Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Р-да Салмонеллезді алдын алу шаралары (№539 Бұйрықтан көшірме





28.12.1995.)

1.5. Инфекция ошағында жүргізілетін шаралар. Салмонеллезбен ауыратын науқастар және бактериятасымалдаушылар ауруханаға клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жатқызылады. Тағамдық өндіріс жұмысшылары және оларға теңестірілгендер міндетті түрде ауруханаға жатқызылу керек. Бұл адамдар ауруханадан толық клиникалық сауығудан кейін және 3 рет алынған нәжістің бактериологиялық зерттеулердің теріс нәтижесінен кейін шығарылады. Ауруханадан шыққан соң салмонелла бөлмейтін адамдар жұмысқа шығарылады. Егер тағамдық өндіріс жұмысшылары және оларға теңестірілгендер салмонелла болса негізгі жұмысына 15 күн жіберілмей басқа қызметке орналастырылады. Осы кезеңде нәжіс 3 рет тексеріледі. Егер қайтадан оң нәтиже болса зерттеу тағы 15 күн арасында қайталанады. Бактерия тасымалдаушылық 3 айдан асса негізгі жұмысына 1 жыл бойы жіберілмейді. Осы кезең өткен соң нәжіс 3 рет, өт 1 рет тексеріледі. Егер нәтижелер теріс болса адамдар негізгі жұмысына жіберіледі. Ал егер 1 рет теріс болса бұл адамдар созылмалы бактерия тасымалдаушы ретінде негізгі жұмысынан босатылады. Олар мекен –жайы бойынша санэпидстанцияда немесе ЖАК-де есепте тұрады. Бала бақшаға баратын балалар ұжымға 15 күн бойы жіберілмейді. Созылмалы бактериятасымалдаушы балалар бала бақшаға жіберілмейді.

Тағамдық токсикоинфекциялар (ТТИ)

Анықтамасы. Тағамдық токсикоинфекциялар - экзотоксин бөлетін шартты патогенді бактериялармен шақырылатын, асқорыту жолдарының жоғары бөліктерінің зақымдалуымен және су-тұзды алмасудың бұзылуымен өтетін жедел, қысқа уақыттағы аурулар тобы.

Тақырыптың өзектілігі. Тағамдық токсикоинфекциялар ішек аурулар тобына жатады. Өзектілігі клиникасының ауыр түрінде өтуінің мүмкіншілігіне, асқынулар ретінде ИТШ және гиповолемиялық шоктың дамуына байланысты. ТТИ кезінде жедел хирургиялық, гинекологиялық аурулармен, миокард инфарктісімен салыстырмалы диагноз ерте жүргізу қажет.

Аурудың ағымы қоздырғыштардың және экзотоксиннің мөлшеріне байланысты өтеді.

Тарихи мәліметтер. Тағам қабылдауымен байланысты құсу және іштің өтуімен сипатталатын аурулар ерте заманнан белгілі болған. Сырқат малдың етін қабылдағанда ауру дамитыны анықталған (Пекин М., 1812, Боллингер О., 1876). Кейін ауруды қоздыратын шартты патогенді бактериялармен және олардың токсиндерімен залалданған тағамдар екені белгілі болды. П.Н.Лащенков (1901) алғаш рет стафилококкты токсикоинфекцияның клиникалық көріністерін жазып берген.

Этиологиясы. Тағамдық токсикоинфекцияның қоздырғыштарына адам организмінен тыс, тағамда экзотоксиндер өндіре алатын қасиеттері бар, көптеген шартты патогенді бактериялар жатады. Экзотоксиндерге энтеротоксиндер (термолабильді, термостабильді) және цитотоксиндер жатады. Энтеротоксин өндіруші қасиеті бар, аурудың жиі кездесетін қоздырғыштарына Clostridium perfringens, Proteus vulgaris, Proteus mirabilis, Bacillus cereus, Klebsilla, Serratia, Enterobacter, Citrobacter, Pseudomonas, Vidrio жатады.

Цитотоксин өндіруші қасиеті бар коздырғыштарға Klebsilla pneumoniae, Enterobacter cloacae, Clostridium perfringens, St aureus, Aeromonas hidrophila, Vibrio parahaemoleicus және т.б. жатады.

Эпидемиологиясы. Тағамдық токсикоинфекциялардың қоздырғыштары табиғатта кең тараған: адаммен жануарлардың нәжісінде, топырақта, суда, ауада, заттардың үстінде. Бұл кезде аурудың көзін анықтау мүмкін емес. Бірақ, кей жағдайларда аурудың көзі болып тағам өндірістігінде істейтін және әр түрлі терілік іріңді процестерімен, баспамен, ларинготрахеобронхитпен аурутын адамдар. Осымен қатар, аурудың көзі болып маститпен ауратын ірі қара мал болуы мүмкін.

Тағамдық токсикоинфекциялардың берілу механизмі – фекальды- оральды, берілу жолы – алиментарлы. Аурудың берілу факторларына жиі ет, балық тағамдары, жұжық, жұмыртқа, балық консервалары,сүт, шырындар, лимонад, сыра және т.б. жатады. Олар аурудың қоздырғыштарына қолайлы қоректі орта болып табылады.

Қабылдаушылық - жоғары деңгейде, залалданған тағамды қабылдаған адамдардың 90-100% ауруы мүмкін. Сол себептен ауырғандардың топтылығы және аурудың эксплозивті (кенеттен ауруды) сипаты, аз уақытта көп адамның ауырып қалуы тағамдық токсикоинфекцияларға аса тән эпидемиологиялық көрсеткіш. Ауру жыл бойы, көбінесе жаз айларында кездеседі.

Патогенезі. Тағамдық токсикоинфекциялар кезінде асқазанға түскен уақытта тағам құрамында бактериялармен қатар токсиндер түседі. Осының нәтижесінде инкубациялық кезең өте қысқа болады. Тағамдық токсикоинфекцияның патогенезі мен клиникалық көрінісі экзотоксиннің түрі мен мөлшеріне және басқа токсиндік заттардың болуына байланысты.

Энтеротоксиндер асқазан мен ішектің эпителиальды клеткаларымен байланысып, эпителиоциттердің ферменттік жүйелеріне әсер етеді. Аденилциклаза мен гуанилциклаза шырышты қабат клеткаларының биологиялық активті заттардың (циклдік АМФ, циклдік ГМФ) түзілуін жоғарылатады. Токсиндер әсерінен простагландиндердің, гистаминнің, ішек гормондарының түзілу жылдамдығы жоғарылайды. Бұның нәтижесінде асқазан мен ішек қуысына сұйықтық пен тұздар жиналады, диарея пайда болады.

Цитотоксин эпителиоциттер мембраналарын зақымдап, олардың белок - синтездік процестерін бұзады. Бұның нәтижесінде ішек қабырғасының токсиндерге өткізгіштігі жоғарылап, интоксикация дамиды, микроциркуляция бұзылады немесе шырышты қабаттың қабыну өзгерістері пайда болады.

Токсиндердің әсері эпителиалды клеткалардың десквамацияссынан кейін тоқтайды. ТТИ-да патогономониялық морфологиялық өзгерістер жоқ (аутопсияда – айқын гастроэнтериттін көрінісі).

Клиникалық көріністері. Тағамдық токсикоинфекциялар — циклді ағымды аурулар. Инкубациялық кезең 30 минуттан -24 сағатқа дейін (көбінесе 2-6 сағат).

Ауру интоксикация симптомдары мен асқазан-ішектің бұзылыстармен білініп басталады. Интоксикацияның алғашқы белгілерімен қатар (әлсіздік, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, бас ауыруы, бұлшық еттерде, әсіресе балтыр ауырсыну, буындарда ауырсыну т.б.) аурудың басталуынан және бүкіл барысында асқазан мен ішектің зақымдалу симптомдары кезігеді. Олар көбіне гастрит немесе гастроэнтерит, гастроэнте-роколит түрінде көрінеді. Әдетте барлық асқазан-ішек жолы зақымдалады. Бірақ асқазан-ішек жолының белгілі бір бөлімінің зақымдалуы болуы мүмкін. Бұл көрініс қоздырғыштың түріне, жұғудың көлеміне, ауру алдындағы кезеңдегі асқорыту мүшелерінің функциональды жағдайына байланысты. Аурудың толық клиникалық көрінісі 1-2 тәулік ішінде көрінеді.

Гастриттік синдром 4-5%-те кездеседі. Ауруда интоксикация белгілерімен қатар, жедел гастриттің көріністері байқалады: жүрек айну, қайталама құсу, эпигастрий аймағындағы ауырсыну мен ауыру сезім. Құсықта, алғашқыда тағам қалдықтары болса, кейін өт аралас болуы мүмкін.

Тағамдық токсикоинфекция жиірек гастроэнтериттік синдромымен сипатталады. Жалпы улану белгілерімен қатар жедел гастриттен соң энтерит басталады, яғни іш өту болады. Алғашқыда нәжіс ботқа тәрізді түрінде болса, соңынан сулы консистенциялы түріне ауысады. Қан араласу болмайды. Нәжістің бөлінуі көп мөлшерде, сары немесе сары-жасыл түсті, қышқыл иісті, кейде көпіршікті. Жиілігі 3-5-тен 15-20 рет тәулігіне, жеңілдену сезімін тудырады.

Ауру адамда ішінің қатты толғақ тәрізді, белгілі бір локализациясы жоқ ауыру сезім пайда болады. Пальпация кезінде ішінің кепкенін, диффузды ауырсыну, перистальтиканың күшеюі байқалады. Дәл осы белгілер, бірақ әлсіз түрінде сигматәрізді ішекті пальпациялағанда да анықталады. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймайды.

Қабырғалық асқорытудың бұзылысы мен ішектің гипермоторикасы, астың қорытылуы мен сіңуінің бұзылыстарына әкеледі Соңдықтан копроскопия кезінде қорытылмаған бұлшық ет талшықтары, бейтарап майлар, крахмал дәндері кездесуі мүмкін.

Гастроэнтериттік синдромда тоқ ішек патологиялық процеске екіншілік түрде зақымдалады, яғни аш ішекте сіңбеген және қорытылмаған тағамдардың тез уақытта тоқ ішекке өтуі. Бұл кезде оң жақты колиттің көріністері байқалады.

Энтероколиттік синдром кезінде тоқ ішек бірінші болып зақымдалады, энтерит белгілері қосылып жүреді. Ішінің ауыруы көбіне төменгі немесе сол жақ мықын аймағында болады.

Пальпация кезінде сигма тәрізді ішектің жиырлуы және ауырсыну сезімі байқалады. Қозғалғыштығы сақталған. Дәреті тәулігіне 15-20 рет болуы мүмкін. Аз мөлшердегі нәжісінде шырышы көбірек және қан қосындылары кезігеді. Копроскопиялық зерттегенде шырыштан басқа лейкоциттер (15-20 көру аймағында) және эритроциттер анықталады.

Тағамдық токсикоинфекция кезінде сирек түрде колиттік синдром дамуы мүмкін: көбінесе тоқ ішектің дистальді аймағының зақымдалуы болады.

Асқазан, ішек және басқа асқорыту мүшелерінің зақымдалуымен қатар ТТИ кезінде жүрек-қан тамыр жүйесінде де өзгерістер болады: жүрек тондарыньщ бәсеңдеуі, тахикардия (сирек-брадикардия), артериальды гипотония.

Бүйректің қанмен қамтамасу бүзылысынан және су-электролитті дисбаланстан науқаста бүйректің жедел жетіспеушілігі дамуы мүмкін. Оның клиникалық көріністері: олиго-немесе анурия, анорексия, жүрек айну, құсу, әлсіздік, бас ауру. Қанды зерттегенде - азотемия және декомпенсациялық метаболитті ацидоз.

Аурудың ауырлық дәрежесі және емдеу тактикасын таңдау көбіне су-электролиттік бүзылыс синдромына байланысты. Улану, сусыздану және су-электролитті дисбаланс көп жүйелі бүзылыстық және патогенездің негізі болып табылады. Науқастағы гиповолемия бір жағынан суды көп жоғалтудан болса, екінші жағынан — қанның капил-ляр жүйесі бойынша тарылуының бұзылысынан болады. Аурудың ауыр дәрежесінде сусыздану тотальді түрде жайылады — жасушаішілік және жасушааралық сұйықтықтың жетіспеушілігі болады.

Қанды зерттегенде нейтрофилді лейкоцитоз, таяқша ядролы ығысумен байқалады. ЭТЖ-ң орташа жоғарылауы.

Науқастың тері жабындылары бозғылт, кейде цианоз, аяқ- қолының мұздауы байқалады. Тілі ақшыл- сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында, кейде кіндік айналасында ауыру сезім анықталады.

Жүрек-қантамырлар жүйесі де зақымдалады: брадикардия (гипертермия кезінде –тахикардия); қан қысымының төмендеуі, систолалық шуыл, тондардың бәсеңдеуі. Кейбір жағдайларда коллапс пайда болады, құсу және іш өту жиі болса, дегидратация, деминерализация, ацидоз белгілері дамиды.

Шеткі қан анализінделейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы.

Ауру көбінесе 1-3 күн өтеді.

Диагностикасы. 1) клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтер;

Дұрыс диагноз қою үшін келесі негізгі белгілерге сүйену қажет:

- ауруға себеп болған тағам өнімін анықтау;

- тағамның органолептикалық қасиеттерінің өзгеруі (дәмі ашыған, иісі шыққан)

- тағам қабылдаған адамдардың топтасып ауруы;

- жедел гастриттің, энтериттің, колиттің клиникалық белгілерімен сусыздану және улану белгілерінің қосарлануы;

- қысқа инкубациялық кезеңнің болуы;

- ауру жедел дамып, қысқа уақытқа созылуы;

Аурудың салыстырмалы диагностикасының маңызы зор. Сондай-ақ ТТИ, алғашқы кезде әртүрлі аурулардың жамылуымен өтуі де мүмкін. Мысалы, терапиялық (жедел гастрит, гипертониялық криз, миокард инфарктісі), хирургиялық (жедел аппендицит, холецистопанкреатит, мезентериальды тамырлардың тромбозы, асқазан жарасының тесілуі), акушерлік-гинекологиялық (жатырдан тыс жүктілік, токсикоз, пельвиоперитонит), неврологиялық (ми қан айналымының бұзылысы, нейроциркуляторлық дистония), урологиялық (пиелонефрит, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі) сияқты аурулар.

2) лабораторлық диагностика.

Бактериологиялық зерттеуге алынатын материал: құсық массалары, ас қазанның щайынды суы, нәжіс, желінбеген тағам қалдықтары. Аурудың бөлінділерінен және қалған заладанған тағамнан алынған қоздырғыштың биоварын сәйкестендіру қажет.

Серологиялық әдістердің маңызы үлкен емес. Диагностикалық мағынада тек қана науқас қанында табылған аутоштаммға қарсы түзілген антиденелер титрінің 2 есе жоғарылауының маңызы бар.

Емдеуі. Тағамдық токсикоинфекциялармен науқастанғандарды жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу қажет.

Бірінші рет науқасты қарап және диагноз қойған соң асқазанын шайып, жуындысы бактериологиялық әдіспен зерттеледі. Егер жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 1,5- 2 литрден аспаса, ауыз арқылы жоғалтқан сұйыктықтың мөлшеріне тең сұйықтық ішкізеді.

Науқасты емдеу аурудың түрі мен ауырлығына және қосымша ауруы бар түріне байланысты жүргізеді. Алдымен, сусыздануға қарсы күрес, дезинтоксикациялық, гемодинамиканы реттеу шаралары жүргізіледі. Сонымен қатар қосымша ауруды емдеу, симптоматикалық және диетотерапия тағайындалады.

Стационарда асқазанды шаюдан бастайды. Асқазанды шаю үшін 1% натрий гидрокарбонаты ерітіндісі немесе 0,1% калий перманганаты ерітіндісі қолданылады. Орташа -3 литрдей сұйықтық пайдаланылады. Асқазанды шаю үшін зонд арқылы жүргізген жөн. Енгізілетін сұйықтықтың мөлшерін құсқан кезде және диарея кезінде жоғалтқан сұйықтық арқылы анықтайды. Ауыр жағдайда, кейде орта дәрежедегі ТТИ кезінде регидратациялық терапияны көктамырға полиионды кристаллоидты ерітінді енгізу арқылы жүргізіледі (дисоль, трисоль, хлосоль, ацесоль ерітінділерін көк тамыр арқылы). Тұзды ерітінділермен қатар дезинтоксикация үшін синтетикалық коллоидты ерітінділерді — энтеродез, энтерол және реополиглюкин, полиглюкин, реомакродекс, реоглюман қолданылады. Коллоидты ерітінділермен инфузия сусыздану жоқ кезде жүргізу қажет. Себебі, көк тамыр арқылы жіберген кезде сұйықтық интерстициялық кеңістіктен тамырлы арнаға өтеді. Бұл кезде АҚҚ жоғарылап, сауығудың алдамшы белгісі болады, бірақ су-электролиттік алмасу бұзылып, нашарлайды. Коллоидты ерітінділерді енгізген кезде метаболиттік ацидоз күшейеді.

Полиионды кристаллоидты ерітінділерді көк тамыр арқылы инфузия жасағанда ТТИ-ң ауыр дәрежесінде — 70-90 мл/мин жылдамдықпен 60-120 мл/кг дене массасына мөлшерде енгізсе, орта дәрежеде — 60-90 мл/мин жылдамдықпен 55-75 мл/кг дене массасына мөлшерде енгізіледі.

Инфузиялық терапияны құсу тоқтағанда, бүйректің шығару функциясы мен гемодинамика дұрыстаған кезде тоқтату қажет.

Аурудың жедел кезеңінде - №4 стол Певзнер бойынша тағайындалады, ал сауығу кезеңінде - №13 столға ауыстырылады. Тағамнан асқорыту жүйесіне механикалық және химиялық әсер ететін тағамдарды алып тастайды: сүт, консерві, бұқтырмалар, өткір және тәтті тағамдар, пісірілмеген жемістер.

Антибактериальды препараттар қажет емес.

Алдын алу шаралары. Тағамдық токсикоинфекцияның алдын алу шараларын бірнеше топқа бөлуге болады:

Бірінші топта инфекцияның көзіне назар аударады. Жануарларды ветеринарлық бақылауға алу керек. Етті өңдеу комбинаттарында санитарлық жағдайды сақтау. Тағам өнеркәсіптерінде терінің іріңді ауруларымен ауыратын адамды жұмыс істетпеу. Маститпен ауыратын жануарлардың сүтін қайнатып, өңдеп пайдалану. Екінші топта жалпы түрде алдын алу шаралары. Санитарлық ережелерді қатаң түрде сақтау, тағамдық өнімдерді дұрыс сақтау, дұрыс тасымалдау, дайындау керек. Тағам дайындайтын адамдардың жеке бас гигиенасын сақтау керек. Үшінші топта алдын алу шаралары қоздырғыштарды көбейтпеу, оларды жоюға бағытталған. Ол үшін тағамдық өнімдерді дұрыс, мерзіміне сай сақтау керек. Сүт өнімдерін қайнату арқылы стерилизациялау. Сақталған заттардың жағдайын бақылау.

Тырысқақ (холера)

Анықтамасы. Тырысқақ Vibrio cholera бактерияларымен қоздырылатын, фекальды-оральды механизммен берілетін, көп мөлшерлі сулы диареяның, құсудың әсерінен дамитын дегидратация және деминерализациямен сипатталатын жедел карантинді және конвенциялық жұқпалы ауру.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 3292. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия