Студопедия — ЛЯМБЛИОЗ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЛЯМБЛИОЗ






Синонимі – жиардиаз.

Лямблиоз - Lamblіa іntestіnalіs қоздыратын, фекальды – оральды механизмі арқылы берілетін, латенттік және жедел түрлерінде өтетін, көбінесе ашы ішектің зақымдануымен сипатталатын антропонозды ауру.

Тарихи мәліметтер. Ең бірінші аурудың қоздырғышын іші өтіп жүрген балалардың ішгінен бөліп алған орыс ғалымы Д.Ф.Лямбль (1859 ж.) болады. 1888 ж. француз ғалымы Бланхард қоздырғышты лямблия деп атауды ұсынған.

Этиологиясы. Қоздырғышы – Lamblіa іntestіnalіs (Gіardіa). Вегетативті және цисталық түрлері бар. Вегетативті түрі – трофозоит, алмұрт тәрізді: алдыңғы бөлігі дөңгелек, артқы бөлігі үшкір құйрықты болып келеді. Трофозоит ұзындығы 9-18 мкм, ені 5-10 мкм. Вентральді бөлігінде түтік тәрізді фибрилден тұратын «сорғыш дискі» болады. Денесі цитоплазмалық мембранамен жабылған. Ядросында ірі кариосома мен біркелкі хромосома жиынтығы болады. 4 жұп талшығы болады: алдыңғы, бүйір, орталық, құйрықтық, олар 2 симметриялы топта жиналады. Лямблиялардың энергетикалық алмасуы анаэробты типпен жүреді.

Цисталар дұрыс емес сопақша пішінді, ұзындығы 8-14 мкм, ені 6-8 мкм. Екі контурлы тығыз қабығы, екі немесе төрт ядролары, ұзын талшықтар түйіні болады. Сыртқы ортада төзімсіз.

Патогенезі. Белсенді «қабырғалық» асқорыту жүретін ащы ішектің микроворсинканың щеткалы жиегінде орналаса отырып, трофозоит орталық талшығының көмегімен сорғыш дискісімен қоректік заттардың гидролиз өнімдерін сорып алады. Паразиттердің көпшілігі ащы ішектің бастапқы бөлігінде болады, ортасында азаяды, ал дистальды бөлігінде бір-бірден экземпляры кездеседі.Ішектің эителиальді клеткаларының микротравматизациясы болады. Кей жағдайларда 1 см2 1 млн. паразиттер орнаасуы мүмкін. Лямблияның ащы ішектің бойында таралуы және ішектің әртүрлі бөліктеріндегі ворсинкаларында орналасу ерекшеліктері қабырғалық асқорыту интенсивтілігіне сәйкес келеді. Майдың, майда еритін витаминдердің, цианокобаламинның, D-ксилозаның сіңіруі бұзылады. Көмірсулардың гидролизі бұзылғаннан соң, ішекте ашу процесстері дамиды, аэробты микрофлораның саны көбееді, дисбиоз дамиды. Рецепторларды тітіркендіру әсерінен ішектің перистальтикасы күшееді, өт шығару жолдарының дискинезиясы дамиды. Патогенездің негізгі механизмі паразиттердің алмасу заттарының макроорганизмге токсико-аллергиялық әсері болып табылады. Лямблиялар жергілікті IgA түзілуін тежейді, сондықтан эпителиальды қабықшаның әр түрлі аллергендердің өткізгіштігі жоғарлайды.

Тоқ ішекте тіршілік жағдайы қолайсыз болғандықтан, лямблиялар ол жерде инцистелінеді. Цисталар нәжіспен сыртқа шығады.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі – адам. Минимальды жұқтыру дозасы 10-100 циста. Науқас заладанғаннан кейін 9-12 куннен бастап цисталарды сыртқы ортаға бөледі. Цисталардың бөліну интесивтілігі диарея басылғаннан кейін өршиді, осы кезеңде 1 г нәжісте 1,8 млн. циста анықталады.

Берілу механизмі фекальды-оральды.

Берілу жолдары: алиментарлы, су арқылы, тұрмыстық-қатынастық. Негізгі берілу жолы - су арқылы. Цисталар суда ұзақ уақыт бойы сақталады (4-20◦С температурада 3 айға дейін). Цисталар хлорға тұрақты. Суды хлормен заладандыру лямблияларға әсер етпейді, сондықтан аурудың су арқылы таралуы қауіпті. Контактілі – тұрмыстық жол балалар мекемелеріне аса тән. Тағам арқылы берілу жолы маңызды емес. Шыбындар, таракандар ауруды таратуға көмектеседі. Олардың ішектерінде қоздырғыш 8 күнге дейін сақталуы мүмкін.

Клиникалық көріністері полиморфты, организмнің иммунды жүйесіне байланысты, индивидуальді болып табылады. Көбінесе субклиникалық, көмескі түрлері кездеседі. Аурудың өршуіне иммунодефицитер, ферментативті бұзылыстар, жедел ішек инфекциялар, антибиотиктерді көп қолдану, дисбактериоз себеп болады.

Инкубациялық кезең 7-28 күн, көбінесе 2 апта.

Ең жиі кездесетін симптом: асқорыту жолының жоғарғы бөлігінің қызметінің бұзылуы, негізінен асқазан (48%), сирек ащы ішектің асқорытуы симптомдары (35%), сирек өт бөлу жүйесі (19%). Лямблиоздың ішектік түрінің ерте кезеңіне тән симптомдар: айқын диспепсиялық синдром, кекірік, қыжыл, тәбетіні төмендеуі, ішекте толғақ тәрізді ауру сезімі, ішектің кебуі, құрылдауы. Науқастың тілі жабындымен жамылған, эпигастрий аймағында ауыр сезімі анықталады. Энтеритпен стеаторея көріністері болады. Нәжісі тәулігіне 3-4 рет, сулы консистенциясымен, жағымсыз иісімен, көпіршіктенген болады, қан қосындылары болмайды. Жедел кезеңінде ауру жақсы емделеді, 1-4атаның аралығында клиникалық көріністері жойылады. Егер науқас этиотропты ем қабылдамаса, иммунодефицит фонында ауру сзылмалы түріне ауысып, айлар –жылдар бойы өтуі мүмкін. Ұзаққа созылған процесс науқастың салмағының жоғалтуына себеп болады. Ауру өршіген кезде әлсіздік, бастың ауруы, диспепсиялық бұзылыстар, гастродуоденит көріністері байқалады. Балалар мазасыз болады, әр түрлі аллергиялық көріністер, терінің қышуы, бронхиальді астма дамуы мүмкін.

Науқастарда гастриттің, дуодениттің, энтериттің, сирек энтероколиттің, өт жолдарының дискинезиясының, панкреатиттің, нейро-циркуляторлы дистонияның, организмнің сенсибилизациясының бейнелері болады. Бактериалды инфекция қосылғанда, клиникасы ауыр түрде болады.

Диагностикасы. Асқазан-ішек жолының ауруларының барлық себептерін анықтағаннан кейін, лямблиозға күмәндану керек. Лабораториялық әдістің негізгі жолы – нәжістен, дуоденальді ішектен микроскопия арқылы вегетативті түрлерін, цисталарын анықтау. ИФА жүргізуге болады, бірақ бұл әдіс паразитологиялық зерттеу арқылы дәлелдену тиісті..







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2336. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия