Химиялық реакцияның жылдамдығы реакцияласушы заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал.
Мұны әрекеттесуші массалар заңы деп атайды. Бұл занның математикалык теңдеуін жазу үшін, реакцияны жалпы түрде былай жазайық: А+В=С
А және В затыныңконцентрациясын [А] жэне [В], реакцияныңжылдамдығын депбелгілесек болады; = k[A]·[B] мұндағы k — пропорционалдық коэффициент. Егер теңдеуде [А]=1 жене [В]=1 болса, онда, демек, - әрекеттесуші заттардың концентрациясы бipre тең, (1 моль/л) болған жағдайдағы реакцияның жылдамдығы. Бұл шамасы әpбip реакция үшін тұрақты шама, ол тек әрекеттесуші заттардың табиғатына және температураға тәуелді өзгереді, сондықтан оны реакцияның жылдамдық константасы деп те атайды. Егер реакцияға заттың бip емес бірнеше молекуласы түсетін болса, онда реакция жылдамдығының теңдеуі, мысалы, былай жазылады: 2A+B=D, немесе A+A+B=D Бұл реакцияның жүруі үшін А затының екі молекуласы мен В затының бip молекуласы бip мерзім ішінде түйісyi қажет. Ал реакция жылдамдығының теңдеуінде Азатыныңконцентрациясыекіреталынады: = k[A][A][B]=k[A]2[B] Жалпы айтқанда, А затының m молімен В затының n молі реакцияласса онда: mА + nВ = Г реакциясының жылдамдығының теңдеуі мына түрге келеді: = k [A]m[B]n, мысалы: СО+С12=СОС12 = k [СО][С12] 2Н2+О2=2Н2О = k [Н2]2[О2] Егер реакцияға қатты заттар түсетін болса олар бүкіл массасымен емес, сыртқы беттік қабатымен реакцияласады, сондықтан реакцияның жылдамдығын аныктағанда заттың концентрациясы есепке алынбайды, тек газ және сұйық затардың ғана концентрациясы есептеледі Мысалы, С+СО2=2СО Реакциясыныңжылдамдығы былайжазылады: = k[CО2] Әрине, қатты заттың сыртқы бетінің ауданы неғұрлым үлкен болса, мысалы, көмір ұсатылған болса, реакция тезірек жүреді, бipaқ сонда да көмір есепке алынбайды.
|