Студопедия — Кесте. Өндірістік секторға күрделі қаржы салуды ынталандырушы негізгі іс-шаралар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кесте. Өндірістік секторға күрделі қаржы салуды ынталандырушы негізгі іс-шаралар






Салық бастамалары Салықтық жеңілдіктер
Пионерлік мәртебе Жоғары технологиялық компанияларды, Индустриалды даму-нығайту Бағдарламасына (Industrial linkage scheme) кіретін компанияларды пайда салығынан 5 жылға босату, ары қарай табыс салығы – 30 %, Сабах, Саравак, Лабуан және түбектегі Шығыс Дәлізі үшін – 15 %.
Күрделі қаржы салымдары бойынша жеңілдікті салықтар Компания жұмыс істей бастағаннан кейінгі 5 жыл ішінде салынған күрделі қаржы салымдарына салықты 60 %-ға, Сабах, Саравак, Лабуан және түбектегі Шығыс Дәлізі үшін 80 %-ғa төмендету. Жеңілдік компания құрылған жылы нормативті пайда 70 %-ды, сондай-ақ, Сабах, Саравак, Лабуан және түбектегі Шығыс Дәлізінде тіркелген компаниялар мен жоғары технологиялық компаниялары үшін 100 %-ды құрағанда есепке алынады. Барлық сома түгелдей пайдаланылып біткенге дейін, жеңілдіктің пайдаланылмаған бөлігі келесі кезеңдерге өтіп отырады. Ғылыми-зерттеу және технологиялық-конструкторлық жұмыстармен (ҒЗТКЖ) және тренингтік қызметпен айналысатын компаниялардың жұмыс істей бастағаннан кейінгі 10 жыл ішінде салынған күрделі қаржыларына 100 %, ішкі ҒЗТКЖ-мен айналысатын компанияларға 50 % көлемінде жеңілдіктер ұсынылады. Жеңілдік компания құрылған жылы нормативті пайда 70 %-ды құрағанда есепке алынады. Барлық сома түгелдей пайдаланылып біткенге дейін, жеңілдіктің пайдаланылмаған бөлігі келесі кезеңдерге өтіп отырады.
Қайта инвестициялау бойынша жеңілдіктер Салынған күрделі қаржы салымдарына салықты 60 %-ға қысқарту. Жеңілдік компания құрылған жылы нормативті пайда 70 %-ды, сондай-ақ, Сабах, Саравак, Лабуан және түбектегі Шығыс Дәлізінде тіркелген компаниялар мен жоғары технологиялық компаниялары үшін 100 %-ды құрағанда есепке алынады. Барлық сома түгелдей пайдаланылып біткенге дейін, жеңілдіктің пайдаланылмаған бөлігі келесі кезеңдерге өтіп отырады. Қайта инвестициялау бойынша жеңілдіктің берілу мерзімі біткен соң, компаниялар күрделі қаржы салымдарының жеделдетілген амортизациясын қолдана алады. Бұл жағдайдағы 40 %-дық қалыпты мөлшерлеме және 20 %-дық қосымша мөлшерлеме күрделі қаржы салымдарын 3 жыл ішінде есептен шығарып тастауға мүмкіндік береді.
Нарық талаптарына сәйкес өндірістің өзгеруіне берілетін жеңілдіктер Қайта құру, қайта ұйымдастыру және сектор ішінде қосылу үшін, өндірістік кәсіпорындарға жеңілдіктер беріледі. Бұл жеңілдіктер өндірістің өз шығынын өзі өтеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, өндірістік технологияны жақсартады, өнімділікті арттырады және адам және басқа да ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Индустриалды даму-нығайту Бағдарламасын (Industrial linkages scheme) дамытуға қажетті бастамалар:
  • Ірі компаниялар бастамалары
  • Жабдықтаушылар бастамалары
  • Қызметкерлердің біліктіліктерін көтеру мен тауар жасау бойынша шығындарға салынатын салықтан алынатын шегерімдер.
  • Күрделі қаржы салымдарына пионерлік мәртебе беру немесе жеңілдікті салықтар ұсыну, сондай-ақ, оларды бес жылға табыс салығынан 100 % түрінде босату.
Экспорт бастамалары Экспортты алға жылжыту бойынша шығындар мен жүктерді тасымалдау құнына екі еселенген шегерімдер ұсыну, экспорттық несиелерді сақтандыру кезінде сыйлықақылар беру. Ұлғайтылған экспорт құны мен өнеркәсіптік ғимараттарға салықтық жеңілдіктер беру, экспорттық несиелерді қайта қаржыландыру сызбасын қарастыру.
Малайзиялық сауда белгілерін алға жылжыту бойынша бастамалар
  • Жергілікті жарнаманы орналастырумен байланысты шығындарға екі еселенген шегерімдер ұсыну.
  • Малайзиялық фирма белгілерін алға жылжытып отырған компанияларға кәсіби сыйақылар беру.
Оқыту мен дамыту бойынша бастамалар
  • Жұмысқа кіргенге дейінгі оқыту
  • Қайта аттестациялау бойынша шығындарға екі еселенген шегерімдер ұсыну
  • Адам ресурстарын дамыту бойынша Қор
  • Кәсіпорын құрылғанға дейінгі оқыту және дамыту бойынша шығындарды салықтардан бір реттік босату.
  • Қызметкерлерді сертификатталған тренингтік ұйымдарда біліктілігін көтеру бойынша оқыту шығындарына екі еселенген шегерімдер ұсыну.
Инфрақұрылымды дамытуға демеуқаржылар бөлу Өндірістік секторда немесе Шығыс Малайзиядағы қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін компанияларға инфрақұрылымды дамыту бойынша шығындарына 100 % дотация беріледі. Жеңілдік компания құрылған жылы нормативті пайда 70 %-ды құрағанда есепке алынады. Барлық сома түгелдей пайдаланылып біткенге дейін, жеңілдіктің пайдаланылмаған бөлігі келесі кезеңдерге өтіп отырады.  
ҒЗТКЖ бастамалары 10 жыл бойы 100 % жұмсалған күрделі қаржы шығындарына салынған күрделі қаржы салымдарына табыс салығынан 5 жылға босата отырып, пионерлік мәртебе беру немесе нөлдік мөлшерлеме бойынша салық ұсыну. Жеңілдік компания құрылған жылы нормативті пайда 70 %-ды құрағанда есепке алынады.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 526. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия