Тасымал
Жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір буынды немесе бірнеше буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейді. (При письме слова переносятся на другую строку только сохраняя слог). 1. Екі дауысты дыбыстың ортасында –й-у- дауыссыз дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. (Если между двумя гласными звуками есть согласные звуки –й-у-, то при делении слова на слоги данные звуки переходят на последующий слог). Мысалы: жа-уап, қа-йын, са-уын, ке-йін, қа-уын, жа-уын, ба-уыр, та-уар т.б. 2. Тасымал буынға негізделеді.(Слова переносятся на основе слога). Тасымалдауға болмайтын жағдайлар (Ситуации, когда нельзя переносить) 1. Бір дыбысты ашық буын. (Если слог состоит из одного открытого звука): а-та, ә-ке т.б. 2. Екі, үш дыбысты тұйық буынды бөліп-жарып тасымалдауға болмайды. (Нельзя переносить прикрытый слог, состоящий из двух,трех звуков): ат-ант-өрт, ұлт т.б. 3. Бітеу буындарды да тасымалдауға болмайды. (Нельзя переносить и закрытые слоги). құс, мал, бұл, төрт, бас-қар, жал-ғыз т.б. 4. Бас әріптен қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды.(Абривиатуры): ҚР, БҰҰ, ТМД т.б. 5. Адам атының, әкесінің атының қысқартылып алынған әріптері. (Сокращенные имена и фамилии): А.Құнанбаев. А.С.Пушкин. М.О.Әуезов т.б. 6. Цифрлар арқылы таңбаланған сандар. (Числа, употребленные цифрами): 15га, 25см т.б. 7. Буын құрай алмайтын дауыссыздар тіркесі. (Сочетания согласных, которые не могут образовать слог) Мысалы: электр, станция, ансамбль, вольт т.б.
Сөз айтылғанда, түтас, бірден айтыла алмайды. Сөздердің айтыуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуы буын деп аталады. М: ана, ата деген сөздер іштей екі бөлініп айтылады а-на, а-та. Сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады, өйткені дауысты дыбыс қана буын жасайды. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді. Сонымен, буын дегеніміз – фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дауысты дыбыс не дыбыстар тобы. Буын жеке дауыстыдан және дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпта болмайды. Буын құрамының түрліше болуына бапйланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар. Олар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын. 1. Ашық буын. Тек дауыстыдан ғана болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз. Мысалы: а-ға, а-ғе-ке, ба-ға, бо-са, т.б. 2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз. Мысалы: ат, аз, ақ, ән, әр, өс, өр, ор, оз, ұқ, ұт, үк, ық, ін, т.б. 3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буынды бітеу буын деп атаймыз. Мысалы: бақ, бел, бол, бұлт, бұр, жоқ, жент, дат, зор, қол, көл, соқ, тоқ, паң, таң, заң, мен, нан, т.б. Сөз айтылғанда, түтас, бірден айтыла алмайды. Сөздердің айтыуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуы буын деп аталады. М: ана, ата деген сөздер іштей екі бөлініп айтылады а-на, а-та. Сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады, өйткені дауысты дыбыс қана буын жасайды. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді. Сонымен, буын дегеніміз – фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дауысты дыбыс не дыбыстар тобы. Буынның түрлері: Буын жеке дауыстыдан және дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпта болмайды. Буын құрамының түрліше болуына бапйланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар. Олар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын. 1. Ашық буын. Тек дауыстыдан ғана болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз. Мысалы: а-ға, а-ғе-ке, ба-ға, бо-са, т.б. 2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз. Мысалы: ат, аз, ақ, ән, әр, өс, өр, ор, оз, ұқ, ұт, үк, ық, ін, т.б. 3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буынды бітеу буын деп атаймыз. Мысалы: бақ, бел, бол, бұлт, бұр, жоқ, жент, дат, зор, қол, көл, соқ, тоқ, паң, таң, заң, мен, нан, т.б.
|