ТУЛЯРЕМИЯ
(оба тәрізді ауру) Анықтамасы. Туляремия – Francisella tularensis қоздыратын, лимфа түйіндерді, теріні, көзді, анқаны, өкпені закымдауымен және улану симптомдарымен сипатталатын жедел облигатты табиғи-ошақты зоонозды ауру. Тақырыптың өзектілігі. Туляремия – убиквитарлы инфекция. Аурудың ощақтары Америкада (барлық штаттарында), Еуропада, Азияда кездеседі. Ресей мен Қазақстанда арудың ошақтары диффузды орналасып үлкен территорияларда кездеседі. Қазақстан республикасында сырқаттанушылдық 0,06-0,95 аралығында ресми түрде тіркеледі. 2002 ж аурудың 17 жағдайы (Шығыс-Қазақстан облысында – 13), 2003 ж. – 15 (Шығыс-Қазақстан облысында – 7, Солтүстік Қазақстан облысында – 4, Ақтөбе облысында -3), 2004 ж. -7 (Шығыс-Қазақстан облысында – 5, Алматы облысында -2, 2005 ж. – 9 (Шығыс-Қазақстан облысында – 8, Ақмола облысында -1) ресми түрде тіркелген. Туляремияның қоздырғышын биологиялық қару ретінде қолдану мүмкін. Аэрозоль түрінде қолданғанда қоздырғыштың 10-50 микробы жетеді. Тарихи мәліметтер. Аурудың атауы табылған жеріне байланысты ( Туляре аралы,Калифорния, АҚШ). 1910 ж. Ч. Мак-Кой обаның табиғи ошағын зерттеп жүргенде суырдан оба тәрізді ауруын анықтаған, ал 1911 ж. Ш.Чепин екеуі ауру суырдан қоздырғышты бөліп алған. Содан Bacterium tularense деп атаған. Сосын адамдардыңда бұл аурумен ауратыны анықталды. И.Френсистың (1921) ұсынысы бойынша ауру «туляремия» деп аталған. Этиологиясы. Туляремияның қоздырғышы - Francisella tularensis - Francisella туыстығына, Brucellacea тұқымдастығына жатады. Ұсақ, грам «теріс» кокктар, капсула және спора түзбейді, құрамында соматикалық О- және капсулалық Vi- антигендері бар, ферментативті қасиеті әлсіз. Соматикалық антигенімен қоздырғыштың вирулентілігі және иммуногенділігі байланысты. Бруцелла антигенімен ұқсастығы бар. Қоздырғыштың 2 түрі бар: А-түрі және В-түрі. А-түрінің вируленттік қасиеті жоғары, ауру Солтүстік Америкада кездеседі, қояндар аурады, олардан аңшыларға жұғады. В-типі Еуропада, Азияда таралған, вирулентілігі төмен, кеміргіштер ауырады. 1966 ж. М.А.Айкимбаев қоздырғыштың үшінші ортаазиялық түрін анықтаған. Қазақстанда қоздырғыштың 2 түрі кездеседі: В-түрі және ортаазиялық түрі. Қарапайым қоректік орталарда өспейді. Цистенал немесе табиғи субстраттар: жұмыртқа сарысы, бауыр, талақ, ми қосу керек. Өсу үшін оптималді температура – 35-37°С, рН 7,0-7,2. Қоздырғыш сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Өзен суында 4° температурада – 1 ай, 0° - 9 ай; топырақта – 2,5-4 ай; бидай, шөпте - О° төмен температурада – 6 ай, 20-30° - 20 күн, ауру және өлген жануарлардың терісінде 8-12° температурада – 1 айдан жоғары. Жоғары температураға және дезинфекциялаушы ертінділерге (фенол, сулема, формалин, этил спирты) төзімсіз. Туляремиядан өлген малды 1 тәулелік бойы дезинфекциялаушы ертіндеде ұстап, сосын өртеп жіберу керек. Туляремия қоздырғышы рифампицинге, стрептомицинге левомицетинге, тетрациклинге, ципрофлоксацинге сезімтал. Эпидемиологиясы. 1. Аурудың көзі. Туляремия – облигатты зооноз, табиғи ошақтық ауру. Аурудың көзі және резервуары – жануарлар. Табиғатта аурудың резервуары: кеміргіштер, егеуқұйрықтар, қояндар, ондатра. Олардан синантропты кеміргіштер залаладанады. Туляремия қоздырғышы 90 жабайы омыртқалы жануарларда, үй жануарларында (қой, ит, жылқы) кездеседі. Олар туляремияға өте сезімтал. Ресейде – аурудың негізгі көзі су тышқандары, үй тышқандары, қояндар, иттер, ондатра. Ауру тасымалдаушылары – иксод кенелері және қансорғыш қанаттылар: маса, шожала. Кенелердің организмінде қоздырғыш өмір бойы сақталады, қан сорғыштардын организмінде – 2 апта бойы, ал инфицирленген жануарлардың қанында олар өлгенше дейін сақталады. Жануарлар арасында ауру кенелер арқылы тарайды. Кеміргіштер арасында инфекция алиментарлы жолмен тарайды. Адам аурудың көзі болып табылмайды. Табиғи ошақтардың 7 түрін ажыратады: батпақтық, қоғалдық, ормандық, далалық, таулы-шатқалды, тоғайлық, тундралық. Қазақстанда ошақтардың 4 түрі кездеседі: таулы-шатқалды, батпақтық, тоғайлық, далалық. Әр ошақ өзіне тән жануарлармен, қансорғыштармен ерекшеленеді. 2. Берілу жолдары: · трансмиссивті (негізгі) – арнайы тасымалдаушысы жоқ, ауру әр түрлі қансорғыш қанаттылар (маса, кене, шожала) арқылы берілу мүмкін; · контактілі – тері мен шырышты қабықшалар арқылы инфицирленген жануарлармен жанасқанда: теріні өндеген кезде, жануарлар тістеп алған кезде; аңшылар ондатра арқылы жұқтырады; · алиментарлы – кеміргіштердің зәрімен инфицирленген су, тағам арқылы. Кеміргіштермен ластанған судың эпидемиологиялық маңызы зор. Аурудың құдықтық өршуі жиі кездеседі. Кеміргіштің өлігі құдықта жатсы, сол құдықтың суын ішкен адамдар заладанады; · аэрогенді – заладанған шаң арқылы, шөп жинайтын жұмыстар жүргізгенде. 3.Қабылдаушы макроорганизм. Адамдар туляремияға 100% сезімтал. Көбінесе ересектер, ер адамдар, кәсиби топтары – аңшылар, балықшылар, ауыл шаруашылық қызметкерлері аурады. Антропургиялық ошақтар инфицирленген кеміргіштердің миграциясына байланысты, олар үй кеміргіштеріне ауруды жұқтырады. Эпидемиялық процестің ағымы жыл мезгіліне, табиғи ошақтың ерекшелігіне, эпизоотиялық жағдайға байланысты. Жекеленген эпидемиялар үшін белгілі бір жұғу механизмінің және белгілі бір клиникалық түрінің басым болуы тән. Жыл маусымдылығы – жаз-күз айлары. Сонғы кездерде ауру спорадикалық түрінде кездеседі. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.
|