КВ дейінгі әр түрлі тағайындалған оқшаулағыштар.
Тіректік және желілік оқшаулағыштарды белгілеуде әріптер мен цифрларды қолданады. И әрпі оқшаулағышты білдірсе, Н – қалыпты даярлану, О- тіректік, С-өзекшелі, Ш-істікті, У-күшейтілген. Әріптерден соң дефис арқылы номинал желілік кернеуді білдіретін цифрлар тұрады, дефистан соң, иілуге жұмсалатын күштен минимал бұзылуды сипаттайтын цифр, кН. Мысал ретінде: - ИОС-110-400 типті оқшаулағыш: тіректі, өзекшелі, UHOM = 110 кВ кернеуде, иілуге жұмсалатын күштен минимал бұзылуы 400 кН; - ОНШ-35-2000 типті оқшаулағыш: тіректі, ісікті, қалыпты даярланған, UHOM=35 кВ ижәне иілуге жұмсалатын күштен минимал бұзылуы 2000 кН. Өзекшелі оқшаулағыштар 110 кВ дейінгі номинал кернеуде жасалады және иілуге жұмсалатын күштен минимал бұзылуы 1600 кН дейін, істікті оқшаулағыштар - штыревые изоляторы - 35 кВ жоғары номинал кернеуде және иілуге жұмсалатын күштен минимал бұзылуы 2000 кН дейін арналған. ТК оқшаулағыштар фарфорлы болып дайындалады (6-сурет). Олар барлық шаруашылық салаларында қолданылатын және 50 Гц ток жиілігдегі айнымалы және тұрақты 1000 В дейінгі номинал кернеуге есептелген әр түрлі аппараттар мен қондырғылардың ток жүретін бөліктерін оқшаулау үшін арналады. Оқшаулағыштар климаттық У және Т - МЕСТ 15150-69 және МЕСТ 15543.1-89Е сай, 2 және 3 орналасу категориялары бойынша дайындалады. Фарфорлы ТК оқшаулағыштар фарфор мен көзмоншақты бүлдіруге алып келетін, ток өткізгіш шаңды, агрессивті газды және шоғырланған булы ортада қолдануға жарамсыз. Қоршаған орта жарылысқа қауіпсіз болуы керек. Оқшаулағыштың беті 6-суретте штрих-пунктирмен көрсетілген жерден басқа жерлер боялған көзмоншақпен қапталады. Суреттегі штрих-пунктирмен көрсетілген оқшаулағыш көзмоншақпен қапталмайды. РЩ сериялы (6, а-сурет) және РП сериялы (6, б-сурет) оқшаулағыштар жиілігі 50 Гц, 500 В дейінгі оқшауланған сымдарды бекітуге арналған. 380/220 В кернеулі тораптарға фарфорлы ШН-1 және ШН-1м типті, және шыны ТСМ-2 типті (6, в-сурет) қолданылады. Оқшаулағыштардың шартты белгілену құрылымы: - РШ-ХУХЛ2 және РП - ХУХЛ2 Р - ролик, Ш – шнурды бекітуге, П – өткізгішті бекітуге, X - шнур мен өткізгіштің максимал қимасы, мм (2,5;4;6), УХЛ2 – климаттық даярлануы мен орналасу категориясы МЕСТ 15150-69 және МЕСТ 15543.1-89Е бойынша.
Шиналық құрылым. Түрі және қимасы, бояуы. Шиналарды таңдау және тексеру.
|