Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Билет-12





1.Оқушыларды сыныптан тыс оқуға баулудың әдістері
Бірінші қыркүйекте алты жасар кішкентай бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, тек жеткіншек уақытында ғана мектеппен қоштасады. Алда ұзақ та қиын оқу жылдарында балаға қуаныш сыйлау өте маңызды. Сол, қуанышты тек кітап қана сыйлай алады деуге болады.
Әр адамның өмірінде, қоғамда кітаптың маңызы өте зор.
Бала кітаппен мектепке келген күннен бастап танысады.
Кітап болашақты өткен өмірмен байланыстырады. Кітап - өмірді ашу кілті, жақсылық пен жамандықты ажырату кілті.
Сыныптан тыс оқу бірінші оқу аптасынан бастап сауат ашу мен ана тілі сабағымен қатар жүреді, балаларды үлкен әдебиет өмірімен таныстырады, баланың өз еркімен оқуын қалыптастырады.
Бірінші сыныпта сабақтан тыс оқу мынадай екі кезеңде іске асырылады: бірі алғашқы оқу жылының бірінші жартысында дайындық жүргізіледі. Яғни, бірінші қыркүйектен 10 - 15 қаңтарға дейінгі кезең. Екіншісі, 10 - 15 қаңтардан 25 мамырға дейінгі кезең. Бірінші сынып бағдарламасында бұл кезеңдерде оқушыға білім беру жолдары анық көрсетілген. Сыныптан тыс оқу дайындық кезеңінде 20 - 25 минутқа созылуы мүмкін.
Сыныптан тыс оқуды мұғалім ұйымдастырады. Соның бірі «сыныптан тыс оқу» сабағы.
Үй - іші, ата - анасының көмегімен сыныптан тыс оқуға дайындық жасалады. Алғашқы жартыжылдықта балалар өз бетінше оқи алмайды, тек мұғалімнің оқығанын естіп, тыңдайды. Мысалы: ертегі, қызық әңгіме, өлең үзінділері, тақпақ, т. б.
Оқу жылының бірінші жартысында әліппе кезеңінде сыныптан тыс оқуды былайша жоспарлаймыз. Оқу жөнінде қысқаша түсінік беріп, әңгіме өткізіледі. Бір мәтінді алып мұғалім дауыстап оқып береді. Одан кейін қысқаша түсінік беріледі. Бір жұмадан кейін оқушылардың шамасы келетіндей кітаптарды белгілеп, әңгіме өткізіп, тапсырма беріледі.
Кітаптың көлемі 8 беттен 30 бетке дейін болуы мүмкін, міндетті түрде үлкен форматты болуы керек.
Оқу жылының бірінші жартысында оқылған әңгіме, ертегі, өлеңнің аты мен авторы сол шығарманы оқып болғаннан кейін таныстырған жөн. Алдымен оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:
- Балалар, сендердің қызығып тыңдаған әңгімелеріңді кім жазған?
- Ол жазушыны естеріңде сақтадыңдар ма?
Автордың кітаптарын тағы да оқығыларың келсе, жазушының, ақынның аты - жөнін ұмытпай біліп алыңдар деп ескертеміз. Балалар кітапты кім жазғанын айтады.
Сыныптан тыс оқудың әдіс - тәсілдеріне тоқталайық.
Оқылатын ертегі, әңгіме, өлеңді алдымен мұғалім оқиды. Әр сөзге дұрыс екпін түсіріп, тыныс белгілеріне тоқтап, дұрыс оқуға бағыт береміз.. Мәтін оқылып болған соң, ондағы әр сөздің оқушыға түсінікті, түсініксіздігін тексеріп байқаймыз. Мәтіндегі сөз, сөз тіркестерін дұрыс ұғатын болса, онда оқушы мәтін мазмұнын тұтас түсінеді деуге болады. Егерде мәтін ішіндегі бірнеше сөздің не екенін, мағынасын түсінбейтін болса, күні бұрын дайындалған сабақ көрнекілігін, суреттерді пайдаланып мағынасын ашуға көмек беру ескеріледі. Сондай - ақ, сол сөздерді кіріктіріп сөйлем құрату тиімді.

Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту.

Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты – оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.
Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп.
Қорытынды.
Оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Әдебиет сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан – жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады. Сыныптан тыс оқыту оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстарды әрі дамытып, жалғастыру мақсатын көздейді. Оны жүзеге асыру жолында мұғалім ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде пайдалана білуі қажет. Бұл шаралардың бәрі мұғалімнен көп ізденісті күтеді. Қорыта келгенде, сыныптан тыс оқытуды жүйелі түрде таңдап алғанда, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1316. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия