Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сурет-71 Сурет- 72





Таттың спораларын аулау үшін жауынның құрамындағы споралары

бейімделген (флюгер) құрылғы тұндыратын құрал

 

Астық дақылдарының сабақтану кезеңінде тәулік бойы ауадан немесе түскен ылғалдан 2 немесе одан көп тат спорасы 1м2 ұсталса, өсімдіктің ауруға шалдығуына қолайлы жағдай болса, 7-10 күнде аурудың жаппай көбейюі мүмкін. Бидайдың масақтану кезеңінде тат спораларының 1см2 тығыздығы 10-15 дана болғанда эпифитотия (аурудың үлкен территориясын қамтуы) болуы мүмкін.

Топырақ үсті ауа қабатында, жерге түскен ылғалдың құрамында саңырауқұлақ урединиоспорасы табылған күннен бастап, ауаның ылғалдығына, орташа тәуліктік ауа температурасына, жапырақта немесе сабақта алғашқы саңырауқұлақ урединиоспорасының пайда болуына бақылау жүргізіледі. Бұл өсімдікке түскен шықтың әсерінен.

Бидайдың қоңырқай тат ауруына тәуліктік температура 10-150С, шықтың кебу кезеңінің ұзақтығы 4-5 сағатта, ал 16-200 С, 3-4 сағатта шалдығады. Тат ауруының ауру қоздырғыштарының даму жылдамдығы тікелей ауа температурасына байланысты. Саңырауқұлақтың бір генерациясына (ұрпақ) керекті уақытты төмендегі формуламен есептейді:

 

П r =

П r – бір генерацияның ұзақтығы тәулік, күн;

С – бір генерацияның дамуына керекті тиімді температура жиынтығы, 0С;

Т – тәуліктің орташа ауа температурасы, 0С;

t –саңырауқұлақтың дамуының ең төменгі температурасы.

 

Қоңырқай тат ауруының дамуына орташа тәуліктік температура жиынтығы төменгі шектеуі – 850 С, сабақтық – 1250 С, сары тат – 1710 С, ал төменгі шектеулері тиісінше - 1,9-2-0,70 С (Кесте 12,13).

Кесте- 12. Жаздық бидайдың септориоз және қоңырқай тат ауруының дамуына әсер ететін негізгі климаттық көрсеткіш

Ауа-райының көрсеткіші Төмен Орташа Қатты
Жауын-шашынның көп жылдық мөлшері, мм маусым немесе шілде айындағы (%) <25-50 + 5-10 >25-50
Шілде айындағы ауаның ылғалдығы % мм <50-55 56-60 >65-70
Маусым-шілде айындағы >1м жауын жауған күндер саны 5-7 8-12 13-20
Гидротермиялық коэффициент 0,3-0,5 0,6-0,8 0,9-1,5
Шілдедегі орташа температура 0 С >21-22 19-20 17-18

Кесте-13. Өсімдіктердің даму барысында егістіктерді фунгицидтермен өңдеу үшін аурулармен залалдану көрсеткіштері

  Аурулар   Дақыл   Күтілетін өнім ц/га     Өсімдіктердің даму фазасына жапырақтар мен сабақтардың залалдануы %   Жоғалтатын өнім ц/га    
Флага листа масақтау   гүлдеу  
Қоңырқай тат Жаздық бидай >15-20 1-5 5-10 10-25 >2,0-2,5
Сабақ тат ауруы Жаздық бидай, арпа >15-20 0,1-1 1-5 1-5 >2,0-2,5
Сары тат ауруы Күздік бидай, арпа >20-25 1-дейін 1-5 5-10 >3,0-3,5
Тәжі таты сұлы >20-25 1-5 5-10 10-25 >3,0-3,5
Септориоз және сары дақ Жаздық арпа >15-20 1-5 5-10   >2,0-2,5
Күздік бидай >20-25 1-5     >3,0-3,5

 

Жапырақ, сабақтың инфекциясы (жұқпалы аурулары). Аэрогенді жапырақ немесе сабақ инфекциясын есепке алу үшін егістікте әрбір 20-25 қадамнан кейін 10-15 сынама алынады. Әрбір сынамада 10-15 сабақ (жапырақ) болады. Аурудың біркелкі таралған жағдайда сынамаларды егіс шетінен 25-50 метр үшбұрыш немесе тік бұрыштан 200-300 метр алынады. Егер ауру біркелкі емес (ошақтық) жағдайда шахматтық ретпен немесе танап диагоналі бойынша жүргізіледі.

Аурудың қарқынды дамуын көзбен бағалау балы төмендегі шкаламен есептеледі:

0- сау өсімдіктер;

1- балл өсімдіктің төменгі дәрежеде залалдануы;

2-балл өсімдіктің мүшелерінің орташа дәрежеде залалдануы, қатты залалданған өсімдік жоқ;

3-балл орташа залалданған, бірақ кейбір өсімдіктер өте қатты залалданған;

4-балл өте қатты залалданған, өсімдіктің қурауы (өлуі).

Күздік және жаздық бидайлардағы жапырақ сары дақтарының дамуын септориоз түріне зерттеуді бөлек жүргізу керек; саңырауқұлақ теңбілденуі сияқты. Жапырақтардың сабақ буындарының жарақаттану дәрежесін пайызбен анықтайды: 1,5; 10; 25; 50 және 100, масақтарда тиісінше 5; 10; 25 және 50 анықталады (73-74-75-76 суреттерде).

Сұлыдағы гельминтоспориоз, сонымен қатар масақты және шашақты дәнді дақылдардың бактериалдық ауруларын, арпаның дақ ауруларына және септориозға жасалған шкаламен анықтауға болады. Анықтау нәтижелері 60,61,62 формаға енгізіледі.

Егістіктің фунгицидтермен өңдеу қажеттілігін анықтау үшін болашақ өнімді, төгіліп жоғалатын дәнді және жапырақтың сабақтық зақымдану қолайлы кезеңін есепке алу керек (кесте 14).

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1165. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия