Кеңестер билігі Сырдарияда1917 жылы 30 қазанда Перовскіде билік бейбіт жағдайда жұмысшы солдат депутаттарының қолына көшті. 1917 жылы 1 қарашада 4 күнге созылған шайқас негізінде Ташкентте Кеңес өкіметі орнады. Кеңестер билігі 1917 жылы қарашада Шымкентте (бейбіт түрде), 1917 жылы 7 қарашада Түркістанда орнады. Кеңестер билігі Торғай облысында Торғай облысында атаман Дутов бастаған қазақтар мен Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда және эсерлер Кеңес өкіметіне қарсы күресті. Бірақ олар жеңіліске ұшырады. 1917 жылы 25 желтоқсанда Қостанайда күрес нәтижесінде кеңестер билігі орнады. (басшысы В. М. Чекшаров). 1918 жылы 8 қаңтарда Кеңестер Ақтөбеде билікке келді (басшысы В. Ф. Зинченко). 1918 жылы қаңтарда Торғай, Ырғыз уездерінде Кеңес өкіметі орнады. 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда Кеңес өкіметі орнады. Кеңестер билігі Солтүстік және Шығыс Қазақстанда Бұл өңірлерде Кеңес өкіметі күрес нәтижесінде орнады. 1917 жылы 22 қарашада Петропавлда Кеңестер билігін қолына алған Уақытша Революциялық Комитет билікке келді (басшысы И. Д. Дубинин). 1917 жылы 25 желтоқсанда Ақмолада Кеңес өкіметі орнады. 1917 жылы желтоқсанда Кеңес өкіметі Көкшетауда орнады. 1918 жылы 2 қаңтарда Атбасарда Кеңес өкіметі орнады. 1918 жылы 18 қаңтарда Өскеменде билік Кеңестердің қолына көшті. 1918 жылы 19 қаңтарда Павлодарда күрес нәтижесінде билік Кеңестердің қолына көшті. 1918 жылы 17 ақпанда Семейде Кеңестер билігі үкімет басына келді.
|