Студопедия — ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан






Қазақстанды басқарудың әкімшілік-территориялық және сот реформалары. 1867 жылы 11-ші шілдеде бекітілген «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ереже». 1868 жылы 21-ші қазанда бекітілген «Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже». Қазақстан территориясының 3 генерал-губернаторлыққа біріктіріліп басқарылуы. Генерал-губернаторлықтардың орталықтары. Уақытша Ережеге байланысты қазақ жерлері Ресей империясының меншігі. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Бөкей ордасының Астрахань губернаторлығына енгізілуі. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақтардың әкімшілік-орталық аппарат жүйелерінде қызметінің шектелуі. Реформа бойынша сот және салық жүйесіндегі өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы патша үкіметінің әкімшілік-территориялық реформаларының енгізілуіне байланысты туған ұлт-азаттық көтерілістер (1870-1873 жж.). 1886 жылғы «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереже», 1891 жылғы «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі Ереже». Аталған облыстар құрамына енген уездер. Дала генерал-губернаторлығының құрылуы. ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ жерінің территориялық-әкімшілік құрылымы. 1886 және 1891 жылғы Ережелерге байланысты барлық буындағы отаршыл-әкімшілік жүйенің одан әрі жетіле түсуі. Көшпелі және отырықшы тұрмыстағы халыққа белгіленген алым-салық пен міндеткерліктер. Сот жүйесіндегі өзгерістер. Жалпы империялық сот позициясының нығая түсуі.

Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1891 жылғы Дала Ережесінің жер мәселесіне байланысты отаршыл сипаты. Сібір темір жолы Ерекше комитетінің аграрлық саясатын жүргізудегі ролі. Ф.Щербина экспедициясының қызметі. Қоныс аудару қозғалысы. Қоныстанушылар. Қоныстанушылар орналасқан аудандар. Переселен деревнялары. Өкімет орындарының оларды орналастырудағы саясаты. ХІХ ғ. 2-ші жартысында Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару және оларға жасалған жеңілдіктер. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке. ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында Қазақстанға қоныс аударған қоныстанушы шаруаларға жер бөлудің түрі. ХХ ғасыр басында Қазақстандағы қоныстандыру қоры жұмысының негізгі бағыттары.

Ресей әскерінің Іле аймағына кіргізілуі және жергілікті ұйғырлар мен дұнғандарды қытайлар тарапынан жазалау шараларынан қорғау. 1881 ж. Санкт-Петербор келісімі. 1881-1884 жж. Жетісуға Іле аймағына ұйғырлар мен дұнғандардың ерікті түрде көшуінің жүзеге асырылуы. 1883 жылдан бастап Жетісуда қоныс аударушыларға берілген жеңілдік. Қоныс аударудың экологиялық зардаптары. Қоныс аудару қозғалысының әлеуметтік-экономикалық және саяси нәтижесі. Жергілікті халық пен қоныстанушылардың арасалмағы. Қазақтардың белгілі бір бөлігінің отырықшы тұрмысқа өте бастауы. Қазақ ауылына нарықтық қатынастың енуі. Мал құрамындағы өзгерістер. Қазақ қоғамында әлеуметтік жіктелудің күшеюі.

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп орындары қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері және сипаты. Қазақстанның қалалары. Олардың орналасуы. Қалалар – Қазақстанды отарлық қанаудың әкімшілік орталықтары. Қалалардың экономикалық өмірі. Қалалардың халқы, әлеуметтік-демографиялық құрамы. Қазақстанның жер қыртысы байлығын игеру шаралары. Орыс капиталының тау-кен өндірісіне шоғырлануы. Тас көмір және мыс қорларын игерудің басталуы. Металл өндіру заводтарының пайда болуы. Алғашқы өнеркәсіптік акционерлік қоғамдардың құрылуы. Қазақстандағы өнеркәсіп орындарында жалдамалы жұмысшылардың қалыптаса бастауы. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ.басында қазақ буржуазиясы және сауда. ХІХ ғ. аяғында шетел капиталистерінің тау-кен өнеркәсібінде белсенділігінің артуы. Ауыл шаруашылық шикізат өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп орындарының дамуы. ХІХ ғасырдың ортасындағы жәрмеңкелер. ХІХ ғасырда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланысы. Бұқтырма, Семей, Петропавлдың Синьцзянмен сауда жасау орталықтарына айналуы. Жергілікті халықтан жұмысшы мамандардың қалыптасуының ерекшеліктері. ХХ ғ. басындағы Орынбор - Ташкент темір жолы құрылысы. ХІХ ғ. аяғында Қазақстанда дамыған өндіріс саласы.

ХҮІІІ ғ. - ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті. ХҮІІІ ғ. Қазақстандағы Ресей экспедициясы.Қазақ әдебиеті. Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Тәттіқара, Үмбетай Тілеуұлы, Шал Күлекеұлы.Ревалюцияға дейінгі қазақ музыка өнерінің өкілдері Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Біржан Қожақұлы, Ақансері және басқалар. Құрманғазының "Кішкентай", «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлері.

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы ғылым, ағартушылық және реформаторлық бағыттар. Ш.Ш.Уәлиханов (1835-1865 жж.). Омбы кадет корпусын бітіріп, Гасфорттың адъютанты лауазымына тағайындалуы. Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің маңызы. Ш.Уәлихановтың ориенталистика саласындағы еңбегі. Ш.Уәлихановты бүкіл әлемге танымал еткен еңбегі. Ш.Уәлихановпен дос орыс жазушы – демократтары.

Ы.Алтынсариннің; өмір сүрген жылдары. Ы.Алтынсариннің алғашқы қазақ мектебін ашуға атсалысуы. Ы.Алтынсарин Торғай облысында мектеп инспекторы қызметінде. ХІХ ғ. 80-ж. Торғай облысының Ырғыз қаласында қазақ қыздары үшін алғашқы оқу орнының ашылуы. Қазақстанда қазақ балаларын оқыту үшін еуропалық түрдегі мектептердің ашылуы және олардың басты мақсаты. ХІХ ғ. Қазақстанда патша өкіметі мектеп медреселерді ашуға кедергі жасауы. Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» еңбегі.

Абай Құнанбаевтың; өмір сүрген жылдары. А.Құнанбаевтың еңбектері. Абайдың «Қара сөздері» философиялық-этикалық көзқарас тұрғысындағы еңбек. Абайдың орыс жазушы достары және олардың еңбектерін қазақ тіліне аударуы. А.Құнанбаевтың қазақ мәдениетінің дамуына қосқан үлесі.

Орыс тарихнамасындағы Қазақстан. ХІХ ғ. бірінші жартысында жарыққа шыққан А.И.Левшиннің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының суреттемесі» атты қазақ тарихы туралы алғашқы жан-жақты еңбек. Семенов-Тянь-Шаньский Жетісудың табиғатын зерттеуші орыс ғалымы. Затаевич қазақ халқының «1000 әні мен 500 күйін» жинағын композитор, әрі этнограф ғалым. Ресейден Қазақстанға саяси жер аударылғандардың идеялық бағыттары.

1888-1902 жж. тұңғыш қазақ тіліндегі «Дала уәлаяты» мерзімді басылымның жарыққа шығуы. «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті. Шығарушы редакторлары, идеялық бағыттары.

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі – ХХ ғ. басы.). Қазақ ұлттық интеллигенциясының реформаторлық қозғалысының ерекшеліктері. 1905-1907 жж. орыс революциясының маңызы және оның Қазақстанға әсері. ХХ ғасырдың басында 300-ден астам жұмысшысы бар ірі өнеркәсіпорны. 1905 ж. желтоқсанда Успенск руднигіндегі тау-кен жұмысшыларының ірі және ұйымдасқан толқуы. Успенск руднигі жұмысшыларының құрған ұйымы. 1905 ж. Қарқаралы петициясы. І, ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған қазақтар. Б.Қаратаевтың ІІ Мемлекеттік Думаның секциялық мәжілісінде Қазақстандағы патша өкіметінің аграрлық саясатын сынға алуы. М.Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы. Столыпин аграрлық реформасы Қазақстанда жүзеге асырылу барысы және нәтижелері. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстаннан 45 млн. десятина жердің қонысаударушыларға алынуы. «Қара жұмысшалар одағының» құрылуы.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 3746. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия