Жеміс-жидек және жүзім дақылдарының ауруларының таралуы мен дамуына әдістемелік есептеу.
Жеміс-жидек дақылдарының ауруларына мониторинг жүргізу үшін үлгі ағаштарды 5-10-ға бөледі, әр сортқа бір түптен. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңінде бір және одан да көп есепке алынады. 1-ші ауру белгілері пайда бола бастағаннан кейін 2-3 тәуліктен соң, келесі 1-2 айына бір рет, мерзім аралығында 3-4 рет. Есепке алынған аурудың моделдік, яғни үлгі ағаштарын 4 жақты жұлып алмай 25-50 данадан анықтау үшін, жапырағын және де жемісін көру керек. Дәрежесі әр түрлі дақтар (парша, клястероспориоз т.б.т) жапырақтардың түсуі және басқа ауруларды шкала бойынша анықтайды. (81- сурет) 0 балл- ауру жоқ; 1 балл- жапырақта, жемісте кішкене дақтар; 2 балл- 5% мүшесін қамтиды; 3 балл- 10% мүшесін қамтиды; 4 балл- 25% дақтар қамтиды; 5 балл- 50% дақтар қамтиды. Уақытқа қарамай жапырақтар түсе бастайды. Алма, қарлыған, түшала және шабдалы ағаштарының залаладанған жапырақтардың ақ ұнтағын анықтау 4- балл шкаладан тұрады: 0 балл- залалданған жоқ; 0,1 балл- залалданған жапырақ 1% аспау керек; 1 балл- 5% залалданған жапырақ; 2 балл- 10% залалданған жапырақ; 3 балл- 25% залалданған жапырақ; 4 балл- 50% залалданған жапырақ. Алма ағашының цитоспорозбен залалданғанын 5 баллдық шкаламен бағалайды: 0 - сау ағаш; 1 – алғашқы белгілері (1-3 ауру бұтақ); 2 – теңбіл дақтар (3-тен көп) бұтақтардың солуы мен қатар қурау; 3 - бұтақтың әр кезде (штамб) өзегінде белгі жақсы байқалады жасушалардың дақтары, сонымен қатар бұтақшаларда сақиналы бұтақтары солады (құрғайды); 4 –негізгі бұтақтардың, сиданы залалданады, аурулары 2/3 бөрік бастары құрғайды; 5- ағаштар құрғайды. Осыған ұқсас залалданған ағаштарда қара ракпен ауырған жеміс-жидек, жүзімдердің жапырақтары залалданған мильді және ойдиумды анықтау шкала бойынша: 0 балл- залалданған жоқ; 1 балл- жапырақта бірен-саран дақтармен өңез байқалады; 2 балл- 10% -ке дейін жапырақ аумағын дақтар және өңез байқалады; 3 балл- 25% жапырақ аумағында дақ және өңез; 4 балл- 50% жоғарғы аумағында дақ және өңез; Залалданған жүзім мильді, ойдиум және сұр шірік белгі 50-100 жеміс шоғыры 1-ші 2-3 күннен кейін аурудың пайда болғанда 1-2 рет айына. Ақырғы есеп өнімнің жиналу кезеңі 0 балл- залалданған жоқ; 1 балл- 10% залалданған жеміс шоғыры; 2 балл- 25% залалданған жеміс шоғыры; 3 балл- 50% залалданған жеміс шоғыры; 4 балл- 50% -тен жоғары залалданған жеміс шоғыры; Залалданған жеміс-жидек және жүзім ауруларын 64-форма бойынша жазу керек. 1.Облыс ______________________ 2.Аудан _______________________________ 3.Шаруашылық _______________ 4.Дақыл_______________________________ 5.Сорты ______________________ 6.Екпе ағаштың жасы____________________ 7.Көлемі, га ___________________ 8.Агротехника(суғару, тыңайтқыш) ________ 9.Механикалық топырақтың құрамы және түрі _____________________________
НЕГІЗГІ АУРУЛАРДАН САҚТАНУ ЖОСПАРЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫ Химиялық препараттарды негізгі сақтандыру іс - шараларын жүргізу үшін экономикалық және экологиялық тиімділігін білу қажет. Осыған байланысты жоспарланғанда мониторинг жасау арқылы ауруларды анықтағанда, оның таралуы, өсуі экономикалық мәні, жеке және күрделі өсімдік ауруларын көрсеткіші үш топқа бөлінеді. Бірінші - Өсімдіктердің әртүрлі даму кезеңінде күрделі аурулар болдырмау үшін жыл сайын профилактикалық сақтандыру іс - шараларын жүргізу қажет. Бұл ауру түрлеріне масақты дақылдардың гоммоз және күрделі аурулары, майлы, көкөніс дақылдарының тұқымы және картоп арқылы таралды. Екінші - Аурулардың салыстырмалы тұрақты және зақымдауы. Бұл ауру түрлері жыл сайын өзгеріп тұрады, бірақ экономикалық зардап шегінен шықпайды. Бұл топқа картоп, қызанақ макроспориоз, альтернариоз, аурулары, қиярдың ақұнтақ, пероноспироз, алма-алмурттың ақ ұнтақ қотыр, жүзімінің милдьі, оидиум, масаты дақылдардың сары дағы, гельминтоспориозы, ақ ұнтақ. Бұл аурулардың сақтандыру іс-шараларын жүргізу үшін, аталған аурулардың көлемін және қайталануын анықтау қажет. Үшінші - Аурулар жыл сайын таралуы және зиян келтіру дәрежесі жыл сайын өзгеріп тұрады. Бұл ауруларға масақты дақылдардың септориоз, дақ түрлері, ақтүйнек және қызанақ фитофториоз және т.б. Бұл ауруларға қарсы жоспарлы іс – шаралар жүргізу үшін болашақта таралуы, өсіп-дамуын есепке алу қажет. Ауа райына байланысты сақтандыру көлемін жоғарғы және төменгі дәрежелерін көрсету қажет. Осы қортындылар арқылы ауыл шаруашылық дақылдарын сақтандыру үшін ірленген шаруашылықтар аудан, облыс әкімшіліктері арқылы атқарылатын іс- шаралар, ауа райын, өндірілетін сортты егіс көлемін анықтау қажет(форма 65).
|