Студопедия — АСТАНА—ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕРІНІҢ НЫШАНЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

АСТАНА—ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕРІНІҢ НЫШАНЫ






Астана — бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны. Бұл саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз.

Сарыарқаның сары белінде Қанжығалы қарт Бөгенбай елінде ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми һәм саяси-экономикалық алып ортаның, Отанымыздың күретамырына қан жүгіртетін, жан бітіретін сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі, әлбетте, барша жақсылықтардың игіліктердің шоғырлануы.Тарихқа үңілсек, 1830 жылдың маусым айында Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының алғашқы іргетасы қаланды. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланып, оның округтік аға сұлтаны болып Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы тағайындалды. Ал 1838 жылы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылық білдірген жергілікті халықтың көтеріліс деңгейін іле-шала Кенесары Қасымұлы Ақмола бекінісін алу үшін патша әскерлеріне қарсы алғаш шабуыл жасады.Сөздікке жүгініп, парсы түбірінен қазақша түсінігін іздейтін болсақ, астана — табалдырық, босаға, кіре беріс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдірнді. Парсыша үндестігі астан (асетан) деп келеді. Келе-келе қазақта жұрт бас қосар орын, халық жиналып ақылдасар жер, ел ағалары байлам-бәтуа айтар орталық мәніне ие болғанға ұқсайды

Өйткені Махамбет ақынның:

Астана жұртын айналған

Атына тұрман болсам деп

Жұртына құрбан босам деп, келетін Исатайды арқаландырар жырында астана деп ауыл-аймақ, ел-жұртын айтқан.Шығыс халықтарының өмірінде бір кезде араб, парсы тілдерінің ықпалы Еуропа үшін латын, француз тілдері атқарған қызметпен барабар болды. Сондықтан қазақ тілінің бірқатар ғылыми, саяси, тұрмыстық ұғымдары әу баста осы тілдерден еншіленуі заңдылық. Алтын Орда тұсында билеушілер тағы орналасқан орталықтарыңыз парсының сарай сөзімен аталды. Сол кездегі Сарай-Батый, Сарай-Берке қалалары Еділ жағалауындағы осы есімдес хандар басқарған астаналарымыз еді. Яғни Батый мен берке мемлекетінің орталығы екені тарихтан белгілі. Жайық бойындағы Сарайшық (яғни, кіші Сарай), Қырымдағы Бақшасарай, Балқандағы сарай (еуропалықтар Сараево дейді) — осының бәрі «сән-салтанаты асқан мекен» деген парсы сөзі.

Елімізді шыңғыс әулеті билеген заманда орталық деген мағына бірте-бірте моңғол мен түрік халықтарының әскери-әкімшілік аймағы ұғымын білдіретін орда сөзімен алмаса бастады. Оның соңғы жұрнағы — Бөкей хандығының астанасы болған, бүгінгі таңда атауы сақталған Орда қаласы.Парсы тілінде мекен, жер, ел дегенді білдіретін стан сөзі де бүгінгі Қазақстан аумағына сол тұста деген. Түркі тектес халықтардың киелі астанасы Түркістан аталуы, бір қиырымыздың Моғолстан екені бұған дәлел. Сол кездегі ғылыми-тарихи әдебиетте түркі халықтары мекендеген өлкеге орай стан түбірінің кеңінен қолданылуы нәтижесінде кейіннен қазақ тілінде астана сөзі қалыптасқан деген болжам қисынсыз көрінбес. Аудармалары сәл алшақтау болғанымен, стан мен астана (астан) түбірлерінің мағына ортақтығы бүгінгі парсы елінің өз мысалынан аңғарылып тұр. Иранда әкімшілік бөліністер остан аталып, аймақтарының дені Систан, Белужстан, Лорестан, Хұзестан болып келеді.Сарай. Орда. Астана! Билік орталығын білдіретін осынау ежелгі атауларды қазақ халқы мәңгіге еншілеп, мағыналас ұғымда қолдануының өзі тарихтың тамаша сыйы емес пе! Сарайдың ордаға орын беруі ұлы оқиғаларға байланысты үрдіс. Ал орданың кешегі жиырмасыншы жылдары астана мағынасына айналуы тым тез—бір жылда, тіпті бір күнде болған оқиға деген болжамға батылдық жасағалы отырмыз.

1925 жылдың сәуірінде Қазақстанның орталығын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім қабылданды. Орынбор алты жыл бойы әуелі Қазревкомның, кейіннен Қазақ АССР-інің үкімет органдары орналасқан қала болғанымен, ел астанасы деп ресми атала қойған жоқ. Сол кездің құжаттарынан, баспасөзі мен әдебиетінен астана деген атуды кездестіре қоймаймыз. Ал Ақмешітті Қазақ елінің шын орталығы ету жөнінде ұйғарым алынғанда, кеңестік республика астанасының атауында мешіт сөзінің тұруы сол кездің идеологиясымен үйлесе қоймағаны анық. Орталық ұғымындағы орда сөзінің кәдеге асқаны сонда. Революция символы қызыл сөзімен кірігіп, Қызылорда атаулы қала пайда болды. Алайда, бір қиындығы ендігі жерде «Қазақстанның ордасы Қызылорда» деген қосарлы тіркес тұрақты қолданылуы тиіс еді. Орталық ұғымына синоним боларлықтай тың сөз қажет еді. Зиялы азаматтар осылайша халық жадында, жыр-толғауларда айтылатын ежелгі астана сөзіне таңдау жасағаны аңғарылады. Жаңа ұғымның жұртқа әлі тосын екені Бейімбет Майлиннің 1925 жылдың 8 маусымында жазған «Астана» өлеңінен де аңғарылып тұр.

 

Кәрі-жасы, бәрінің де

Айтатыны — астана!

Ел көгерген астанасы

Осы ма, әлде басқа ма?

Мен астанаң;, мен ордаңмын!

Мұнда түгел тілегің...

Ел ордасы—астанасы,

Шаш нұрыңды әлемге!

Білім туын қолыңа ұстап,

Тұтқа болшы бар елге!..

1929 жылы астана Алматыға қоныс аударғанда Ілияс Жансүгіров «Жаңа астана» атты очерк жазып: «Алматыға Қазақстан орталығы көшіп келді. Алматы— астана болды. Қазақстан ортасыордасына орнықты. Қазақстан еңбекшілерінің ұйтқысы— орталық;, өкімет мекемелері басты ұйымдар жаңа қонысына ірге тепті» деп қуанды. Қазақстан орталығы, Қазақстан ортасы, ордасы деген түсініктерді Ілияс та астана сөзімен жарыстыра қолданады. Бір кездегі сарай, орда, астана сөздерінің елдің қоғамдық саяси өміріне, тарихи кезеңдеріне байланысты мәні, атқарар жүгі алмасып отырған тәжірибеге сүйенсек, астана енді қала атауына түпкілікті ауысып, ол ұғымның қызметін басқа балама атқаруы тиіс. Мыңжылдық қолданбасы бар, бір кездерде осы мағынаны білдірген орда атауының елорда түрінде қайта оралуы бүгінгі Астанамызға шартты құбылыс.

Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру тәуелсіз мемлекеттің алғашқы стратегиялық шешімдердің қатарында тұр.Бұл мәселені Президент Н. Назарбаев тұңғыш рет 1992 жылы көтерген болатын. Жоғарғы кеңестің елорданы көшіру туралы шешімі елдің аса маңызды оқиғалары хронологиясында 1994 жылғы 6 шілде болып белгіленді.1998 жылғы 6 мамырға дейін Ақмола деп аталған Астана, Президенттің Жарлығымен 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы деп жарияланды. 1998 жылғы 10 шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы—Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1999 жылы Астанаға ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» деген наградасы берілді. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста, Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 млрд. доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда.Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белдгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда не барі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Будапешт, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Рига, Бангкок және басқалары бар. Бүгінде Астана тәуелсіз Қазақстанның елордасы ретінде әлемнің саяси картасында берік орнықты. Қазақстан егемендік алғалы бері бірінші рет астанасының орнын ауыстыруда тұрғылықты халықтың мүддесін ескере отырып, дербес шешім қабылдады. Осы іспеттес оқиғалар өмірдің өзі халық пен үкіметінен маңызды шешім қабылдауын талап еткен жағдайларда іске асып жатады. Ресей, Нидерландия Германия, Пәкстан, Түркия, Бразилия және тағы басқа елдердің астана ауыстырудағы тәжірибелерін мысал ретінде келтіруге болады.Ұлы Ататүріктің жаңа демократиялық Түркия астанасын елдің орталығы Анкара қаласына ауыстыруы тегін шешім емес. Осман империясының құлаған әкімшілік орталығы Ыстамбұл сол бір тарихи кезеңде жаңа талапқа сай келмей, бұрынғы режимнің қайта орнау қаупін туғызды. Болашақ астана ретінде Анкара қаласы түрік мемлекетінің негізін қалап, ғасырлар бойы ұлт бірлігін сақтап келеді және әкімшілік орталық ретінде түрік туын асқақтатуда. Сол кездегі дана Ататүрік шешімінің ұлт мүддесіне сай келенін тарихтың өзі дәлелдеді. Өткен ғасырда Ресейдің динамикалық түрде дамуын Петр I-дің империя астанасын Нева жағалауына орналастыру туралы шешімінсіз көзге елестету қиынға соғар еді. Сол уақыттағы қала салуға кедергі келтіретін табиғи жағдайлардың қиындығына қарамастан, ел астанасы салынып бітті. Ұлы реформатор «Еуропаға терезе аша» отырып, елдің ұзақ уақытқа гүлденуі мен өркендеуінің бағыт-бағдарын анықтады. Петербург мемлекет астанасының тарихи миссиясын орындап, қазіргі кезде тек Ресейдің ғана емес, Еуропаның, тіпті бүкіл әлемнің экономикалық мәдени және ғылыми орталығы болыап табылады. Әрине, астананы ауыстыру жөніндегі әлемдік тәжірибелерді айта берсек, көптеген мысалдар келтіруге болады. Түркі-монғол дүниесі саяси орталыққа ат беруде ерекше ұстамдыылқ танытқан. Саяси үстемдік құмарлықты білдіретін немесе мемлекет пен билікшіні мадақтайтын дәріптемелік сипаттамалар атымен ұшыраспайды. Көбіне-көп оның мемлекеттің саяси орталығы екендігін білдірумен ғана шектелген. Қарақорым — әскери қосын қонатын орын. Ұрға — әскер басының ордасы тұратын тұрақ. Сарай — билік мекемесі орналасқан жәй. Олар бұл қағиданы өздері үстемдік еткен кеңістіаае де кеңінен дарыта білген. Мәселен, Пекинді монғолдар Ханбалгат (патша қала) деп атаса, қытайлар Бэйцзин —солтүстік астана, ал Нанкинді Нанцзин — оңтүстік астана деп атаған. Жапондар да ескі астанасын Киото — батыс астана, жаңа астанасын Токио — шығыс астана деп атаған. Бұл батыс елдеріне тән дәстүр. Славян дүниесі Византия астанасы Константинопольді Царь-град — патша қала атаған. Кингстон — король тұратын қала атауы соған куә. Сондықтан жаңа саяси орталығымызды жәй ғана Астана атауымыздың тарихи дәстүрлерімен қай тұрғыдан келсек те, терең қабысады.Өткен ғасырларда астананың орнын ауыстыру тек қана сол кездегі жауапкершілік себептерге байланысты болса, ал XX ғасырдың ортасынан бастап геосаясатқа, экологияға, демографияға қатысты басқа бағыт алды.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің астанасын Ақмолаға көшіру туралы Жарлығын шет ел басшылары түсіністікпен қабылдап, геосаяси мәнге ие деп бағалауда.Еуразия құрлығының дәл «жүрегінде» орналасқан Астананың XXI ғасырда халықаралық саясаттағы маңызды орталыққа айналу мүмкіншілігі бар. Жаңа астананың Алматы қаласына қарағанда көркеюі үшін өндірістік объектілер, әлеуметтік инфрақұрылымдар, әуежайлар, әлемдік деңгейдегі офистер және қонақүйлер салу жағынан көптеген перспективалық артықшылықары бар.Еліміздің астанасын көшіру халықаралық байланысты тереңдетуге үлкен септігін тигізбек. Мемлекет астанасының орналасу орны болашақта жолаушылар және жүк тасымалдаудың, сонымен қоса телекоммуникацияның, үлкен халықаралық транзитті жолдар торабының түйісетін орталығы болмақ. Атап айтқанда, кіндік қала Еуропа елдерін Азия Тынық мұхит аймағының жылдам дамумен келе жатқан аудандарымен тез және сенімді түрде байланыстырады.Бас қаланың Астана деген атауына келетін болсақ, оның біршене негіздері бойынша артықшылығы бар. Атап айтқанда, оның бір ғана түсіндірмесі бар және де бұл сөз нақты айшықталған мәнге ие. Астана атауы ешқандай да келеңсіз саяси немесе тарихи ұғындыруларға салынбаған. Жаңа атау құлаққа жағымды естіледі және графикалық тұрғыда мемлекеттік тілде де, сондай-ақ негізгі халықаралық тілдерде де сәтті көрінеді, оның үстіне естілу әуезі іс жүзінде ешқандай өзгеріске ұшырамайды.Қазақстанның территориялық бөлінбейтін біртұтастығы Ата Заңда бекітілген. Қазіргі егеменді еліміздің шекарасы республиканың қауіпсіздік кепілі болып табылатынын бүкіл әлемдік қауымдастық таныған. Қазақстан астанасының көшуі республикадағы этникалық ахуалды нығайтуға және біздің елдің халықаралық ынтымақтастықтың белсенді мүшесі болуға бағытталған.

Заң Қазақстан Республикасы астанасының құқықтық мәртебесін, жұмыс істеуінің ұйымдық-саясатын және экономикалық негіздерін айқындайды.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 432. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия