Бірінші сызба нұсқада целиакия диагностикасының кезектілігі көр-сетілген. Ішек ауруының клиникалық симптомдары немесе ішектен тыс кө-ріністері бар науқастарға алдын-ала серологиялық тестілеусіз, бірден ащы ішекке гистологиялық зерттеу жүргізу қажет. Қауіптілігі жоғары топтарды зерттеу кезінде ең бірінші қандағы IgA, АЭА немесе IgTA, АТТГ немесе IgA және IgG1-дағы АГА анықтау. Антиденелердің титрі жоғары науқастарға эзо-фагогастродуоденоскопияны (ЭГДС) ұлтабар буылтығы артынан биопсия алып жасайды. Типті бүрлердің жоғалуы мен крипталардың гиперплазиясы бар типті гиперрегенераторлы атрофия кезінде целиакия диагнозы күмән кел-тірмейді. Науқастарда осындай атрофиямен IgA және IgG глиадиніне анти-дене жоқ кезінде ғана қиындық туындайды. АЭА немесе АТТГ аутоантиде-нелерінің жоғары титрі болған кезде науқаста анықталмаған целиакия (спру) немесе басқа ақуыздарға (соя, индейкаға және т.б.) целиакиясы туралы ой-лауға болады. АГД-мен емдеудің нәтижесі болмаған кезде бұл күдік нақты дәлелденеді. Элимиенациялық диета арқылы целиакияның нақты ақуызбен байланысын анықтауға болады. Бірақ, клиникалық ремиссияның баяу басталатынын және дұрыс таңдалған элименациялық диета әсерінен кілегей қабаттың өте баяу қалпына келуін ескеретін болсақ, энтероциттердің зақымдалуын шақырушы ақуызды анықтау мүмкіндігі жоғары емес.
Егер серологиялық тест позитивті болып, ал гистологиялық көрсеткіштер целиакияны дәлелдемесе бұл жағдай ерекше күрделі болады. Бұндай жағдайда, әсіресе ГЦ болу мүмкіндігі туралы клиникалық жорамал болғанда гистологиялық препараттарды қайта тескеруге және ГЦ алғашқы морфологиялық сатыларының (MARSH-І-ІІ) бірін анықтау мақсатында, бүрлер атрофиясы әлі жоқ болуына қарамастан, бірақ лимфоциттерде целиакияға тән қабыну реакциясы болған кезде қайта биопсия жүргізу қажет. HLA-DQ2 және HLA-DQ8 гинотиптеріне генетикалық тестілеу жүргізу белгілі бар көмек тигізеді. Бұндай науқастарда ГЦ болуының жоғары мүмкіндігін дәлелдейді, ал жоқтығы осы ауруды шектейді.
Биоптаттарға қайта анализ жасау
Генетикалық тестілеу
| |
IgA АЭМА немесе ТТТГ, IgA және IgG АГА тестілеу HLA –DQ8 тесті
| |
IgA АЭМА немесе ТТТГ, IgA және IgG АГА тестілеу HLA –DQ2 және DQ8 тест жүргізу
| |
Қауіпті топтарда целиакияны белсенді іздеу
| |
Созылмаалы диарея, целиакияның басқа симптомдары
| |
1 сызба нұсқа- Целиакия диагностикасының алгоритмі