Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Христиан дінінің идеялық қайнар көзі.




Христиан апологтиктерін: Христиан дінін адамдар жасаған жоқ, оны «Құдай адамы» арқылы немесе Құдайдың баласы Иисус арқылы адамдарға таратылған, - дейді. Бірақ та Христиан дінінің догмасы мен идеологиясын тарихи салыстырмалы жақтан қарастырсақ, онда бұл діннің шығуына әр түрлі діни, философиялық және этикалық білімдердің әсерін көреміз. Діни жағынан, христиан дінінің қалыптасуына, митраизм, ертедегі шығыс діндерінің философиялық көзқарастарының тигізген әсерлерін байқаймыз. Мысалы, иудаизм дінінің бір құдайлық «монотизм», миссиялық, ақырзаман (эсхатология) туралы идеяларын толығынан христиан діні қайта өңделіп негізгі библияның ескі өсиетінде кездестіреміз. Әсіресе, христиан дінінің әлемге деген көзқарасының қалыптасуына аналитикалық философия үлкен жәрдем берді. Библияның Жаңа өсиеті, бөлігі тек христиан дініне тән десек, оның құрлысы, терминдері, ұғымдары Платонның, неоплатондық, Аристотельдің философиялық системасының құрылымдық ойынан шыққандығын көріп отырмыз. Солардың ішінен ең бір елеулі көзге түсетін неоплатондық Филон Александрейскийдің (25 ж.б.д.д. 50 э.б.д.) Христиан дінінің негізгі догмасын құрастырудағы рөлі өте жоғары десек болады. Құдай мен материалдық дүние арасындағы делдалды – періштелер мен мессияны Филон «Логос» (ақыл, ой, сөз, парасат) деп атады. «Логос» Филон бойынша киелі сөз, ол арқылы жаратқанды сезіп білуге болады. Құдайды тек «Логос» арқылы біліп, тануға болады, басқа жол жоқ. Барлық адамдар туғаннан күнәлі. Күнәлар адам мен Құдай арасында құтқарушы «миссия» бар, адамның жоғарғы мақсаты – күнәдан құтылып, құдаймен табысу, бұған жету үшін ең қажет нәрсе – мессияға сену, шын жүректен жалбарыну. Мессия – барлық адамзатты күнәдан құтқарушы. Ең биік Логос ол – Құдайдың баласы Иисус. Ол адам сияқты болғанымен де, ол адам емес, Құдайдың өзі, ол дүниеге келеді де, қайтадан ғайып болады, енді тек адам ойында, көңілінде ғана сақталады делінеді. Міне, Филонның осындай ілімі Христиан дінінің рухани иерархиалық құрылу бастамасына жәрдем береді. Христиан дінінің құлықтылық, өнегелік дамуына үлкен ықпалын тигізді. Христиан дінінің құлықтылық, өнегелік тұрғыдан қалыптасуына Рим стоиктері, әсіресе Сенеканың ілімі үлкен ықпал етті. Стоиктердің пікірінше, дүниенің екі бастамасы бар: материя және рух. Материя рухсыз дами алмайды. Стоиктер Логосты белсенді бастама, рух, Құдай деп түсінді. Адам тегінің белсенді бастамасы – жан, ал жанның негізгі күші – ақыл, ой. Адам жан, ақыл, ой арқылы бүкіл әлеммен байланысты. Бүкіл әлемдік ақыл, ой «Құдай», ол әлемге күш беруші оттегі деп танылады. Сенека (4 ж.б.д.д. – 65 ж.б.д.д.) ілім бойынша жеке адамдардың тағдыры құдайдың қолында. Жалпы адамгершілік мораль адамдардың бір-бірімен қатынасынан шығады. Бостаншылық тағдырға байланысты, тағдыр құдайдың қолында. Табиғат заңдары бұл – бір жағынан, Құдай заңдары. Білімге талпынған адам әр уақытта осы заңдарға сүйеніп, әрекеттерінде ақылы сыйымды бастама басым болуы керек. Сенеканың императивті «моральдің алтын ережесі»; «Сенен жоғарғы тұрғындар, сенімен қандай қатынас жасасын десең, сен де төмен тұрғындармен сондай қатынас жаса» деген принципі христиан моралінің өзегі болып табылады десек те болады. Сенека о дүние қызығына шақырды, бақыт пен теңдік те о дүниеде ғана деп уағыздаған Құдай туралы айтқандары кейіннен христиан дініне толығынан дерлік енді.

Христиан діні Шығыс культтерін (культ.Лат.,«Культс» табыну, қадірлеу), мәдениеттерін, эллинистикалық философиясын бойына сіңіруі бұл діннің құнын түсірмей, қайта байытты. Нәтижесінде бұл дін жер орта теңізі бойындағы халықтар арасында тез тарап, дүниежүзілік дінге айналды

 

46. Христиандық канондық әдебиеттер. Інжіл (Библия), оның мазмұны және құрылымы.

Шіркеудің шығуы мен бірге діни қасиетті жазбалар мен қасиетті аңыздардың жасақталуымен қатар жүрді. Христиан дінінің қасиетті жазбасы Библияда (грек. – Кітаптар) жинақталған. Қазақша атауы Інжіл. Библия екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім, Ескі өсиет (Ветхий завет) және Жаңа өсиет (Новый завет). Ескі өсиет көлем жағынан 4/5 Библияның бөлігін алады. Бұл бөлігі Иудаизм дініне де ортақ. Өсиет деп ертедегі еврей халқы Құдаймен, кейін келе басқа да халықтармен Иисус Христос келісім жасаған деген түсініктен шығады. Екінші бөлімі Жаңа өсиет (Новый завет) деп аталады. Жаңа өсиет тек Христиан дініне тән. Барлығы 77 кітап. Олар ежелгі еврей, арамей және көне грек тілдерінде жазылған. Негізіне мазмұн жағынан Библияны апокрифтік және конондық деп екіге бөліп қарастырады. Апоктифтті (жасырын) ертедегі иудей және ертедегі христиан әдебиеттеріне, конондыққа кірмей қалған, бірақ Ескі және Жаңа өсиеттерден табуға болатын бөліктері. Конондық (жөнді, дұрыс) деп соборларда қабылданған, киелі ретіне әр кезде бекітілген Библияның бөліктері. Кононға 27 еңбек кіреді: 4 інжіл (евангеллия), Христостың шәкірттерінің ісі туралы жазбалары, 21 арнаулы хат, оның 14-і Павел, Иоан жазған хаттар деп саналып келген

 

 

47. Христиандық ғұрып, құпиялар, мерекелер.

Христиан дінінде магиялық қалдықтары да бар. Оларға әр түрлі туа оқу (молитва), діни іс-әрекеттер жасау (тайнства), құпия, сырлы жұмбақ, діни салт-жоралары.

Діни құпиялық іс-әрекеттері арқылы адамдар құдаймен, оның жақсылығын алу үшін қатынас жасайды. Бұндай іс-әрекеттер жетеу: шоқыну (крещение) – Христиан дінін ұстаушылар қатарына қабылдау жорасы. Шоқындыру кезінде адамдар: бірінші күнәдан құтылады, шіркеуге бірінші араласу басталады, христиан болады. (Маңдайын маймен майлау) миропомазание – маңдайын әдейілеп жасаған «миро» деген исті маймен маңдайына және басқа дене мүшесіне маймен. Онда құдай маңдайын ашуға, жолы болуға жәрдем береді деген түсінікпен шіркеу адамдары жасайтын жорасы, Өкіну – (покояние) – күнәсін мойнына алып, құдайдан кешірім сұрау; (причащение) – адамдардың құдаймен жақындасуының бір түрі, құдайдың денесімен қанына араласуы, оның орнына бір ұрттам қызыл шарап (вино) және бір үзім нан жеу; шарапаттылық «священство» - қасиеттенушілік – шіркеу жорасы бойынша ерекше салтанатпен діни қызметкерлерді сайлау; «елеосвещение» - «арша ағашының бұтақтарын жолға төсеу» арқылы өлім халіндегі ауру адамдарға күнәларын кешіріп, дүниеге шығарып салу жорасы (діни салты).







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 3664. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2021 год . (0.002 сек.) русская версия | украинская версия