Студопедия — Сальмонеллез
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сальмонеллез






Анықтамасы. Сальмонеллез – сальмонелла бактерияларымен қоздырылатын, фекальды-оральды механизммен берілетін, жиі гастроинтестинальды, сирек жайылмалы түрлерінде өтетін жедел антропозоонозды ауру.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда басқа елдерде сияқты аурудың өсуі жылдан жылға өсуде. Жедел ішек инфекцияларының ішінде сальмонеллез дизентериядан кейін кең тараған ауру. Әр жерде сальмонеллездің эпидемиологиялық және құрылымдық ерекшеліктері бар.

Тарихи мәліметтер. Ежелгі уақыттан бері тағамдық азық -түлікті қолданудан пайда болатын аурулар белгілі. Бұл ауруларды белоктар шірігенде пайда болатын улы заттармен байланыстырды. 1885 ж. Д. Сальмон және Т. Смит В. Suipestifer микроорганизмін бөліп алды — олар шошқа обасының қоздырғышы деп есептеді. Аурудың негізгі ссбебін 1888 ж. неміс ғалымы А. Гертнер дәлелдеді, ол өлген адамның организмінен және ол тағам ретінде қолданылған сиыр етінен В. Suipestifer ұқсас микроорганизмді тапты, осы арқылы адамдар және жануарлар арасында сальмонеллездің бактериалды этиологиясын негіздеді. 1934 жылы Халықаралық номенклатуралық комиссия морфологиялық және биохимиялық құрамы ұқсас қоздырғыштар тобын сальмонелла, олар шақырған ауруды - сальмонеллез деп аталады.

Этиологиясы. Қоздырғышы Грам (теріс) таяқшалар, аэробты, спора түзбейтін, қарапайым қоректік ортада өсетін Salmonella тобына, Enterobacteriacae тұқымдастығына жататын бактериялар. Қоректік ортада, агарда сальмонеллалар түссіз түрден ақ - сұр түсті колониялар түзеді. Олардың ферментативті қасиеті бар. Грам- (теріс) сальмонеллалар экзотоксиндер өнімдейді. Олардың ішінде – ішек қуысына сұйықтық пен тұздардың бөлінуін (секрециясын) күшейтетін энтеротоксиндер және ішектің шырышты қабатының клеткаларындағы белок- синтездік процестерді бұзатын және цитомембранаға әсер ететін цитотоксин.

Бактериялар бұзылған (өлген) кезінде бөлінетін эндотоксин жалпы улану синдромының себепшісі болып табылады.

Сальмонеллалар О және Н-антигендерге ие. О-антиген-соматикалық термотұрақты (термостабильді) антиген. Оның компоненттерінің бірі-Vi-Аг Н-антиген-талшықты, термолабильді Аг.

Сальмонелла тобына жататын микробтарды жіктеу, олардың антигендік құрылымына негізделген. Уайт — Кауфман кестесінде жақсы көрсетілген (1934 ж.). Барлық сальмонеллалар мынадай серологиялық топтардан тұрады: А, В, С (1, 21), Д, Е (12, 34) т.б. Қазіргі кезде сальмонеллалардың 2200 — дай серотиптері бар. Олардың ішінде 700 артық адамдарда кездеседі. Жиі кездесетін сальмонеллалар: S. typhimurium, S. heidelberg, S. enteritidis, S. newport, S. anatum, S. derby, S. london, S. panama. Сальмонеллалар әртүрлі физикалық және химиялық факторлар әсеріне төзімді. Сүт және дайын ет тағамдарда, азық - түліктің органолептикалық құрамын және сыртқы түрін өзгертпей 4 айға дейін сақталады жене көбееді. Сальмонеллар тұздауға, булауға, қышқылдардың әсеріне және жоғары, әсіресс төменгі температураға төзімді.

Эпидемиологиясы. Сальмонеллез жеке спорадикалық жағдай ретінде, сонымен қатар эндемиялық өршітпе түрінде кездеседі. Сальмонеллездің эпидемиологиялық ерекшеліктерінің бірі - әлемнің көптеген, әсіресе экономикалық дамыған елдерінде сырқаттанушылықтың өсуіне айқын бейімділігі.

Сальмонеллездің негізгі инфекция көзі ауылшаруашылық жануарлары мен құстары, сальмонеллезбен ауыратын науқастар, немесе бактериотасымалдаушылар, берілу механизмі- фекальды-оральды, жұғу жолдары - алиментарлы, су арқылы, тұрмыстық-контактілі. Сальмонеллездің негізгі жұғу жолы — алиментарлы, ал инфекцияның берілу факторлары болып әртүрлі тағамдық азық - түліктер (мал, балық, шаян, устрица моллюск, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері және т.б.). Су инфекцияның тікелей немесе жанама берілу факторы ретінде саналады.

Соңғы жылдары "госпиталдық" сальмонеллез жағдайлары
біршама жоғарылады, инфекция көзі тек адам болып табылады (жиі науқас балалар, сирек қызметкерлер, аналар, босанатын әйелдер). Бұл ошаққа біртіндеп даму және ұзақ болуы, үрдіске бір жастағы балалар көп араласады және жоғары өлім дәрежесімен аурудың ауыр клиникалық ағыммен өтуі тән.

Патогенезі. Сальмонеллездің патогенезінің бірқатары әлі анықталмаған. Аурудың манифесті түрлері даму үшін, асқазан - ішек жолына сальмонелла токсины ғана емес, сонымен қатар, тірі қоздырғыштары енуі керек. Асқазанда жойылмаған сальмонеллалардың негізгі тобы ішекке өтіп, он екіелі және ащы ішек тіндеріне тез енеді. Ішекте қалған сальмонеллалардың біршама бөлігі, ферменттер және басқа қорғаныс субстанциялардың әсерінен өледі немесе нәжіспен сыртқа шығарылады. Тіндерде негізінен lamina propria-да сақталған сальмонеллалар көбееді.

Инфекцияның жайылмалы кезінде, қоздырғыштың жиналуы мен көбеюі, сонымен қатар, мезентериальды түйіндерде, көкбауырда және бауырда жүреді. Макрофагтар цитоплазмасында сальмонеллалар орналасуы және көбею қасиетіне байланысты, бұл үрдіс біршама деңгейде жеңілдейді.

Сальмонеллалардың организмде жиналуымен бірге, олардың интенсивті түрде жоюлуы мен ыдырауы, токсиндерінің шығуы жүреді, соған сәйкес бұл жасырын кезеңінің аяқталуын және интоксикация синдромының басталуын білдіреді.

Сальмонеллалар эпителиальды тосқауылдан
өтіп, макрофагтар және лейкоциттермен жұтылғаннан кейін пайда болады. Нәтижесінде сальмонеллалардың жоюлуы ғана емес, сонымен қатар сальмонеллалардың эндотоксиндерінің мен метаболизм өнімінің әсерінен фагоциттердің және басқа да жасушаларының бір бөлігі өледі, сонымен қатар токсиндерінің гистаминнің және басқа биологиялық белсенді заттардың (серотонин, катехоламин, кинин және т.б. қосымша бөлігі) босатылады. Биологиялық белсенді заттар аденилатциклаза жүйесі мен простагландиндер арқылы, асқазан - ішек жолы жағынан жақсы белгілі арнайы емес функциональды - морфолоғиялық бүзылыстар кешеніне алып келеді.

Эндотоксиндерге организмнің жалпы реакциясы көптеген мүшелер мен жүйелерде функциональды- бейімделу үрдістерінің бұзылуымен сипатталады.

Улы заттардың әсерінен жүйке - эндокриндік жүйе жағынан реттеу қызметінің бұзылуы жүреді, зат алмасу үрдісөзгереді, бұл асқорыту және жүрек - қантамыр жүйесі қызметінде көрініс табады және патологиялық үрдіске макроорганизм жағынан жауап реакция кешенінің қосылуына алып келеді (дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өту және т.б.).

Мембраналардың өткізгіштігінің өзгеруі нәтижесінде ішек саңлауына су мен тұздардың көп мөлшері түседі, ол су- электролиттік тепе-тендіктің бұзылуына алып келеді.

Сұйықтықтың көп мөлшерде жоғалуы айналымдағы қан көлемінің азаюына, артериальды қысымның төмендеуіне және гипоксияның дамуына алып келеді. Өз алдында гипоксия тіндердің метаболизмнің бұзылуына және ацидоздың дамуына жағдай жасайды. Әрі қарай интоксикацияның күшеюі негізінен алмасу үрдісін бұзылуы нәтижесінде жүреді, ол қанда тотықпаған өнімдерінің мөлшерінің және гистамин тәрізді заттардың деңгейінің жоғарлауына жағдай жасайды, нәтижесінде капиллярлары кеңееді, олардың адреналинге реакциясын тосқауылдайды.

Аталып өткен өзгерістер нәтижесінде организмде «қайта айналып соғу шеңбері» түзіледі, негізгі ролі қантамыр бүзылыстарына тиісті, қосымша ОЖЖ, бауыр, бүйрек үсті безі, бүйрек және басқа мүшелер жағынан функциональды және биохимиялық өзгерістер болады.

Жайылмалы түрінде сальмонеллалардың жиналуы мен көбеюі ішкі мүшелер мен лимфа түйіндерінде жүреді. Бұл жағдайда ауру сүзек тәрізді вариантта өтеді немесе (организмнің төмен резистенттілігі кезінде) септикопиемия дамиды.

Патанатомиясы. С альмонеллездің ең жиі кездесетін гастроинтестинальды түрінде ісіну, гиперемия, асқазан ішек жолының шырышты қабатында ұсақ қан құюлулар анықталады. Гистологиялық тексеру кезінде шырыштың көп мөлшерде бөлінуі және эпителийдің десквамациясы, шырышты қабаттың беткей некрозы, қантамырлық бұзылыстар, арнайы емес жасушалық инфилътрация табылады.

Аурудың ауыр ағымында және септикалық түрінде көрсетілген өзгсрістерден басқа, бауырда, бүйректерде және т.б. мүшелерде дистрофия белгілері мен некроз ошақтары байқалады. Көптеген науқастарда морфологиялық өзгерістердің кері дамуы аурудың 3-ші аптасында басталады.

Клиникалық көріністері. Тәжірибеде сальмонеллездің келесі жіктелуі қолданылады:

I. Гастроитестинальды түрі:

1) гастриттік вариант

2) гастроэнтериттік вариант

3) гастроэнтероколиттік вариант

II.Жайылмалы түрі:

1) сүзек гәрізді вариант (сирек)

2) септикопиемиялық вариант (өте сирек)

III. Бактериотасымалдаушылық;

1) жедел

2) созылмалы

3) транзиторлы

 

Сальмонеллездің ең жиі гастроинтестинальды түрі кездеседі, ол ауырлығы бойынша жеңіл, орташа ауырлықтағы және ауыр ағымына бөлінеді. Ауру ағымының ауырлығы сусыздану мен интоксикацияның дәрежесіне байланысты анықталады. Сусызданудың дәрежесі В.И. Покровскийдің жіктелуіне (1978 ж.) сәйкес бөлінеді.

Сальмонеллез кезінде жасырын кезең 2 - 6 сағаттан 2 - 3 күнге дейін созылады. Ауру көп жағдайда жедел басталады.

Гастриттік вариант сирек дамиды. Гастриттік синдромға тән белгілер: жүректің айнуы, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, құсу. Кей жағдайларда құсу қайталамалы сипатта болуы мүмкін. Іштің өтуі әдетте болмайды. Науқастың іші өтсе, дәреттің жиілігі тәүлігіне 5 реттен аспайды, нәжістің сипаты ботқа тәрізді болады. Міндетті түрде интоксикация белгілері болады. Көбінесе ол қысқа мерзімді және жеңіл немесе орташа дәрежеде болады.

Гастроэнтериттік вариант - жиі кездесетін, сальмонеллезге аса тән вариант.

Гастроэнтериттік синдромға тән белгілер: жүректің айнуы, құсу, іштің кіндік аймағында, илеоцекальды (оң жақ мықын) аймағында ауыру сезім. Құсу көбінесе қайталамалы, тоқтаусыз болады. Іш аймағында метеоризм, пальпация кезінде эпигастрий, кіндік, илеоцекальды аймақтарында ауыру сезім анықталады, кейде іштің құрылдауы байқалады. Нәжіс сұйық, көп мөлшерде, нашар иісті, қоңыр, сары және жасыл түсті. Ауру жедел басталады. Интоксикация белгілері орташа деңгейде болады.

Гастроэнтероколиттік вариант – сирек кездесетін сальмонеллездің атипті варианты. Ауру типтік түрінде басталып, сосын клиникалық ағымы жедел дизентерияға ұқсап кетеді. Айырмашылығы: дизентерия кезінде ауру колиттік синдромнан басталады, ал сальмонеллез кезінде колиттік синдром гастроэнтериттік синдромнан кейін қалыптасады. Таза колиттік синдромға тән белгілер: іштің сол жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауыру сезім, ішектің спазмі, патологиялық қосындыларымен (шырыш, қан) аз мөлшерлі жиі нәжіс. Дефекацияға жалған шақырыс пайда болуы мүмкін.

Сальмонеллездің гастроэнтероколиттік түрінде ішектегі RRS көрінісі катаральды, катаральды – геморрагиялық, катаральды-эрозивті проктосигмоидитке тән болады.

Сальмонеллездің барлық варианттары жедел басталады. Бастапқы кезеңде асқазан ішек жолының зақымдалуымен интоксикация белгілері байқалады. Бірінші кезекте интоксикация белгілері: жалпы әлсіздік, бастың ауруы, гипертермия, қалтырау, ал кейіннен асқазан ішек жолының зақымдалуы тіркеледі. Интоксикация белгілерінің ұзақтығы және айқындылығы әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе дене температурасы 38-39◦ С-қа дейін 2-4 күнге созылады.

Сальмонеллезбен ауыратын науқастарда іштің ауыруы тұрақты симптом болып табылады. Іштің пальпациясы кезінде жайылмалы ауру сезім анықталады, кей жағдайда ауру умбиликальды немесе эпигастральды аймақта орналасады. Іштің эпигастральды, умбиликальды және оң жақ мықын аймақтарында құрылдау жиі анықталады. Аурудың гастроинтестиналды түрінде асты сіңіру, қорыту және моторлы-эвакуациялық қызметтері тежеледі; ішектің қалыпты биоценозы бұзылады, бұл асқазан — ішек жүйесінің бұзылысына жағдай туғызады және күшейтеді. Тоқ ішекте диффузды катаральды қабыну белгілері байқалады. Патологиялық процесске ішекпен бірге ұйқы безі мен бауыр қосылады. Бұл мүшелердің бұзылысы тез өтпелі сипатқа ие, бірақ кейде процестің созылмалы ағымы болуы мүмкін. Ішектің функциональды жағдайы клиникалық жазылудан кейін біршама кеш қалыпқа келетінін атап өту керек. Бір қатар науқастарда сіңіру және қорыту (әсіресе, майларды сіңіру мен қорыту) қызметтерінің бұзылысы бірнеше ай бойы сақталуы мүмкін.

Сальмонеллезге жүрек - қантамыр жүйесінің зақымдалуы тән. Бұл кезде қантамырлық бұзылыстар жетекші орын алады, олар жүрек қызметінде екіншілік өзгерістер шақырады. 5 — 7 % - науқастарда коллапс дамиды.

Миокардтың зақымдалуы жүрек тондарының бәсеңдеуімсн, экстрасистолияның пайда болуымен, сирек жүрек ұшында систоликалық шу, ЭКГ өзгерістермен көрінеді.

Бүйректердің қан айналымының бұзылысы мен су-электролиттік тепе-теңдіктің өзгерістері, бүйректің жедел жетіспеушілігінің себебі болуы мүмкін. Токсико- инфекциялық шок дамығанда көп ауытқулар байқалады, бұл кезде айналымдағы қан көлемі төмендеуі бүйректегі қанның ағуын азайтады, микроциркуляция бұзылыстарына алып келеді.

Сальмонеллездің гастроинтестинальды түрінде су-электролиттік өзгерістер
айқын көрінеді. Дегидратация, электролиттердің дисбалансы, микроциркуляцияның бұзылысы, сонымен қатар гормональды ауытқулар қышқыл — сілтілік тепе — теңдіктің бұзылыстарынан метоболикалық ацидозға жағдай жасайды. Қанда бірқатар жағдайда гемоглобин мен эритроциттер деңгейі жоғарылайды; аурудың алғашқы сағаттарының өзінде орташа дәрежеде нейтрофилдік ауытқумен лейкоцитоз анықталады, ол таяқша ядролық элементтердің, сонымен қатар жас түрлері — миелоциттерге дейін жоғарлауымен көрінеді.

Сүзек тәрізді варианты. Бастапқыда гастроинтестинальды түріне ұқсас, бірақ 3
-7 күнде аяқталмайды, іш сүзегіне тән симптомдарға ие болады. Қызба толқын -
тәрізді немесе дұрыс емес типті 38-39◦С-қа дейін, 10-14 күнге созылады. Әлсіздік, адинамия, ұйқының бұзылуы, басының ауруы, іштің керілуі күшееді.
Бауырдың, көкбауырдың үлкеюі тұрақты түрде анықталады. Брадикардия
дамиды. Жиі лейкоцитоз лейкопенияға ауысады, таяқша ядролық элементтердің көбеюі сақталады. Кей жағдайда ауру интоксикация белгілерінен басталуы мүмкін: бас ауру, жоғары температура, қалтырау, әлсіздік, Гастроэнтерит синдромы әлсіз білінеді немесе болмайды. Науқас әлсіз. Бет-әлпеті бозғылт. Көз жанары инъецирленген кейде субиктериялық болуы мүмкін. Кейдс кеуде және іштің терісінде розеолезді бөртпе пайда болады. Бауыр мен көкбауыр ұлғаяды.

Сальмонеллездің с ептикопиемиялық варианты сепсис тәрізді өтеді. Гастроэнтериттік вариант бойынша өтетін бастапқы кезеңнен кейін, гектикалық сипаттағы температура, бас ауру, аяқтың бұлшықеттерінің ауруы, қалтырау, терлеу, тахикардия пайда болады. Сандырақтау мен қозу болуы мүмкін. Науқастың тері қабаты бозғылт, кейде сарғыш — жасыл түсті, петехиальды немесе геморрагиялық бөртпелер болады. Әртүрлі екіншілік септико — пиемиялық ошақтардың (пневмония, плеврит, эндокардит, жұмсақ тіндерінің абсцесі, флегмонасы, пиелит, цистит, периостит, артрит, остеомиелит, ирит, иридоциклит және т.б.) қалыптасуы және бауыр мен көкбауырдың үлкеюі тән. Сонымен қатар, септикопиемиялық варианты жеке мүшелердің жергілікті зақымдалуымен, хрониосепсис тәрізді өтуі мүмкін.

Гемограммада: лейкопения, анэозинофилия, лейкоформуланың солға ығысуы, кейде –орташа деңгейдегі лейкоцитоз.

Сальмонеллезбен ауырғаннан соң жедел немесе созылмалы бактериятасымалдыушылық қалыптасуы мүмкін.

Ең жиі жедел бактериятасымалдыушылық кездеседі, бұл кезде клиникалық жазылудан кейін 15 күннен 3 айға дейін қоздырғыш бөлінеді. Егер клиникалық жазылудан кейін 3 айдан аса қоздырғыш бөлінсе, процесс созылмалы бактериятасымалдаушылық ретінде бағаланады. Созылмалы бактериятасымалдаушылық диагнозын дәлелдеу үшін, науқасты 6 айдан кем емес диспансерлік бақылау, нәжісі мен зәрін бактерологиялық қайта зерттеу керек. Сонымен қатар, диагнозды анықтауға дуоденальды қалдықты зерттеу мен серологиялық зерттеу (ТГАР) көмектеседі.

Транзиторлы бактериятасымалдаушылық туралы келесі белгілердің жиынтығы болған жағдайда ғана айтуға болады: а) қазіргі уақытта және алдындағы 3 ай бойы
аурудың клиникалық симптомдарының болмауы; б) нәжіс пен зәрді соңғы үш
бактерологиялық зерттеу нәтижелерінің теріс болған жағдайда қоздырғышты
бір — екі рет бөлу; в) динамикада серологиялық реакцияларының теріс болуы.

Диагностикасы. Сальмонеллездің салыстырмалы диагностикасы жұқпалы аурулардың үлкен тобымен (этиологиясы басқа токсикоинфекциялар, жедел дизентерия, вирусты гастроэнтерит, іш сүзегі, грипп және т.б.), терапевтік (миокард инфаркты, (холецистит, панкреатит) және хирургиялық аурулармен (жедел аппендицит, жедел холецистит), сонымен қатар, ауыр металлдардың тұздарымен уланумен жүргізіледі.

Сальмонеллез диагнозы ауруға тән клиникалық белгілерінің және лабораториялық зерттеу мәліметтерінің негізінде қойылады. Тиянақты және дұрыс жиналған эпидемиологиялық анамнезді назарға алу керек. Эпидемиологиялық деректерінен сапасыз азық - түлікті қолдануға байланысты, ауруының топтық сипатта болуы маңызды.

Сальмонеллез қалтыраудан, лоқсу, құсудан басталады; эпигастральды және умбиликальды аймақтарда ауру сезімі пайда болады, кешірек көп мөлшерде сулы қара - қоңыр немесе жағымсыз иісті жасыл түсті нәжіс қосылады.

Науқаста сальмонеллезге тән клиникалық, эпидемиологиялық мағлұматтары кешені болғанда және лабораториялық дәлелденсе сальмонеллез диагнозы расталады. Лабораториялық әдістер ішінде бактерологиялық және серологиялық әдістер ең маңызды. Науқастардың нәжісі, құсық, асқазанның шайынды суы, зәр, қан, өт, қабыну ошағыннан бөлінділер, күмәнді азық - түліктер бактерологиялық зерттеледі. Серологиялық әдістер ішінде агглютинация реакциясы және ТГАР қолданылады. Соңғы жылдары науқастың қанында және басқа да биосубстраттардан арнайы антигендерді анықтайтын жоғары сезімтал серологиялық әдістер латекстік агглютинация және коагглютинация ретінде қолданылады.

Емдеуі. Диареялық инфекцияларда түзім, және күтім «базисті терапияны» құрастырады, оларсыз ішектік науқасты емдеуге бәлкім емес. Ішектік науқасты күтім кезінде санитарлы дезинфекцияға назар аударылады, әсіресе әжетханаларда. Палаттық медициналық мейірбике ішек науқасты жағдайының барлық өзгерістері туралы емдеуші (кезекші) дәрігерге хабарлауға, дәрігердің тағайындауы бойынша барлық емдік және диагностикалық процедураларын орындауға тиіс. Сальмонеллез кезінде госпитализация қатаң міндетті емес. Аурудың жеңіл ағымымен ауыратын науқастар және реконвалесценттер үй жағдайында емделе алады. Стационарлық емдеу аурудың орташа ауырлықтағы және ауыр ағымыидағы науқастар, ерте жастағы балалар, кәрі адамдарға, ауыр, қосалқы аурулары бар науқастарға көрсетілген. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша госпитализацияға тағамдық өндіріс, балалар мекемесінің қызметкерлері, жатақханада тұратындар, әскери қызметкерлер және с.с. міндетті түрде жатқызылады.

Емдеу әдісін таңдау аурудың түрі мен ауырлығына байланысты.

Сальмонеллездің субклиникалық түрімен ауыратын науқастар және қалыптасқан жедел бактерия бөлушілерге емдік шаралар қажет емес. Бұл топтағы науқастардың бактерия бөлуі өз бетімен тоқтайды және қандай да бір дәрілік препараттарды тағайындау санация мерзімін ұзартады.

Аурудың гастроинтестинальды түрінде науқастарды емдеудің негізгі әдісі патогенетикалық терапия болып табылады, оған дезинтоксикация, су — электролиттік тепе-теңдікті және гемодинамиканы қалпына келтіру, асқазан — ішек жүйесінің жергілікті зақымдалуларын жоюға бағытталған шаралар жатады. Бір уақытта фонды және қосалқы ауруларды емдеуді жүргізу керек.

Сальмонеллездің бұл түрлеріне диета сақтау және этиотропты емді қолданудан бас тарту жалпы болып табылады. №4 диета тағайындалады. Лактазаның жиі жетіспеушілігіне байланысты және майлардың сіңірілуі мен қорытылуының бұзылысынан жедел кезеңде рационнан қаймағы алынбаған сүт және баяу еритін майларды алып тастау, көмірсуларды қолдануды шектеу керек. Суда пісірілген күріш пен сұлыдан ботқа, қайнатылған балық, буда пісірілген фарштан жасалынған тағамдар, жемістік кисельдер, сүзбе, ірімшік тағайындалады. Диетаны біртіндеп кеңейтеді және толық клиникалық жазылу кезінде, әдетте аурудың 28 – 30 күні сау адамның рационына өтеді.

Бұл түрлерде антибактериальды препараттарды қолдану абсолюттік түрде қарсы көрсетілгсн, себебі кеш клиникалық сауығуға алып келеді, асқазан ішек жүйесінің қалпына келуін кешеуілдетеді, организмнің сальмонеллалардан санация мерзімін ұзартады және дисбактериозды қалыптастырады.

Науқастарды емдеуді инфицирленген тағамды, қоздырғыштарды және оның токсиндерін шығару мақсатымен асқазанды жуу-шаюдан бастайды. Асқазанды жуу-шаю аурудың алғашқы сағаттарында пайдалы, бірақ лоқсу мен құсу болған жағдайда процедураны кеш мерзімде жасауға болады. 2 % натрий бикарбонат немесе 0,1 % калий перманганат ертіндісін қолданады. Бұл ерітінділер болмаған жағдайда су қолданылады. Жуу-шаюға қолданылатын ерітінді көлемі 2-3 л құрайды, температурасы 18-20◦С. Әдетте - асқазанды таза шайынды су шыққанға дейін жуады. Сусыздану белгісі жоқ сальмонеллезді инфекцияның жеңіл түрінде асқазанды жуумен барлық медициналық көмек көлемі аяқталады. Орташа және жеңіл ауырлықтағы ауру жағдайында, І-ІІ дәрежедегі сусызданумен күресу үшін оральды жолмен регидратациялық ерітінділер енгізіледі. БҰҰ ұсынған оральды регидратациялық тұздар (ОРС) ерітіндісі кеңінен қолданылады: глюкосалан немесе оралит ретінде белгілі және оның модификациялары — цитраглюкосолан, регидрон. Енгізілетін пероральды ерітінді көлемі сусыздану дәрежесімен, интоксикация айқындылығымен және науқастың дене салмағымен анықталады. Әдетте II- дәрежедегі сусыздану, орташа ауырлықтағы ағыммен өтетін сальмонеллезбен ауыратын науқастарға ОРС 40 — 70 мл/кг көлемінде, ал айқын интоксикациясы бар, бірақ сусыздану жоқ науқастарға 30 — 40 мл/кг көлемінде тағайындайды. Сұйықтықты енгізу жылдамдығы 1 — 1,5 л/сағ. құрайды. Енгізілетін ерітінділердің температурасы 40◦С болуы керек. Оральды регидратациялық терапия екі этапта іс жүзіне асырылады: I-ші этап — сусыздануды және тұздарды жоғалтуды, интоксикацияны жою мақсатына бағытталған біріншілік регидратация. Оның ұзақтығы 2 - 4 сағат. II -ші этап — жалғасып жатқан сұйықтық пен тұздардың жоюлуын, сонымен қатар сақталған интоксикациялық синдромды жоюға бағытталған терапия. Ол келесі 2-3 тәулік бойында жасалынады.

Қант диабетімен ауыратын науқастарға қайталамалы құсу кезінде, өршімелі сусыздануда, емдеуді 38-40◦С алдын ала жылытылған "Квартасоль", "Хлосоль", "Ацесоль", "Трисоль" және т.б. полиионды кристаллоидты ерітінділерді көк тамыр ішіне енгізуден бастайды. Бұл кездс 40—48 мл/сағ. жылдамдықпен сағатына 1,5-3 л енгізу жеткілікті.

Сальмонеллездің ауыр ағымында немесе асқынулар дамыған жағдайларда науқас қарқынды терапия және реанимация бөлімшесінде емделеді.

Сальмонеллез кезінде, тұзды ерітінділермен қатар дезинтоксикация және гемодинамиканы қалпына келтіру мақсатымен синтетикалық коллоидты ерітінділер:, инфезол, энтерол, реополиглюкин, полиглюкин, реоглюман, реомакродекс қолданылады. Бірақ оларды тек сусыздану болмағанда немесе жойылғаннан кейін қолдануға болады.

III-IV дәрежелі сусыздану, ауыр ағымдағы ауру кезінде емдеуді көк тамыр ішіне сорғалап (80 - 120 мл/мин) аталған полиионды ерітінділерді енгізуден бастайды. Регидратация мақсатымен енгізілетін ерітінді көлемі, сусыздану дәрежесімен және дене салмағымен анықталады. Бұл топтағы науқастарға сұйықтықты қолдану режимін қатаң түрде сақтау керек. Құсу және іш өтуде, әрбір 2 сағат сайын тыныс алу кезінде және тері арқылы жоғалтылған су көлемі келесі 2 сағат ішінде орны толтырылуы керек. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақталғанда, құсу тоқталғанда және бүйрек қызметі қалпына келгеннен кейін сұйықтықты пероральды қабылдау көрсетілген.

Метоболикалық ацидоз дамығанда 4 % натрий бикарбонат ерітіндісін енгізуге тағайындалады.

Инфекциялық – токсикалық шок болғанда емдік шаралар полиионды ерітінділерді тамыр ішіне (100 - 120 мл/мин. жылдамдықпен) енгізуден басталады. Енгізілетін ерітінді көлемі гемодинамика жағдайы мен қанның биохимиялық көрсеткіштеріне байланысты. Біршама сусыздану кезінде дезинтоксикация мақсатында тұзды ерітінділермен қатар синтетикалық коллоидты ерітінділер (полиглюкин, реополиглюкин) 400 — 1000 мл көлемде қолданылуы мүмкін.

Бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінде глюкокортикоидтарды енгізу көрсетілген. Алғашқы дозасын (60 — 90 мг преднизолон, 125- 250 мг гидрокортизон) тамыр ішіне сорғалап, келесі дозасын — тамыр ішіне 4-6 сағаттан соң тамшылап енгізеді. Бір мезгілде әрбір 12 сағатта 5-10 мг дезоксикортикостерон ацетатты бұлшықетке енгізеді. Интенсивті терапия гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты түрде қалпына келгенше және несеп бөлу қалыптасқанға дейін жалғасады. Гастроинтестинальды түрімен ауыратын науқастарға мезатон, норадреналин, эфедрин сияқты препараттарды, олардың бүйректердің қантамырларының спазмын шақыру қасиетіне байланысты қолдану қарсы көрсетіледі. Жедел бүйрек жетіспеушілігі, өкпе немесе мидың ісінуі дамығанда, диуретиктермен (маннитол, фуросемид, мочевина) мақсатты түрде терапия жүргізу керек.

Асқазан ішек жүйесінің қызметінің тез қалпына келтіру үшін, ферменттік препараттарды (панзинорм, фестал, плестал, мезим, форте, абомин, энзистал және т.б.) қолдану керек. Көрестілген препарапарды науқастар тағам уақытысында немесе 10 – 15 мин. қалғанда қабылдау керек. Одан басқа, комплекстік емде поливаленттік сальмонеллездік бактериофаг қолданылады.

Сальмонеллездің жайылмалы түрінде патогенетикалық терапиямен
(дезинтоксикация, десенсибилизация, гемодинамиканы қалыпта ұстау) қатар,
антибактериальды препараттарды (гентамицин, левомицетин, ампицилин), фторхинолондарды (пефлоксацин, ципрофлоксацин, офлоксацин) және т.б. тағайындау керек.

Сальмонелланың созылмалы бактериотасымалдаушыларын санациялау кешенді болу керек. Әртүрлі аитибакериальды препараттарды қолдану тұрақты нәтиже бермейді, осыған байланысты бірінші кезекте организмнің жалпы реактивтілігін әсер ететін заттарды қолдану керек: пиримидин қатарындағы препараттар (пентоксил және метилурацил), аутогемотерапия, асқазан ішек жүйсінің қосалқы ауруларын емдеу.

Егер нәжісті бактериологиялық зерттеген кезде теріс нәтиже болған жағдайда және толық клиникалық жазылудан кейін стационардан шығарылады.

Алдын алу шаралары. Тек медициналық мамандар емес, сонымен қатар ветеринарлық, санитарлық - ветеринарлық және т.б. қызмет және мекемелер күштері араласуы керек. Сальмонеллезбен күресуде маңызды шараларға жатады: мал соятын жерлерде дұрыс ұйымдасқан санитарлық - ветеринарлық сараптама, ет комбинаттарында, құс фермаларында, сүт зауыттарында және т.б. тағамды өңдеудің технологиялық процесстеріне гигиеналық талаптарды қатаң түрде сақтау; отандық өндіріс ретінде мал шаруашылық өнімдерін, сонымен қатар өңдеу мен реализацияның барлық этаптарында импорт өнімдерін жүйелі түрде бактериологиялық бақылаудан өткізу, суда жүзетін құстарды өсіру үшін қолданылатын аз ағынды және ағынды емес су қоймаларды дұрыс пайдалану; балалар стационарларында, перзентханаларда санитарлық - эпидемиологиялық режимді қатаң түрде сақтау. Санитарлық-гигиеналық шаралар – тағам өнімдерінің сальмонеллалармен залалдануын алдын алу, тағам өнімдерін дұрыс термоөңдеуден өткізу.

Эпидемияға қарсы шаралар ұжымдарда аурудың таралуын алдын алуға бағытталған.Ауру ошағында кезекті және нәтижелік дезинфекция жүргізіледі. Ауруханаішілік инфекция пайда болса, арнайы жұмыс тәртібі бекітіледі.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 20790. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия