МАЛАЙЗИЯ. Я познакомился с Федором Овчинниковым в начале 2007 года, вскоре после того, как он начал свой смелый эксперимент
Я познакомился с Федором Овчинниковым в начале 2007 года, вскоре после того, как он начал свой смелый эксперимент. Прочитав его блог, я сел в самолет и полетел в Сыктывкар. Результатом этой поездки стала пара статей в журнале «Секрет фирмы» о смелом предпринимательском реалити-шоу, устроенном на фоне противоречивого ландшафта небольшого северного города. С тех пор мы держали связь по телефону и скайпу. Замысел книги окончательно сложился у меня в конце 2009 года, когда я задумал на примере Федора показать судьбу представителя новой волны российских предпринимателей. Мне показалось, что в экстремальных условиях города с двумя Ы наиболее ярко проявлялись все драмы этого поколения. В течение 2010 года я постоянно летал в Сыктывкар, чтобы проводить с Федором интервью. Таким образом, я одновременно стал свидетелем многих обстоятельств, описанных в тексте: переговоров с «АСТ», открытия нового магазина в Эжве, обострения конфликта с партнерами, продажи компании и начала нового проекта. При открытии «гипермаркета» в Эжве я даже помог заполнить пару полок бестселлерами Донцовой (я посчитал, что это не будет большим вмешательством репортера в жизнь героя). События, которых я не видел своими глазами, восстановлены по рассказам очевидцев (партнеров Федора, коллег, друзей и конкурентов). Кроме того, я посетил практически все места действия, чтобы лучше представить, где происходила эта история. Огромным подспорьем в работе оказался блог Федора, который помог восстановить полную картину происшедшего и добиться нужной степени детализации. Однако главный вклад в книгу сделала готовность Федора откровенно рассказывать обо всем, что с ним случилось. Будучи журналистом, я хорошо знаю, как тяжело дается людям публичное признание своих ошибок и неудач. Поэтому сложно выразить, насколько я восхищен этим поступком Федора. Я думаю, им двигала не только его фирменная (и парадоксальная для российского предпринимателя) открытость, но также и искреннее убеждение в том, что узнать историю его борьбы будет полезно многим предпринимателям, начинающим бизнес в современной России.
Максим Котин, Москва, 18 марта 2011 года
МАЛАЙЗИЯ Дана Жол Малайзияның мысалында билік басында кәсіпкерлер тұрған елдің қалай дамитынын көрсетеді. Бұл ретте билік басында кәсіпкерлер тұр дегенді зауыттың иесі елдің президенті немесе премьер-министрі болып отыр деп түсінбеу қажет. Бұл экономикалық саясаттың ішкі тауар өндірушілердің мүдделеріне қызмет ететінін, сондай-ақ, осы жүргізіліп отырған саясаттан ұлттық компаниялардың меншіктенушілері көбірек пайда алатынын білдіреді. Елді оқытушы да, адвокат та, кәсіпқой шенеунік те басқара алады. Малайзия мен Қазақстанның ұқсастықтары көп. Кезінде екі ел де отар елдер болды. Яғни, Малайзия Британияның, ал Қазақстан Ресейдің отары болды. Сонымен қатар, Қазақстанда, Малайзиядағыдай, әртүрлі этникалық топтар мен діндер бар. Біздің елде бүкіл халықтың 65 %-ын қазақтар құрайды және халықтың 65-70 %-ына жуығы ислам дінін ұстанады. Малайзия халқының саны 29 млн. адамнан асады. Оның 50 %-ынан астамы – малайлық мұсылмандар. Қытайлар бүкіл халықтың 23,7 %-ын құрайды. Олардың көпшілігі – буддистер, даостар, конфуциандықтар және христиандар. Үндістер жалпы халықтың 7 %-ын құрайды. Олардың арасында индуистер, буддистер, сихки, мұсылмандар және христиандар бар. Халықтың қалған 16 %-ын әртүрлі этникалық топтар, Малакка мен Калимантан аралының аборигендік халқы және көпшілігі индонезиялықтар болып келетін мигрант жұмысшылар құрайды. Елдің ресми діні – ислам. Конституция басқа діндерді де еркін ұстануға құқық береді. Сондықтан, бұл елде діни сипаттағы дау-жанжалдар іс жүзінде орын алып отырған жоқ. Малайзия 1957 ж. тәуелсіздігін алған кезде, негізінен, каучук және қалайы өндірісі мен экспортына маманданған, артта қалған ел болды. Ел тәуелсіздік алғаннан кейінгі аз уақыттың ішінде, экономикалық өсудің жоғары қарқыны мен халықтың айтарлықтай жоғары өмір сүру деңгейін паш ете отырып, өз дамуында үлкен табыстарға қол жеткізді. Жапон экономикасының даму үлгісіне бағдарлану, шетелдік капитал мен технологиялар тарту, өнеркәсібі дамыған елдердің озық тәжірибелерін пайдалану, индустрияландырудың импортты алмастыру мен экспортқа бағытталу сияқты негізгі құралдарын тиімді ұштастыра білу, саяси тұрақтылық – осылардың барлығы Малайзияға экономиканы жаңғыртуда, әлеуметтік салада елеулі жетістіктерге қол жеткізуіне мүмкіндік берді. Оның мемлекеттік құрылымы – конституциялық монархия. Малайзияның Ираннан айырмашылығы мынада: Иранның басқарушы табы діни-идеологиялық тұғырнамада тұрған феодал-шенеуніктер, ал Малайзияның басқарушы табы діни-идеологиялық тұғырнамада (ислам) тұрған кәсіпкерлер болып табылады. Көріп тұрғанымыздай, Иранның да, Малайзияның да идеологиялық негізі – ислам. Бірақ, екі елдің билік басында отырған таптары бұл идеологияны әр түрлі стратегиялар мен тактикалардың көмегімен жүзеге асырып отыр. Ирандағы билік басында отырған феодал-шенеуніктер экономика саласын заңдар, бұйрықтар мен рұқсат берулер арқылы реттейді. Демек, Иранда дәл осы шенеуніктер не өндіру керек, өндірілген тауарды қайда сату керек, зауыттарды қандай бағаға салу керек, алынған табысты қалай бөлу керек, т.б. сұрақтарды шешеді. Иранның діни тұғырнамада тұрған феодал-шенеуніктері идеология саласында Ислам жөніндегі өз көзқарастарын басқалардың да мойындауына міндеттейді. Ал, олардың көзқарастарымен келіспегендерді теріс бағыттағы мұсылмандар деп есептейді. Малайзияның басқарушы табы экономикалық салада ішкі тауар өндірісінің еркін дамуына мүмкіндік бермейтін кедергілерді барынша жоюға тырысады. Малайзиядағы билік басында отырған кәсіпкерлер не және оны қайда өндіру керек, өндірілген тауарды қандай бағаға және қайда сату керек, зауыттар салуға қанша ақша құю керек, т.б. мәселелерді малайлық компаниялар меншіктенушілерінің өздері шешуі тиіс деп есептейді. Малайзияның басқарушы табы идеологиялық салада міндеттеу әдісі арқылы емес, сендіру әдісі арқылы әрекет етеді. Малайзиядағы билік басында отырған кәсіпкерлер Ислам идеологиясының дәл осы сендіру әдісі арқылы әділетті қоғам құруды толық бейнелейтінін көрсетеді. Мұндай қоғамда әр адам өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік алады. Енді Малайзияның саяси-экономикалық үлгісін толығырақ қарастыруға көшейік.
|