Студопедия — Син.: инфлюэнца
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Син.: инфлюэнца






Анықтамасы. Грипп (Grippus) ауру қоздырғышы аэрогенді механизм арқылы берілетін, клиникасындажалпы улану белгілерімен және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының зақымдалуымен, әсіресе трахеит белгілерімен көрінетін, эпидемия түрінде кең таралатын жедел вирустық инфекция.

Тақырыптың өзектілігі. ДДҰ мәліметтері бойынша бүкіл әлемде 40 млн. адам жұқпалы аурулармен ауырады, оның 90%-н грипп пен басқа жедел респираторлы-вирусты инфекциялар құрайды. ЖРВИ тобында грипп маңызды орын алады. Эпидемия кезінде гриппп көбінесе ауыр ағымды өтеді, сондай-ақ әртүрлі созылмалы аурулардың өршуі тән. Қазіргі кезде де грипптің диагностикалық қателіктері жоғары пайызды құрайды. Осы мәселелер грипптің ерте диагностикасының аса маңыздылығын көрсетеді.

Тарихи мәліметтер. Грипп эпидемиялары туралы деректер ертеден белгілі. Еуропалық елдерде ол «инфлюэнца» деп аталатын, қазіргі кездегі жалпы атауы - «грипп». XIX ғасырдың соңынан бастап адамзат грипптің ауыр төрт пандемиясын басынан өткерді: 1889-1890, 1918-1920, 1957-1959, 1968-1969 жылдары. 1918-1920 жылдардағы «испандық» пандемия 20 млн. адамның өмірін қиса, 1957-1959 жж. «азиаттық грипп» кезінде 1 млн.-ға жуық адам өлімге ұшырады.

Грипптің ауру қоздырғышы вирус екендігі 1933 жылы У.Смитпен, К.Эндрюспен, П, Лейдлоумен анықталған, кейін ол грипптің А типінің вирусы деп аталды. 1940 жылы Т.Френсис пен Т.Меджилл грипптің В типін шақыратын вирусты, ал 1947 жылы Р.Тейлор С типті вирусты анықтады. Грипптің А түрі В, С түрлеріне қарағанда өте кең таралған.

Этиологиясы. Грипп қоздырғышы – құрамына РНҚ кіретін Orthomyxoviridae тұқымдастығына жататын пневмотропты вирус. Сыртқы қабықшасында гемагглютинин және нейраминидаза деп аталатын гликопротеидтері бар. Ішкі нуклеопротеидтің антигендік сипаты (S-антиген) бойынша грипп вирустары А, В және С типтеріне бөлінеді.

Грипп вирустары сыртқы ортада тұрақты емес. Төменгі температурада жақсы сақталады, ал қыздырып, қайнатқанда тез жойылады. Бұл вирустардың ультракүлгін сәулелеріне және әдеттегі залалсыздандыратын заттарға сезімталдығы өте жоғары.

Эпидемиологиясы. Аурудың инфекция көзі – гриппен ауырған науқас адам. Науқастың жұқпалылығы ауруының алғашқы күндерінде аса жоғары, катаральды белгілердің айқындылығына байланысты жөтелгенде, түшкіргенде, қатты сөйлегенде сыртқы ортаға көптеп таралады. Инфекцияның берілу механизмі – аэрогенді, таралу жолы– ауа-тамшылы. Эпидемиялардың қайталану уақыты мен аурушылдық деңгейі тұрғындардың жүре пайда болған типтік арнайы иммунитетінің ұзақтығына және вирустың антигендік қасиеттерінің өзгергіштігіне байланысты. Иммунитет А грипптен кейінг 1-3 жыл, ал В грипптен кейін 3-6 жыл сақталынады.

Патогенезі. Грипп вирусы тыныс жолдарының эпителиіне тропты.Патогенезінде 5 негізгі кезеңді ажыратады:

1. Вирустың тыныс жолдар клеткаларындағы репродукциясы.

2. Вирусемия, токсикалық және токсикалық-аллергиялық реакциялар.

Әртүрлі мүшелер мен жүйелерге токсикалық әсері (әсіресе, жүрек-қан тамырлар мен жүйкеге) вирустың өзіне және клетканың ыдырау өнімдеріне байланысты.

3. Тыныс жолдарының зақымдалуы (үрдістің белгілі бір бөлімінде шоғырлануы)

4. Тыныс алу жолдарының, басқа мүшелер мен жүйелердің бактериалды асқынулары.

5. Патологиялық үрдістің кері дамуы.

Вирусемия мен токсикалық әсер нәтижесінде қызба және жалпы улану белгілері дамиды.

Қан тамырлар қабырғасының тонусының, өткізгіштігінің бұзылуы циркуляторлық бұзылыстарға әкеп соғады.

Респираторлы жолдар эпителиінің тосқауылдық қызметінің бұзылуы, лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігінің төмендеуі бактериалды асқынуларға, созылмалы аурулардың өршуіне әкеледі.

Клиникалық көріністері. Грипптің жіктелуі:

  • ағымы бойынша - типтік және атиптік;
  • клиникалық көріністерінің ауырлығы бойынша - жеңіл, орташа, ауыр түрлері ажыратады;
  • кейбір авторлар гипертоксикалық түрін бөледі.

Инкубациялық (жасырын) кезең бірнеше сағаттан 3 күнге дейін, әдетте 1-2 күн.

Клиникалық көріністе 2 негізгі синдром бөлінеді: жалпы улану және тыныс жолдарының зақымдалуы (катаралды синдром).

Әдетте (типтік жағдайда) грипп жедел басталады: тоңғыштық, бастың ауыруы пайда болады. Бірнеше сағаттан кейін дене қызуы 38,5-40°С-қа дейін жоғарылайды. Әлсіздік, дененің «сынуы», бұлшық еттердің, сүйектердің, буындардың ауыру сезімі дамиды. Бас ауыру маңдай және самай аумақтарында орналасады, бірте-бірте күшейеді. Сонымен қатар, көз алмаларының ауыру сезімі пайда болып, жарыққа сезімталдық жоғарылайды. Айқын улану бастың айналуымен, анорексиямен, құсумен, геморрагиялық синдроммен қатарласады.

Аурудың бірінші тәулігінде науқас мұрын-жұтқыншақтағы құрғақтыққа, ауыру сезіміне, мұрынның бітелуіне шағымданады. 2-3-ші күндері науқастардың көбісінде құрғақ жөтел, кеуденің ауыру сезімі пайда болады. 3-4 күннен кейін жөтелге қақырық қосылады.

Асқынбаған жағдайда қызба ұзақтығы А грипп кезінде 1-6 күн (көбінесе 4 күн), ал В грипп кезінде одан көбірек болады.

Дене қызуының төмендеуі- кризистік немесе тездетілген лизиспен жүреді.

Науқасты қарап тексергенде аурудың бірінші күндері бетінің қызаруын, ісінуін, склералар тамырларының инъекциясын, кейде 3-4 күні ұшықты көреміз. Аурудың ауыр ағымында тері жабындылары бозғылт, цианоз байқалады. Аңқа қызарған, гиперемия жайылмалы, доғашықтар мен жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы қабырғасында айқынырақ көрінеді. Науқастардың көбісінде жұмсақ таңдайда, кейде тілшік пен доғашықтарда дәнді түйіршіктерді байқауға болады. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы құрғақтау, үлкейген лимфа фолликулдері көрінеді. Мұрынның шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген. Аурудың 2-3 күндері серозды, кейін шырышты бөлінулер пайда болуы мүмкін.

Аурудың бірінші күндері пульс дене қызуына сәйкес, кейде салыстырмалы брадикардия немесе тахикардия байқалады. Қан қысымы төмен болуы мүмкін. Науқастардың көбісінде жүрек тондары бәсеңдейді. ЭКГ-да улану синдромына тән өзгерістер болады: Т тістерінің төмендеуі, Q-T, P-Q интервалдарының ұзаруы. Қызба кезеңінде ентігу болады. Аускультация арқылы қатайған (кейде везикулярлы тыныс), қысқа уақыт арасында құрғақ сырылдар анықтаймыз. R-граммада өкпенің тамырлар суретінің күшеюін және өкпе тамырларының кеңеюін көруге болады. Ас қорыту жүйесі аз зақымдалады. Ауыр жағдайларда тәбет жоғалады. Науқастың тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Іштің қатуы байқалады.

Перифериялық канда: лейкопения, нейтропения, эозинопения, моноцитоз, ЭТЖ қалыпты немесе төмендеген.

Зәр шығару жүйесінен диурездің төмендеуін, протеинурия, микрогематурия, цилиндрурия байқауға болады.

Вегетативті нерв жүйесінің зақымдалуының айқын белгілері көрінеді: беттің қызаруы, тершеңдік, пульс өзгергіштігі.

Орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы интоксикация белгілерімен, ауыр ағым кезінде менингеалды белгілермен, құрысулармен, энцефалопатия белгілерімен көрінеді. Сонымен қатар, перифериялық жүйке жүйесі де зақымдалады: жергілікті гиперестезиялар және парестезиялар, кейбір нервтердің невралгиясы.

Реконвалесценция кезеңі 1-2 аптаға дейін созылады. Бұл кезең астеновегетативті синдроммен, созылмалы аурулардың өршуі мен асқынулардың пайда болу мүмкіндіктерінің бейімділігімен сипатталады.

Грипптің жеңіл түрінде интоксикация әлсіз дамыған. Дене қызуы субфебрилді, аурудың ұзақтығы - 2-3 күн. Кейбір жағдайларда жоғарғы тыныс жолдарының бұзылу белгілері басым болады. Орташа ауырлықтағы ағым жиі кездеседі. Бұл ағымға айқын интоксикация және жоғары тыныс жолдарының бұзылу белгілері тән. Қызба ұзақтығы 4-5 күн. Грипптің ауыр түрі күрт басталумен, жоғары деңгейдегі және ұзағырақ қызбамен, өте айқын дамыған интоксикация белгілермен сипатталады. Адинамия, бастың айналуы, естен тану, ұйқының бұзылуы, анорексия, құсу, құрысулар, менингеалды белгілер, энцефалиттік синдром, жүрек-қан тамырлар зақымдалуы байқалады. Ауыр түрінің ұзақтығы пайда болған асқынуларға байланысты. Грипптің гипертоксикалық түрінің; клиникасында өте ауыр нейротоксикоз, жүрек-қан тамырлар жетіспеушілігі, тыныс алу жетіспеушілігі басым болады. Бұл түрдің ерекшеліктері: ағым ауырлығы және жылдамдығы, өлім қаупінің жоғарылығы.

Грипптің атипиялық жасырын түрі сирек кездеседі. Бұл түрге негізгі белгілердің біреуінің болмауы тән.

Асқынулары:пневмония, ЛОР-мүшелерінің зақымдалуы (ринит, фарингит, ларингит, трахеобронхит, баспа, синуситтер, отит т.б.), жүйке жүйесінің зақымдалуы (менингоэнцефалит, арахноидит, полиневрит т.б.), созылмалы аурулардың өршуі.

Диагностикасы:Мұрынның, жұтқыншақтың бөлінулері, қан-вирусологиялық зерттеулерге алынады.

Тез диагностикалау үшін флюоресценциялаушы антиденелер әдісі қолданылады.

Сонымен қатар, серологиялық әдістердің маңызы жоғары: гемагглютинацияны тоқтату реакциясы, комплемент байланыстыру реакциясы, нейтрализация реакциясы.

Егер антиденелер титрі динамикада жоғарыласа – нәтиже «оң» деп саналады.

Соңғы жылдары иммундық ферменттік анализ және молекулярлы гибридизация әдістері қолданылады.

Емдеуі. Гриппен ауырған науқастардың көбісі үйде емделеді. Ауруханаға аурудың ауыр түрімен және асқынулары пайда болған науқастар жатқызылады.Емдеу шаралары:

1) төсектік тәртіп;

2) көп мөлшерде сұйықтық ішу;

3) этиотропты ем:а) гриппке қарсы иммуноглобулин; б) лейкоцитарлы интерферон; в) ремантадин, амантадин, римантадин, альгирем, занамивир, осельтамивир, рибавирин; г) оксолин майы;

4) патогенездік ем: а) гипосенсибилизация (димедрол, супрастин т.б.); б) дәрумендер (В, С тобы); в) дезинтоксикациялық ем (5% глюкоза, Рингер ерітіндісі ж.т.б.); г) қосарланған патогенетикалық дәрі-дәрмектер (антигриппин, антигриппин-АНВИ, антигриппокапс, фервекс)

5) симптоматикалық ем: а) жөтелге қарсы және қақырық түсіретін дәрілер (тусупрекс, либексин, пектуссин, бромгексин, амбросан, лазольван, мукалтин және т.б.); б) дене қызуын төмендететін дәрілер (аспирин, колдрекс, парацетамол ж.т.б.); 6) бактериалды асқынулар қосылған жағдайда – антибиотиктер (бензилпенициллин, амоксициллин, амоксиклав және.т.б.).

Грипптің гипертоксикалық түрі қарқынды терапия бөлімшесінде емделеді.

Алдын алу шаралары. Белсенді иммунизация мақсатымен инактивацияланған және тірі вакциналар қолданылады.

Эпидемия алдында интерферон стимуляторлары қолданылады.

Эпидемия кезінде шұғыл профилактика үшін оксолин майы, лейкоцитарлы интерферон, ремантадин, арбидол ұсынылады.

Эпидемияға қарсы шаралар:

- науқасты бөлек жатқызу (изоляция);

- науқас жатқан бөлменің ауасын тазартып тұру;

- ылғалды тазартулар;

- бетперде кию;

- ультракүлгін лампаларын қолдану.

Құстар тұмауының негізгі айырмашылықтары:

Құстар тұмауы - аса қауіпті зооантропонозды жұқпалы ауру. АIV(Н5N1) типті вируспен шақырылады. Адамдар науқастар мен ауру құстардан әртүрлі жолдармен жұқтыруы мүмкін: ауа-шаң, ауа-тамшы, алиментарлы, контактті жолдар арқылы. Инкубациялық кезеңі – 3-7 күн (қысқаша – 1-2 күн). Клиникалық белгілердің әртүрлі болуы: әдеттегі тұмауға тән белгілерден бастап (қызба, жұтыну кезіндегі ауру сезім, жөтел) көздің зақымдануы, жедел респираторлы дистресс-синдром, қан аралас қақырық болатын вирусты пневмония, гепатомегалия, бүйрек қызметінің бұзылуы, панцитопения. Тез арада өмірге қауіп төндіретін асқынулардың дамуы және жоғары пайыз өлім-жітім тән. Лабораториялық диагностикада вирусологиялық әдіспен (АIV-Н5 N1 вирусын анықтау) қатар иммундыферменттік анализ бен полимеразды тізбекті реакцияның маңызы зор. Этиотропты емге тамифлю (осельтамивир), реленза (занамивир) қолданылады. Профилактика үшін вакцинация жасалынады, иммунитетті жоғарылататын және вирусқа қарсы препараттар тағайындалады.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2308. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия