Студопедия — ААІӨ және ЖМК емдеу әдісі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ААІӨ және ЖМК емдеу әдісі






ААІӨ емдеуінде диареяның дамуына себепті антибиотикті қолдануды бірден тоқтату қажет. Идиопатиялық ААІӨ жеңіл түрі кезінде бұл көріністер байқалмайды, диареяның тоқтауы үшін антибиотикті 4-5 күн аралығында тоқтату жеткілікті. Осындай науқастарда тоқ ішектік дисбиоздың І-ІІ дәрежесін көбіне емдеудің қажеті жоқ: нормобиоциноз өздігінен қалпына келеді. ААІӨ созылыңқы формасы кезінде, антибиотиктерді беруді тоқтатқаннан кейін 5-7 күн және одан да ұзаққа созылады, фекалийді зерттеген кезде І-ІІІ дәрежелі дисбиоз анықталады. Ондай жағдайда оны функциональді тамақтандыру және тоқ ішек облигатты микрофлорасының туындылары бар (бифидо-, және лактобактериялар, энтерококтар) пребиотиктер тағайындалады. Солардың ішінде ең нәтижелісі бифиформ, линекс және флайс. Бифиформ және линекс энтеросолюбильді қабықшамен жабылған капсула түрінде шығарылады, ол құрамындағы эндогенді микрофлораны асқазан қышқыл сөлінің уытты әсерінен қорғайды, ал флайс –таблетка түрінде облигатты микрофлораның сақталуын құрамында лактозасы бар арнайы тасымалдаушыларды адсорбциялау арқылы қамтамасыз етеді. Барлық аталған препараттар синбиотиктерге жатады, себебі құрамында пробиотиктерден басқа облигатты микроорганизмнің селективті өсуін қамтамасыз ететін пребиотиктер бар. Сондықтан да пребиотиктерді қосымша қабылдауды (хилак форте және т.б.) көбіне қажет етпейді. Мөлшері: 2 капсуладан (таблеткалар) күніне 3 рет 2-3 апта аралығында тағайындайды.

Соңғы жылдары пробиотиктерді тоқ ішекке ректальді клизма арқылы тұзды ерітінділер негізінде жоғары концентрациясын қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар назогастральді сүңгілеу арқылы енгізу туралы нұсқаулар шыққан. Ең негізделген түрі пробиотиктерді колонофиброскоп арқылы енгізу. ААІӨ диагностикалық жәй көзбен қарауды және тоқ ішек проксимальді бөліміне пробиотиктерді енгізумен қоса тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл кезде қысқа уақыт аралығында клиникалық нәтижелікке қол жеткізуге болады (диарея азайтып, ауырсыну синдромы және метеоризм жоғалады). Нормобиоцинез ААІӨ клиникалық симптомының жоғалуына қарағанда шамалы баяу қалпына келеді: 3-4 аптадан кейін. ААІӨ өте ауыр, күшті персистивті ІІІ-ІҮ дәрежелі дисбиозында антибактериальды заттардың көмегімен тоқ ішекте басым байқалатын орташа-патогенді микрофлораны белсенді түрде басуды қажет етеді. Антибиотиктерді қатаң көрсеткіш түрінде тағайындау қажет: 7-10 күннен артық емес. Емдеуді кең, спектрлі антимикробты белсенділігі бар ішек антисептиктерін қолданудан бастау қажет, сондай-ақ олар тоқ ішек облигатты микрофлорасының өмір сүру қабілетін жоймайды. Ішектік антисептиктердің ішінде ең танымалдысы энтероседель депендал-М және танакомп. Оксиндердің 3 литилденген туындысынан тұратын интерикс орташа-патогенді және патогенді бактерияларға, тоқ ішекте қоректенетін Candida туысындағы саңырауқұлақтар және қарапайымдыларға қатысты белсенді. Препараттың мөлшері 2 капсуладан күніне 3 рет тамақ жер кезінде қолданылады: курсы 5-7 күн, қарсы көрсеткіші белгіссіз. Энтероседив-қосарланған ішектік антисептик, құрамында дегидрострептомицин, бацитрацин және, СД бар, сондай-ақ антипаразитарлы белсенділігі бар, мөлшері: 1-2 таблеткадан күніне 3 рет: курсы 7-10 күн. Депендал-М-қосарланған ішектік антисептик, құрамында фуразолидон және метронидазол бар, айқын антибактериальды әсер етеді, сонымен қатр СД мөлшері 1 таблеткадан күніне 2-3 рет 5-7 күн қолданылады.

Таникомп құрамында этакфидин және таниноальбуминаттан тұратын, антимикробты қабынуға қарсы және кілегей қабаты қорғаушы әсер етеді. Мөлшері 1 таблеткадан күніне 2 рет тағамға дейін және тамақтан кейін қолданылады; курсы 7-10 күн. ЖМК ораташа ауыр және ауыр (фульминантты) түрінің қазіргі кездегі емдеу әдісі, оның дамуына бейімдеуші бірнеше шұғыл емдік шараларды қажет ететін антибиотиктерді қолдануды тоқтатудан басқа: 1) СД эрадикациясына бағыттайтын этиотропты терапияны тағайындау; 2) детоксикациялық терапия жүргізу; 3) организмнің дегидротациялық белгісі болған жағдайда су-электролитті балансын қалпына келтіру; 4) иммунды және метаболиттік бұзылысты, ең алдымен белок алмасуын қалпына келтіруші дәрілерді тағайындау; 5) тоқ ішек нормобиоцинозынқалпына келтіру үшін (про-және пребиотиктерді қолдану, сонымен қатар симптоматикалық емдеу.

ЖМК емін ауыр асқынуларды және патологиялық процестің жылдам үдеуін болдырмас үшін жылдам бастау қажет. Ауруханалық жағдайда СД инфекциясының және ЖМК алдын-алу үшін міндетті түрде тазалық ережесін сақтау қажет, мүмкіндігінше ЖМК бар науқастарда осы бактерия спораларын жұқтыру қаупі жоғарылайтындықтан әсіресе ауыр соматикалық аурулары бар әлсіз науқастарды жеке шектеу қажет. СД эрадикациясы үшін ванкомицин және метронидазол тағайындалады.

Кейбір авторлар этиотропты терапия мақсатында бірінші қатарда метронидазол 250-500 мг күніне 4 рет 7-10 күн тағайындауды ұсынады. Басқа авторлар ЖМК кезінде таңдаулы препараттың бірі ванкомицин 125-500 мг, күніне 4 реттен, 7-10 күн аралығында емдеу қажет деп есептейді. Екі препараттыңда да әсері ұқсас, бірақ метронидазолдың құны төмен. Сонымен қатар ванкомициннің қарсы көрсеткіші жүктілік және СД төзімді штамдар селекциясының қаупі. Мүмкіндігінше екі препарат, немесе ванкомицинді рифампицинмен қоса тағайындау қажет (600 мг күніне 2 рет). Аралық антибиотик ретінде қосарланған (кешенді) антибиотик бацитрацин ұсынылады, ол ішекте соншалықты сіңірілмейді, тоқ ішекте жоғары концентрация құрайды (мөлшері 125 мың МБ күніне 4-рет 7-10 күн). Клостридиальді созылмалы инфекцияны және ЖМК қайталануын болдырмас үшін энтерол қолданылады – емдік саңырауқұлақтар, құрамында (Saccharomyесs boulardi SB) ол қайталану қауіпін 2 есе төмендетеді. Энтерол ішек КҚ барерлік қызметін, секреторлы иммуноглобулин А бөлінуін жоғарылатуды және фагоцитозды күшейтіп, дисахаридоз өнімін және тоқ ішек эубиотикалық микрофлорасының метаболиттік белсенділігін трипсинге ұқсас протеазаны синтездеу арқылы, СД энтеротоксиндерінің белсенділігін басып және олардың рецепторларын тежеп, жасушаларда ЦАМФ түзілуін төмендету арқылы қалпына келтіреді. SB антибиотиктерге сезімтал емес, сондықтан да оларды бірге тағайындауға болады. Энтеролдың мөлшері 500-1000 мг/тәу. (2-4 капсула немесе пакеттен) 3-4 апта аралығында беріледі.

Энтеролды екінші реттік иммундық тапшылық және қосымша ішкі ағза патологиясы бар науқастарға, бактериемия даму қаупіне байланысты тағайындауға рұқсат етпейді. Организмнің дегидрататциясы кезінде инфузиондытерапия жүргізіледі. 20% глюкоза ертіндісін электролиттермен қоса, лактасол, Гартман, Рингер ерітіндісін көлемі 2-3 тен 10-12 л-ге дейін 48 сағат аралығында (диурезді және орталық веналық қысым көлемін бағалап) көк тамырға тамшы түрінде енгізеді. Диурез қалпына келгеннен кейін калий хлоридінің ертіндісін (гипокалиемия кезінде) тағайындайды. Сусызданудың жеңіл түрінде регидрон ертіндісін ішке қабылдау қолданылады. Кейде парентеральді тамақтандыруға мүмкіндік пайда болады (белокты субстраттар, майлы эмульсиялар, глюкоза ерітіндісі, витаминдер).

Айқын иммундық тапшылық кезінде иммунды модуляторлар (тактивин, имунофан, гепон және т.б.) тағайындалады.

Имунофонның мөлшері (реттеуші пептид) 0,005% 1 мл ертіндісін бұлшық етке күнде 10 күн аралығында қолданады.

ААІӨ және ЖМК бойынша шолуды қортындылай отырып келесі қорытынды жасауға болады:

1. Антибиотикпен астасқан аурулар қазіргі медицинаның ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

2. ААІӨ және ЖМК дамуының негізгі себебі антибиотиктермен облигатты (эндогенді) микрофлораның басылуы, орташа-патогенді және патогенді бактериялар көбеюі және басымдылығы, көп антибиотиктер әсеріне төзімді болған солардың ішінде ерекше орында СД болғандықтан тоқ ішектік дисбиоз («дисбактериоз») әкеледі.

3. Антибиотиктермен емді қатаң көрсеткіш бойынша жүргізу. Антибиотиктердің төменгі мөлшері және антибактериальды терапия курсының қысқалығы ауру туғызушы бактериялардың төзімді штамдарының пайда болуын басады, ал себепсіз жоғары мөлшердегі және ұзақ курсты антибактериальді терапия тоқ ішектік дисбиоздың жоғары дәрежесін (ІІІ-ІҮ) және антибиотикпен астасқан ауруларды, соның ішінде ААІӨ және ЖМК пайда болуын шақырады.

4. Клиникалық эквиваленті жоқ тоқ ішектік дисбиоздың жеңіл (І-ІІ) дәрежесінің өзі макроорганизмнің жағдайына негативті әсер етеді, оның жалпы төзімділігін төмендетеді, метаболиттік және ас қорыту дисфункциясын шақырады.

5. ААІӨ және ЖМК клинкиалық манифесті түрлерін қалпына келтіру үшін функциональді тамақтану, про-, және пребиотиктер, антибактериальді және симптоматикалық фармакотерапия; (ішектік антисептиктер, энтерол, энтеросорбенттер, иммуномодуляторлар және т.б.), орташа –патогенді және патогенді микрофлораны, СД қоса басатын және тоқ ішектік биоцинозды қалпына келтірушілерді тағайындауды қажет етеді.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 776. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия