Масақтың залалдану экономикалық зиянды шегі қатты қара күйе -0,1%, тозаңды қара күйе -0,5%.
Дәнді дақылдардың қара күйе ауруларының сыртқы түрлерінің (қатты, тас, жабық) зақымдануға бейім болуы дәннің телиоспора қоздырғышының тозаңдануына байланысты. Тарының жабық қара күйесінен жоғарғы коррелятивті байланыс (r=0,64-0,97) тұқымның споралануымен шашақ гүлдің қара күйемен залалдануы регрессия теңдеуімен көрсетеді:
У=1,38+0,0014 Х+5,5,
мұнда: У-шашақгүлдің қаракүйемен зақымдануы; Х-тұқымның телиоспорамен тозаңдануы; Аурудың пайда болуына ауа-райы әсер етеді, әсіресе көктеу кезінде. Осыған байланысты келесі болжам теңдеуін пайдаланады:
У= 0,00187 Х1-2,4 Х2 + 0,12 Х3+1,15,
мұнда: У-шашақгүлдің қаракүйемен тозаңдануы, % Х1- тұқымның телиоспорамен зақымдануы, дана; Х2- егіс егу кезеңнен өскіннің шығуына дейінгі ауаның тәулік орташа температурасы, 0С; Х3-тарының егістен бастап шашақ шығарғанға дейінгі жауын-шашын жиынтығы, мм. Бұл формуланы күздік және жаздық қатты бидайдың, арпаның-тас, сұлының жабық және тозаңды қаракүйемен залалданғанын болжағанда қолданады. Егістегі жаздық бидайдың қаракүйе ауруымен залалданғанын болжау үшін регрессия теңдеуімен жоғарғы коэффициент коореляциясы (r=0,77) ұсынылады:
У= 0,334-0,0002 Х1+0,022 Х2 + 0,04
мұнда: Х1-ауаның шілде айындағы орташа, жоғарғы температурасы; Х2 -маусым айындағы 5мм асқан жаңбырлы күндер саны. Тамыр шірігі. Дәнді дақылдардың аурумен зақымдануын анықтау өсімдіктің 2-3 жапырақ байлаған кезеңде және орақ алдында жүргізіледі. Бұл жағдайда 100 га дейінгі аумақтан 10 сынама әр 2 жүйектен көлемі 0,50м2 аумақтан немесе 25-30 өсімдік алынады.Зертханада егін көгіне талдау жүргізіп, олардың зақымдануын балмен есептеп топқа бөлуі төменгі шкаламен көрсетілген: 0-ауру белгілері жоқ; 0,1- калеоптильдегі жеке сызықшалар; 1- калеоптильдің жеңіл қоңырлануы; 2- калеоптильдің орташа қоңырлануы; 3- калеоптильдің ішкі жағынан қатты қоңырлануы; 4 - өлі егін көгі; Тамыр шірігінің дамуының соңғы зерттеу жұмыстары дәннің қамырланып және толық пісу кезеңдерінде жүргізіледі. Талдау үшін танаптың диагоналі бойынша немесе үшбұрышты тәсілмен кем дегенде 10 апробациялық бау немесе сынамаларды пайдаланады. Сонымен қатар 0,5м2 аумақтан барлық немесе әр нүктеден 25-30 өсімдік тамырымен жұлып алынады. Зертханада сабақтардың төменгі жағы жапырақтардан тазартылып, зақымданған балына қарай топқа бөледі. Тамыр шірігінің даму дәрежесі 4 балдық шкаламен анықтайды (сурет -67). 0- зақымдалмаған өсімдік; 1- сабақтың төменгі жағы және жер астындағы орналасқан буындарында қоңырқай жолақтар ауру ағза 5/1 бөлігіне орналасқан; 2-қоңырқай жолақтар немесе дақтар, зақымданған ағза 25-50% көлемінде қамтылған; 3- сабақтардың 1-ші және жер астындағы буындарының қатты қоңырлануы. 4- өнім беретін сабақтың жоқтығы, балл бойынша залалданғаны анықталғанда. Тат түрлері. Күздік бидай, қара бидай егілетін аудандарда қоңырқай, сары, сабақ таттарын анықтау жұмыстарын күзден бастап жүргізеді.Күздік дақылдардың 2-3 жапырақ пайда болу немесе түптену кезеңдерінде, 10-15 танапта 300-500 өскінге немесе жапырақтарға талдау жұмыстары жүргізіледі. Зертханада олардың залалдану деңгейін шкалага сай талдап, егіс журналына түсіреді. Көктемде күздік дәнді дақылдар толық өсіп болған кезінде өсімдіктердің тат ауруының қай түрлерімен залалданғаны есептеледі. Жаздық дәнді дақылдардың залалдану уақытын анықтап, түптену немесе сабақтану кезеңінде бақылау жүргізеді. Тат ауруының бірінші күлдіреуігіші табылғаннан кейін ауру қарқынын есептеу үшін бірдей қашықтықта 10-20 сынама әр қайсысында 10 сабақтан алынады. Сабақ татының қарқынды дамуын пайызбен анықтайды, Петерсонның Кемпбелл және Ханның (сурет- 69) өзгертілген шкаласы бойынша, сары тат-Маннерс, қоңырқай тат-Русаков (сурет- 70) шкалаларымен анықтайды. Егерде анықтау дақылдың түтіктену-масақтану кезеңінде жүргізілсе, онда сабақтың төменгі 2 және ортаңғы 2 жапырағы, ал дән сала бастаған кезде жоғарғы 2, жалауша жапырақты қосқанда талдау жүргізіледі (кесте -11). Қоңырқай, сары және тәжді таттардың соңғы анықтау жұмыстарын сүтті пісу, ал сабақты татты қамырланып немесе толық пісу кезеңдерінде жүргізеді. Сұлының тәжді татын қоңырқай татына жасалған Русаков шкаласымен анықтауға болады. Таттардың түрлерін анықтап есептеу үшін Джеймс шкаласымен жапырақ сабақтардың зақымдану индексін 1, 5, 10, 25, 50 және 100 % қолдануға болады. Кесте-11. Дәнді дақылдардың қарқынды даму деңгейіне байланысты ауруларын есептеу ерекшеліктері
Шартты қысқартулар; ТЯЖ-төменгі ярустағы жапырақтар; ТОЯЖ-төменгі және ортадағы ярустағы жапырақтар; ЖЖ-жалауша жапырақ; СОБ-сабақтың ортаңғы және жоғарғы буындар; МП-масақ қабықшалары;
Тат ауруының даму болжамы. Өсімдіктердің аурумен залалдану мерзімін анықтау үшін жаңбыр тамшыларында, ауада таралған спораларды анықтап, дәнді дақылдарының ауларының санының өзгеруін ұдайы бақылауда ұстау қажет. Тат ауруының спораларының ауада таралуына сараптама жүргізудің қолайлы әдістемесі флюгерлік немесе ПЛС-71, ПЛС-71 М спора қаққыштарымен ұстау болып табылады. Бұл әдістеме аурудың даму мүмкіндігінің кезеңінде: күздік астықта түптеу, жаздық астықта түтіктену - дән құю кезеңінде жүргізіледі. Заттық шынысы бар құралдар вазелинмен немесе кастор майымен майланып егістіктің ортасына орналастырылады. Бұл құралдар күнара немесе 2-3 күнде ауыстырылады. Қағаз жабысқышқа бақылау нүктесінің атауы мен уақыты жазылады. Зертханада микроскоптың әлсіз үлкейтуінде (8х20,10х20) заттық шыны тексеріледі. Спора жоқ немесе аз көлемде болғанда заттық шынының үсті түгел, 1-2 спора болса -2/3; 3-4 спорада - 1/2, 5-10-1/3, 10-нан жоғары-1/5 бөліктері қаралады. Микроскоптың 1 көру түтігі тат ауруының түрі мен спора санын анықтайды. Қажет болған жағдайда оларды микроскоптың 10 полялық көру түтігімен анықтайды. Диаметрі 44 мм, ұзындығы 30см шыны түтігі бар диаметрі 15-24см болатын құйғыш арқылы жауын-шашын түскен тат спораларына сараптама жүргізіледі.Шыны түтіктің төменгі жағынасаңырауқұлақтың спораларын ұстап қалып, суды өткізетін майда сүзгіш (микрофильтр) орнатылады (сурет-72). Әр жауыннан кейін тат спорасын және басқа патогенді анықтау мақсатында сараптама жүргізіледі. 1 шаршы метрдегі урединиоспораның (тат саңырауқұлақтарының жаздық споралары) санын анықтау үшін төмендегі формуланы қолданады.
N= n 104 S мұнда: N -1м2 споралар саны, дана; n- сүзгіштің бетіндегі споралар саны, дана; S- құйғыштың жоғарғы горизонтальды бетінің көлемі, см2;
|