Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Иудаизм Еврейлердің ұлттық діні.




 

Напряженный разговор заканчивается обещанием вернуть Хагрида и чудесной шуткой: "Кроме того, нужно подготовить объявление в "Пророк", мы снова остались без преподавателя защиты от сил зла...".
Конечно, в каждой шутке, даже Дамблдоровской, есть доля шутки. Но вот вопрос - а не в этот ли момент Дамблдору приходит на ум кандидатура Люпина? Хагрид - Азкабан - Сириус - Мародеры - Люпин…
Впрочем, об этом авторы торжественно обещают поговорить очень подробно в следующей серии. А пока - приходит Люциус. Ну да, мы же должны насладиться финальным торжеством справедливости.

Дамблдор со свойственным ему стилем, блеском и дружественностью совершенно размазывает Малфоя-старшего психологически. Кстати, мог бы и физически… но великодушно не распускает руки, а у Люциуса хватает выдержки удержать палочку в кармане.

"Представьте, каковы были бы последствия для самого Артура Уизли и для его акта по защите маглов, если бы его собственную дочь обвинили в убийстве маглорождённых... К счастью, дневник был обнаружен, и воспоминания Реддля удалены из него. Кто знает, каковы могли бы быть последствия в противном случае..."
Боже, каков виртуоз.

Ну вот, собственно, и все. Пир организован на славу. Гарри спас Джинни, победил Василиска и Реддла, освободил Добби и защитил честное имя Хагрида. Ну, попутно еще во всем разобрался, как в ФК. Он по заслугам в центре внимания и получает одну положительную эмоцию за другой. Окаменевшие ожили, Гриффиндор завоевал кубок, экзамены в качестве подарка школе отменяются (прекрасный и очень справедливый поступок Дамблдора - учитывая, кого он второй год держит на должности преподавателя DADA). В половине третьего на праздник является Хагрид (еще одно свидетельство оперативности Директора - или он и об освобождении Хагрида заранее позаботился?). Все в пижамах (о, этот Директорский юмор…).

Что там еще надо для полного счастья? А, Локхарта убрали. И вообще все хорошо настолько, что это явно тоже срежиссировано.

Остаток семестра растворяется в ослепительном солнечном сиянии. Все-таки Дамблдор мальчика очень любит.

А мы отметим, что Гарри совсем забыл о части Волдеморта, которую носит в себе. Так что Дамблдор своими умолчаниями и недоговоренностями, как-никак, дал подростку немного счастливого времени и нормального детства.

Ненадолго.

 


 

Иудаизм Еврейлердің ұлттық діні.

Иудаизм ХІІІ ғ.б.д.д. Еврей халықының арасында шыққан дін. ²Иудаизм² деген сөз Еврей тайпасынан шыққан Иуда руының атынан аталады. Иуда руы еврей халқының 12 рудан шыққан ең ірі және бірінші падшашы Давидтан таралған беделді ру болады. Олардың құдайы Яхва (Найзағай құдайы, от құдайы, су құдайы) барлық рулардың құдайына алынады да монотеистік - жеке, бір қудай болып танылады. XIII ғ.б. д.д. еврейлер Палистинаны жаулап алған соң, Яхва құдайының құрметіне Ирусалим храмын салады.

Жалпы иүдаизм дінінің дамуын үш кезеңге бөліп көрсетуге болады. Бірінші, библиялық кезең – библияның шығуы немесе оның басқа негізгі бөлімі. Ескі өсиет (ХІІІ-ІІ ғғ.б.д.д.) - Танах деп иудейлер атайды. Танах болса 39кітабтан тұрады. Оны шығуына ежелгі Шығыс елдерінің діндерін, аңыздарын және дүниеге деген көзқарастарын, мифтерін, өлеңдерін, және т.с.с. қолданады. Танахта, құдай Яхава алты күнде, жерді, аспанды, күнді, айды, жұлдыздарды, жануарларды және өсімдіктерді, онан соң бірінші адамдарды Адам мен Еваны жаратып,оларды жұмаққа (Едем бақшаға) орналастырады да, онан соң оларды «бірінші күнәлігі» үшін - өмірдің не екенін блгісі келгені үшін, жұмақтан қуып, жерге жібергендігі айтылады. Сонан соң, Адам мен Еваның ұрықтары күнәлікті болғандықтан топан су жібереді, Ной мен олардың балалары Кеме ²Ковчек² тұрғызып аман қалады және т.с.с. дінге түсініктер жазылады. Ескі өсиетте тағыда дінің негізге догмалары, моральдық қатнас, әртүрлі бұйрық жарлық, Мойсейдің 10 өсйеті, жалпы барлықЕврей халқы осындай өсиеттерді бұлжытпай орындаулары керек деп түсіндіріледі. Жалпы алғанда, Ескі өсиет те ерте дәурдегі халықтардың дүние танымдық көзқарастары, олардың қоршап тұрған әлемдердің құбылыстанып фантастикалық түрде түсінуі, түсіндіргісі келуі, сол кездегі Еврей халқының тарихы, әдет ғұрыптары, салт жоралары діни көзде жазылу тұрғысы деп қарастырамыз. Екінші кезең Иудаизмнің – Талмуттық даму кезеңі деп айтамыз. Құл иеленушілік дәріндегі еврейлердің өмірлері туралы, діни формада көрсетіледі. 70ж. б.д.д. Рим империасының Палестинаны жаулап алуы, ондағы Иерусалим храмын бұзуы, еврей халықтарының құлдыққа түсіп өз елінен тарап басқа елдерге кетуі туралы айтылады.

 

12. Буддизмнің шығуы. Буддизмнің ғұрыпы мен дін оқытуы.

Будда діни ең бірінші, ең ертедегі дүниежүзлік дінге жатады. Ол VI ғ. бір мыңыншы жылы б.д.д. Шығыс Үндістаннан шықты. Буддизм дінінің шығу себебіне сол кездегі Үнді мемлекетінің әлеуметтік – экономиқалық және мәдени дағдарысқа үшырап жатқан кезі еді. Таптық қоғамының қалаптасуында, рулық байланыстар, рулық құдайлар сол болып жатқан өзгерістерге, рухани талаптарға қамтамастық көрсете алмады. Будда діні, оның негізі идеалды қөзқарастары таптық қоғамның шығуына, дамуына жол беріп отырды. Сол кездегі рулық-брахман дініне опозиция болған Будда діне, варна-қастылық бөлүге қарсы шығып елдердің басын біріктіруге талпынды.

Будданың ашқан өмір ақиқаты немесе ілімінің негізі – «азап шегүшілік» түралы төрт игілікті ақиқаттан түрады. Бірінші ақиқат-өмір сүру-азап шегу болып табылады. Екінші ақиқат – азап шегудің себептері адамның тлегі мен құмарлығына байланысты болады. Үшінші ақиқат-азан шегуден құтылудың жолдары – құмарлықтан құтылу керек. Төртінші ақиқат – тілектер мен құмарлықты шешу үшін адамдар Будда көрсеткен жолдармен жүруі тиіс. Ол жолдар мыналар: Буддаға деген қалтықысыз наным, дінге нұксан келтірмей дурыс талаптану, тәртіпті болу, адамдармен кісі өлтірмей, соқтығыспай жақсы қарым-қатнасты болу, өзін-өзі ұстау және аңдап жүрү. Қысқаша айтқанда Нирванға жету. Нейрвана деп адамның ерекше жайын білдіретін бүтіндей тыныштыққа бөленіп, айналаны қоршағандардың бәріне өнжар қараушылық. Соған жеткен адам қайта туудан құылып, адап шегу тоқталады. Нерванға тікелей жетүдің сегіз сатысы болады: түзу көзқарас, түзу батылдық, түзу сөз, түзу жүрыс-түрыс, түзу тұрмыс қалпы, түзу күш салу (өзін өзі үстай білу), түзу ықлас, түзу жұмылдыру.

Будда дінінің уағыздары. Будда туралы ілімдер көптеген ғасырлар бойы ауызша айтылып отырады, тек қана біздің э.д. және б.ғ. аралығында. Цейлонда алғашқы рет 29 томдық (10 мың бетке жуың) будда ілімі кітапқа жазылады. Ол кітапті «трипитака» деп айтады. «Трипитака», «Три корзины» (заң) немесе «Ұш жинактама» уш бөлімнен турады: «Сутра- питака» (жіп) - әнгіме, Будда әнгімесі және оның негізгі ілімі; «Винайя - питака»(тәртін) – монахтардың қалай өмір сүрү ережелері; және Абхидхама – питака (жоғарғы ілім), Будданын шәкіртерінің қурастырғап еңбегі. Осылардың ішінде ең бір ерте болімі «Сутра» және «Винайя» - қалай қурастырылған сол қалпында біздің дәуірімізге жетті. Қалған бөлімдері көптеген өзгерістерге үшырап, толқтандырылып отырды. Осындай жазбаның арқасында Буддызмның 250 жылдык даму мәліметтерін біз білеміз. Будда ілімі бойынша өмір деген айнымалы, ешбір түрақты ештеме жоқ. Осы өмірдің турақсыздығы, айнымалдылығы айырлмайтын болмысы екенін түсіндіреді. Жеке адамдардың өзіде қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктеп, өлімнен құтыла алмайды. Әлемде түрақты еш нәрсе жоқ, барлығы өзгерін, бір көріністеп екінші көрініске ауысып отыратын байқады. Бұрынан келе жатқан көзқарас бойынша осы ауыспалы өмірде бірақ түрақты нәрсе бар, ол «жан» немесе Қүдай деген көзқарасты Будда болса басқалап шешті. Өмір сүрү деген уздіксіз кезендерден түрады. Әрбір кезең жойылғанда, келесі кезендерге жол береді, немесе Буддалық сөзбен айтқанда «Барлық шыққан нәрселер жойылады, турақты еш - нәрсе жоқ, сол себепте түрақтты нәрсені іздеү керек, өмір қалай тұылады және солай тез өтіп кетеді». Қасиреттік нәрсе адамның өзінен, себебі өзгерін отыратын заңдылықты тоқтатқысы келеді. Мәнгі жасайтын жанға сенү дегені өзін өзі алдау деген, өзгерісті ешкімде тоқтата алмайды. Қастреттен құтылудың бірден-бір жолы - Сансардан (өзгеріс шеңбері) шығу үшін әрбір адам ең болмағанда төрт түрлі ақиқатты білуі қажет:

1. Өмір сүрү деген қасирет шегу деген. Өмірге келу, кәрілік, ауру, өлім, жақсы көрген нәрсеңнен айырылу, қажетіңе жете алмау, т.б. осылардың бәрі – қасірет.

2. Қайғы – қасиреттің пайда болуы себептері туралы ақиқатты білу. Ол - өмірге, ләззатқа, байлықа деген құштарлық.

3. Құштарлықтан құтылу арқылы оны жеңу.

4. Куштарлықтан құылу жолдарын білу. Оның жолдары сегіз қағиданы (сатыны) бұлжытпай орындау керек. Жоғарғыда көрсеткендей олар: дұрыс жол, дұрыс шешім; дұрыс сөз; дұрыс іс-әрекет; дұрыс тұрмыс қалпы; дұрыс күш жұмсау; дұрыс өй бағыты; дұрыс жинактала білу. Дұрыс жинақтала білүдің өзі төрт сатыдан тұрады.

Олар: 1. Ойды төрт ақиқатты түсініп, пайымдауға бағыттау. 2. Осы төрт ақиқатқа сену. Ол біздің жанымыздың тыныштықта және құанышта болуына мүмкіндін береді. 3. Қуаныш – қайғыдан, өз дененді сезінуден арылу. 4. Толық сабырлылың және талғаусыздық жағдайға жету.

 

13. Иудаизм және христиан діні. Уағыздардың негізгі мағынасы.

 

14. Христиан дінінің пайда болуына әсер еткен әлеуметтік-мәдени алғышарттары.

Христиан діні – екінші әлемдік дін. Ол І ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Израильде (Палестинада) 30-100 ж.б.д.д. еврей және басқа ұлттардың арасында пайда болды. Палестиналық еврейлер Вавилон, Персия, Македондық жаулауды басынан өткізді. Тек 140 ж.б.д.д. Израильді өздерінің Иудей династиясы басқарды. Ал 63 ж.б.д.д. Римнің әскери қолбасшылары Гней Помней Иудейге өз әскерлерін алып кіргізді. Сонымен Иудей Рим империясының бір бөлігі болып қалды. Саяси бостандықтан айырылған Палестина халықтары бұл жасағанды трагедия есебінде қабылдады. Бұндай саяси оқиғаны діни мәнде бой ұсынды. Саяси оқиғаға олар діни мазмұн беріп қабылдады. Ата-бабаларының діни салт-дәстүрлерді бұзғаны үшін құдай жолында адамдар әділетті жазаға тартылады деген діни көзқарастар таратылды. Әсіресе осындай идеялар еврей ұлтының діни қауымдарында, хасидее тобында, фарисей ұжымында кеңінен етек алған. Фарисейлер болса басқа елдің діни өкілдерімен араласпауға, иудаизм дінінің таза болуына, діни әдет-ғұрыптарға үгіт-насихат таратты. Бастапқы кезде бұл қауымдар иудаизм дінінің әдет-ғұрыптарын, діни мейрамдарын орындағанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері болды. Мысалы, аптасына, жексенбі күні бір жерге жиналып тамақ ішуі, нанды үзіп жеп, шарапты ұрттап ішуді әдеттендіріп салтқа (ритуалға) айналдырды. Келе-келе ондай салтқа тек шоқынған – «крещения» адамдар ғана қатынасатын болды. Бұндай әдет-ғұрыпқа, діни және идеологиялық жақтан мән беріп әрі қарай дамыта бастады. Бұндай шоқыну салты – адамдардың күнәлі екендігін және сол күнәларына өкінуі, құдай алдында кешірім сұрауы, тәубаға келуі секілді мойын ұсынғандықты білдірді. Күнәдан құтылу жолдары, жаңа өмір бастау, таза бұлақтың суымен немесе таза өзеннің, көлдің суымен тазару әдетке айналды. Бұндай діни түсініктің пайда болып, дамуына саяси-әлеуметтік жағдайларда өз ықпалын тигізді. Рим билеуші топтарының жаулап алу соғысы тоқтаған соң, басып алған елдерге билікті нығайту үшін, ел билеудің республикалық формасынан бас тартып, монархиялық формаға көшті. Рим империялық дәстүрге өтті. Жаңа дәуір, жаңа тәртіп ескі діни нанымдардың жойылуымен қатар жүріп отырды. Сонымен қатар жаңа діни нанымдардың шығуын керек етті. Жаңа тәртіптің қаталдығы күшейе түсті. Империяның басты күші құлдар еді. Құлдардың өндірістік күші әлдеқайда төмен болды. Құлдық империяның дағдарысқа ұшырай бастағаны көріне бастады. Мемлекеттік ауыр салмақтар халық бұқарасының әлеуметтік тұрмыс жағдайын нашарлатты. Құл илеушілерге қарсы күрес ұлғая түсті. Халық арасында эсхотологиялық пиғылдар кеңінен тарады. Бұндай көзқарастың шығу себебі – құлдар көтерілісінің жеңіліске ұшырауы еді. Рим империясы әлі де болса өте күшті еді. Езілген бұхара халық өздерінің тұрмыстарын жақсартамыз деген үмітінен айырылып, басқа жолдар іздей бастады. Ол кезде «құтқарушылық» жолы тең дін арқылы ғана мүмкін болды. Көрініп тұрған әлемнің күні таусылып келеді, ақырзаман болады деген тозақ туралы діни ілімдер күшейе түсті. Табиғатта жасырын әрекет жасайтын күштердің бар екені, ізгілік пен зұлымдықтың күресі туралы, о дүниенің барлығы т.с.с. түсініктер пайда болды. Ақырзаманнан соң жаңа өмір басталады. Ондай өмірді Құдайдың өкілі Христос деген алып келеді. Ол адам ұрпағын құтқару үшін азап шекті, о дүниенің рахаты туралы аңыз оп-оңай тарап кетті. Сонымен, образ бойынша айтсақ, «Христостың жеңу себебі – Спартактың жеңілуінен» шықты десек те болады. Халықтар жер бетінде әділеттілікке, теңдікке қол жетпегендіктен, олар Құдай алдында теңдік идеясы христиан дінінің қалыптасуына, сол кездегі халық арасында таралып және қолдау тапқан түрлі идеологиялық ағымдар да ықпал етті.

 

15. Православтар христиандардың бір түрі. Православтардың ғұрыпы мен дін оқулары

Православие-христианшылдықтың Шығыс немесе Византиялық бөлігі. Қазіргі кезде бір-біріне тәуелсіз автокефальды 15 православие шіркеуі бар: Константинопль (Туркия), Александрия (Египет), Антиохия (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузия, Сербия, Румен, Болгар, Кипр, Эллада (Греция), Албан, Поляк, Чехославак және Американдық, тағы басқа үш автономдық шіркеулер бар (синай, фиин және жапондық). Әрбір дербес шіркеулердің шекарасын сол дербестік берген автокефальды шіркеу анықтайды. Шіркеу басшысын жалпы соборда сайлап, оны кейін дербес шіркеудің патриархасы етіп даярлайды. Константинопльдің патриархы «Әлемдік» деп аталады, бірақ ол басқа шіркеулерге қатынасы жоқ.

Әкімдік жағынан православия шіркеулері: экзархат (автономия), епархия (өлке), викариант (облыс), благочин (район) және приход (жергілікті, кішкентай) шіркеуі болып бөлінеді. Барлық православия шіркеулерінің канондары, діни догмалары мен ғибадаттары бірдей. Православие шіркеуінің ілімі Никкей соборында (325 ж.) және Константинопльде (381 ж.) әлемдік соборларда, жетінші Никкей (787 ж.) соборын қоса есептегенде, қабылданған. Православие ілімі негізінен екі жағдайды ақиқат деп түсінеді: христиан догмалары мен Құдайдың адамдарға жіберген шындықтары. Негізнен догмалары: Құдай үш мүсінді (бейнеден) тұрады, Құдайдың адамнан тууы мен күнәні кешіруге болатындығы. Бұл догмалардың мазмұны: Құдай материалдық және рухани түрде өмір сүреді. Оның мәні: Құдай үшеу де болса – біреу: әке Құдай – Савооф, бала Құдай – Иисус Христос және Құдай – Қасиетті рухтан (ол тек әке-құдайдан шығады) тұратын, бірақ бұл үшеуі біртұтас қасиетті үштікті (троицаларды) құрайды. Оның кереметтігі – үшеуі болса да біреулігінде. Әке Құдай ешкімнен еш нәрседен жасалған емес, құдіретті Құдай. Ол бізді қоршаған дүниені, соның ішінде о дүниені де жаратты. Жерден Құдай бірінші Адамды жаратты, оның қабырғасынан Хауа (Ева) бірінші әйелді жаратты. Адамды жарату себебі, олар Құдайды білу, сүю және жалынып мақтау керек, сонда ғана олар бақытты, рахатқа батады. Құдай өз жағынан адамдарға қамқор болады, бәле-жаладан сақтайды, дұрыс жолға салады. Бала Құдай Иисус Христос - өмір-бақи өмір сүретін Құдай. Әке Құдай бала Құдайын адамнан туғызып, адамдарға жіберіп, олардың күнәлерін өзіне алып, қайта аспанға ұшып кетті, бірақ ол тағы келеді. Үшінші ипостась (үштіктің бірі) – Қасиетті рух-Құдайы. Ол әке-Құдайымен адамдардың рухани дүниесін жасады, адамдарға Құдай алдында қорқу құдіретін және де тақуалықты, жігерлікті, данышпаншылықты танып білуді үйретті (381 ж.). Константинопль соборына бектілу бойынша қасиетті рух-Құдай әке-Құдайынан шығады да ақиқат болып есептеледі. Библия кітабы бойынша, Қасиетті рух-Құдайы Христос тірілгеннен соң, 50 күннен кейін апостолдарға от жалыны болып әрқайсысына енеді. Қатардағы христиандармен жалбарына дұға оқу арқылы, жасырын ғажайып істер арқылы «Қасиетті рухпен» байланысуға болады.

Православия ілімінде, әлемнің шығуы, өмір сүруі және жойылуы, адам туралы және оның күнәҺар болып тууы, құдай қайырымдылығы туралы айтылады. Осы догмаларда шіркеу ақиқаттығына күмән келтірілмейді. Бұл догмалар дамымайды немесе өзгермейді және оларды ақылдан гөрі жүрекпен, сеніммен қабылдау керек. Православиялық діни ілімін екі әлемдік собордың шешімдерін «символдық сенім» дейді. Әрбір христиан оларды жатқа білулері керек. Ол догмаларды түсіндіруші жазба нұсқасын «Православиялық катехизис» деп атайды. Православия дінінің айрықшалығы – протестанттарға ұқсап алғашқы екі собордағы догмалық діни сенімдерінен басқа бірде-бір догма қосқан жоқ котоликтерге ұқсап, бірде-бір догмадан бой тартқан жоқ. Сондықтан Православиялықтар өздерінің діни көзқарастары ең таза, сенімді, алғашқы Христиан дінін сақтап келеміз деп мақтан тұтады. Сол себепте екі собордағы діни догмалар мен салттары, мейрамдары осы кезге дейін православиялылықтар сақтап келеді. Православия діні Болгарлар, Сербтер, Македондықтар, Гректер мен жалпы Славян халықтарының арасына кең тараған. Православия дербес шіркеу болып бөлінуі алғашқы І ғ. басталды. ІІІ ғ. Шығыс империясының шіркеу немесе грек – православия шіркеуі деп аталды. Шығыс шіркеуі алғашқыда үш патриархтан: Александрия (Египет) және Антиохия (Сирия және Ливан), сонан соң Иерусалим (Палестина). Ү ғ. Константинопль (Түркия) патриархаты алдыңғы қатарға шығады. ІІІ ғ. соңына шығыс шіркеуін Армения, ІҮ ғ. Грузия, ІХ ғ. Моравия және Болгария қабылдайды.

 

16. Католицизмнің ғұрыпы мен дін оқуларының ерекшеліктері.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1877. Нарушение авторских прав


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2019 год . (0.004 сек.) русская версия | украинская версия