Студопедия — Сағила
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сағила






Базархан Жақыбаев

Күндегі әдетінше таңмен таласа тұрған Ондасын қорадағы бірді-екілі малын өріске шығарып келген. Бастырмада оқыранып тұрған торы төбелін Жиделісайдың бастау суына қандыра суғарып, жемге байлаған да, үйге кірген-ді. Ошақ басында күйбеңдеп жүрген Балқияның шәйі дайын болса керек. Деміккен самауырды дастархан шетіне қойып, кәрлен шәйнекті демдеп жатып:

- Әлгі Бекеннің әйеліне көңіл айтып қайтсақ болар еді, уағында естімеген соң қиын екен. Жетісі де таяп қалған болар марқұмның... - деді күйеуіне қарап.

- Иә, жетісін бүгін өткізетін көрінеді. Барып, көрініп қайталық Үлкенталдыдан алшақта тұрғанымыздан ғой естімей қалғанымыз. Тіршілігінде Махаббат қырық жылдай адасып жүріп, Бекенмен қайта табысты деп естіп едім. Ауылға келгелі де екі-үш жылдың көлемі болса керек. Тағдырға не шара, іште кеткен ұлы есейіп, немересі келін түсіріп, құдалыққа барғанда, күтпеген жерден екеуі кездесіпті деседі. Қалай болғанда да, Бекенмен бірге өсіп, мектепті бірге бітіріп едік. Өзіне амандасып, әйеліне көңіл айтып қайталық.

Оңдасындар келгенде, ел жиналып, құран бағышталып жатыпты. Қанша дегенмен, кластастар емес пе, Берікбол Оңдасын мен Балқияны көргенде, елеңдеп қалды. Шамасы, риза болғанның белгісі болу керек: құшақтасып, көрісіп жатыр. Көз көргендердің құшақтары ажырасқаннан кейін, амандық-саулық біліскен Оңдасын:

- Бекен... – деп, қос қолын қысып тұрып: - Махаббаттың артының қайырын берсін... өмірден қиналып жүріп, баласын жеткізіп, өзіңді қайта тапқанда, қалған өмірдегі көрер қызығын Алла қысқа жазса керек! Амал не, ана бала-шағаларыңа ұзақ ғұмыр тілеймін! Өзің де ортамызда аман жүр, бауырым...– деді.

- Иллаһи, өздеріңе де саулық тілеймін, рахмет көңіл білдіргендеріңе. Дастарханнан дәм ауыз тиіңдер, – деп, Берікбол қонақтарына өтініш білдірді.

... Үлкенталды ауылы алғаш өткен ғасырдың отыз үшінші жылдары Бура өзенінің екі сағасына әртел болып ұйымдасқан-ды. Сол отыз үшінші жылдары Берікболдың әкесі Сағынбай он бір, он екі жасар бала кезі. Әкесі Ағыбай кеңес өкіметінің қолшоқпары болып, байлардың малын тәркілеп жүргенде, бандылар атып кеткен екен. Жетім қалған Сағынбай, шешесі екеуі

әртелдіңқойын бағып жүріп, ашаршылыққа ұрынбай, аман қалған көрінеді. Кейіннен ұсақ әртелдер бірігіп, колхозға айналғанда, ержетіп қалған Сағынбайға бақтырған Үлкенталды колхозының жылқысы дегендей-ақ өсе берді.

Жасынан сергек, аңшылыққа құмар жігіттің тұзақ құрып, қақпан салып жүріп, малға зияны тиер жыртқыштарды азайтудың арқасында, жылқы мыңға жетіп, жылқышының абыройы артып тұрған кезі-тін. Оның не білгені барын кім білсін?! Шешесі қайтыс болып, бір үйде өзі жалғыз қалса да, әзірше үйленуді ойға алмай, жылқы шетінде аң қуып жүріп алған. Соғыс басталып, ауыл азаматтары бірінен соң бірі Отан қорғауға Батысқа аттанып жатқанда, Сағынбайдың жылқысынан кезге салып топ-тобынан майданға айдатқанымен, өзіне «кетесің» деп әлі ешкім тіс жара қоймаған. Жылқының алғанын соғысқа, қалғанын жайлауға айдап жүргенде, қырық төртінші жылдың да көктемі көрініп қалған-ды.

Бұрыннан осы Үлкенталдының сиырын сауып, көп сауыншының бірі болып жүретін, баяғы ашаршылық жылдары жалайыр жақтан бес жасар үрпек бас қызын жетелеп, ауып келген Зейнеп кемпірдің Сағиласы қазір ер жетіп, өз құрбылары «Сағила сұлу» атандыра бастаған-ды. «Сұлуды сүйген білер, жорғаны мінген білер», «Бабы келсе, қыраның аққу ілер»,- демекші, Сағынбай өзінен төрт-бес жас кіші Сағиланы қолына қондырып, наурыздың бас кезінде Зейнеп кемпірдің үйіне кіріп алған. Жас сұлуды бауырына басқан жылқышы жігіттің сөйтіп көңілі жайланғанмен, соғыс лаңы елдің берекесін кетіріп, титықтатып жатқан кез. Әр шаңыраққа қара жамылтып, қайғылы қара қағаз келіп жатса, бүтін кетіп, мүшесінің біреуінен айрылып, қайтып жатқандар қаншама?! Колхозда еркек кіндікті азайып, бар ауыртпалық әйелдер мен балалардың мойнына түскені сонша, емшектегі сәби баудың көлеңкесінде, аңызжағасында кемпір-шал егіс даласын мекендеп, үй бетін көруді ұмытқан. Сағила шешесі екеуі бұзау қораға жапсыра салынған бір ауыз шымүйде тұрып, сиыр сауып, жас төлдердің күтіміне жауап беретін. Сағынбай күйеу болып кіріп, сол ақ сарайдай көрінген шым жатақта Сағиласын алғаш рет құшағына алған-ды. Жігіттің есіне сол күндері түскен сайын пейіш бағына кіргендей әсерде жүретін. Махаббатқа бөленген албырткөңілдің көктемі ме, әлде шынымен солай ма?! Сол жылы жер ерте көгеріп, жайлы жазға айнала бастаған. Уыз келіншегінің ақ борық тамағынан ләззат тапқан жас жылқышыға, наурыздың сіркіреп жауған сылбыраң жаңбыры, көкке тоймай, сай-саланы қуалаған арық - тұрақтың бүрсеңі көңіл -күйіне көп әсер ете қоймады. «Сәуір болмай, тәуір болмас; шілде тумай, қауын болмас,» -десе де сәуір тым әдемі басталғандай. Ерте гүлін жарған тобылғының бүрі, қары кетіп, майда құрағы майысқан сай-саланың жасыл шөбі Сағиланың салған төсегіндейқұлпырып тұрғанын көріп, атынан түсе қалып, балаша аунап-аунап алатынды шығарды. Балаусаның мұрнын жарған балғын иісі көңілін шалқытып, бұрын - соңды айтып көрмеген әсем әуеннің ызыңы құлағынан кетпей, масайраған сезімде атына қайта мінгенін байқамай қалатын.

Мамыр туа, жылқысын Ақтасты жайлауына ойыстырған Сағынбай мен Сағила. Он шақты шанжаның басын біріктіріп, байластырған соң, сыртына колхоз берген құрым киізді орай жауып, кепе тұрғызып алған. «Өз үйім-өлең төсегім, қонағыма қой сойып, қалы кілем төседім,» - дегендей, батыр тұлғалы Сағынбай төсегіне қисайғанда, сирағы сыртқа шығып жатқанмен, Сағила екеуіне мынадай алтын ұя жер шарында жоқтай көрінетін-ді. Сол жылы көркем жайлаудың көк бетегесіне желі тартып, асау құлындармен тұмса биелерді Сағынбайқұрықтап берсе,Сағила жетім қозыдай желіміне жабысқанда, тегеурінді білек, айбарлы қайрат, шу асауларды шүйкедей жұмсартатын.

Жайдарлы жаздың қызығы ма, әлде жалғанның жақсылық ләззатына құштар жанның қызуы ма, өздері біліп болмайтын бір бал дәуреннің балбыраған шуақты күні еді. Әдеттегідей сәскедегі сауыннан кейін, саумалды сабаға қотаруға Сағиланың қосқа кіргені сол болатын. Соңынан алпамсадай денесін есікке әрең сыйғызып, басын еңкейте босағадан аттай берген күйеуіне наздана еркелей, мойнына асыла кеткен келіншегі күйеуін аймалай берді, аймалай берді. Алғашында сасып қалған Сағынбай:

- Не болды саған? – деп, жұбайын қапсыра құшақтай көтеріп, жас баладай қолының қарына қондырып үлгерген-ді. Бақыттың құшағында балқыған Сағила қуаныш жайлаған нұр жүзін жігіттің құлақ түбіне тақай, ыстық демімен, төңіректе ешкім жоқ болса да біреу естіп қалардай: «мен ауыраяқпын..» деп, сыңқ ете күліп, сүйіп-сүйіп алды. «Баянды бақыт баталы ұлда болар,»- дегендей мына жүрекжарды қуанышын жарының жайдары үнінен естіген болашақ әке не істерін білмей, келіншегін көтерген бойда далаға жүгіре шығып, тәңір сыйлаған талшыбықтай қосағын қос қолымен төбесіне тік көтеріп алды. Сонан соң бар даусымен жайлауды жаңғырықтыра:

- Сүйінші, Көк Жайлауым! Сүйінші! Желідегі тұлпарларым! Менің балам болады! Ұлым болады! – деп, қосты айналып жүгіре берді, жүгіре берді. Тосын дауысқа елеңдеген байлаулы құлындар «біз сияқты сәбиің өмірге келеріне қуаныштымыз» дегендей, шіңгірлей кісінесіп, жер тарпып жатыр. Үйір ортасында үйездеп тұрған тоқпақ жал торы айғыр да: «Бәрекелді! Бәрекелді!» деп қостағандай басын шұлғып-шұлғып жіберіп, қарай қалыпты. Сары қарын ана биелер «ана болу ұрғашының парызы емес пе, тәйірі, о несі сонша айғайлап...» - дегендей, тоқпақ жалдың бауырын тұмсығымен түрте, иіскелей пысқырынып, онысына ұялғандай, бас иесіне қалқалана бастарын төмен сала қойыпты. Сағила ана болу бақытының алғашқы қуанышын бөліскен жан-жарына жүрегі езіліп жүре берді. Көрікті көңілдің куәсі іспетті көзінің тамшылары қойнына құйыла берді. Өмірінде әке болу арманына жетіп, көңілі алабұртқан.

Сағынбай Сағиласының қой дегеніне көнбей, ертесі төңіректегі малшыларға құдайы таратып, бір қойын құрбандыққа шалып үлгерген. Келіншегінің құрбы қыздары «Құрсақ тойын» жасаймыз деп жүріп, аядай қостың әптер-тәптерін шығарып тастаған –ды. Әйелдердің майдандағы жарлары есіне түсіп, запыран қайғылары көптен бері ішқұсаға айналдырғандықтан ба, Сағиланың жақсылығын мұңлы әуендермен бастап, таң ағара алды жылап, арты күрсіне үйді-үйіне тарап бара жатты. Күн шыға атына ер салып, жылқыға бет алған Сағынбай да түндегі жетім-жесірлердің көзжасынан көңілі жасып келе жатқан. «Қу соғыс-ай! Әлі қаншамызды жалмар екенсің?!» - деген азапты ой көңілінен кетпей, күпті ете берді.

Күннен күнге төлежіп, толыса бастаған Сағила сұлудың әдемі өңіндей құлпырған жайлау да тамыздың басында нағыз сәніне кірген шағы еді. Сондай жайлы жаздың сәндене өтіп жатқан күндерінің бірі болатын. Таңертең сауын үйірді желі басына жақындатқан Сағынбай есігінің алдында тұрған пошташы баланы байқап, тіксініп қалды. Өрекпіген жүрегін баспақшы болып, бастаудың мұздай суынан бір-екі ұрттағанша, пошта бала да қосына келіп үлгеріпті. Ағасына үлкендерше соза сәлемдесіп тұрып, аудандық әскери комиссариаттың шақыру қағазын қолына ұстата берген. Бағанадан есік алдында тұрған Сағила жылаған бойда келіп, күйеуінің омырауына басын сүйеп:

- Мені қайда тастап кетесің? Баламыздың күні не болады? Сағыным,...-деп айырылмай тұрып алды. Сағынбайдың жайшылықта күлімдеп жүретін қара торы өңі қошқыл тартып, қос жанары шатынай, сонау-сонау Арқастың алыс шыңдарына қадалған бойда, ендігі өмірінің қалай боларын ойлап кетті. Сондағы есіне алғаш түскені: «Менің бақытты күнім осымен біткені ғой, шамасы,» - болды. Аздан соң есін жиып, өзіне-өзі келгендей болған соң, келіншегіне тоқтау білдіріп:

- Сағила, жылай бермеші, соғыстан аман келіп жатқандар да бар ғой, құдай сақтар. «Немістер шегініп барады» деген жылы хабарды күнде естіп жатырмыз. Менде ел қатарлы барып, фашистерді қуысып қайтпаймын ба?-деп, жарының шашынан сипап, құшағына қыса берді.

Сол күні желіжиналып, құлындардың ноқтасысыпырылған-ды. Желі басына үйреніп қалған ана биелер мен торы айғыр да «әттеген-ай,әттеген-ай» - дегендей бастарын шұлғып, тарап кетпей, үй маңында көп аялдап еді. Соңғы рет оқыранысқансауын үйір Сағынбайға –«Қош, ием!»- деп, жайбарақат жүре жайылып, белден асып бара жатты. Көрші малшыларға сабадағы саумалды сарқа таратқан Сағынбай, Сағилашын ертіп, әскери комиссариатқа ертесі күн шыға аттанған-ды. Олар Жауырынбайлаған қырқасына көтеріле артына көз салғанда, иесіз қалған қара лашығының жұлым киізі желмен желпілдеп, көз ұшынан бұлдырай: – «Қош болыңдар, қош, қош енді!» - деп, қол бұлғап тұрғандай көрініп, екеуінің де көкіректері шымырылап, езіліп кетті. Сағынбай келгенде әскери комисариаттың ауласы ығы-жығы адамдар екен. Майданға аттанатындарды алаң ортасына сапқа тұрғызып, майоршеніндегі орыс офицербірдеңелерді айтып, діңкілдеп жатқанын көрген болашақ майдангер қолындағы шақыру қағазын ұстата берді. Майор оны ерткен бойда қызыл-ала киінген үлкенді-кішілі әскери шендегілер отырған бөлмеге кіргізіп, тізімге қостырған. Сонан соң сапта тұрғандардың санын бір адамға көбейтіп, «шагом маршын» қайта бастап кетті. Қақпа алдындағы теректің көлеңкесінде тосып қалған Сағила күйеуін күтуімен күнді өткізе берді. Көз байлана босаған Сағынбай әйеліне:

- Таңғы бесте осы жерден жаяу жылжитын болдық. Азық салған қапшықтарды тиейтін ортамызда бір өгіз арба Сарыөзекке дейін ілесіп баратын көрінеді, – деді. Сол күні қаладағы танысының үйіне түнеп шыққан олар, түні бойы көз іле алмаған.

– Сағилаш, жылай бермей, мені әбден тыңдап алшы, – деді қолтығына кіріп қыса құшақтаған келіншегінің көз жасын алақанымен құрғатып жатып. – Мен бір атадан жалғыз екенімді өзің білесің. Біздегі бар ағайын - туыс отыз - отыз бірінші жылдары түп көтеріле арғы бетке өтіп кетіпті. Бәрі ауқатты болғандықтан, Кеңес үкіметінің қысымы шыдатпаған болу керек. Әкем ағайындары арасында жетім өсіпті. Әкесінің әкесі –Жәйілбай байлардың жұмсауымен барымтада жүріп, сойылдан кетсе керек. Жетімді жебеп, жетелеп жүрері болмаған соң, ағайынның қақ-соғын көріп ержеткен әкем-Ағыбай. Кеңес орнап, кедейлерді көтергенде, атқа мінер атанып, тәркі жылының талғамына сай басбұзарлығымен, қызылдар қылышының қынабынан табыла берген екен. Әсіресе, өзіне тырнағы батқан ағайындарын аямаған болу керек. Соның кесірі ме, әлде басқа ма, бандылардың оғы дарыған денесін бір айдан соң, таудағы арша арасынан әрең тауып, жерге жасырған болғанбыз. Ал менің өмірім өз көз алдыңда өтіп келеді. Бүгінге дейін колхоздың малымен алысып келдім, енді қанды қырғынға аттанып бара жатырмын. Кім біледі, алдыдағы өмір не көрсетерін? Қаралы өлімнің қабатында қаламын ба әлде саналы өмірдің санатында қайта оралам ба, бір Алланың пешенеме жазғанын көрермін, -деп, шалқасынан жатқан күйі тұңғиық ойдың тұнбасына бата берді. Көз жасын көлдей ағызған Сағила Сағынын жабыса құшып жатып:

- Алланың әмірімен күйеуімнің денесімен бірігіп кетсем, сонда соғыс өлімінде бір шұңқырда бірге қалсам, өкінбей кетер едім, - деген ой санасын баурап алған. Бұлар осылай таң күтіп талықсып жатқанда, әлдеқайдан созылтыпшақырған тауықпен ілесе, қора түкпірінен ақырған есек дауысы діңкілдеп барып, қылғынып тоқтады. Онсыз да көңілі қабаржып, көзіне тікен қадалғандай болып жатқан. Сағынбайға екіленген екі естінің үні бір түрлі жағымсыз әсер етіп кетті. «Кете бер, кете бер,» - дегендей арам мақұлық.

Таң шапағы ағара «Бисмилла,»-деп орнынан тұрған ерлі - зайыптылар аттарын жетектепәскери комисариаттың ауласына қайта кіре берген. Сапқа тұрғызған сарбаздарды жылап-еңіреп шығарып, салушылар көшеде ығы-жығы екен. Сағила да бағана «Сені Қоңырөлеңге дейін шығарып салайын»-деген күйеуіне. «Майор кеңшілік етсе» -деп, Сағынбай құп алған-ды. Болашақ жауынгерлерін батысқа аттандырар алдындағы соңғы сәті болу керек. Майор қатар тұрғандарға: «Смирно!»-деп команда берген соң, жақынынан айырылар сәті жақындап жылағандарға: «Жолдастар!» - деді орысшалап, «Жолдастар, бізді бұдан әрі шығарып салушылар болмайды. Бәрің осы жерде қаласыңдар! Бұйрықты орындамағандарға шара қолданамыз!» - деп дес көрсетіп өтті. Содан кейін қатар түзеген елу шақты адамға: «Напра-во!»-деп бетін құбылаға бұрғызып, «Шагом марш!»-деп, батысқа қарай адымдап жүріп кетті. Шулаған ел көше бойында жылап қала берді. Сағила екі атын жетегіне алып, арқан бойы алыста Сағынбайлардың соңынан ілесіп отырған.

Өсектен өте бере артта келе жатқан өзі сияқты тағы екі келіншекті байқап, тосып алған-ды. Олар да биыл тұрмысқа шыққан бейбақтар көрінеді. Үшеуі бірігіп алысырақтан ере берді, ере берді. Намаздыгер шамасында Қойбын шатқалына жете, майор көмекшісін әйелдердің неге келе жатқаны жөнінде білуге жұмсаған-ды. Кіші шендегі жас солдат ергендердің алдынан шығып: «Бастық сендерге қайтсын!» - деп жатыр, тез артқа бұрылыңдар!»-деп бұйырған. Қалалық келіншек алға шығып: - Жолдас Нәшәндік, сіздің әйеліңіз бар ма? Сізді әскерге алғанда, шығарып салған шығар, - деп бетіне қарады.

- Иә, шығарып салды. Бірақ сендер сияқты күні бойы жаяу жүрмеді. Өйткені, бізді көлікпен әкетіп еді...- деп мұңайып тұрып қалды.

- Онда ана Нәшәндікке айтыңыз, күйеуіміздің жанында ақырғы түн бірге болып, таңертең үйге қайталық, - деді. Үндемей атының басын кері бұрған көмекші бастығына әйелдердің сөзін жеткізгенде: «Әй, жастық-ай!» - деп, басын шайқаған майоралға жүріп кетті. Қас қарая Шолақсудың жазығына тоқтаған майдан сапарындағылар бұйрық бойынша әр жерге от жағып, айнала кешкі астарын ішіп отырысты. Бастығынан соңғы түнде сұранып келген Сағынбайын Сағила келіншек көп жыл көрмегендей, мойнына асыла беріп, сүйе берді, сүйе берді. Алғашқы күннің жаяулығы ауыр болды ма, отты құшақтардың қызуынан кейін аспан астында екеуі де маужыраған күйде мызғып кетіпті. Сызылып туған шолпанның әлсіз жарығы беттерін аймалағанда ғана оянып кеткен. Қам көңілділер айырылысар сәттің тым таяу қалғанын сезді ме, Сағынбай әйеліне:

- Сағилаш, баламыз аман өмірге келіп, ұл болса, атын Берікбол қой, қыз болса, Жәмила қоярсың... - деп, біраз ойланып қалды. Аздан кейін: - Аман қайтуыма тілектес боларсың, сенен басқа кімім бар менің?! Жаманат хабар естімей, анаңның қасынан кетпе, баланы екеулеп өсірерсіңдер, - деп, теріс айнала берді.

- Жаным, Сағыным, өзіңді өмір бақи күтуге, баланы аман өсіруге ант етемін, - деп, күйеуін құшқан бойда Сағила еңіреп жіберді.

Бозарған таңмен таласа шыққан майордың «Подъем!» деген бұйрығы естілгенде, екеуі де селк етіп, бір-біріне қарасып тұрып қалды.

 

Х х х

Сағила жайлаудағы қараң қалған қара қосқа қайтып оралмады. Қара бастаудағы сауыншы анасына келіп паналаған. Мәнісі жоқ қызығы таусылған өмірден күдер үзген жас әйел ертеден кешке дейін үйдің бұрышында жер қабалап жата беруді дағдыға айналдырды. Далаға шыға қалса, есік алдындағы дөңеске көтеріліп, Сағынбай кеткен қара жолға телміріп сағаттар бойы отырып алатынын өзі де байқамайтын. Сөйтіп, сүреңсіз өтіп жатқан сұрқай күндердің бірінде анасымен бірге бір-екі егде әйелдер:

- Қарағым, Сағилаш, көп қайғыра берме. «Уайым – жанның жауы» деген. Жегідей жеп өзіңді тауысады. Іштегі нәрестеңе де залалы тиер. Балаға бірдеңе болса, Сағының келгенде, жүзіне қалай қараймыз? Өзіңді-өзің ұста. Осы ауылдағы дені сау ерлер түгел соғысқа кеткенін өзің де көріп жүрсің ғой. Одан да ер жігіттің аман келуін тілейік! Басыңды көтер, қарағым!-деп аналық ақылдарын берген. Содан бері де айдың жүзі болып, Сағынбай аттанып кеткен күздің де нышаны біліне бастаған. Ақтастыда қой бағып, көрші отырған Сәлима күзекке осы Қара бастауға кеше көшіп келіпті. Түскі шай үстіне үйге бас соққан. Қойшы келіншек әңгіме арасында Сағила көтерген қара қосты боран жығып, қиратып тастағанын, тұз сұраған мал таптаған ба, үй ортасындағы қазанды да сындырып кетіпті, ошақтың күлі шашылып жатқанын мұңая отырып баяндап берді.

- Қос та, қазан да қараң қалды ғой, Салимаш. Сол қостың ішіндегі Сағыныммен өткізген аз күнгі қызығым келмеске кетті ме деп қорқам. Енді күйеуімнің көзіндей қарашығымды өмірге аман әкелсем, әкесі оралғанда, алдынан көтеріп шықсам, екі дүниеде арманым болмас еді, - дегенде, жанарындағы жасы төсеніш киізге төгіле берді. Аз үнсіздіктен кейін:

- Ол енді қайда дейсің?!

Түсі суып, жалт қарады құрбысына.

Колхоздың қарбалас тіршілігі жан алып, жан беріп жоспарды орындау жазы-қысы бір толастамайды. Кеше сиырға фермерлікке жаңа келген ақсақ Төкен сауыншы әйелдерді бір шыбықпен айдай бастаған. Сағилаға тұмса төлдеген он бес құнажынды бөліп беріп: «Сүт жоспарын дұрыс орындамасаң, жауапқа тартқызамын!» - деп, қоразша қоқиланып аттанған. Қабылдау пунктіне өгіз арбамен сүт таситын Сүлеймен шал ауырып қалғанда да, арба айдауды Сағилаға жүктеп қойды. Сауыншылар арасындағы жасырағы осы дей ме, әлде басқа білмегі бар ма, әйтеуір таяғын шолтаңдатып жүргені. Сағынбай кеткелі «Сарыөзектен поезға отырдық» деген бір ғана хаты келген, одан бері де талай уақыт өтсе де хабар болмай тұр. Таңның атысынан түннің жарымына дейін бітпейтін жұмыс Сағилаға күйеуін ойлауға да мұрша бермейтін болды. Үйге кірісімен төсегіне мұрттай ұшып құлайтынды шығарды. Құрсағы да күннен-күнге үлкейіп, қатты қайырым жұмыста діңкелеп қалатыны тағы бар. Қыс түсе арық –тұраққа шөп шашу, қора тазалау көтерем көтеру екі қабат әйелге тым ауыр тие берді. Амал не, өлмеген соң көреді екенсің. Қаңтарға таман Сағынбайдан келген хатында: «Польшаға жеттік. Енді Германияның шекарасына тақап баратын сияқтымыз,»- деп жазыпты.

Ақпанның аяқ шені ғой деймін. Күн жылымық тартып, қар солқылдап еріп, Бураның суы мұз бетіне шығып жатқан. Қорадағы арық малды суға айдап келе жатқан Сағиланың іші қатты бұрап кеткенде, көзі қарауытып, жол жиегіне отыра кеткенін өзі білмей қалды.

Үйге кіргенде, қызының өңіне сәп салып тұрып, анасы: «Толғақ басталыпты,» – деді. Төбедегі белағашқа байланған ала құрға асылған болашақ ана іштегі нәрестенің жарық дүниеге талпынысына шыдай алмай, бебеулей бастаған. Жан тері шыққан Сағила талықсып барып, қайта түзелгенде, үйге кірген егде әйел аядай жалғыз ауыз үйді толғаққа оңашалай, жанында өзі ғана көмекке қала берді. Асулы жіптен айрылмай жанына жәрдем тілеп қиналып отырған ананың белінен ұстаған кемпір.

- Иә, Бибәтимапірім, қолдай көр! Деміңді ішіңе тартып зорлан, қарағым! – деп, қолтығынан тік көтеріңкіреп тұрып қалды. Жарықтық кейуананың қолының дауасы бар ма, іңгәлаған баланың үні естілгенде, жас ана қуаныштан босаңсып кетті. Өмірге келген ұл балаға Сүлеймен шал сол күні азан шақырып, атын Берікбол қойған. Зейнеп кемпір немересінің шашуына деп қозы қарын майын сандығынан шығарып, ауылдастарының батасын алып жатты.

Нәресте босану тұмса анаға оңай болмаса да, кішкене тіршілік иесі қолтығында тырбаңдап жатқалы өмірге деген құлшынысы оянып, қуанышы қойнына қайта толғандай, сергектеніп кетіпті. Босанған күні ертесінде пошташы бала Сағынбайдан хат әкеліп, көңілін көкке тағы бір жеткізіп тастаған-ды. Күйеуі хатында: «Сағилаш, балам өмірге келсе, бауы берік болсын! Жалғызымды жабырқатпай өсіруіңді тілеймін. Өз денсаулығыңды да күт. Біз қазір Германия жеріндеміз. Бүгін-ертең соғысқа кіруге бұйрық күтудеміз.» – деген сөзінен көңілі секем алған Сағила, белін анасының салысымен қатты буынып, орнынан «Бисмилла!»-деп тұрып кетті. Зейнептің «Бұның қалай?»-дегеніне:

- Қайтемін, әзір жата беретін уақыт емес қой, апа. Сағынбай хатында «Соғысқа кіреміз» деп жазыпты. Ауыл үлкендерінің батасын алсақ, тілегіміз Алланың құлағына жетер ме екен... - деді.

Сыпыра үстіне қамыр илеп, қазанға май тұшытып жатып.

Берікбол қос анасының ортасында өсіп келе жатса, Сағилаға Сағынбайдан келер сәлемі сарғайтып кешіге берді. Бар болғаны үш хаттан кейін ұшпу хабарды аңсап күткен жас әйел, сартапжүзімен қара жолға ұзақ-ұзақ телміретінді қайта шығарды.

Сол жылы мамырдың мамыражай шаттық күнінде Кеңес Одағы Жеңіс тойын тойлап, жер шарына үстемдігін арттырып жатқанмен, із-түссіз кеткен ерлердің ошағы өшіп, бас иесінен айырылған жетімдер мен жесірлердің көкірегіндегі шері шеменге айнала берген. Күндегі әдетінше өгіз арбамен сүт өткізіп келе жатқанда, Сағила мұңлы ойларға ерік беріп, «Ғұмырым күтумен өтер ме екен, қайтейін, қу соғыс – ай! Тірі болса келер еді. Қайран Сағыным, қыршыныңқай жерде қиылды екен. Ең болмаса, қара қағаз да бұйырмады-ау! Берікболыңды аман қалдыру үшін жаныңды қидың ба екенсің?! Қайтейін-ай!»-дегенде, арба үстінде дауысы шығып кеткенін өзі де сезбей қалды. Сүттен босатып әкеле жатқан қалайы ыдыстардың даңғыры, келіншектің өзіне-өзі сөйлеп келе жатқанын қасындағы әйелге естіртпеген болу керек, ол да өзінше сампылдап, Сағила тыңдап келе жатыр деп әңгіме айтып келеді екен. Алланың жарық күні айналып алға жылжығандықтың белгісі ме, әне-міне дегенше, Бекені де беске толып, Сүлеймен шал кеше келіп сүндетке отырғызып берген. Белінен жұмысқа жарамсыз болып қалған шешесі мен ұлын Үлкенталдыдағы екі ауыз там үйді тазалып, кіргізген-ді. Бекені көшенің өзі сияқты балаларына үйір боп өссе, бауырмал болар ма екен дегені еді. Ана жылғы Ақтастыда қалған қазанның сынығын жүкпен бірге ала келген. Үйдің іші-сыртын ретке келтірген соң, төсек - орынды ішке кіргізген де қазан сынығын да кездемегеорап, Бекеннің төсегінің тұсына қойып жатты.

– Апа, бұл не? – деген ұлына:

- Қарағым, бұл әкең екеуміздің тамақ жасап ішкен қазанымыз ғой. Соғыс сындырып ошағымызды ортамызға түсіріп кетті емес пе?

 

– Неге мұнда әкеліп қойдың? – деген сәбиіне:

- Бұл - біз үшін енді киелі зат болмақ, қарағым. Әкең келгенде, көрсетеміз. Сен бұл затты қадірлеп сақтасаң, үлкен азамат болғанда, қазаныңнан ас кетпейтін болады, – деп маңдайынан иіскеп жатты.

– Апа, сонда қазанға пісірген тамақтан әкем, әжем, бәріміз бірге отырып ішеміз ғой иә? – деген баласына:

- Солай, қарашығым, құдай соған жазсын, енді сенің қуанышыңды көретін болайық! – деп, екі бетінен алма-кезек сүйе берді.

Әжесі жүкке сүйенген бойда теріс қарап, көзін сүртіп отырып қалыпты. Зейнеп сол күннен бастап жарытымсыз зейнет ақысына ауылдағы кішкентай дүкеннен немересіне тәтті әпергеніне қуанып, соған-ақ тәубе келтіретін болды.

– Бұдан аяған көк тиынды қайда апарам. Қарашығым, әкесі бардан кем өспесе екен! – дейді іштей күбірлеп.

Берікбол Үлкенталдағы өзі сияқты қара сирақтарға қосылып, ертеден кешке дейін көшені шаңдатудан зерікпейтін болды. Орталарында соғыс сылтауынан ба, әлде... күнәлі махаббатың да куәгерлері де асық атысып, шыбықты ат қып, арсалаңдап жүргені. Анда-санда Берікболмен ілескен «күнәсіздер» тәтті жеуге үйге кіргенде, Зейнеп әже қалтасынан кәмпит таратып жатып: «Қу соғыс – ай! Сен салған лаң жетерлік болды ғой. Ең аяғы ұрғашыны ұятынан, еркекті миятынан айырдың-ау!» – деген ой ішін өртеп өтетін.

Үлкенталды да өтіп жатқан күндердің бірінде жаз ортасы ғой деймін, Зейнеп Бекеннің кішірейіп қалған киімдерін қиыстырып, қол машинасымен кішкене ғана кітап - дәптер салатын және сия сауытқа арнап әдемі дорба тігіп, мойынға асып жүретін жалпақтау жібіне дейін ызып, дайындап қойған. Мұны көріп қалған Берікбол:

– Әже бұл не? – дегенде:

- Қарғам, бұл сенің кітап қабың ғой, амандық болса күзде мектепке оқуға бармайсың ба? – деген. Әжесінің мына сөзіне қуанып кеткен бала:

- Ой, алақай! Енді оқитын болдым,- деп, көшеге жүгіре шығып, кешке дейін балаларға мақтанумен болып жүрді.

Х х х

Биыл Үлкенталды орта мектебін он шақты бала бітірген. Он жыл бір партада отырып, бір-біріне бауыр басып кеткендіктен бе, аттестат қолдарына тигеннен кейін де, шілдің балапанындай ажыраса алмай, топтасып, бірге жүріп алды.

– Бұдан кейін басымыз қашан қосыларын кім білсін?! Әрқайсымыз әр жаққа білім қуып аттанамыз! Өткен күннен естелік болсын, – деп, туған жердің көрікті аймағына серуен жасап, суретке түсіп, біраз қыдырыстаған. Әсіресе, Берікболдың ұсынысымен Жаркент мешітіне, Қу Арасанына, Әулиеағаш тоғайына, Салпық би баба кесенесіне барғанда, жастар тым көңілді әсерде болды. Бұрын балалықтан ба, ел аузында қаншама мақталып жүргенімен, құлақ қоя бермейді екен. Көзбен көргенге не жетсін! Әрқайсысын қолмен ұстағандай болған соң, таң қалып, таңырқаумен болды. Қарағайдан бір шегесіз Қытай сәулет өнерімен тұрғызылған Жаркент мешіті, діңіне алты адамның құлашы жептпейтін Әулиеағаштың жаратылысы, осы алып ағаштың солтүстігінде, Бура өзенінің жағасындағы Салпық би бабаның күйдірілген қыш құмырдан өрілген ақ шаңқан күмбезін көріп, балалар таң қалумен болған. Бағанадан қанаттағы өрнегін аялай сипап, жазуларын оқып тұрған Бекеннің және басқа балалардың да көңілін өзіне аудармақ ниетпен Ғани:

- Жолдастар! – деді, - мен ұзын құлақ үлкендердің есті сөздерінен тыңдағаным бойынша, бұл бабамыздың өмірде кім болып өткенін жақсы білетін сияқтымын! Сондықтан сендерге таныстырып өтуіме қалай қарайсыңдар? - деп кідіріп қалды.

- Ой, Ғани, айтшы, құлағымыз сенде! – деп, бәрі жамырап, қуанып кетті.

- Айтсам, 1880 жылға дейін Суан тайпасының бір шеті батыстағы Басши жазығынан, екінші шеті мына Арқас тауы сілемін жағалай Шығыс Түркістандағы Құлжа қаласынан ары аяғы Іле өзеніне тіреле жайлаған көрінеді. Сол сияқты Салпық би де елімен бірге үш Ақсу өзенінің бойын жаз жайлап, қыс қыстаған екен. ХІХ ғасырдың 80-жылына дейін Қытай мемлекетінің қарауында қызмет істеп, сол аймақтың елінде Үкірдай(Аға Сұлтан) болған. Сол 80-жылдардың ар жағы, бер жағы болу керек, Қытай мен орыс патшасы екі елдің ортасындағы мемлекеттің шекарасын нақтылауға келіскен. Сол келісімнің нәтижесінде қазіргі Қорғас шекарасы болып аталыпты. Қазақтар жайлап отырған жердің ортасынан жарып өткен қаһарлы сызықтан Суан тайпасы екіге бөлініп қалғандықтан Шығыс Түркістандағы ағайындартүп көтеріле Жаркент өңіріне қоныстанғанын айтады. Бұл игілікті істе елінің тұтастығы үшін жетекші бола білгендер сол кездегі Алтынемелді жайлап отырған ақ патшаның аға сұлтаны, Тезек төренің бас биі – Қожбанбет пен Салпық, Жетісу губернаторы Калпаковскийге дейін барып, бөлініп қалған елді бері көшіріп өтуге кеңшілік алған екен дейді айтушылар.

Салпық би өзі Бура өзенінің жағасына орнығып, осы өзенінен шөлдалаға тоған шығара бастаған. Ана Үстірттегі жазыққа егін ектіріп, еліне тоқшылық сыйлаған екен. Осы өңірге келгеннен кейін, еліне қорған болып жүрген аяулы азаматын халқы өздеріне қайта бас би сайлап алса керек. Сол бабамыз 1900 жылдары өмірден өтіп, мына кесене сол жылы тұрғызылған деседі...

- Ой, бәрекелді, Ғани! Үлкендердің сөзін тыңдап өскен сен нағыз құйма құлақ екенсің! – деді Бекен риза болып. Басқа балаларда оны құптап кетті. Бураның бойы мен Қарашоқы шатқалындағы Қу Арасанына барғанда, балалардың көңіліне көлдей мақтаныш сезімі ұялай берді. Берікбол он жыл бойы өз класында класском (жетекші) болып, өз құрбыларын басқарып, үйреніп қалғандықтан ба, биіктеу тас үстіне шығып тұрып:

- Балалар! Қыздар! Біз мына туған жердің табиғатын, құнды ескерткіштер мен мұражайларымызды аралап көргеніміз өте жақсы болды деп ойлаймын! Өйткені, осы тұрған бәріміз, еліміз Қазақстанның, әрісі СССР-дің түкпір-түкпіріне білім іздеп кетеміз. Одан кейін де, жұмыс жөнімен жан-жаққа тараймыз. Енді біз қайда жүрсек те, өзіміз туып өскен Үлкенталдымызды, Әулиеағашымызды, Бура өзенімізді, Жаркент музе







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 644. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия