Этиология, патогенезі: ауруды көбінесе алтын түсті стафилококктар тудырады, инфекция микрожарақаттар арқылы түседі. Қант диабеті, авитаминоз, терінің қышымасы, аллергия ауруларында фурункул, фурункулез жиі кедеседі. Фурункул пустуладан басталып, инфекция шаш фолликуласынан терінің емізікшелі қабатына тарағанда қабыну инфильтраты пайда болады. Инфильтраттың ортасындағы шаш түбірі некрозданады, айналасында ірің түзіледі. Іріңдік жарылып, өліеттенген шаш түбірі сыртқа шыққанда, терідегі жара тазарады, грануляцияланып, дәнекер тін өсіп, тыртықтанып жазылады. Науқастарды қабынған жердің ауырсынуы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі мазалайды.
Клиникалық көрінісінде: шаш түбінде инфильтрат, ортасында болар болмас іріңдік (пустула), айналасында гиперемия анықталады (6-сурет).