Оқу жұмысы
Жаңа ғасырдың ұлы көшінде Тәуелсіз Қазақстан болашағының тұғыры биік, тұтқасы мықты болуы – білімді, саналы ұрпақ еншісінде. Сол сенім мен үмітті арқалаған ұрпақтың саналы тәрбие, тереңбілім алатын орны – мектеп. С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің қазіргі таңдағы міндеттері оқушылардың дара ерекшеліктеріне бағытталған оқу технологияларын енгізу негізінде әр оқушының оқу материалын толық меңгеруіне қол жеткізу, білім сапасын көтеру, Мектептегі білім беру мазмұнына сай негізделген жаңа технологияларды мұғалімдердің жүйелі меңгеруіне, сабақ тиімділігі мен білім сапасын көтеруіне бағытталған мұғалімдерді кәсіби жетілдірудің бағдарламасы арқылы мектепішілік әдістемелік жұмысты жақсы жолға қою, оқушыларды мектепке түгел тарту, олардың жеке бас қауіпсіздігі мен денсаулығының сақтауға бар жағдайды жасау дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерін жандандыру, олар үшін арнайы курстар ашу, саралап оқыту әдісін одан әрі жетілдіру, факультатив сабақтарды тиімді пайдалану, пән бірлестіктерінің жұмысын жетілдіру мақсатында аса тәжірибелі және жұмысы мақтауға тұрарлық тарих, қазақ тілі, орыс тілі, математика пән бірлестіктерінің жұмыс тәжірибесі өзгелерге үлгі ету, өзге бірлестіктердің олардан тәжірибе алмасуына жағдай жасау, 12 жылдық білім беруге көшуге даярлық жасау, пән мұғалімдеріне қайта даярлау курсын өткізу, оқыту үрдісіне ендіріліп жатқан инновациялық технологиялардың тиімділік көрсеткіштері мен өлшемдерін айқындау, мониторинг жүйесі арқылы жетілдіру және одан әрі дамыту. Білім сапасын арттыру және білім берудегі сабақтастық проблемелары бойынша ғылыми ізденістік зерттеу жұмыстарын жүргізу, ізденіске байланысты тиісті ғылыми практикалық көмек көрсету және т.б. Мектеп проблемасы: білім берудің жаңа технологияларын оқу үрдісіне енгізу және мұғалімдердің кәсіби өсуіне қамтамасыз ету арқылы мектептегі әр оқушының білім сапасын көтеру, даралық, танымдық-шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту, мәдениеттілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
|