Студопедия — Атамекенде
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Атамекенде






Елдің еңсесін түсірген жұмыссыздықты басынан кешіріп, ой үстінде жүрген Берікболға Талдықорғаннан қоңырау шалған Жарасы:

- Папа, мама, қалай халдеріңіз? Мамамның денсаулығы тәуір болды ма? Біз Манас екеуміз Алматыға жұмысқа ауысайық деп жатырмыз. Үйді Алматыдан бір-ақ алсақ. Амандық болса, Алмас та оқуын бітіреді. Бәріміз бір жерде болсақ деп ойлап отырмыз. Папа, сіз бұған қалай қарайсыз? Мамам не айтады? Айтпақшы, папа, мен Жаркент жаққа барып қайтқанмын. Не деген керемет жер! Орман –тоғайлы, Алатаудың етегінде орналасқан Жаркент қаласын көргенде, Алматы көзіме елестеп кетті. Бұл жерде өспейтін жеміс болмайды екен ғой! Сонау Арқас Алатауынан бастау алған жеті өзені Жаркент даласын басып өтіп, Іле дариясына құйып жататын көрінеді. Өзендерінің басталар тау бөктерінде Арасан бұлақтары қосылып, өн бойындағы тіршілік зәмзәм суымен қоректенеді екен. Бұл өңірдегі Алланың адамға сыйға тартқан жеті Арасаны да адам ағзасына мың да бір ем дейді білетіндер. Мамады әкеліп, емдетіп қайтыңызшы, папа. Жерінде қыс өте жұмсақ өтеді екен. Жылдың төрт мезгілінде де Алтайдан Атырау, Каспийге дейінгі бар табиғат құбылысы мен көрінісін Жаркент өңірінен түгел кездестіруге болады екен. Құмды шөл дала, сексеуілді сары ала тоғай, жасыл жапырақты қоңыржай белдеу, кілем түріндей сазды өлкеге ұласып, қылқан жапырақты таулы орманға барып тіреледі. Шалқыған көлі, күркіреп құлап ағар тау өзендері, көз жетпес ақбас шыңдармен астасып, жаратылыстың қуат күшінің арқасында қатар жайғасып жатқандығы таң қалдырады. Егер мамамның денсаулығына жақса, осы жаққа біржола келсеңіз де болады ғой, папа. Өз туған жеріңіз емес пе? Бізге де жақын. Алматыдан жүрдек көлікке шамалы-ақ жер...

Соңында телефонға мамасын шақыртып алған Жарас:

- Әкем екеуіңіз Қу Арасанына келіп қайтыңыздар,-деді.

Баласының әке-шешесіне салған ақылы екеуіне де ой сала бастаған. Ертелі-кеш дастархан үстінде осы әңгімені пысықтап, күбірлесе беретін болды. Сондай бір ақыл қорыту үстінде Берікбол:

- Қазір жаздың жайнаған шағы. Арасанға барсақ, осындай кез өте ыңғайлы. Менің туған жерім ғой. Табиғатын менен ешікм артық білмейді! Ертерек жолға қамдансақ қайтеді, бәйбіше,-деген.

- Өзің біл, қашан да сенің айтқаның болады ғой, -деген Торғын ризалық көзқараспен.

Ұлы әкесінің келісімінен кейін, Қу (Жаркент) Арасанынан орын дайын екендігін білдіріп, сөз арасында: «Сіздерді орналастырып қайтамыз ғой,» -деді. Шет елдің жүрдек көлігіне жер алыс па? Көктастыдан шығып, Үлкенталдыға атбасын тірегенде, Жарас бастаған үш ұлы бала-шағасымен алдынан қарсы алып тұрғанын көріп, Торғын мен әкесінің де қуанышында шек болмай кетті. Ана жүрегі-ай десеңші! Күн ара телефонмен дауысын естіп, мауқын басып жүрсе де, бала-шағасының түрін көргенде, шешесі шыдай алмай, әрқайсысын асықпай аймалап, мауқын басып болғанша күннің бір уағы да болып қалыпты. Қой бастаған серкедей, үрім-бұтағын ерткен Берікбол ауыл ортасындағы баяғы өзі балалығын, алғашқы жігіт шағын, Махаббатымен тұңғыш ләззат түнін өткізген екі ауыз жатаған үйіне қарай беттеген. Алдында келе жатқан қара джип кілт тоқтай қалғанда, қалғандары да тізгін тарта берді. Кабинадан қарғып түскен Берікбол жер бола бастаған үйінді топырақтарға қараған күйі состиып көп тұрып қалды. Тағы да үлкен ұлы:

- Папа, бұл қандай орын?- деп әкесінің бетіне жалтақтап қарай берген.

- Балам, бұл жер менің анам, сенің әжең, Сағила апам екеуміз осы жерде тұрып, өмір сүрген үй еді. Ол кісі қайтыс болып, мен әскерге аттанғанша, паналап тұрған екі ауыз жатаған үйіміз өзімізге ақ сарайда көрінуші еді. Міне, енді үйілген топырағы ғана қалыпты,-деп, Махаббат туралы ойын іркіп, Берікбол мұңайып тұрып қалды.

- Содан бері қырық жылдай уақыт өтіп кетіпті,-деді әлден уақыттан кейін. Бала-шағасы не десін? Әкесінен естігені бойынша, ағайын-туыстан ада екенін білетіндіктен ешқайсысы үндемей, үлкеннің қабағын бағып тұрды. Қара джип тағы да алға түскен бойда ауылдың сыртындағы қорымның шетіне тоқтағанда күн де еңкейіп қалған. Машинадан түскен үлкен топ ескі қорымды аралап жүріп, орта шеніндегі аласа үйінді топырақты Берікбол таныды ғой деймін, жалпақ тасқа қашаумен өзі ойып жазған «Сағила анам. 1964 жыл» деген тасты тауып алғанда, көзінен жас ыршып кетті. Анасымен тірі күйінде кезігіп тұрғандай, сағыныш сезімі оянып, көп уақытқа дейін сөйлей алмай, көмейіне жас тығылып отырып қалды. Әлден уақытта бейіт ортасындағы жер бола бастаған кішкене төмпешікті балаларына көрсетіп:

- Менің әжем осы жерде жатыр,-деуге тілі әрең келді. Ол төмпешік - Сағила марқұмның анасы еді. Аруақтар басында көп отырып, өзі білетін құран-аятын іштей ет жүрегі езіле бағыштап болғанда, «Әумин» деп, түгел беттерін сипады. Көлікке қайта отырғанда Алмас:

- Мамам бүгін папаммен әжемнің тұрған үйі мен мүрдесінің басында иіліп сәлем жасады – деді күліп қасындағыларға. Қырық жылға жуық бір келіп қайта алмай, туып өскен жерін кештеу болса да көріп, өзімен-өзі болып толқып келе жатқан әкесі оны байқамаған болу керек.

- Рас па, Торғын? - деп әйеліне жалт қараған.

- Тіршілігінде ата-енеге сәлем жасау пешенеме жазылмаған бейбақпын ғой. Ең болмаса пәнилік өмірін өткізген орны мен бақилық мекеніне келіндік құрмет ілтипатымды көрсетсем, қабыл алар ма екен дегенім дағы.

- Торғын, апам неге қабыл алмасын? Келін түсіруге зар болып үлгере алмай, өтті ғой өмірден марқұм. Бұл құрмет сенің қаныңда бар, тектілік екенін түсінем. Рахмет, жаным! Балалар сенен үлгі алса ғой!

Қайын атасының мына сөзін естіп тұрған келіндері қызарып, теріс айнала берді. Өзен аңғарын бойлап барып, тоғай арасындағы Бураның сарқырамасына тақай тоқтаған Берікбол:

- Балалар, – деді, - мына өзен - менің кіндік қаным осы жерге тамып, шыр етіп жерге түскеннен толқынымен тербетіп өсірген қасиетті суым. Бүгін осы араға түнеп, кәусар ауасын еркін жұтып, бұлағынан дәм таталық! Біз баратын Жаркент Арасаны осы арадан төрт-бас-ақ шақырым жерде. Ертең орналасамыз.

- Балалар шатыр құрсын! – деген бұйрық тастады да, Торғын екеуі өзен жағалай аяңдап бара жатты. Осында келгелі Торғынның күннен-күнге өңі кіріп, көңілі көтеріле бастады. Қолы қалт етсе, Арасанды бөліп ағатын өзенді жағалап, тастан тасқа соғып аласұрып ойнақтап жатқан тау суына қарап, су ішінде шоршып жүрген шабақтарына қызыға көз тігуден бір жалықпайды.

- Біздің Бақан неге бұлай қатты ақпайды?-деп, таң қалып жүргені. Өзі қаралып жүрген Арасанның бас дәрігері:

- Сіздің бүкіл өн бойыңыздағы сүйегіңізді суық қармаған. Сүйекті қалыпты ұстайтын тіршілік талшықтары әлсірей бастаған. Сондықтан бүкіл өнебойдың ауыратындығы. Күтініп жүру керек,-дегеннен өзге ештеме айтпады. Ем-домы аяқталып, Берікболдар қайтар кезде, балаларының алдында Торғын күйеуіне қарап тұрып:

- Бекен, ұлдарыңды Көктастыға апарсаң да енді тұрмайтынын білемін. Екеуміз ғана ол жерде не бітіреміз? Бір табан болса да балаларға жақын жүргеніміз дұрыс шығар. Мына Үлкенталды жердің көркі екен. Ата-енемнің де аруағы риза болсын. Осы жерге келіп тұралық. Бала-шағаның да қатысып тұруына ыңғайлы. Алмас кенжеміз ғой, біздің қасымызда болар. Менің төркін жұртымда қырық жылдай жүрдік, енді олар да өкпелей қоймас,-деген. Шешесінің мына тұжырымды сөзін тыңдап тұрған Жарастар:

- Ой, мама, ақылыңыз өте орынды болды. Қалған жұмысты бізге тапсырыңыздар. Келер жылы осы уақытқа дейін әкемнің жұртының орнына үй тұрғызып, сіздерді көшіріп алуға уәде берелік,-деп келін-балалары құлшынып кетті. Берікбол да бұрыннан ішкі ойының кет әрі еместігін сездіріп:

- Рахмет, балаларым, өздеріңнің Атамекендерің ғой қасиетті Үлкенталды,-деп тебіреніп тұрып қалды. Мына жанұялық келісімнен кейін балалардың жар құлағы жастыққа тимей кетті. Анда-санда: «Папа, мама, мынаны жасап жатырмыз, ананы бітіріп қалдық,»-деп хабарласып жатқаны. Оқуын бітіріп, жұмыстың көзін тапқанға қаражат жинау қиын ба, тәйірі, осы заманда! Оның үстііне үкімет несиемен ұзын арқан кең тұсау жасап, елдің қол-аяғын байлап жатыр емес пе?! Берікболдың Алмасы әлі оқуын аяқтамаса да, ана екі улы жүзіктің көзінен өтердей азаматтар болып қалыптасып үлгерген. Алла тіл-көзден сақтасын! Жаркент өңірінің суығы желтоқсанда ғана білінетіндіктен үйдің құрылыс жұмыстары да сол уақытқа дейін жүргізіліп, ішкі жылу жүйесі ғана көктемге қалдырылған. Осының бәрін балаларынан біліп отырған Берікбол бір күні Асқарды үйіне қонаққа шақырып отырып:

- Амандық болса, көктем шыға елге қайтсақ деген ойымыз бар,-деген. Алғашында аңырып қалған жолдасы аздан кейін:

- Бекен, тыныштық па, не болды? –деп, Торғынға таңдана қарап қалды. Торғын күйеуі екеуі асықпай түгел түсіндіріп өткен соң ғана Асқар Бәти екеуі күрсініп алып:

- Сендерсіз қайтып жүреміз? Бізді қалай қиып кетесіңдер? –деп, Бәти жылап жіберді.

- Қайтеміз, балалар өскен соң оларды да тыңдамасқа болмайды екен. Жыл сайын келіп тұрамыз. Сендер де барып қайтып тұрасыңдар, -деп жұбатқан болды.

Асқар мен Бәти Берікболдарды көшіріп келгелі бір жетідей болып қалған. Жарас Жаркент жерін қонақтарына түгел аралатып, ризалығын алған күні олар да аттанып кетті. Сол жылдың күзінде Алмасының да дипломы қолына тиіп, келіншегін қоса әкеліп, мамасын қуантып тастап еді. Жазиралы Жаркент күзінің уылжытып дастарханға төгіп тастайтын сан түрлі жемісі өз үстемдігіне иелік алғанда Берікбол отау көтерген жас келіні мен жаңа үйіне той өткізіп, Үлкенталды елін түгел шақырған. Түннің бір уағы болып, үзіліске шыққан ауыл ақсақалдарымен әңгіме-дүкен құрып тұрған үй иесінің қасынан өте берген әйел, өзі қызу ма қалай:

- Ей, Бекен, мені танымадың ба,ей?! Күләймын ғой! Ұзақ жыл көрінбей кетіп едің, ақыры ауылға көшіп келіпсің. Махаббатыңды қалай таптың? – деп ыржақтап, бетіне қарағанда, ескірген өңі тарамыстанып, кәріліктің кәдесінен мол сыбағаға ие болғаны көрініп тұрды.

- Ой, Күләй, сенбісің, танымай қалыппын. Есенсіңдер ме? Бала-шағаң аман ба? Жолдасың қалай? Бәрі дұрыс шығар? – деді. Бойын ішімдік билеп, ырғатылыңқырап сөйлегенде, аузынан шыққан көпіршік ернін жағалдаған Күләй:

- Бекен, сен қарамай қойған соң, сырттан келген біреуге күйеуге шығып едім, жолым болмады, ішіп кетті. Одан бір қыз қалып еді, Алматыда жүр. Сен маған үйленетін шығар деп артыңнан жүгіріп едім, Махаббатыңды сүйіп кеттің. Ауылға газет таратып жүргенде Мурманскіден Махаббатқа өзгерген адресіңді көрсетіп жазған хатың келген, қызыңнан өлердей қызғанып, хатыңды отқа салып жіберіп ем... сен бәрібір Махаббатқа қосылып алыпсың ғой,-дегені. (Өзі Торғынды Махаббат деп ойлап жүрсе керек). Ішкіш әйелдің мына сөзін естіп, аңырып тұрып қалған Берікбол есі кіргенде барып:

- Кет, оңбаған! Көзіме көрінбе!-деуге ғана тілі әрең келді. Ертесі Асқарға, Махаббат екеуін кім айырғанын көрсеткенде, жолдасы:

- Қап, қайран Махаббат осындай алапестер жасаған қасіреттің құрбаны болып кеткен екенсің ғой. Қайтеміз, артаның қайырын берсін деумен тынды. Жаркенттің жылы қысы жайлы болып, әкелі-балалы Сағынбаевтар Үлкенталды да өздері құрып алған шаруа қожалығымен айналысып жүріп, көктемді де күтіп алған. Малдары көктеуге шығып, егіндікке техникасын дайындап жатқан кез - тін. Малда жүрген Алмасқа келіншегі телефонмен:

- Тез жет үйге, апам қатты ауырып қалды деген-ді. Қаладан қайтқан Берікбол да осы кезде үйге кіре берген. Төсекте сұлық қалған Торғын, сөйлей алмай қиналып көзінен жас қарлап жатыр екен. Тез арада аудан орталығындағы жан сақтау бөліміне жеткізіп, дәрігерлер шипа жасағанымен, өзіне-өзі келе алмады. Ертесі Жарастар Алматыдан үлкен дәрігер әкеліп, екі күн алысқанмен ажал арашаға мойын бұрмады. Беті бері қарамаған күйі өмірімен қоштасып жүре берді. Қосағын арулап, анасының жанына мәңгілік қондырған соң, көңілі жақын дос жаран жан-жаққа тарап, Берікбол үйде жалғыз отырып қалды. Орта жастан асқанда, қырық жылғы сыңарынан айырылу ер адамға қиын екені күннен күнге біліне берді. Торғыны даладан кіріп келетіндей жаутаңдап, есікке қарай беретінді шығарды. Кейде көшеге шығып, келмеске кеткен жарын күтіп, алаңдап тұрғанын өзі сезбей қалатын да кез болатын. Енесінен айрылған жетім құлындай күн кештірген өмір жылжып өте берді, өте берді.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 389. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия