Студопедия — Тағдыр
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тағдыр






Әйелінің жылы таянғанда, Берікбол Асқар мен Бәтиді шақырып алған. Ондағы ойы – екеумізді өздерің қосып, үй жасап едіңдер. Соңғы еске алуда да өзің бол деген достық көңілдің белгісі еді. Шешесінің жылы өткелі екі-үш ай болып қалған-ды. Бұрын байқамаған ба, Алмас шай үстінде әкесінің жүзіне сәп-салғанда, жүдеп, шөгіп кеткенін көріп, іші ашып кетті. Сақал - мұрты да өсіпті, бұрынғыдай ширақ қозғалудан қалып бара жатқандай. Жайлауға біраз күн барып, көңілін көтеріп қайтар ма екен деген оймен айтып көрген. Баласының сөзін қуана құптаған Берікбол:

- Жұмыста жүрген соң уақытыңды бөлмейін деп, үндемей жүр едім. Рахмет, жарығым. – деп, қуанып қалды. Жайлауды аралап, баяғыда әке-шешесінің алғаш қос тігіп, бие байлаған жерін, Қарабастаудағы апасының сиыр сауған орнын Алмасқа көрсетіп қайтқан-ды. Үйге көңілді оралған қайын атасының алдынан жүгіріп шыққан келіні:

- Ата, Қойшыбайдан Асқар атам қоңырау шалып жатыр, – деп, ұялы телефонды қолына ұстата берді.

- Алло, Асқар, үй-іш, бала-шаға аман ба? Бәтидің денсаулығы ше?-деп..

- Иә, аман-есенбіз, е...с...е.

- Оу, Асеке, құда құтты болсын!

- Қайдан дейсің?

- Е...е... Қостанайдан, е...е...Обағаннан...

- Қашан дейсің?

- Бір жетіден соң.

- Жарайды, барамын.

Қасында тұрған Алмасы:

- Папа, Асқар ағам не дейді? Құда дей ме?

- Иә, Алмас, Айкүмісі үйленіп, Қостанайдың Обаған деген жеріне келін болып түссе керек, сол баласының тойына барамыз дейді.

- О, дұрыс болыпты, құтты болсын! Айкүміс әлі оқуын бітіре қоймады ғой деймін. Кеше ғана кішкентай қыз еді. Уақыт-ай десеңші зымыраған! Берікбол бар шаруасын Алмасқа тапсырып тұрып:

- Балалық жасап, жұмысыңды тоқыратып алма, – деген. Алмас та күліп: - Папа, – деген. Бетіне қараған әкесіне: - Райкомның баласы шаруа қожалығын басқара алмай ма? Қараңызшы, маңдайымда төбелім бар ғой – деді әзіл араластыра.

- Рахмет, балам, «батырға лайық ат туады» деген. Заманың батыр болса, сол заманның тұлпары сендер болыңдар! Маңдайларың жарқырап жүрсін қарақтарым!

Қойшыбайға ат басын тіреген Берікбол:

- Асеке, құда құтты болсын! Кеше ғана Айкүмісіңнің тұлымшағы желбіреп шауып жүруші еді. Уақыт-ай десеңші, білінбей өтіп жатқан! Балалар бақытты болсын!

- Айтқаның келсін, Бекен, күйеу бала да Алматыда политехникалық институтта оқитын көрінеді. Баланың әке-шешесі, әжесі бар деп естідік. Тағы да алыс-жақын туыстары бар болса керек. Қызымызға ендігі татар дәмі Қостанай жақтан бұйырып тұрғаны ғой. Баланың пешенесіне солай жазылып тұрған соң, көнуге тура келеді.

Бәти бір сөйлеп, екі жылап:

- Осы жақын жерден біреу табылмады ма екен ақымақ қызға?

Семейдің ұшу алаңынан көтерілген ЯК40екі сағат болмай Қостанайға жетіп үлгерген. Ол жердегі күтіп алушылар ұшақтан түсіп келе жатқан көп жолаушылардың ішіндегі бейтаныс құдалдарды танып алғанша, көздерін тігумен болды. Тосып алушылардың ішіндегі үлкені мұртты жігіт:

- Семейден құдалыққа келе жатқандар кімдер екен? Біз тосып тұр едік – деп, барлай қараған. Құдалар дегенге елең еткен Асқар: - біз едік – деген.

- Онда, қош келдіңіздер құрметті құдалар! Ел -жұрт, ауыл-аймақтарыңыз аман-есен бе? Құдалық құтты болсын! Екі бала бақытты болсын! – десіп, көрісіп кетті. Аздан кейін жаңағы мұртты жігіт:

- Құдалар, сіздерді машиналар тосып тұр еді. Сол жаққа аяңдалық.

Өздері сырт алаңға қарай бастай берді. Семейлік құдалар көзді ашып-жұмғанша, маңдайшасында «Ақбидай кафесі» деген әдемі ғимараттың алдына таяғанда, Берікболдың көзіне алғаш түскені әншілер мен бишілер болды. Шамасы, осылай қарсы алғанымыз дұрыс деген болу керек. Кафенің алды шырқалған әнмен, бұралған биге айналып кетіпті. Қыз алған жердің осал еместігін осы көріністен ішке түйген жаңа құдалар «Бәрекелді!» деген ризалықпен, әннен кейін домбыраны көсілткен жас жігіт, жаңа құдалардың қадамына құтты болсын айтып, дастарханға отыруын өтінді. Ішке ене бере Берікбол Асқардан:

- Баланың әке-шешесі қайсысы екен? – дегеніне:

- Беке, әлі таныса алмадық, мен де айыра алмай келемін. Ата-анасын көрген Айкүміс: «Мама!» деп келіп, шешесімен аймаласып жатты. Ат шаптырым асхананың кең залында құдалардың алғашқы қауышу салтанатына екі жақтың ғана ет жақындары қатысып отырғаны байқалған. Таңдайынан тәтті тілек тамызған.

Сөз маржанын ағызған асаба қыздың да, ұлдың да туыс жақындарын түгел сөздің түбірімен айшықтап, жеке-жеке мадақтап барып тоқтады. Жасынан ұлы жиындармен, ұлағатты адамдардың ортасында өмірін өткізген Берікболға той-томалақ әдеттегідей әсерімен болып жататын. Бүгінде сол мінезімен жайбарақат жаңа таныстарға көз салып отырды. Қайсы жыл еді?... Тың көтерушілердің жиырма жылдығы құрметіне осы Қостанай облыстық партия комитетінің ұйымдастыруымен ғой деймін, бір үлкен жиынға келіп қатысып қайтқаны бар. Сол есіне түсіп: «Шамасы, мың тоғыз жүз жетпіс төртінші жылы ма екен?» – деп, есептей бергенде:

- Құрметті құдалар! - деген бағанағы мұртты жігіттің дауысы көңілін бөліп жіберіп, қайта қыз алған жаққа көз салып отырып қалды. Жаңағы мұртты:

- Алыстан келген ардақты, мың жылдық құдаларымыз! Біздер сіздерді сіздер біздерді тани алмағандықтан, кімнің-кім екенін біле алмай отырған жайымыз бар. Айкүмісіміз бен Бекеніміз кеше ғана Алматыдан келіп, сіздер туралы сырттай да болса таныстырып үлгере алмады. Сондықтан таныстықты жақсылықпен жалғастырып, тоймен аяқтайық! Алдымен, мен Ермек Әлімұлы, құдаларыңыздың нағашы ағасы боламын, - дегенде, Берікбол жалт қарап, қалт тұрып қалды. Таныстырушы – мына тұрған жігіт, Серікбол Ағыбаев – құдаларыңыз, күйеу балаларыңыз Бекеннің әкесі.

Берікбол: «не естіп тұрмын?» дегендей, «өй...» деп орнынан ұшып тұрып барып, қайта отырғанда, Асқар: «не болды, Беке?» деп, бетіне қарап қалыпты. Таныстырушының құдалар жақта не болып жатқанын қайдан білсін! Әрі қарай сөзін жалғастырып, ана кісі – Назым, Серікболдың жолдасы... Жүзінен қан сөл қашқан Берікбол, Асқардың қолын қысып ұстаған күйі бүкіл денесі дірілдеп, түрегеліп кетті. Қорқып қалған Асқар:

- Не болды, Бекен? Жайшылық па? – деп, бетіне алақтап қарай берді. Таныстырушы бұларды байқамаған болу керек:

- Ендігі сіздермен көрісіп білісетін, біздің бас иеміз, жетім қалғанда қорған боған әпкем – Махаббат, Серікболдың анасы, Бекеннің әжесі осы кісі – деп, алпысқа жасы жақындап қалған ақ борықтай бәйбішені көрсеткенде, бағанадан шыдай алмай отырған Берікбол, аяғын тәлтіректей басып, көзінен аққан жасқа қарамай:

- Мәкай! – деп, қарсы келе жатты. Не болғанын түсініп қалған Асқар да жолдасын сүйей берді. Осыдан қырық жыл бұрын «Мәкай» деп еркелеткен үн аяқ астынан естіліп, өзіне қарай келе жатқан адамға тесіле қарай бере: «Бекен!» деп ұмтылып барып, созған қолы жетер-жетпес күйде талықсып құлап кетті. Берікболдың тынысы тарылып, өзін ұстай алмай, жедел-жәрдем инесімен есіне келген. Бағанағы Махаббаттың «Бекен» деп ұмтылғанын көрген Ермек пен Серікбол, іштей қыстығып көзден аққан жастарына ие бола алмай тұрды. Өзін қайта қалыпқа келтіріп үлгерген Берікбол:

- Мәкай қайда? Әзір осыннан көрдім ғой – деді қасындағыларға жалынышты көзбен. Осы кезде:

- Бекен аға, мен Ермекпін ғой, сізді сағынып өтті ғой өміріміз – деп, құшақтары айқасқанда, екеуі де жас баладай еңіреген дауыстары естіліп жатты. Отырғандар не болғанын түсінбесе де, қабырғалары қайысып кетті. Асқар:

- Ермек, сен сәл тұра тұр енді, мына Серікбол да әкесімен көрісіп мауқын бассын! – деп, төмен қарап көзін сүртіп тұрған жігітті әкесінің құшағына енгізіп үлгерді. Серікбол аққан жасты сүртуге шамасы келмей:

- Әке, бізді қайда қалдырып кеттің?! Өмірім өзіңді күтумен өтті ғой! Ғайыптан келдің бе, әке?! Енді кетпеші! Тағдыр біздің маңдайымызға неге бұлай жазды екен?!

Тыңдап тұрғандардың сай-сүйегі сырқырап, өксімегені, күрсінбегені қалмады. Дәрігердің көмегімен есін жиып, келіндіренің сүйемелдеуімен қайта келген Махаббатты көрген Берікбол:

- Мәкайым менің, сенен тірі айрылғаным-ай! Сені көретін күн бар екен ғой! Сағындым сені! Қырық жылдай аңсаумен өттім өзіңді... – деп, айқасқан құшақтар көпке дейін айрылыса алмады. Қасындағылар:

- Іштегі қайнаған шер аз да болса тарқасыншы, – деп, үнсіздік жариялағандай болды. Жаңағы көрген көз, естіген құлақ, таңдай қаға таң қалатын қиын тағдырлы уақиға аздап сабасына түскендей боғанда, асаба құда күту тойын әрі қарай жалғастыратынын хабарлап, екі жастың қуанышын қайта дүрілдетіп әкетті. Неге дүрілдемесін?! Сағынбай әулетіне Алла өзі әкеліп бақ-дәулетін үйіп-төгіп жатса! Жас жүректердің табысқан ләззатты махаббаттары қазақ жерінің екі бұрышындағы елді қосып, тағдырдың тәлкегімен үзілген үміт қайта жалғасып, жүздерінен нұр төгілгендер, екі жас ақ жолтай болды – десіп жатты. Құдалық дастархан аяқтала Асқар асықпай орнынан көтеріліп:

- Ардақты досым, Бекен! Сүйікті құдағиым Махаббат! Бүгін естіген ел сенбейтін, ертегі айтып отырсың ба деп, бетіңе таңдана қарайтын уақиғаны басымыздан өткізіп отырғанымызға мен де әлі сене алар емеспін! Бар жақсылығымызды Алла енді ұзағынан берсін деген тілектен басқа айтарым жоқ! Махаббат құдағи, Серікбол құда, Ермек інім, Бекен күйеу балам - төртеуіңе арнап айтайын деген әңгімем бар. Мына отырған көпшілікке басынан аяғына дейін тыңдауын өтінем.

Бұл әңгіме менің жасымнан бірге өсіп, бүгінге дейін арамыз ажырамай келе жатқан жолдасым Берікбол Сағынбайұлы туралы. Біз Берікбол екеуміз алғаш әскерге алынғанда, Ақтөбе қаласында танысқан едік. Бұларды Жаркенттен Сарыөзек арқылы сол күндері Ақтөбеге әкелсе керек. бәрімізді сол қаладан Ресейдің Мурмунскі деген портты қаласын бірақ әкелген-ді. Теңіз жағасында бізді іріктеп, су асты қайығында әскери борыштарыңды өтейсіңдер деп, күндіз-түні шынықтырумен уақытымыз өтіп жатты. Бекенге ауылдан бір-ақ адамнан хат келетін. Ол – Махаббат. Сенің хатың еді. Бекен әскерге алынар алдында некеге отырғандарыңды айтқан. Сенен үзбей хат алып тұрдық. Соңғы хатында «Бекен, жаным, мен ауыр аяқ екенмін. Сенен сүйінші сұрап отырмын» деген жедел хабарды оқығанда, Берікболдың қуанғанын көрсең. Сол жүрек жарды қуанышқа казармадағы солдаттар жарты сағат билеп едік. Бір күндері рота командирі:

- Біз бұл жерден ауысып кетеміз, үйлеріңнен хатты мына адреске жіберетін болсын! – деп, әрқайсымыздың қолымызға жаңа адрес жазылған тілдей қағазды ұстатып, үш сағат мұрсат берген. Бекен де, мен де, басқалар да қатар барып, ауылдан келер хат хабарды адастырмайтын адресті поштаға тапсырған едік. Сол күні теңіз жағасындағы казармада түн болғанша ұстады да, шамасы түн жарым ғой деймін, су асты қойығына отырғызылу басталып кетті. Сол кеткеннен теңіз асты біздің мекенімізге айналған. Бір айдан асар уақытта баяғы жаңа адрес бойынша, бізге ауылдан хат келе бастады. Бір күні маған жылап отырып: «Асқар, Мәкайдан айрылдым ғой деймін. Балам не болды екен?!» – дегенде, жүрегі қарс айрылғандай күрсіне берді. Соның аяғы жолдасым кеселге ұшырап, қайық ішіндегі ауруханада алты айдай емделді. Тәжірибелі әскери дәрігердің емінің арқасында беті әрең бері қарағаны бар...

Содан кейін Асқар әңгімесін әрі қарай жалғастырып, әскерден келісімен екеуі Алматыға оқуға түскенін, Асқардың аулына келіп мамандықтары бойынша жұмыс істей бастағанын айтып өтті. Сол бір көктемгі мал фермасында тәжірибеде жүрген он бірінші класс оқушыларының арасынан Торғынды алғаш көргенде, Берікбол Махаббат екен деп қуанғанын, қыздың барлық келбеті Махаббатынан бір аумайтындығын, ең аяғы меңіне дейін ұқсас екендігіне таңдана тұрып, «Асқар, мен Махаббатымды қайта таптым!» - дегенін де жасырмады. Содан әрі Берікболдың институтты тәмамдағанын, партия мектебін бітіргенін, Торғын екеуі үш ұл тәрбиелеп, өсіргенін баяндап өткен. Қырық жылдай екеуі бірге туған бауырдай болып жүргенде, Берікбол қызметте де өрлеу үстінде болды. Аудандық партия комитетінде бірінші хатшы деңгейіне дейін көтеріліп, сол мінберде ұзақ жыл ел басқарып келгенін айтып өтіп, Махаббат пен Берікболға көз салғанда, осы әңгіме басталғаннан егіліп отырған Махаббат, бір ауыз үн шығармай көз жасына ерік берген-ді. Екі жағынан сүйеп отырған Ермек пен Серікболдың келіншегі болмаса, түрегеліп отырар халде емес-ті. Ұзақ өміріндегі басына байланған қайғы шемен екі жанарынан қанды жас болып, ағып жатқандай Берікболдың да жүрегіндегі ұзақ байланған сағыныш күйігі бір сәтке басылғандай болған. Тойдан шаршап келгендер әрқайсысы белгіленген орынға қисайып демалуға кіріссе де, Берікбол таң білінгенше көз іле алмады. Жалғасқан ой жанына жай таптырмай: «Шынымен Мәкайымды, бала-шағамды көргенім бе, ой, тағдыр-ай!» ой үстінде жатып көзі іліне бергенде, - Ата, шайға – деген дауыстан көзін ашып алған Берікбол, немересі Бекенді көріп:

- Ой, қарағым, рахмет! – деп, орнынан тұра берген.

Таңғы дастарханда Берікбол Асқарға:

- Мәкай көрінбейді ғой? – деп күңк еткен. Есік жақта шыны әперіп жүрген Серікбол:

- Папа, апамның таң атқанша қызуы көтеріліп, дәрімен басып едік, әзір мызғып кетіпті. Аздап дем алсын деп оятпадық, – деді. Баласының «папа» деген сөзі Берікболдың құлағынан құйылып, жүрегіне жеткенде, елжіреген көкірек әкемен баланың күнәсіздікпен кінәсіздік пейілін көрсеткендей болды. Балалардың үйлену салтанаты енді екі күннен соң өтетінін пайдаланған Серікбол Асқар мен Ермекке: «Інілерім - Жарас, Манас, Алмастарды шақырып, той үстінде көрісіп таныссақ қалай болады?» – деп, ақыл тастаған. Бірден құптаған үлкендер, әзірден бастап хабар жетпесе, үлгере алмауы мүмкін десті. Сол жерде тұрып-ақ ұялы телефонмен:

- Алло, Жарас, інім, мен Серікбол деген ағаңмын. Үшеуің де қалмай тойға қатысыңдар, – деп, әрі қарай кешелі бері болған уақиғаны үтір нүктесіне дейін тәптештеп жатты. Дүрілдеп өтіп жатқан той да Берікбол Асқар құдаға еріп келген жолдасы ретінде емес, нағыз бас құда болып Махаббатымен қатар отырды. Өйтпегенде ше, Мәкайы некелі жары болса, Серікбол өз кіндігінен өмірге келген ұлы болса. Ертесі кешқұрым үйдің іші ысыңқыраған соң, костюмын шешкен Берікбол, диван үстіне қалдырып, далаға бет алған-ды. Түннің салқын самалы жанына жайлы тиді ме, ұзағырақ қыдырыстап қалған. Аздан соң жарығын аулаға түсіріп тұрған терезенің жанынан өте бере, үй-ішінде жалғыз тұрған Махаббатты байқап, сәл кідіріп қалды. Сыртта кім жүргенін қайдан білсін, ұзақ сағыныштан ба, аңсаудан ба, Берікболдың костюмін қолына алып, жағасын иіскеп тұр екен. Бір кезде иіске еліткендей киімді бетіне тақап тұрып қалыпты. Мына көрінісімен өзіне деген жүрегінің ынтызарлығы тарқамағанын іштей ұққан Берікболдың есіне Махаббат екеуінің алғашқы ләззат түні есіне түсіп, таңдайына бал тамғандай сезімге ене берді. Баласы мен келінінің отауы тігілген соң, құдалар қайта бас қосқанда, Серікбол орнынан көтеріліп, отырғандарды айнала шолып өтті. Сонан соң:

- Ардақты ағайын-туыстар, құрметті құда-жекжаттар! Бүгін бұл жерде Назым екеумізден бақытты адам жоқ шығар деп отырмыз. Өйткені, Алла өзі әкеліп әкеммен табыстырды. Артымда інілерім бар екенін білдім. Босағамды келін аттап, Айкүмісім үйімізді нұрға бөледі. Кеш болса да анам ақ некелі қосағын тауып, қырық жыл көкірегіне байланған шерлі запыраны қуанышты көзжасымен төгіліп, жүрегі гүлге, көңілі ақ сарайға айналды. Енді барлықтарыңыз өз ауылдарыңызға қайтпақ ниетте екендеріңізді түсініп отырмын. Анама бала болғаныммен, бір үйдің үлкені болғандықтан әкем мен шешемнің бұдан былайғы өмірі жөнінде бір-екі ауыз пікір білдірсем.

Тағдырдың тәлкегімен екеуі қазақ жерінің екі шетінде өмір сүріп келгенін бүгін біліп отырмыз. Екеуі егде тартқанда бірін-бірі тапқанда, енді құдай айырмаса, біз айыра алмаспыз. Екі қарт қалған өмірін бар жақсылықпен өткізуге тілектеспіз. Ермек ағаның ақылы бойынша біз келер жылы Алматыға көшетін болып келістік. Берікбол әулеті түгел Алматы –Жаркентті жайлайтын боламыз. Сіздер бұған не айтасыздар?

Бағанадан құлақ салып отырған Жарас орнынан тұрып:

- Секен аға, сіздің ақылыңызға қосыламыз. Алдымызда сіздей ағамыз бар. Анамыз да әкеммен ұзақ жыл бірге өмір сүрсе екен деп тілеймін. Төрде отырған Асқар:

- Бәрекелді, қарақтарым! Бәріңе рахмет! Кешегі досым, жолдасым Бекен бүгін бас құдам болып шыққанына көңіліме мақтаныш сезімі ұялап отыр. Қазақта: «Достықтың аяғын құдалықпен жалғастырады,»- деген сөз бар еді. Енді біз мың жылдық құда болғандықтан Бәти екеуміз құдағиымызды Үлкенталдыға қондырып қайтсақ деп отырмыз. Жақсылық жалғаса берсін, әумин!-деп, орындарынан тұра берді. Махаббат осы Обағанға келгелі көңілінде қайғы, көзінде жас жүрсе де, бар өмірін өткізіп Секені ер жетіп, үй болғанша тағдыр тауқыметін бірге көтерсікендіктен бе, оның үстіне немере сүйген жері ғой, Обағанды ана жүрегі қимай елжірей берді. Ауылға жақындап, Үлкенталдының төбесі көрінгенде Махаббат:

- Бекен, апамның басына бармай, табалдырықтан қалай аттаймын,-деді көңілі босап.

- Мәкай, оның да дұрыс екен,-деді жүргізушіге иек қағып. Сағила қойылған белгі басына жақындағанда келіні иіліп, тәжім етіп тұрып қалды. Енесінің топырғын жеңілдеткен соң:

- Қайран енем! Жаның жәнатта болсын..,- деді күбірлеп. Қыз пернесін көтерген қайран Үлкенталдысы кешігіп оралған келініне кең қойнын қайта аша түскендей. Бұрын өзі құлындай ойнақтаған Жылыбастау мен Ақтастысы көзіне жылы ұшырап, күннен-күнге ыстық тартып бара жатты. Махаббаттың өмірдегі аңсағаны табылып, көңілі орнынан түскендіктен бе, күннен күнге нұрланып, аққудың көгілдіріндей құлпыра берді. Ана жылдары Торғын о дүниелік болған соң, қатарынан айрылған қайғылы өңі жүдеу тартып кеткен Бекенін қайырып салар қаршығадай түлетіп, тұғырына қондырып үлгеріпті. Бірде екеуі оңаша қалғанда Берікбол:

- Мәкай, қалай, мен ұнаймын ба саған?- деп жымиа қараған.

- Бекен, денемнің жарты бөлшегісің ғой. Сенен айрылғанда мүгедек халде өмір сүрдім. Әзір төрт мүшем түгел, мен де арман жоқ. Ұзағынан болса екен! Баяғы құшағымен құрыш балқытар қыз Махаббат таңға талдырып, кірпік қимылына түсіргенде ғана, қанағат табатын жігіт Бекен өтіп кетіпті. Ендігі өмірді еш мұсыз өткізсек болғаны...

Бір күндері Берікболдар Үлкенталдының ұзын көшесінде келе жатып, алдарынан аяғын ақсай басып, көлденеңдей өте берген әйелді көріп, көлігін аяң жүріске ауыстырып:

- Мәкай, мына адамды байқап алшы. Қалған әңгімені үйде айтармын.

- Ол не әңгіме, Бекен?

Махаббат кешкісін күйеуіне:

- Бағанағы әйел туралы айтпағың не жайында еді? Тыңдағым келіп отыр,- деді наздана.

- Иә,- деді Берікболдың қабағы түсіп отырып қалды. Жайсыз қабағын байқап қалған әйелі:

- Не болды? Дұрыс сұрамадым ба...- деп жалтақтай берді.

- Жоқ, Мәкай, дұрыс сұрап отырсың. Айтамын. Неге айтпаймын? Сен оны білуің керек. Әскерде жүргенде мен саған Мурманскіден жаңа адресімді жібердім деп едім ғой.

- Иә, ол туралы Асқар екеуіңнен естідім.

- Мен әскерге аттанардан бұрын осы ауылда бағанағы Күлай пошта тасып, газет таратып жүруші еді. Ол мені ұнатып, артымнан қалмай жүретін еді. Әскерден саған келген менің соңғы хатымды өзіңе бермей, отқа жағып жіберіпті. «Сені қызғанған соң істедім» дегенін өткенде өз аузынан естідім. Сол Күләйдың арам ниетінің арқасында қырық жыл табыса алмай жүріппіз.

- Ой, сұмдық-ай! Осындай да қара жүрек, тас бауырлар болады екен?! Елді, жерді бүлдіретіндер осындайлардан пайда болатын шығар?!

- Мәкай, Алланың адал пендесіне жасаған жамандық қайтып иесін табары анық. Көрмейсің бе, алпысқа келгенде қаңғып көшеде қалғанын. Ермегі арақ пен темекі болыпты. Бұл әйелдің осындай халде жүргені – біздің көз жасымыздың киесі болар.

- Бекен, жаным, қайтеміз, өткенге салауат, қалған өмірімізге қанағат пен шүкіршілік етелік!

- Мәкай, сөзің орынды. «Ақыл мен айла үйлессе, ақ жүректі пендеге ізі қалмақ ертеңге ізгіліктен кенде ме,»-дегендей, тіршілікте адамгершілікке не жетсін!

Айлар аяңдап, жылдар жылжыған сайын Ағыбаевтар әулетінің түтіні түзу шығып, қалада да, далада да келісті еңбектің келелі табысы үшін нарықтың қыспағынан аулақтатып әкеткен. Үлкенталдыға бауыр басқалы да үш жылдың жүзі көрініп, төртінші жылға аяқ аттаған. Махаббат күнделікті таңертең ойдағы, қырдағы бала –шағасын қалта телефонымен түгендеп, амандығын біліп тұруды әдетке айналдырып алған-ды. Бүгінде сондай оймен жан-жаққа қоңырау жіберіп үлгерген. Манас арғы жағынан:

- Мама, Сая босанатын жерге түсті,-деген. Бұл хабарға Берікбол да:

- Аман босанып, аяқ-қолын бауырына алса болғаны,- деді жайдарлана кемпіріне қарап.

Кешкісін келінінің аман-есен босанғаны туралы жан-жақтан құттықтап, қоңырау шалғандар шал-кемпірдің шаңырағына шаттық орнатып тастады. Содан үш-төрт күн өтті ғой деймін, таңертең Берікбол далаға шыққанда, жапалақтап жауып тұрған қарды көріп: «Жол қалай болар екен?» – деді ішінен. Көрші шалға қорадан екі ісекті алғызып, терісін сыпыртып болып, джиптің артына тиеп жатқанда, есіктен көрінген Махаббат таңдана қарап:

- Бекен-ау, не істеп жатырсың?

- Мәкай, бүгін Саяның үйге шығатын күні емес пе? Алмастың келіншегі екеуің бауы берік болсын айтып, барып қайтыңдар. Мына еттің біреуін бүгінгі жиналған бала-шаға ауыз тиер. Ана екіншісін келін белі бекігенше сорпалансын дегенім ғой. Күн райы онша емес, ертерек жүріп кеткендерің жөн шығар,-деді аспанға бір қарап алып.

- Бекен, өзің бармайсың ба?

- Мен кішкентай ширағанда барармын.

- Ертең жүрсек қайтер еді, мына қардан жол қалай болар екен?

- Өзің біл, Мәкай, ет тоңазып тұра береді ғой.

Ойланып қалған Махаббат:

- Жарайды, Бекен, жүрсек жүріп кетелік. Амандық болса, ертең қайта оралармыз.

Балаларына: «Шешелерің кетіп бара жатыр,»- деген қоңырау жіберіп, Махаббаттарды аттандырып салған Берікбол шаруаларымен айналысып кеткен.

Сол күні кеш бата Берікбол қалтасындағы телефон қайта-қайта шырылдай берген соң, Жарас екенін көріп:

- Алло, Жарас, жай ма?- дегені сол еді

- Папа, мамадар әлі келмеді, не болғанын біле алмай отырмыз,- дегені. Жүрегі зулап, денесін тер басып кеткен Берікбол:

- Не дейсің? Жолда бір нәрсеге ұшыраған ғой онда. Жолдағы авто инспекциялар мен ауруханаға хабарласу керек. жан-жақтан жолға шығалық, тездетіңдер!- деді де, Алмас екеуі Алматы бағытына іздеу салуға жүріп кетті.

Түннің бір уағы болғанда, Серікбол жылап тұрып:

- Әке, мамам Шелекте ауруханада екен. Көкпекте жол апатына ұшыраса керек, - дегенді естігенде, Берікбол не болғанын білмей қалды. Балаларынан естуінше шатқал ішінде қарсы бағыттағы көлік тайып келіп соғылғанда, джип аударылып Махаббат астында қалып, мерт болыпты. Алмастың келіншегі мен жүргізуші жеңіл жарақатымен ауруханадан табылды. Қайғы мен сор басына қайта төнген Берікбол Махаббаттың денесін құшақтаған күйі тілсіз отырып қалды. Үлкенталды ауылына Мәкай апа аттанып кеткен аяулы ананы ел күңірене жүріп, қимай-қимай жер қойнына берген-ді.

Мәкайының жас қабірінің басында егілген Берікбол:

- Қайран қосағым-ай! Сенен де біржола айрылдым-ау! Басыма бақ болып екі рет қонып едің! Мені қайда тастап кеттің?! Ендігі сенсіз тірліктің маған да керегі қанша?! Риза бол, сүйген жарым! Қош, қош бол, Махаббатым!

 

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 494. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.041 сек.) русская версия | украинская версия