Емдеу принциптері.
Хирургиялық іріңді процестерді емдеуде олардың түрі, көлемі, локализациясы, ағымы, т.б. ерекшеліктері ескерілуі қажет. Негізгі емдеу принциптері нозологияның этиологиясы, патогенезіне сай бағытта, кешенді түрде: консервативті және операциялық ем жүргізілуі тиіс. Консервативті ем: а) антибактериалды; ә) энзимотерапия (протеолиттік ферменттерді қолдану): б) физиотерапиялық ем (компрестер, ультракүлгін, лазер сәулесімен емдеу, УЖЖ, электрофорез жасау); в) қабынған мүшенің қимылын шектеу (иммобилизация); г) қабынудың бастапқы инфильтративті кезеңінде новокаин – пенициллин блокадасын (бөгеу) жасау. Қол-аяққа циркулярлы, футлярлы, маститте ретромаммарлы новокаин блокадаларын қолдану; ғ) дезинтосикациялық терапия (қан, қан алмастырушы сұйықтықтарды құю). Хирургиялық ем: Гиппократтың көне заманда айтылған қағидалары – «ubi pus ibi evacua» (ірің бар жерді міндетті түрде тіліп ашып, іріңін эвакуациялау) күні бүгінге дейін қолданылады. Қабынудың іріңдеу кезеңінде іріңдіктерді пункциялау, оперативті жолмен тіліп ашу, антисептиктермен жуып тазалап, дренаждау қажет. Дененің жабық қуыстарының іріңді қабынуларында дәл осылай ем жүргізіледі. Антибиотиктерді тағайындау ережелері: а) аллергиялық анамнезін анықтау; ә) қосалқы ауруларын сұрастыру; б) қабынудың этиологиясын және қоздырғыштардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін жарадан жағынды алу; в) антибиотиктердің ағзаға кері аллергиялық, токсикалық әсерлерін ескеру (1-кестеде). 1-кесте.
|