Кіріспе.
ЕСЕП
Студент _________ __________________ (қолы)
Кафедрадан _________ __________________ жетекші (қолы)
Оқу мекемесінен жетекші _________ __________________ (қолы)
Астана 2015
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Өндірістік педагогикалық тәжірибенің жеке жоспары....................................................................................................................4 2. Түркістан индустриалды педагогикалық колледжінің жалпы сипаттамасы (тарихы).............................................................................................6 3. Түркістан индустриалды педагогикалық колледжінің оқу жұмысы.................................................................................................................... 7 4. Түркістан индустриалды педагогикалық колледжінің тәрбие жұмысы.....................................................................................................................8
Қорытынды.............................................................................................................9
Қосымшалар (тәрбие сағаты, тәрбие жоспары, сабаққа талдау, сыныпқа мінездеме, бір оқушыға мінездеме және т.б.)..........................................................................................................................10
Кіріспе
Қаңтар, Ақпан, Наурыз айлары аралығында Түркістан индустриалды педагогикалық колледжінде өндірістік – падагогикалық тәжірибе өтілді. Бұл өндірістік – падагогикалық тәжірибесі кәсіптік педагогикалық іс-әрекетке дайындайтын тұтас педагогикалық процестің маңызды бөлігі және студенттердің өз бетінше кәсіптік іс-әрекетке дайындығының кезеңінің бірі болып табылады. Сондықтан бұл кезеңде студенттердің түрлі оқу сабақтарына қатысу, сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарын жүргізу, кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу, есепке қатысты және курстық жұмысына қатысты материалдарды жинау жұмыстарына көңіл бөлінеді. Тәжирибе мақсаты студенттерді өз бетінше педагогикалық іс-әрекетке түрлі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуде кәсіптік-педагогикалық білімдер мен дағдыларды іс жүзінде қолдана білуге жан-жақты дайындау болып табылады. Ал тәжірибе міндеттеріне келетін болсақ: - студенттердің өз бетінше педагогикалық іс-әрекет жасауға дайындықтарын тексеру; - студенттердің түрлі формадағы оқу сабақтары мен әр түрлі типтегі сабақтарды педагогикалық және арнайы пәндер бойынша алған білімдері негізінде жүргізуге дайындау; - университетте алған педагогикалық және арнайы білімдер жүйесін бекіту; - студентті сыныптан тыс тәрбиелік шаралар өткізуде сынып жетекшісі қызметін орындауға дайындау; - студенттің кәсіптік-педагогикалық іс-әрекетке қызығушылығын дамыту және бекіту; - түрлі оқу-білім мекемелерінде кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу біліктерін дамыту. Өндірістік педагогикалық тәжірибе болашақ кәсіптік іс-әрекетке жақын жағдайларда өтеді. Тәжірибені өту барысында студенттерде кәсіптік-педагогикалық білімдер, біліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың педагогикалық қабілеттері дамиды.
|