Студопедия — ЛЕГИОНЕЛЛЕЗ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЛЕГИОНЕЛЛЕЗ






Син.: легионерлер ауруы, питтсбургтік пневмония, Понтиак қызбасы, Ферт-Брагг қызбасы.

Анықтамасы. Легионеллез – қоздырғышы аэрогенді механизммен берілетін, клиникасында қызбамен, интоксикациямен, респираторлы синдроммен, ауыр пневмониямен, асқорыту жолдарының және бүйректің, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуларымен көрінетін сапронозды жедел бактериальды жұқпалы ауру.

Тақырыптың өзектілігі. Легионеллез экономикасы дамыған елдерде көбірек кездеседі. Кейде ауруханаішілік инфекция түрінде өтуі мүмкін. Бұл ауру ЖИТС-индикаторлы ауруларға жатпаса да, пневмонияның ауыр түрлерінде міндетті жағдайда науқасты АИВ-инфекциясына тексеру қажет. Легионеллез 5-15% жағдайда АИВ-инфицирленген науқастардағы пневмонияның себебі болуы мүмкін.

Тарихи мәліметтері. Бұл аурудың қоздырғышы XX ғасырдың 70-ші жылдарында анықталған. Легионелла деген атау 1976 жылы Филадельфияда өткен американдық легионерлердің конгресіне байланысты. Форумға қатысқан 4400 адамдардың арасындағы 182 соғыс ардагерлері ауыр пнемониясы бар жедел респираторлы аурумен ауырып, соның ішінде 29-ы өлімге ұшырады. 1977 жылы Дж.Макдейд пен К.К.Шепард (АҚШ-тан) осы бұрқ ету кезінде өлген адамның өкпе тінінен бұрын белгісіз болған грам теріс таяқшаны анықтады. 1965 және 1968 жылдары АҚШ-тың Вашингтон және Понтиак (Мичиган) қалаларында, сондай-ақ 1973 жылы Испанияның Бекидром курортты қалашығында осындай қызбалы аурулардың бұрқ етуі тіркелді. 1978 жылы легионерлер ауруы бойынша арнайы шақырылған Халықаралық симпозиумде ауру қоздырғышына Leqionella pneumophilla деген атау берілді.

Этиологиясы. Қоздырғышы - Leqionella pneumophilla Leqionellaceae тұқымдастығына Leqionella тегіне жататын грам-теріс бактерия, талшықтары бар қозғалмалы таяқша. Қазіргі уақытта легионеллалардың анықталған 23 түрі, 35 серотиптері бар. Типті сапроноздарға жатады, сыртқы ортада тұрақты, ауыз су мен топырақта 4°С температурада 1 жылға дейін тіршілігін сақтайды. Легионеллалардың патогенділігі термостабильді эндотоксині мен термолабильді цитотоксиніне байланысты. Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология мен микробиология ҒЗИ-да легионеллалардың бұрын белгісіз болған патогендік факторы – цитолизин анықталған. Легионеллалар фенолға, спиртке, йодқа, формальдегидке, кальций гипохлоридіне және эритромицинге, рифампицинге, левомицетинге сезімтал.

Эпидемиологиясы. Легионеллалар әлемнің барлық елдерінде жайылған және көптеген жасанды және табиғи су экологиялық жүйелерінің микробты флорасының жартысын құрайды. Қонақ үйлер мен ауруханалардың сумен жабдықтау жүйелерінде және ауа кондиционерінде қоздырғыштың болуы аса зор эпидемиологиялық маңызды. Бұл ауруға көбіне орта және егде жастағы адамдар бейім. Сонымен қатар, осы ауруға бейімдегіш факторлар - темекі шегу, созылмалы бүйрек кемістігі және иммунодепрессия. Легионеллез жаз-күз айларында жиі тіркеледі (кондиционерлер мен душтар жиі қолданылады, жүзу бассейндерінде көп шомылады). Оның 35-36°С барысында және рН 7,0-ге жуық жасанды құнарлы ортада ең жақсы өсуі байқалған. Легионеллалар – сапроноздар қатарына жатады. Олардың жануарлардың, құстардың және буын аяқтылардың арасында жоқ екендігі туралы сенімді мәліметтер бар. Қоздырғыштың науқас адамнан берілу мүмкіндігі дәлелденбеген. Адамдарға ол ауа арқылы жұғады. Яғни, жер және құрылыс жұмыстары тұсында көтерілген ауадағы шаң-тозаңдар арқылы.

Индустриялы елдерде топтық ауру емдеу мекемелерінде, қонақ үйлерде, жатақханаларда және т.б. пайда болатыны белгілі. Аурудың өршуі сонымен бірге ет комбинаттарында, өнеркәсіп кәсіпорындарында, атом және жылу электростанцияларында байқалған. 1987 жылы Армавирдегі резеңке бұйымдары зауытында легионеллездің ірі өршуі байқалды. Ауру әйелдерге қарағанда, еркектердің арасында 2,6 рет артық екені анықталған. Организмнің инфекцияға қабілеттілігі аз зерттелген. Дегенмен де легионеллезді өкпе қабынуымен 5%-ға жуық адамдардың ауыратындығы белгілі.

Патогенезі. Инфекцияның кіру қақпалары - тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары. Қоздырғыштың организмге енуі су аэрозольдерін жұту арқылы болатыны белгілі (душ, ауа кондиционерлері, ванна, ультрадыбысты шаңдатқыш сулар, фонтандар және т.б.). Науқастың қақырығында да легионеллалар табылған, ал адамнан адамға жұғу жолы анықталмаған. Легионеллезбен сырқаттанудың көп оқиғалары өкпенің зақымдануымен байланысты. Бронхиолалар мен альвеолалардағы фибринозды-іріңді қабыну өзгерістері эндотоксиннің, цитотоксиннің, цитолизиннің әсерлеріне байланысты. Легионеллалар жаппай жойылғанда токсикалық-инфекциялық шок, сосын жайылмалы тамырішілік қан ұю синдромы дамып, нәтижесі өлімге соқтырады. Токсиндер қан арқылы орталық жүйке жүйесіне, бүйрекке, бауырға барып, оларды зақымдайды. Токсикалық энцефалопатия мен жедел бүйрек жетіспеушілігі дамуы мүмкін.

Клиникалық көріністері. Аурудың жасырын кезеңі 2-10 күнге (жиі 5-7 күнге) созылады. Легионеллездің келесідей клиникалық түрлері ажыратады:

1. Легионерлер ауруы (ауыр өкпе қабынуымен өтетін);

2. Понтиак қызбасы (өкпе қабынуынсыз өтетін жедел респираторлы ауру)

3. «Форт-Брагг» қызбасы (тері бөртпесімен өтетін жедел қызбалық ауру);

Легионеллездің аса ерекше көрінісі - өкпенің қабынуы. Науқастарда орташа бас ауыруы, сырқатты хал, 40°С дейінгі дене қызуының 24-48 сағат бойы сақталуы, қатты қалтырау (шамамен 50% науқастарда) байқалған. Бір мезгілде құрғақ жөтел, содан соң шырышты немесе шырышты-іріңді қақырықтың бөлінуі білінген. 20% науқастарда қан түкіру байқалған. Бұған қосымша демікпе, плевра шуылы мен бұлшық еттердің ауыруы, жүрек айну, лоқсу, құрсақ тұстарындағы ауыру белгілері болған.

Рентгенологиялық тексеру барысында өкпе ұлпаларының көп зақымданғанын тапқан. Аурудың ерте кезеңдерінде шамамен 65% науқастарда бір жақты инфильтраттар табылған. Ал лейкоцитоз 20% науқастарда байқалған, СОЭ жиі жоғарылаған. Бүйрек пен бауыр қызметтерінің бұзылуы мүмкін. Алғашқы 4-6 күн бойы науқастың жағдайы күрт төмендейді. Қызбаның орташа ұзақтығы - 13 күн. Жазылу кезеңі бірнеше аптаны құрап, әлсіздік пен шаршағыштық сақталады.

Легионеллездің негізгі клиникалық түрі екеу:

1. өкпе қабынуынсыз жедел тыныс алу жолдарының ауруы - Понтиак қызбасы (Мичиган штатының Понтиак қаласында аурудың өршуі жедел басталумен сипатталған, сондай-ақ грипп тәрізді ағым, бас ауыруы, қызба, бұлшық еттер ауыруы өкпе қабынуының белгілерінсіз байқалған).

2. легионелл ауруы – легионеллезді өкпе қабынуы.

Өкпе зақымдануының сирек нүсқаларына интерстициальды өкпе қабынуы мен жедел альвеолит жатады. Соңғысы өкпе қабынуының физикальды белгілерінің көрінісімен өтеді. Тері бозарып, геморрагиялық бөртпенің пайда болуы мүмкін, мұрыннан қан кетеді. Балаларда мойын мен жақ астының лимфа түйіндері үлкейеді. Бірінші күні біршама брадикардия байқалып, содан соң тамырдың соғуы 1 минутта 120 дейін жиілейді. Қан қысымы төмендейді. Тілі құрғақ, ал нәжістің сұйық та сулы болуы, сондай-ақ олигурия, тіпті анурияның байқалуы мүмкін.

Аурудың ауыр ағымында науқастың жағдайы нашарлайды, тыныс алу және жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі тез күшейеді, асқазан-ішек пен жатырдан қан кетулермен асқынып, өкпе инфаркты және т.б. белгілер өріс алады. Өлім қатері аурудың 1-ші аптасының соңында туады.

Диагностикасы. Легионеллездің клиникалық білінуі ерекше емес. Аурудың басты белгісі - өкпе қабынуының ауыр ағымы және өкпе қабынуының дәстүрлі терапиясының әлсіз әсері.

Легионерлер ауруын біріншіден өкпе қабынуларымен, сондай-ақ арнайы антибиотикотерапияны талап етушілермен салыстырып жүргізу керек. Оларға микоплазмозды өкпе қабынуы, орнитоз, Ку қызбасы жатады. Легионеллез кезінде аса сипатты рентгенологиялық көрініске, гемограмма өзгерістеріне назар аудару қажет.

Бұл ауруды клиникасына қарап тану аса қиындықтар тудырады, себебі патогномиялық симптомдары жоқ. Сонымен қатар, легионеллезді өкпе қабынуында кейбір клиникалық-эпидемиологиялық ерекшеліктері бар:

· жаз мезгілінің соңында-күздің басында пайда болады;

· егде жастағы ер адамдар жиі ауырады;

· ұқсас аурудың өршуі қонақ үй қызметкерлерінің, турист және медицина қызметкерлерінің, аурухана науқастарының арасында байқалғаны, сондай-ақ құрылыс және жер қазу жұмыстарында еңбек ететін адамдар;

· өкпе қабынуының ауыр ағымы плевраның патологиялық процесске қатысуымен өтеді;

· бүйрек, бауыр, орталық жүйке жүйелері қызметтерінің бұзылуы;

· пенициллин, тетрациклин, цефалоспоринді антибиотиктерді қабылдаудан әсердің болмауы.

Лабораториялық диагностикасында биологиялық әдіс, экспресс-әдістер (иммундыфлюоресценциялық әдіс, иммундыферменттік анализ, полимеразды тізбекті реакция) қолданылады. Науқастың қанында антиденелер ауруының 6-7-ші күні пайда болып, жоғарғы титрге аурудың 5-ші аптасында жетеді. Қоздырғыштар қайтыс болған науқастың өкпе тінінен, плевра сұйықтығынан және қақырықтан, су мен топырақтан бөлінеді.

Легионеллезді грипптен, жедел тыныс алу жолдары ауруларынан, бактериальды өкпе қабынуынан, орнитоздың жеңіл түрінен, Қу-қызбасынан, микоплазмоздан ажырата білу керек.

Асқынулары. Легионеллездің ең қауіпті асқынуы - тыныс алу жетіспеушілігі болып табылған. Ауруханаға жатқызылған науқастардың 30%-да гипервентиляция және гипоксемия белгілері байқалған.

Емдеуі. Клиникалық практиканың көрсетуінше, ең аз өлім қаупі, эритромицинді 0,5 -1,0 г әр 6 сағат сайын (тәулігіне 4 г) ересектер үшін, ал 15 мг/кг әр 6 сағат сайын балалар үшін қолдану барысында байқалған. Ауыр ағымдарында эритромицин мен рифампицинмен үйлесіп, беріледі. Қазіргі уақытта азитромицин (сумамед 0,5-3,0 г/тәулігіне 3 күн бойы), ципрофлоксацин (1,5 г/тәулігіне 10 күндей) препараттарын да тағайындайды. Легионеллезді өкпе қабынуын емдеудің патогенетикалық әдістері пневмококкпен қоздырылған өкпе қабынуын емдеуге ұқсайды (айырмашылығы аз).

Болжамы. Легионеллездің болжамы қолайсыз. Легионеллезді өкпе қабынуында өлім қаупі 15-20% құраған.

Алдын алу шаралары. Аурудың басты профилактикалық шаралары - инфекцияның көздерін табу және оларды дезинфекциялау. Химиопрофилактика мен ерекше профилактика жете зерттелінбеген. Жедел өкпе қабынуының өршуі және жаз-күз мезгілдеріндегі тыныс алу жолдарының ауруларының көбеюі эпидемиологиялық талдауды талап етеді. Өнеркәсіп объектілеріне, электростанцияларға, емдеу мекемелеріне жылына 2 рет профилактикалық тазарту және су жүйелерін тазалау жұмыстарын жүргізу қажет.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2977. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия