Оқу пәнін бақылаудың түрлері
Бақылау түрлері: Ағымдағы бақылау: библиографиялармен жұмыс істеу, белгілі бір тақырыпқа сәйкес дөңгелек үстелдер өткізу, тренингтер, реферат жаза білу, тақырыпқа сәйкес баяндама жаза білу, СӨЖ тапсырмаларын орындау. Ағымдағы бақылау (ауызша, жазбаша бақылау жұмыстары): ауызша әңгімелесу, лингвистика салаларына қатысты реферат жазу, лексика-грамматикалық тесттер мен тапсырмалар. Қорытынды бақылау: емтихан – тест Студент дәріс және практикалық сабақтарға толық қатысуы керек, СӨЖ тапсырмаларын өз уақытында тапсыруы керек. Келмеген сабақтардың тапсырамаларын басқа белгіленген уақытта тапсыруы керек. Барлық сабаққа дайындалып келуі керек. Ол сабақтар тексеріліп отырады және ол бағалар қорытынды бағаға әсерін тигізеді. Жазбаша бақылау жұмыстарына қойылатын талаптар: Студент өтілген тақырыпты меңгеруі тиіс, берілген тақырыпқа жазбаша баяндама жасай білуі керек. СӨЖ тапсырмаларын орындауға қойылатын талаптар:әр студент тапсырманы жеке орындап, жұмыс талапқа сай қойылған уақытта тапсырылуы керек. Реферат жазуға қойылатын талаптар:реферат жазуда оның жазылу құрылымын, ресімделу тәртібін қатаң сақтай білу керек (жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет тізімі). Сыртқы беті стандарт бойынша компьютерде терілуі керек. Әдебиет тізіміне сілтемеде қолданылған дереккөздер кіреді. Орындалған жұмыстың көлемі басылған 15-20 беттен тұрады. Емтихан тапсыруға қойылатын талаптар: Емтихан кешенді 2 кезеңде өткізіледі (тестілеу және ауызша сұрау) Қорытынды емтихан барлық өтілген материалды қамтып, студенттің білімін бақылауға арналады.
|