз, сонымен бірге мемлекетке, бізге қиын болған кезде, сатуға мәжбүр болған ма­ңыз­ды активтерді қайтардық. Бұл - Екібастұз 1-ші ГРЭС-і, "Богатырь" разрезі, Қа­ша­ғандағы біздің үлесіміз, Маңғыстау­мұ­найгаз және барлық үш мұнай өңдеу зауыты. Жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ды құ­ра­ды, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыт­та­ғы­дан төмен. Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. 3. 2020 Стратегиялық жоспары -көшбасшылыққа қазақстандық жол Бізге мыналарды атқару керек: 1. Экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу; 2. Жедел индустрияландыру және ин­фра­құрылымды дамыту есебінен эконо­миканың тұрақты өсуіне қол жеткізу; 3. Адам капиталының бәсекеге қабі­леттілігін арттыру үшін болашаққа бел­сенді инвестициялау; 4. Қазақстандықтарды сапалы әлеу­меттік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету; 5. Ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту.4. Ада м - елдің басты байлығы Елді жаңғырту стратегиясын іске асы­ру­дың табыстылығы, ең алдымен, қазақ­стан­дықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байла­нысты. 4.1 Білім беру 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс 4.2 Денсаулық сақтау Халық денсаулығы - ол Қазақ­стан­ның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайларды жасадық. Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады. Білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорын­дар­дың қызмет мәселелері жөніндегі республиканың заңнамалық актілеріне түзетулер енгізуді жеделдету қажет. 4.3 Өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғау Алда тұрған онжылдықтың аса маңыз­ды міндеті - Қазақстанның барлық аза­мат­тарының өмір сапасы мен деңгейін жақ­сарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қор­ғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуі үшін мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасайтын болады. Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адам­дарға көрсетіліп, қазіргі заманғы стан­дарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек.

Ресейдегі Ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның өмірін демократияландырудағы маңызы. Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды.Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды.

Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан. Қазақстан мен Ресейдің тарихи және экономикалық қатынастарының бастаулары. Қазақ даласының Ресей экономикасы үшін алатын орыны ерекше болды. Өйткені Орта Азияға баратын жолдар Қазақстан арқылы өтті. Ресей мемлекеті қазақ хандықтарына барған сайын кеп көңіл аударып, Петр І-нің нусқауымен қазақ жерін зерттеу жумысы басталды. 1716 ж. Омбы, 1717 ж. Железинск қамалы, 1713 ж. Семипалатинск қамалы салынды. Осылайша Ресейдің шығыстағы шекарасы Қазақстан жеріне жақындай түсті. Енді ол Қазақстанды біртіндеп жаулап алуды ойластырды.Бұл кезде қазақ хандығының ішінде феодалдық бытыраңқылық күшейіп, әр жүздің өзінің ханы болды. Өз кезегінде ру басшылары мен султандары хан билігіне бағынбай, беліне бастады. Жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасынан кейін Кіші жуз ханы Әбілқайыр, Ресеймен мәмілеге келуді ойластырып, 1731 ж. ақпан айында Ресейге Сейітқұл Кұндағұлұлы мен Кұтлымбет Қоштаұлы бастаған елшілік жібереді. Әбілқайырдың елшілігі Ресей үкіметі үшін күтпеген олжа болды. Орыс патшасы Анна Иоанновна Әбілқайырдың Кіші жузді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы ұсынысын қабыл алып, Қазақстанға А.И.Тевкелов басқарған елшілік жібереді. Әбілқайырдың бұл шешімін Кіші жуздің ру басылары толық қолдай қойған жоқ. Барақ сұлтан мүлдем қарсы болса, Бөгенбай батыр орыс үкіметінің билігін мойындағанымен Кіші жүздің дербестігін сақтап қалуға тырысты. 1731 ж. қазан айының 10-ы жұлдызында Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған Кіші жүздің 29 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Әбілқайырдың бұл шешімі қазақ өлкесінің Ресей құрамына қосылуының алғашқы қадамы болды. Екі жақтың да көздеген мақсаты болды. Әбілқайыр Ресей үкіметінің қолдауына сүйеніп, езінің қарсыластарын әлсіретуге тырысты. Патша үкіметі Кіші жүз ақсүйектерінің алауыздығын пайдаланып өзінің әкімшілік және саяси шараларымен Қазақстанның батыс аудандарын отарлауды көздеді. 1734 ж. орыс үкіметі Сенаттың хатшысы И.К.Кириллов басқарған экспедиция ұйымдастырды. Комиссияға Ресей құрамына енген жерлерді зерттеу, Ор бекінісін салу, орыс пен қазақ арасындағы шекараларды белгілеу міндеті жүктелді. Саяси жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты экспедиция өзіне тапсырылған істерді толығынан іске асыра алмады. Тек 1735 ж. Ор бекінісінің негізі салынды. 1732 ж. Әбілқайырдың ұсынысымен Орта жүздің Сәмеке хан бастаған кейбір бөлігі де Ресей құрамына өтеді. 1734 ж. қалмақтардың жаңа қауіп қатерінің күшеюіне байланысты Орта жүз ақсүйектері өздерін қарамағына қабылдау жөнінде Ресейге екінші рет өтініш жасайды. 1734 ж. 10 маусымдағы грамотамен Сәмеке хан мен оның жақтастарының өтініші қабылданады.Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресейге қосылғандығы зандастырылған соң орыс үкіметі қазақ даласындағы өзендердің бойынан бекініс қамалдар салып, олар біртіндеп қалаларға айналды. Жайық өзені бойынан 14 қамал салынды. XVIII ғ. 50 жылдарында Ертіс өзенінің жағасына Омбы, Железняк, Петропавл, Семей, Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар салынды. Калалар мен бекіністердің маңында қазақтардың көшіп қонуына тыйым салынды. Осылайша Қазақстанның солтүстік-батыс белігінің Ресейге қосылуы қазақтарға отарлық езгіні күшейтті. Шығыстан қалмақтардың шапқыншылығы басылмады. 1742 ж. жоңғар әскері қазақ жеріне тағы да қайтадан басып кірді. сұлтандар арасындағы алауыздық жалғаса түсті. 1743 ж. Әбілқайырды султан Барақ өлтіреді. Орта жүзде хандық билік Абылай сұлтанның қолына көшеді.Кіші жүз Ресейге қосылған соң орыс мемлекеті, шекаралық аймақтарда әскери бекіністер салумен қатар, қазақтарға алым-салықты көбейтіп, патша екімшілігінің пайдасына халықтың малын, қаржысын алып, ездерін бағынышты етіп ұстағысы келді. Әскери бекіністерге көшіріліп екелінген орыс казактары қазақ ауылдарына жиі-жиі шабуыл жасап, малдарын айдап әкетіп, адамдарына зорлық-зомбылық керсетті. Каспий теңізінің солтүстік батысындағы құнарлы жерлер орыс помещиктеріне берілуі қазақтардың дәстүрлі мал жайылымын мейлінше тарылтты. Осының бері халықтың наразылығын күшейтіп, Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына себеп болды. 1733 ж. күзінен Кіші жүзде Байбақты руының старшыны, батыр Сырым Датұлы бастаған жаңа көтеріліс басталады. Сырым Датұлы патша әскерлерімен ашық соғысқа бармай, партизандық ұрыс жүргізді. Жазалаушылар көтерілісшілерді кездестіре алмағандықтан қазақтардың бейбіт ауылын тонады. Ол өз кезегенді көтерілісшілердің қатарын өсіріп, 1735 ж. көтеріліс Кіші жүздің басым бөлігін қамтыды. Патша үкіметі амалсыздан көтерілісшілермен келіссөз бастауға мәжбүр болады. Игельстром 1739 ж. Кіші жүзді басқарудың жаңа жобасын ұсынады. Қазақ даласына бақылаудан айырылып қалудан қорыққан патша үкіметі хандық билік пен ескі басқару жүйесін қалпына келтіруге шешім қабылдайды. Қазақ даласына жазалаушы әскерлер шығып, қазақ ауылдарын тонау күшейеді. 1790 ж. қазақтар Сәмеке ханның баласы Есімді хан етіп жариялайды. Патша үкіметінің әкімшілігі бұл сайлауды мойындамай, нұралы ханның інісі Ералыны жоғарыдан хан сайлайды. нұралы тұқымының хандық билікке қайтарылуы Сырымның қарсылығын бұрынғыдан бетер өршітті. Көтерілісшілер әскери бекіністерге ғана емес, орыс әкімшілігін қолдаған билер мен старшиндар аулына да шабуыл жасады. Көтеріліс 1797 ж. дейін созылды.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1410. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия