Фурункулды консервативті емдеуден бастайды, қабыну ошағын 70% этил спирті, 2% салицил спирт ерітінділерімен сүртіп, УЖЖ, т.б. физиопроцедуралар жасалады. Іріңдеу кезеңінде, іріңдікті тіліп ашып, өліеттерден тазартып, антисептиктермен жуып, жара тазарғанша протеолиттік ферменттер, натрий хлордың 10% ерітінділеріне малынған дәке (марля), резина дренаждар қойылады, жараны ультракүлгін сәулесімен қыздырады (8-сурет,).
Тазарған жараларды антисептикалық майлармен таңу салып, емді жалғастырады. Операциядан кейінгі жара емдеу нәтижесінде жетіліп, тыртықтанып жазылады (9-сурет). Фурункулдың лимфангиит, лимфаденит, тромбофлебит, менингит, сепсиспен асқынған түрлерінде науқастарды жедел ауруханаға жатқызып, антибиотиктер, сульфаниламидтер, инфузиялық, иммундық терапиялар жүргізіледі.