Студопедия — Орталық Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орны
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Орталық Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орны






Орталық Қазақстан ауданы Қазақтың қатпарлы таулы аймағында орналасқан. Бұл аймақ геологиялық және геоморфологиялық ерекшеліктері бойынша басты төрт ауданға бөлінеді. Орталық Қазақстанның солтүстігін Қазақтың ұсақ шоқылы өңірі (50 пайыз шамасында) алып жатыр, оңтүстікте – Бетпақдала үстіртінің солтүстік бөлігі және солтүстік Балқаш жағалауының үстірті құрайды, ал оңтүстік-батысын – Аралмаңы Қарақұмы алып жатыр.

Бұл ұсақ шоқылы аймақтарда жер бедері толқынды жазықты, себебі бұрын бұл жерлер өзендердің аңғары болған. Сонымен қатар мұнда гранитті тау массивтері мен жалпақ жазықтар кездеседі. Ұсақ шоқылы жерлердің теңіз деңгейінен орташа биіктігі – 350-500 м болып табылады.Ең биік тау шыңдары ауданның шығыс бөлігінде кездеседі. Тау шыңдарының биіктігі 500-800 метр.

Ауданның биік шыңдары: Қарқаралы – 1358 м, Кент – 1367 м және Қызыларай. Қызыларай – теңіз деңгейінен 1565 м биіктікте орналасқан Орталық Қазақстанның ең биік тауы[6].

Орталық Қазақстан аумағының жері геоморфологиялық жағынан күшті көтерілген (абс. биіктігі 400-1000 м) аймақ – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі неғұрлым қыратты бөлікті қамтиды. Рельефі өзен аңғарларымен, құрғақ өзен аңғарларымен, шоқыаралық ойпаңдармен,тұйық ойыстарымен, көл қазаншұңқырларымен күрделенген. Қатты тау жыныстары ретсіз шашылып жатқан тас үйінділері, жартас және қорым тас күйінде жер бетіне шығып жатады. Денудациялық процестер таулы өңірлерді аласа тауларға, тау жыныстарынан тұратын, бір-бірінен оқшауланған тау массивтері бар көлемді көне пенепленге айналдырды. Кайнозой-мезозой пенеплені әлсіз эпейрогендік қозғалыстарды бірнеше рет басынан өткізді. Пенеплендену процесі және аздаған неотектоникалық көтерілім облыс жерінде көлемді, тегістелген басты су айрықтарының (солтүстікте – Есіл-Ертіс, оңтүстікте Балқаш-Ертіс, оңтүстік-батыста – Сарысу-Теңіз,) қалыптасуына негіз болды. Тау жыныстарының сипаты мен жату тереңдігіне қарай ұсақ шоқылардың денудациялық пішіндері әр түрлі келеді. Атап айтқанда, граниттер желдің үгу қасиеті әсерінен жартасты, тік өркешті, дөңгелек және көпшік пішінді болып, ал ұзынан-ұзақ жатқан құмтас, әктас және жаңғыш тақтатас қабаттары қырқалы және жоңды келеді. Ал, қайталама кварциттер үшін үшкір шыңдар (шоқылар) тән. Аккумуляциялық жазық үстінде суффозиялық орлар мен кеуіп қалатын көлдері бар дефляциялық қазаншұңқырлар кең тараған. Облыс территориясы орография бойынша шартты түрде Ульянов, Топар қала типтес поселкелерін қосатын деңгей бойынша 2 бөлікке (батысы көбіне жазық, тегіс келген ұсақ шоқылы және шығысы – қырқалы, нағыз ұсақ шоқылы) бөлінеді. Облыстың батыс бөлігін Есіл мен Нұра өзендері аралығындағы ауқымды жерді алып жатқан және Теңіз-Қорғалжын ойысына қарай еңістеу келетін денудациялы ұсақ шоқылы және делювийлі-пролювийлі қырқалы су айрық жазығы алып жатыр. Аймақтың шығысындағы абсолюттік биіктік– 500 м, батыста – 400 м. Жазық үстінде мүжіліп, тегістелген ұсақ шоқылар, жалдар мен жекелеген таулар оқшауланып тұрады, олар: солтүстікте – Ақдің (809 м), Нияз (833 м), солтүстік-батыста – Мұзбел (503м), оңтүстік-шығыста – Найза (633м), оңтүстікте – Ақшоқы (588м) т.б. Аймақтың бұл бөлігіндегі жазық далалы өңірі егістікке және мал жайылымына қолайлы. Бозды-бетегелі дала, сонымен қатар Нұра, Құланөтпес, Шідерті, Есіл өзендерінің кең жайылмаларындағы және көл қазаншұңқырларындағы түрлі шөпті шалғындар шабындыққа пайдаланылады. Облыс территориясының шығыс бөлігі нағыз ұсақ шоқылы және биіктік белдеу элементтері байқалатын аласа таулы келеді. Өңірдің оңтүстігі Нұра, Жарлы, Талды, Түндік өзендерінің жоғарғы ағысында Үлкен Қарақуыс (1342м), Кіші Қарақуыс (1327м), Бүйіртас (1267м), Кешубай (1559м), Қоңыртемірші (1369м), Соран (1183м) т.б. таулардан құралған көтеріңкі келген ұсақ шоқылы су айрықтарынан тұрады. Облыстың шығыс бөлігінің орта тұсынан батыстан шығысқа қарай Наршөккен (1108м), Ханқашты (1220м), Түнғатар (1161м), Қарқаралы (1403м), Кент (1469м), Бақты (1176м), Жақсы Абралы (1300м) т.б. аласа тау тізбектері созылып жатыр. Бұлардан солтүстікке қарай жеке-жеке оқшауланып Семізбұғы (1049м), Айыр (793м), Желтау (959м), Қу (Балқантау, 1366м), Достар (1025м), Арқалық (1064м), Мыржық (969м) т.б. таулары орналасқан. Территорияның негізгі бөлігі жартасты, қырқалы келген су айрықты-ұсақ шоқылы (абс. биікт. 500-700 м-дей) және ұсақ шоқылы денудациялық жазықтан тұрады. Көтеріңкі бөлігі арал күйінде орналасқан тауларда, аласа жері – тауаралық қазаншұңқырлар мен (Қарасор, 621 м), өзен аңғарларына (400-600 м-дей) сай келеді.

Аудан территориясы каледон және герцин құрылымдарын қамтитын Орталық Қазақстан палеозойдын ортаңғы бөлігінде орналасқан. Каледон қатпарлығына Шыңғыс-Тарбағатай мегантиклинориі мен Шыңғысалды синклинориі (шығыста), Ерементау антиклинориі мен Семізбұғы синклинориі (солтүстікте), каледонид пен герцинидтің орта тұсында орналасқан Қарағанды синклинориі (Ерементау антиклинориінен оңтүстікте), герциндік Теңіз ойысы мен Қарағанды синклинориіне батыс бөлігінен келіп жалғасатын СарысуТеңіз көтерілімі жатады. Құрамында Қарасор, Спасск антиклинориі және Успен синклинориі, Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйесінің солтүстік доғасы кіретін герциндік құрылымы Қарағанды синклинориінен оңтүстікте орналасқан. Бұл құрылымдар түрлі құрамды әктас, құмтас, жанғыш тақтатас, кварцит, вулканиттерден түзілген. Әр түрлі бағыттағы жарылыстары мен опырылыстары бар интрузиялар жыныстары қатпарлыққа жаншып, қиып өткен. Қарағанды синклинориі – геологиялық құрылымдар ішінде егжей-тегжейлі зерттелгені ендік бағытқа жақын созылып жатыр. Бұл өңірде қазіргі кезде 30-дай өндірістік кен орны орналасқан. Синклинорийдің орта бөлігін Қарағанды көмір бассейні алып жатыр. Қарағанды синклинориінің батыс бөлігі опырықты-синклинальды девон және төменгі палеозойдың вулканогенді-терригенді қабаттарынан түзілген майысулар мен көтерілімдердің кезектесіп отыруымен сипатталынады.

Мұндай Завьяловка және Самар тас көмір кен орындары орналасқан. Опырық-синклинальды шығыс және батыс жағынан меридиан бағыттағы жарылыстармен шектелген. Бассейннен солтүстікке таман фамен және турней ярусының карбонатты жыныстарымен, сол сияқты төменгі карбонның көмірлі қабаттарынан түзілген брахисинклинальдардың және мульдарлардың көтеріңкі учаскелерімен кезектесіп отыратыны байқалады. Бұл тұста көміріндегі күл мөлшері жоғары Қушоқы және Бөрілі кен орындарының қабаттары сай келеді. Қарағанды көмір бассейнінің оңтүстік жиегінде қорғасын-мырышты руда жүлгелері мен Жалайыр барит кен орны белгілі. Бассейннің түрлі бөліктерінен химия, металлургия және цемент өнеркәсібіне пайдалануға жарамды әк тастың 20 кен орны анықталды.

Бұлардың қатарына барланып пайдалануға берілген Сарыапан, Астахов, Оңтүстік Топар, Волын әк тас кен орындары жатады. Құмтас-қиыршық тас кен орындарының (Оңтүстік Соқыр, Шахан т.б.) негізгі зерттелген бөлігі өзен аңғарларында шоғырланған. Юра шөгінділері үстіне жиналған саз балшық аязға төзімді құрылыс кірпішін, керамикалық бұйымдар, отқа төзімді материалдар даярлауға пайдаланылады. Ақтас, Сасыққарасу саз балшық кен орындары пайдаланылуда. Девон эффузияларынан құрылысқа жарамды тас кені (Аман, Майқұдық, Қарабас кен орындары) жан-жақты зерттеліп, игерілуде. Қарағанды синклинориінен оңтүстікке қарай Тектұрмас антиклинориінен солтүстікке таман шығыс-солтүстік-шығыс бағытта (батысында Шерубайнұра өзенінен шығысында Орталық Қазақстан жарылысына дейін) ұз. 250 км, ені 5-15 км-лік Спасск жаншылу зонасы (Спасск тектоникалық зонасы, Спасск рудалы зонасы) орналасқан. Бұл аумақта Орталық Қазақстанның девондық жанартаулық белдеуінің жыныстары солтүстік-шығыс бағытқа қарай созылған қатпарлықты қалыптастырған. Мұнда 20 шақты жанартаулық-тұнбалы мыс кені және 250-ден астам мыс белгілері мен бірнеше геохимиялық аномалиялар анықталды. Пирофилит мәрмәр кендері де табылып, барланды. Ауданның оңтүстігіне қарай ендік бағытқа жақын силурдың терригендік жыныстарынан түзілген, кіші гранодиоритті интрузияларымен байланысы бар Нұра антиклинориінен оңтүстікке қарай желге мүжілген жоғары протерозой гипербазиттернде никельге рудалануы және хризопразалық минералдануы кем Тектұрмас антиклинориі созылып жатыр. Спасск антиклинориі және Успен тектоникалық зонасының Шыңғысалды антиклинориімен түйісер жерінде кремнийлі-карбонатты-терригендік фамен шөгінділерінде баритті-қорғасынды-мырышты полиген кен орындары шоғырланған Қарқаралы рудалы ауданы орналасқан. Гранит және жоғарғы фамен туфы, туфогенді құм тасы бар гранодиориттің солтүстік массивтерінде кремний-пиритті-магнетитті-гематитті, скарнді-магнетитті кен орындары ұштасып жатыр. Порфирлі гранитоидтардың ұсақ интрузияларында вольфрам, молибден-мыс рудаларының ұсақ дақты жолағы, кремнийлі-терригенді шөгінділерімен ұштасып жатқан темір-марганецтің және қорғасын-мырыш рудаларының стратиформдық белгілері, тотықты-карбонатты жыныстардың ұсақ инфильтрациялық кен орындары белгілі.

Жоғарғы палеозойлық лейкократтық гарниттерінде бірегей кристалдардың белгілері кездеседі. Орталық Қазақстан жерінде батыс жағынан қоршап жатқан Сарысу-Теңіз көтерілімі әр кездері опырық-синклиналь және горст-антиклиналь түзейтін қатпарлық пен жарылыстық бұзылуға жиі ұшырап отырған жанартаулық шөгінді және интрузивті жыныстардан түзілген. Көтерілімнің орталық бөлігін алып жатқан Шұбаркөл опырық-синклиналіне күлділігі аз, қоры 2 млрд.т энергетикалық Шұбаркөл көмір кені орналасқан юра ойысы, ал Қызылжар горст-антиклиналіне Баршын липарит және кірпіштік саз кендеріне сай келеді. Шыңғысалды синклинориі мен Шыңғыс-Тарбағатай мегаитиклинорийінің батыс бөлігін тұтас қамтитын облыстың шығыс жартысы төменгі палеозой жыныстарынан түзілген. Мұнда карбонның порфирлі гранитоидтарының ұсақ интрузияларымен байланысты келетін мысты-порфирлік типті плутоногенді-гидротермальды рудалану және колчедандық типке жақындайтын ұсақ мыс кен орындары анықталады. Қарағанды облысы халық шаруашылығының сумен қамтамасыз етілу балансында жер асты суы маңызды роль атқарады. Жер асты суының пайдалануға неғұрлым қолайлы бөлігі Жарлы, Нұра, Түндік Шерубайнұра, Талды өзендерінің аллювийлік шөгінділеріне жиналған. Юраның конгломерат-құмтас қабаттарында Қарағандыны сумен жабдықтауға алынатын арықты су қоры жиналған. Түпкі тау жыныстары жапсарларында орналасқан жарықшақтық типті жер асты сулары анағұрлым кең таралған. Бұл өңірлерден сорылып алынған су елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге және шабындықтарды суландыруға пайдаланылады[6].

Облыс жерінде жарықшақтық типке жататын бірнеше минералды су көздері ашылып, зерттелді. Олар – Жосалы, Темірсу (темір микрокомпоненті бар), Жартас минералды суы, сонымен қатар тұйық Қарасор көлінің минералды суы мен шипалы балшығы.

 

 

1.1 Орталық Қазақстанның табиғаты және табиғи ресурстарына экономикалық географиялық тұрғыдан баға беру

 

 

Орталық Қазақстан экономикалық ауданының климаты тым континеттік және қуаң келеді. Шуақты күндердің ұзақтығы жылына 2300-2400 сағат, ең жылы ай - шілде айына келеді. Радиацияның жылдық жиынтығы 100 ккал/см2-дей, ал шашыранды радиация – 48 ккал/см2-ге дейін. Аудан жеріне ауа массасының 3 негізгі типі (тропиктік полярлық,арктикалық,) емін-еркін әсер етеді. Жылдың салқын уақытында ауа райының қалыптасуына азия антициклонының батыс тармағы қатты әсер етеді. Көктемде сақталатын антициклондық режим әсерінен күндізгі уақытта ауа температурасы жоғары, құрғақ желді келеді де, түнге қарай күрт салқындап кетеді [15].

Көктемгі ауа райы негізінен құбылмалы. Жазғы мезгілде орталық Қазақстан аймағының далалық аймағы үстінде ауаның қатты қызуы әсерінен бұлтсыз, қуаң, ыстық ауа райы орнайды. Қаңтардың орташа температурасы солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай – 14,4оС-тан – 17,9оС-қа дейін өзгеріп отырады. Ең төменгі температура тиісінше – 45оС – 52оС. Шілденің орташа температурасы шамамен +18,5оС-тан (шығыста) 20,4оС (солтүстікте және батыста), ең жоғарғы мәні +40оС-қа дейін жетеді. Ауа температурасының орташа жылдық мөлшері +1,2оС-тан +2,3оС-қа дейін. Жылы мерзімнің ұзақтығы облыстың қыратты бөлігінде (таулы Қарқаралы ауданында) 198 күн болатын болса, солтүстік-батыс далалық өңірінде (жазық Нұра ауданы) 207-220 күнге дейін созылады. Аязсыз маусымның ұзақтығы тиісінше 90-100 және 110-135 күн болады. Ауаның неғұрлым жоғары салыстырмалы ылғалдылығы қыс айларында байқалады. Аудан территориясы бойынша жылдың жылы мезгілінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай азаяды. Маусым-шілде айларында ауаның ең төменгі салыстырмалы ылғалдылығы байқалады (53-58 %). Ауданның солтүстігі, оңтүстігі және батысында атмосфералық жауын-шашынның мөлшері шамамен 230-300 мм, ал шығыс аймағында 330 мм. Жауын-шашынның ең жоғарғы мөлшері шілдеге (41-57 мм), ең төменгі мөлшері қаңтарға (8-18 мм) сай келеді. Желдің орташа жылдық жылдамдығы шамамен 5,5 м/сек болып табылады. Аудан бойынша жел жылдамдығы қатты ай негізінен наурыз айында (6,8 м/сек), ал жел жылдамдығы азаятын айлар ақпан мен желтоқсан (6,5 және 6,1 м/сек). Жел жылдамдығының ең төменгі орташа айлық мәні тамызда (4,3 м/сек) байқалады. Орталық Қазақстан экономикалық ауданында жел жылдамдығының ең жоғарғы көрсеткіші (37 м/сек) 20 жылда бір рет қайталанады. Жел режимі негізінен жылдың суық айларында сібірдің антициклионының батыс тармағының әсерінен қалыптасады.

Аудан аумағында жазда найзағай құбылысы жиі-жиі, көктем мен күзде бәсеңдеу қайталанып, дауыл, нөсер және бұршақпен қатар жүреді. Мұнда найзағай жылына орташа мөлшерде 20-24 күн, ал Қарқаралы өңірінде 28 күн жарқылдайды. Жылы айларда ұзындығы мен ені бірнеше километрге созылатын белдеу бойынан бұршақ байқалады және негізінен сирек түседі. Боран жиі болып тұрады, қыста орташа есеппен 21-38, кей өңірлерде боран 50 күн соғады. Ауданның далалық өңірінде 20-38 күн шаңды дауыл, 16-28 күн тұман (Қарағандыда 37 күндей) болып тұрады. Облыс климатының өте айқын байқалатын ерекшеліктерінің бірі – қуаңшылық. Сәуірден қыркүйекке дейінгі аралықта 60-100 күн аңызақ жел соғады. Аудан аймағында қыс кейбір жылдары тым қатты болып, 5 айға дейін созылады. Тұрақты қар жамылғысы әдетте қарашаның ортасында қалыптасып, 120-150 күндей жатады. Қаңтарда аяз әдәуір күшейеді – 20оС-тық және одан да төмен аязды күндер саны аудан территориясы бойынша жылына 10-15 күннен 40-50 күнге дейін өзгеріп отырады, ал кейбір жылдары айына 20-25 күнге дейін аяз болып тұрады. Қар жамылғысының қалыңдығы 20-26 см, ал қар қалың түскен жылдары 32-50 см-ге жетеді. Жазы 3-4 айға созылып, барлық жерде дерлік ыссы әрі құрғақ болады. Ауа температурасы шілдеде 34-39оС, кейбір жылдары 40-43оС-қа дейін көтеріледі. Жазғы жаңбыр көбіне нөсер күйінде өтеді. Күз мезгілі қыркүйектің басынан басталып, қазанның аяғына дейін созылады және жазбен салыстырғанда тым қуаң болады.

Қоңыржай жылы, ұсақ шоқылы – қуаң аудан Сарыарқаның неғұрлым төменгі бөлігін қамтиды. Гидротермиялық коэффиценті 0,7-0,8-ге тең.

Ауданның өзендері ағынсыз Теңіз және Қарасор тұйық көлдердің және Ертіс өзенінің алабына жатады. Өзен торының жиілігі 0,07-0,09 км/км2 құрайды. Ауданда ұзындығы 10 км-ге жетпейтін 1800-ге жуық бұлақтар мен өзендер бар, ал ұзындығы 10 км-дан 100 км-ге дейін жететін 365 өзен, ұзындығы 100 км-ден асатын 11-ден астам өзен бар. Аймақта Нұра өзені басты су артериясы болып саналады. Ауданда сонымен қатар Талды, Құланөтпес, Түндік, Жарлы сияқты өзендер бар. Ауданның оңтүстік және оңтүстік-шығысында аласа таулы рельеф басым болуына байланысты өзендері негізінен солтүстік және солтүстік-шығысқа қарай ағады. Өзендер қарашада толық қатады. Қазақстанның көпшілік өзендері сияқты, ауданның өзендері қар суымен қоректенеді. Сәуір айының бірінші ширегінде басталатын көктемгі су тасу –су режиміндегі басты ерекшелік болып саналады. Өзендердегі жылдық ағынының негізгі бөлігі (70-95%-ы) көктем мезгіліне келеді. Ал жаз айларында өзендер тым таяздап, суының тұздылығы артады, кейбірі тіпті тартылып қалады. Мол сулы жылдары бірқатар өзендер 0,5-0,6 км-ге, ал Нұра өзені өзінің төменгі ағысында 2 км-ге дейін жайылып кетеді. Ірі өзен арналарының ені 15-30 м-ден 50-70 м-ге жетеді. Осы өзендердің тереңдіктері әдетте 3-5 м-ден аспайды.

Аудан шекарасында 1300-ге тарта көл бар, соның ішінде ауданы 1 км2-ден асатын 100 көл бар. Қуаң жылдары айдындардың ауданы 0,5-1,5 км2-лік ұсақ көлдер кеуіп қалады. Көл суының минералдылығы 1г/л-ден 10г/л-ге дейін ауытқып отырады. Суайрықтары жайдақ, жағалары аласа болып келетін көлдердің қазаншұңқырлары ауданның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аласа таулы қырқалы аймақтарда таралған. Ұсақ көлдері қуаң жылдары кеуіп қалады. Терең көлдерде (Үлкенкөл) су бүкіл жыл бойы сақталады. Беткі және жер асты суы ағындарының базисі болып үлкен тұйық ойыстардағы көлдер саналады. Солардың ең ірісі Қарқаралы қаласынан солтүстікте жатқан Қарасор адырлы-жазықты тұйық ойыс. Осы аймақта 50-ге жуық көл бар (Саумалкөл, Балықтыкөл, Қарасор т.б.). Ауданның су айдындарының орташа тереңдігі 1 метр, кей жерде 4-5 м-ге дейін барады. Суының минералдылығы 35-41 г/л. Емге пайдаланылатын күкіртті-сутекті шипалы сұр балшық осы аймақтың көлдерінің түбінен табуға болады. Ауданды сумен қамтамасыз ету балансында Нұра мен Шерубайнұра өзендерінде салынған бөгендер мен каналдар (Самарқан бөгені, Шерубайнұра бөгені) сонымен қатар оншақты ұсақ тоғандар маңызды рөл атқарады. Аудан территориясында 1973 жылы Қарағанды мен Теміртау қалаларын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс-Қарағанды ірі гидротехникалық құрылыс салынды. Канал әлі күнге дейін осы қалаларды ауыз сумен қамтамасыз етуде.

Орталық Қазақстан экономикалық ауданының көпшілік бөлігінде топырақ негізінен қызыл-қоңыр болып келеді, шығысында күңгір қызыл топырақ, ал оңтүстігінде қара топырақ таралған. Топырақтағы қара шірінді қабатының қалыңдығы 41 см-дей. Зоналық қызыл-қоңыр топырақ арасында шалғынды топырақ, сортаң топырақ, интерзоналық топырақ және оның комплекстері таралған. Таудың қара топырағы ұсақ шоқылар мен аласа тауларда таралған. Көтеріңкі келген суайрықты жазықтарда таралған күңгірт-қызыл топырақтың қара шіріндісі 2,5-4%. Топырақта саздақ және карбонатты саз мөлшерінің көптігіне байланысты жел эрозиясына ұшырап отырады.

Ауданның оңтүстігінде қызыл қоңыр топырақ басым келеді. Қара шірінділі горизонттың қалыңдығы 25-45 см, ал ондағы қара шірінді мөлшері 2-3%. Жыртылған жері дәнді дақыл өсіруге пайдаланылады, дегенмен егіншіліктің түсімі тұрақсыз келеді. Ұсақ шоқылар аралығының көп жерінде күңгірт қызыл қоңыр топырақ 5-30 см тереңдікте таралған. Бұл аймақ көбіне жайылым жер ретінде пайдаланылады. Таудың күңгірт қызыл топырағы аласа таулы аймақты қамтиды. Шағын бөліктер күйінде шалғынды топырақ жер асты сулары жақын жатқан жерлерде (тау етектерінде, өзен жайылымдарында т.б.) кездеседі. Топырақ қара шіріндісінің қалыңдығы 32-50 см, ал қара шірінді 5-8% аралығында. Шалғын топырақты ішінара жайылымға, бірақ негізінен шабындыққа пайдаланылады. Қара шіріндісі 2-5% келетін сор топырақ рельефтің әртүрлі элементтерімен бірге кездеседі. Жер бетінің күшті тілімденуі, ойыстар мен өзен аңғарларының көптігі, атмосфералық жауын-шашынның көбірек түсуі және жер асты суының молдылығы шалғынды-далалық топырақтың кеңірек таралуына себебін тигізеді. Шалғынды-далалық топырақ ылғалға және қоректік заттарға бай, сондықтан егіншілік үшін қолайлы келеді.

Орталық Қазақстан ауданының флорасында 78 тұқымдасқа жататын гүлді өсімдіктің 850 түрі кездеседі. Олар: 121 түрі - астра тұқымдасы, 63 түр- астық тұқымдасы, 62 түр -бұршақ тұқымдасы, 60 түр- алабұталар тұқымдасы. Қарқаралы бөріқарақаты, қарқаралы сылдыршөп, қазақстан астрагалы, қарқаралы бидайығы эндемик өсімдік түрлеріне жатады. Ауданда бозды-бетегелі дала қалыптасқан. Шымдастық тұқымдасты дала күңгірт қызыл топырақ үстінде көбірек таралған. Кең өзен аңғарларындағы құмдақ топырақ бетінде жусан, леселинг қауы, бетеге, дала шалфейі, шашақты қаңбақ, ұзын жапырақты құмдақ шөп өскен әртүрлі шөпті, жусанды-бозды-бетегелі дала қалыптасқан.

Саздақ топырақ тараған өңірде қылтаң селеу өскен селеулі-бетегелі даланың петрофитті түрі қалыптасуда. Шоқылардың бетегелерінде аласа қарағай мен бұта қарағай басымырақ бұталы дала дамыған. Басқа бұталы өсімдіктерден тобылғы, ұсақ жапырақ ұшқат, бүрген, шайқурай жиі кездеседі. Қара шіріндісі орташа қара топырақ үстінде дамыған әртүрлі шөпті, астық тұқымдасты дала, облыстың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Семізбұғы тауының маңындағы толып жатқан сай-жыралар бойында орналасқан. Аудандағы жердің көпшілік бөлігі жыртылған. Өсімдік жамылғысында қоңырбас, бетеге басымырақ өседі. Сор мен сортаң топырақты жерлерде көкпек пен жусан үстем келеді. Шерубайнұра, Нұра, Талды, Ащысу өзендерінің жайылмасында бұталы өсімдіктер (итмұрын, көктал, ұшқат) таралған. Қарағайлы және қайыңды орман сарыарқаның неғұрлым көтеріңкі бөлігінде (Қарқаралы, Бақты, Қызылтау, Кент,) өседі. Қу және Кент тауларында биіктік белдеудің іздері байқалады. Тау бастарында субальпілік өсімдіктердің жұрнақтары сақталған. «Қазақстан Республикасының қызыл кітабына» енгізілген сирек кездесетін өсімдіктер кездеседі.

Орталық Қазақстантерриториясында 60-қа жуық сүт қоректілердің, 200-дей құстардың, 10-ға таман бауырымен жорғалаушылардың, 4 қосмекенділердің, 20-дай балықтардың түрі кездеседі. Мұнда мынадай жануарлар ареалының шекаралары өтеді: батыс бөлікте сұр тышқан, сұр суыр;оңтүстік бөлікте ақ шіл, жоңғар аламаны, ор қоян, суыр; солтүстік аймақта Эверсман атжалманы, сұр суыр, қосаяқ тұқымдастар, барылдақ ала торғай, сары торғай, әртүрлі кесірткелер, сар шұнақ, қызылқұйрық, үнді сырқас торғайы; Осакаровка, Ульянов және Молодежный аудандары жерінде орманды-далалы ландшафт таралған. Бұл аймақтарда кемірушілер, жыртқыштар, тұяқтылар кездеседі.

Кемірушілерден сұр тышқан көп кездеседі. Астық тұқымдасты түрлі шөпті далалық өңірде сар шұнақ пен қосаяқ мекендейді. Орманды даланың шүйгін шөбі мен бұталары, қыс мезгіліндегі қардың жұқалығы еліктердің кеңірек таралуына жағдай жасайды. Құстардан қайыңды ормандарда мысық торғай, ақбас сары торғай, шіл,жәндіктерден – мүйіз құйрық қоңыз, қайыңның құмырсқа шыбыны, зауза қоңыз, мүр көбелек таралған. Ашық өңірлерде суыр, шалғындар мен орман шеттерінде су егеуқұйрығы кездеседі. Ұсақ кемірушелерден басқа бас сұр тышқан мен ала қоржын көбірек таралған. Тұқым қоректі кемірушілерден шалғындар мен орманның шеттерінде қысқа қарай түсін өзгертетін сұр түсті жоңғар аламаны ормандар мен бұталар арасында кәдімгі тышқандар мекендейді. Қояндардан аққоян жиі кездеседі. Орманды далаға тән жануарлар – дала күзені мен сібір елігі таралған.

Орманды далада қасқыр, түлкі кездеседі. Сұр кекілік ауданда болатын жұқа қар, қысы жұмсақ маусымдарда жақсы көбейеді. Аймақта сирек кездесетін және ең ірі құс - қара құс. Қайыңды орманда ақбас сарықас торғай кездеседі. Қыста көкқарғаны, сарышымшықты, шекілдектерді, бозторғайды т.б. құстарды кездестіруге болады. Бұталар арасында жабайы кептер және тағанақ, кәдімгі көкек мекендейді. Шалғынды дала бозторғайға бай келеді. Жыртқыш құстардан кәдімгі күйкентай мен дала күйкентайы және жамансары жиі ұшырайды. Жәндіктерден саяқ шегіртке, ақжолақ, шартылдақ қоңыз, шалғын көбелегі жер бүргесі көп кездеседі.

Дала фаунасы негізінен орманды дала фаунасынан өзгеше. Шөп жамылғысының жатағындағы мұнда шақылдақтың, суырдың, кішкене сарышұнақтың, секіргіш қосаяқтың, үлкен қосаяқтың көп таралуына себеп болады. Құстардан ала және қара қанатты бозторғай кездеседі. Тырна, қылқұйрық, дала торғайы мен жаман сары мекендейді. Дала зонасы шөбінің молдылығы және қар жамылғысының жұқалығына орай тебіндеп жайылатын тұяқты жануарлар көп. Жазғы айларда бұл өңірге табын-табын киік келеді. Ауданның тау массивтерінде ғылым үшін маңызы зор гибридтік суырлар мекендейді. Нұра ауданының оңтүстігінде жер сіңдіру мақсатымен Жезқазған облысынан құмтышқан жіберілген. Бауырымен жорғалаушылардан кең тарағандары қарашұбар жылан, қалқан тұмсық жылан, кесіртке, улы сұр жылан, қосмекенділерден көбірек кездесетіні – жасыл құрбақа, үшкір тұмсықты бақа. Балықтардың дені Ертіс-Қарағанды каналы мен жекелеген ірі тұщы су айдындарында шоғырланған. Кездесетін балық түрлері онша көп емес, олар – сазан, мөңке, шортан, аққайран, дөңмаңдай, алабұға, оңғақ, шабақ балық, бақа, сонымен қатар ақ амур жерсіндірілген.

Қазақстанда кеңінен тараған тас көмір мен қоңыр көмірлердің, жанғыш тақта тастардың 10 бассейні, 155 кені, 102 жерде белгісі бар. Бұлардың ішінде 4 тас көмір, 6 қоңыр көмір бассейні, тас көмірдің 101, қоңыр көмірдің 48, жанғыш тақта тастардың 6 кені бар. Көптеген кен қоры ондаған не жүздеген млн, үлкендері млдр-таған тоннаға жетеді. Қазақстанның жалпы көмір қоры 160 млрд. тоннадай (жалпы ТМД қорының 1,5-і ғана), оның 14 млдр. тоннасы кокстелетін көмір. Көмір кенінің көбі карбон не юра кезеңінде қалыптасқан. Көмір кендерінің көбі Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары жерінде.

Қарастырып отырған Қарағанды көмір бассейні Донбасс, Кузбасс, Печера бассейндерінен ауданы мен қоры жөнінен кіші болғанымен құрамындағы кокстелетін көміріне байланысты маңызы зор, сондықтан ол ТМД елдерінде үшінші орын алады [18].

Қарағанды бассейнінің көмірі карбон жасында, ауданы 3000 км2, геологиялық қоры 50 млрд.т., көмір қабаттарының жалпы саны 80. Жылына ондаған млн.т. өнеркәсіпке жарамды көмір өндіретін 40-тан астам шахта іске қосылған. Көмірдегі күл мөлшері жоғарғы қабаттарда 4-15%, төмендегілерінде 20-40%, күкірт 1%-дай, фосфор 0,01-0,1%, ылғалдылығы 3-6%, жылу шығарғыштығы 8000 ккал.

Көмір өндіру кәсіпорындарына «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы, «Сарыарқа Energi» ЖШС, «ГРК Қамбар» ЖШС, «ГРК Дархан» ЖШС, «ГРК Недра Казахстана» ЖШС және басқалары жатады.

Завьяловка тас көмір кені – Қарағанды облысының Нұра ауданындағы кен орны. 1949 жылы Завьяловка поселкесінің оңтүстігінен 25-30 км. жерде көмірлі қабат бар екені анықталды. Бұл кен орны карбон жүйесінің тұнба жыныстарында орналасқан. Көмірлі қабат 7 кен қабатқа ажыратылады: аққудың (қалыңдығы 415-420 м), ашлярик (640м), арағанды (670 м), үстінгі қарағанды (575 м), долин (450 м), тентек (520 м), шахан (300 м). Құнарлылары – ашлярик, қарағанды, долин, тентек кен қабаттары. Долин, тентек, шахан кен қабаттарының шөгінділерінде туфтардың қабатшалары ұшырайды, бұл-сол кезеңде вулкандық әрекет болғандығының белгісі. Көмірі майлы, кокстелгіш, күлділігі 20-32% шамасында. 25-32% мөлшерінде жанғыш зат бөлініп шығады. Көмір құрамында күкірт мөлшері 2-3%, фосфор 0,5-0,6%, жылу бөлгіштік қабілеті 8,420-8,620 ккал/кг [13].

Соңғы бір-екі онжылдың ішінде, қорғасын және мырыш қоры жағынан Орталық Қазақстан ең бай болып саналады.

Ең бай өлке деп есептелетін Кенді Алтай, түсті металл қоры жағынан қазір Орталық Қазақстаннан кейінгі орынды алады.

Қорғасын, мырыш кен орындары Орталық Қазақстандағы Успен кен бассейнінде шоғырланған. Успен кен белдеуі Жезқазғанның шығыс жағынан Қарқаралыға дейін (ұзындығы 450 км, көлденеңі 50-70 км) ендік бағытта созылған. Белдеу құрылымы солтүстікте Тектұрмас, оңтүстікте Жамансарысу антиклинорийлерімен шектелген. Өндіруге тұрарлық кен қабаты (темір - марганец және қорғасын – мырыш кендері) девон-пермьнің граниттік магматизміне байланысты қалыптасқан. Ендік және солтүстік-батыс бағыттарға созылған жаншылу және тақта тастану зоналарын бойлай орналасқан 59 құрылымдық – металлогениялық зоналарда жалпы саны 800-дей темірдің, марганецтің, мыстың, полиметалдардың, вольфрамның, молибденнің кен белгілері, үлкенді – кішілі кендері бар.

Белдеудің маңызды кендері «атасулық» деп аталатын типтен орын алған. Кеннің шоғырлануына вулконогендік – шөгінділік, кейін гидротермальдық метасоматикалық үрдістер себепші болған.

Өндірістік полиметелл кендері негізінен Жәйрем, Үшқатын, Бестөбе, Қужал, Қарағанды кен орындарында шоғырланған.

Қорғасын-мырыш өнеркәсібінің шикізат базасы артуы мүмкін, ал оның құрамы жаңа кен орындарын, оның ішінде Ақжал және Ақбастау құрылымдық-формациялық аймақтар шегіндегі Ағадыр және Атасу кенді аудандарында, Алашпай синклиналі шегінде, Жайылмын грабен-синклиналінің оңтүстік бортында, Бестөбе кен орны ауданында жаңа геологиялық-өнеркәсіптік түрлерін іздеу және барлау есебінен жақсаруы мүмкін.

Қазіргі уақытта облыста қорғасын-мырыш кенін өндіруді тек Ақжал кен орнында «Nova Trading & Commerce AG» фирмасы жүргізуде (еншілес кәсіпорын - «Nova цинк» ЖШС ОК).

Жәйрем полиметалл кені - Қарағанды облысындағы Қаражал қаласының солтүстік-батысындағы (60 км) кен орны. 1951 жылы ашылған, 1964 жылы барланды. Жәйрем брахиантиклиналында құрылған кен ядросы төменгі фаменнің саз-карбонатты шөгінділерінен, қанаттары жоғарғы фаменнің рудалы шөгінділерінен түзілген.

Өндіруге тұрарлық рудалар бір-бірінен оқшауланған Шығыс, Батыс, Қиыр Батыс деп аталатын 3 учаскеде орналасқан. Руда денелері жер бетінен 5-200 м және 500-600 м (батыс), 40-400 м (қиыр батыс), 270-300 м (шығыс) тереңдіктерінде жатыр. Руданың қорғасынды-мырышты, таза баритті, мырышты-олигонитті, тоттыққан қорғасынды мырышты типтері бар. Руда минералдары: галенит, сфалерит, мельниковит, олигонит, барит, бұларға қосымша мыс, күміс, кадмий алынады. Ірі кен орны саналатын Жәйрем полиметалл комбинатының кенін ашық әдіспен де жабық әдіспен де өндіруге болады.

Бұл күндері Жәйрем полиметалл кен орнының «Қиыр Батыс» учаскесі ашық әдіспен жұмыс істейді. Алынған кенн







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2557. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия