Бап.Қазақстан Республикасының астанасы
1. Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының астанасы—мемлекеттің әкімшілік саяси орталығы, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің Конституциялық кеңесінің, Жоғарғы сотының, Бас прокуратурасының және орталық атқарушы органдарының орналасқан жері. 3. Жекелеген орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы астанасынан тыс жерлерде орналасуы мүмкін. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы және Мемлекеттік елтаңбасының эталондары және Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет астанасындағы резиденциясында сақталады.1 Макиавелли былай дейді: «...Қандай мемлекет болмасын, оның тыныс-тіршілігі орталықтан бастау алуы тиіс. Елдің шеткері аймақтағы ірі қаласынан гөрі кіндігіндегі мекен алғашқыда көзге қораш, елеусіздеу, жұпыны болып көрінгенімен, келе-келе үлкен, күш-қуатқа ие болып, мемлекеттің темірқазығына айналады. Өйткені, өмір, тіршілік—ортада, орталықта». Астананы Ақмола қаласына көшіріп, Ақмола арнайы экономикалық аймағын құру үшін мыналар негізгі алғышарттар болды: · қаланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы; · Ақмола қаласының елеулі өнеркәсіптік әлеуеті. · құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы; · ірі тасымал торабындаорналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылымның болуы; · жоғарғы білікті кадрлар әлеуеті; · жеке меншік сектордың және кәсіпкерлікті дамыту үшін әлеуетті мүмкіндіктердің болуы; · аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық; · қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің болуы. Қаланы дамытудың басымдықтары мынадай: · энергияны өндіріп, сақтаудың осы заманғы технологияларын қолдану арқылы энергиямен жабдықталуы және оның даму болашағы; · қаланы осы заманғы телекоммуникация құралдарымен қамтамасыз ету; · халықаралық стандарттар деңгейіндегі осы заманғы сервистік жүйесі бар Алматы—Астана автожолын салу; · айналмалы жол және Есіл өзені арқылы бірнеше көпір салу; · халықаралық әуежай салу; · бизнес-орталықтар, халықаралық сыныптағы мейманханалар, сауда орталықтарын салу; · тұрғын үй қрылысы; · құрылыс индустриясының осы заманғы базасын дамыту.
|