Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тарихи мәліметтері





Аурудың 1-пандемиясы«Юстиниан обасы»542 ж Египетте, Еуропада, Үндіcтанда өткенде 100 000 адам қаза тапты. Аурудың 2-ші пандемиясы - «Қара ажал» кезінде (1333-1369 жж) Еуропа тұрғындарының 1/3 өлімге ұшырады. Аурудың 3-ші пандемиясы (1894ж) Қытай мен Үндістанда өткен. 10 жыл аралығында 12 миллион адам зардап шекті. Аурудың қоздырғышын 1894 ж. Қытайда науқастардан Alexander Yersin бөліп алды.

Этиологиясы. Обаның қоздырғышы- Iersinia pestis, Enterobacteriaceae тұқымдастығына, Iersinia тобына жатады. Бояғанда биполярлы грам «теріс» ұсақ таяқша тәрізді, спора түзбейтін, факультативті анаэроб. Қоздырғыш қарапайым қоректі орталарда өседі. Құрамында оксидаза, фибринолизин және т.б. ферменттер бар. Антигендік құрамы күрделі - соматикалық термостабилді, капсулалық термолабилді және 30-ға жақын антигендері бар. Гиалуронидаза, коагулаза, гемолизин, фибринолизин түзеді. Жоғары темпертураға төзімсіз – 50-70°С- та 30 мин.,100°С-та 1 мин. аралығында жойылады. Төменгі температурада жақсы сақталады: мұз болып қатқан өлікте 7 айдан 1 жылға дейін, аш бүргенің ішінде 396 күн, таскенеде 509 күн сақталады. Залалсыздандырушы ертінделірге (сулема 1:1000, 3-5% лизол ертіндісі, 3% карбол қышқылы) сезімтал.

Эпидемиологиясы. Оба кезіндегі эпизоотикалық және эпидемиологиялық процестер толқын тәрізді өтеді. Соңғы аурудың өршу кезеңі 1997-2003жж аралығында болған. Ресми көрсеткіштер бойынша Қазақстанда обамен 17 адам ауырған (1-Атырау, 2-Ақтөбе, 8-Қызылорда, 6-Манғыстау облыстарында). Аурудың өршуі кеміргіштермен бүргелердің санымен байланысты. Оба кеміргіштердің санын тексеріп тұратын ауру деп айтуға болады.

Оба қоздырғышын биологиялық қару ретінде қолдануы мүмкін.

Табиғи ошақтарда спорадикалық оба кездеседі. Эпидемиологиялық процестің бұл түріндегі ерекшіліктері: бір немесе бірнеше адам ауырады, аурудың полиморфты клиникалық түрлері дамиды, диагностикаға қиыншылық түседі, адам эпидемиологиялық процеске байқамай кіріп кетеді. Табиғи ошақтарда аурудың көзі - ауру жануарлар (жабайы кеміргіштер – құм тышқан, сұр тышқан, шақылдақ тышқан, егеуқұйрық, сарышұнақ, тарбаган). Бұл аурудың негізгі көзі. Аурудың қосымша көзі - жыртқыштар (қасқыр, койот, қарсақ, түлкі) кеміргіштермен, өліктермен қоректенеді. Осылармен бірге қоян, ондатра, тиін, кузен, кірпі, борсық, жабайы шошқа, сайғақ, үй кеміргіштері аурудың резервуары болып табылады. Үй жануарларынан обамен түйе және мысық аурады. Мысықтар кеміргіштерді аулап, үйге әкеліп олармен қоректенеді. Обаның ауру көзі ретінде түйелердің ролі маңызды. Зақымдалған түйені сойғанда 3-7 адам қатысады, тоңазытқыш жоқтығынан түйенің етін таратып жібереді. Осындай жағдайда топтасқан адамдар ауруға шалдығыды. Жануарлардың арасында берілу механизмі және жолы –трансмиссивті, қан сорғыштар арқылы. Тасымалдаушы – бүргелер және кенелер (сирек). Бүргенің ағзасында қоздырғыштан блок пайда болады, сау адамды шаққанда бүргелер ішіндегі қоздырғышты қанға енгізеді.

Адамдар обаны келесі жолдармен жұқтырады:

1. трансмиссивті – бүрге, немесе кенелер арқылы;

2. контактілі-жарақатты (жанасу) – ауру жануарларды бауыздап сойғанда, терімен жұмыс істегенде, етін бөлшектегенде;

3. алиментарлы – ауру жануарлардың шикі немесе піспеген етін, немесе жануарлардың зәрімен, нәжісімен заладанған су, тағам арқылы;

4. аэрогенді – ауа-шаңды (заладанған шаң арқылы).

Эпидемиялық оба кезіндегі эпидемиологиялық процестің ерекшелігі: аурудың көзі -өкпелік түрімен ауыратын адам; берілужолдары – ауа тамшылы, жанасу арқылы. Қабылдаушы макроорганизм – барлық адамдар сезімтал. Ауру өрт сияқты таралу мүмкін. Адамдарда аурудың өкпелік түрі дамиды. Эпидемиялық оба мономорфты, ал спорадикалық оба полиморфты клиникалық түрлерімен сипатталады.

Патогенез сатылары:

1. Жұқтыру сатысы.

2. Регионалді инфекция және көбею сатысы - қоздырғыштың жұғу жолына және кіру қақпасына байланысты дамиды.

3. Бактериемия сатысы.

4. Септицемия сатысы.

Клиникасы. Инкубациялық кезең – 2-6 күн. Обаның клиникасына жедел басталуы (қалтарау, жоғары температура), айқын интоксикация (бас ауру, бас айналуы, миалгиялар, орталық жүйке жүйенің улану симптомдары: қозу немесе тежелу, галлюцинациялар, координацияның бұзылуы, «Гиппократ беті») тән. Шеткі қанда нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖның жоғарлауы және жергілікті симптомдар тән. Лейкоциттердің саны 25 мың. жоғары болса, аурудың болжамы қолайсыз болады. Вьетнамдағы науқастарда лейкоциттердің саны 90 мың. жеткен (А.М. Дмитровский, 1995)

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2542. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия